Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы


Параграф 3. Мұрағаттық құжаттарды қабылдау, тапсыру тәртібі



Pdf көрінісі
бет5/43
Дата06.03.2017
өлшемі2,67 Mb.
#8384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

Параграф 3. Мұрағаттық құжаттарды қабылдау, тапсыру тәртібі

27. Мұрағатты толықтыру көзі – ұйымдардан мемлекеттік меншіктегі Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын 

мұрағат Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген ведомстволық сақтау мерзімі 

аяқталған соң қабылдап алады.

Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының ведомстволық сақтау мерзімі ұзартылады: 

1)  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  мұрағаты,  Орталық  мемлекеттік  мұрағаттардың  Қазақстан 

Республикасы Президентінің мұрағаты, толықтыру көздері үшін – осы мұрағаттардың СТК-ның шешімімен;

2) арнаулы барлау мәтін бойынша мемлекеттік мұрағатты толықтыру көздері үшін – осы мұрағаттың СТК-

ның шешімімен;

3) басқа мұрағаттардың толықтыру көздері үшін – жергілікті атқарушы органдардың СТК-ның шешімімен 

жүзеге асырылады.

Мемлекеттік емес ұйымдардағы аталған құжаттардың Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын сақтау мерзімі мұрағат 

пен меншік иесінің арасында жасалған шартта көрсетіледі. 

28. Толықтыру көздерінен Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қабылдауды, толықтыру көзінің келісімі 

бойынша мұрағат басшылығы бекіткен жоспар-кестеге сәйкес мұрағат жүзеге асырады. Ұлттық мұрағат қорының 

құжаттарын, сондай-ақ уақытша сақтау мерзімі аяқталмаған мұрағат құжаттарын жоспардан тыс қабылдау толықтыру 

көзі таратылған жағдайда немесе мұрағаттық құжаттарды сақтауға қауіп төнген жағдайда жүзеге асырылады.

Толықтыру көзінің өтініші бойынша мұрағат бос орын болған жағдайда Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын 

мерзімінен бұрын қабылдауы, сондай-ақ шарт негізінде басқа да мұрағаттық құжаттарды уақытша сақтауға алуы 

мүмкін.


29. Мұрағаттық құжаттар реттелген күйде ғылыми-анықтамалық аппаратымен және аса құнды құжаттар бар 

болған жағдайда олардың сақтандыру көшірмелерімен қабылданады.

Мұрағаттық құжаттарды қабылдау кезінде құжаттардың физикалық, санитариялық-гигиеналық, техникалық 

жай-күйіне  тексеру  жүргізіледі,  сондай-ақ  аса  құнды  құжаттардың  сақтандыру  көшірмелері  және  есепке  алу 

құжаттарының толымдылығы тексеріледі.

Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мұрағатқа осы Қағидалардың 2-9-қосымшаларына сәйкес СТК бекіткен 

істердің, құжаттардың тізімдемесі бойынша, жеке құрам бойынша құжаттар – осы Қағидалардың 10-қосымшасына 

сәйкес СТК келіскен істер, құжаттар тізімдемесі бойынша, мерзімі аяқталмаған уақытша сақталатын мұрағаттық 

құжаттар – тапсыру тізімдемесі бойынша қабылданады.

Істі  қабылдау  бір-бірлеп  жүргізіледі,  аса  құнды  істер  парақтап  тексеруден  өткен  соң  қабылданады.  Іс 

тізімдемесінің әрбір данасына мұрағаттық құжаттың мұрағатқа қабылданғаны туралы белгі қойылады. Құжаттардың 

іс тізімдемесінде көрсетілген сақ. бір. жоқ болған жағдайда жаңа қорытынды жазба жасалады. Жоқ болған сақ. 

бір. нөмірі және жоқ болу себептері құжатты мұрағатқа тапсыру кезінде қабылдау-тапсыру актісінде және актіге 

қосымша анықтамада көрсетіледі. Толықтыру көздері мұрағат сақтауына түспеген құжаттарды іздестіру шараларын 

қабылдайды. Жоғалған түпнұсқалық мұрағаттық құжат оның көшірмелерімен ауыстырылады. 

Мұрағаттық құжаттарды сақтауға қабылдау кезінде осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес екі дана-

дан тұратын қабылдау-тапсыру актісі толтырылады. Бір данасы мұрағатта, екіншісі – толықтыру көзінде қалады. 

Мұрағаттық құжаттармен бірге мұрағатқа құжаттар, істер тізімдемесінің үш данасы қоса беріледі.

Толықтыру көздерінен бірінші рет мұрағаттық құжаттар қабылданған жағдайда ол туралы және оның қоры 

туралы тарихи анықтама қоса қабылданады, кейін атауында, атқаратын қызметінде, толықтыру көзі құрылымындағы 

(қор құрушы) өзгерістер туралы мәліметтермен толықтырылады. 

Уақытша сақтау мерзімі бітпеген мұрағаттық құжаттарды сақтауға қабылдау қабылдау-тапсыру актісімен 

ресімделеді және істің номенклатурасы бойынша жүргізіледі, егер ол болмаған жағдайда – ұйым жасайтын тап-

сыру тізімдемесімен қабылданады.

30. Азаматтардан құжаттарды сыйға беру, мұрагерлік бойынша, сатып алу-сату шарты бойынша, соттың 

шешімі бойынша мұрағатқа келіп түседі және Ұлттық мұрағат қорының құрамына енгізіледі.

Аталған құжаттарды мұрағатқа қабылдау мұрағаттың (жергілікті атқарушы органның) СТК-ның шешімі негізінде, 

тапсыру және бағалау тізімдемелерінің және сарапшының қорытындысын қарау нәтижесінде қабылданады және 

осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес жеке тектік құжаттарды сақтауға қабылдау актісімен рәсімделеді.

Аталған мұрағаттық құжаттарды мұрағаттың қабылдауы немесе сатып алу туралы теріс шешім болған 

жағдайда, сондай-ақ құндылығын сараптау нәтижесі бойынша олардың мұрағаттағы бір бөлігін кері қайтарған 

жағдайда, құжаттарды кері қайтару актісі осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес екі данада дайындалады. 

Актінің бір данасы мұрағатта қалады, екінші данасы құжаттармен (олардың бөлігімен) бірге меншік иесіне немесе 

иемденушіге қайтарылады.

31. Дыбыс-бейнеқұжаттар сақтауға төмендегідей жиынтықпен қабылданады - киноқұжаттар (фильмдер, 

арнайы түсірілімдер) – көріністің негативі, дубль-негатив (контратип), фонограмманың негативі, фонограмманың 

магниттік түпнұсқасы, позитивтік көшірмесі, шудың және әуеннің магниттік фонограммасы, көріністің аралық позитиві, 

(лаванда) қондырғы ролигі және түрлі-түсті киноқұжаттардың төлқұжаты (арнайы жағдайларда толық емес жинақ 

қабылданады) эталондық көшірме, фотоқұжаттар – негатив, тексеру фототаңбасы немесе негатив болмаған 

жағдайда позитиві, фоноқұжаттар мен бейнеқұжаттар үшін – түпнұсқасы және көшірмесі. 



15 тамыз 2015 жыл

www.egemen.kz

15

Онымен  қоса  мәтіндік  ілеспе  құжаттама  -  киноқұжаттар  үшін  –  монтаж  парақтары,  қысқаша  мазмұны, 

аяқталған шығарманың рұқсат куәліктері, техникалық жай-күйі туралы актілер, паспорттардың түрлі-түсті және 

жарық арқылы жазбалары, фотоқұжаттар үшін – қысқаша мазмұны, фоно және бейнеқұжаттар үшін – техникалық 

жай-күйі актісі түріндегі ілеспе құжаттама, кештердің, сөйленген сөздің мәтіні, үнтаспалардың каталогы, сөйлеушілер 

тізімі, концерттердің, рецензиялардың, мақалалар мен қабылданатын құжаттарға тікелей қатысы бар басқа да 

материалдардың бағдарламалары қабылданады.

32. Ғылыми-техникалық құжаттама сақтауға мынадай топтар бойынша жасалған тізімдемемен қабылданады 

ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалық-сметалық, патентті-лицензиялық, телеметрикалық, 

картографиялық,  жерге  қоныстандырушылық,  орманға  қоныстандырушылық  және  түрлі  тасығыштағы  өзге 

құжаттамалар.

33. Электронды құжаттар сақтауға оларды жаңғыртуға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдарымен және 

керекті ілеспе құжаттар жиынтығымен қоса қабылданады.

34. Қазіргі немесе өткен уақыттың оқиғаларын (сауалнамалар, фотосуреттер, естелік, сұхбат, әңгіме жазба-

лары және тағы сондай) бастамалық құжаттау нәтижесінде мұрағатта жасалған құжаттар Ұлттық мұрағат қорының 

құрамына кіреді және СТК-ның бекітуімен құжаттардың іс тізімдемесіне енгізіледі. Аталған құжаттарды тұрақты 

қабылдау қабылдау-тапсыру актісімен ресімделеді.

35. Мұрағатты толықтыру көзінен құпия құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік 

құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

36. Мұрағаттың толықтыру көзі болып табылатын таратылған ұйымдардан мұрағаттық құжаттарды қабылдау 

осы Қағидалардың 29, 31-33, 35-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

Мұрағатты толықтыру көзі болып табылатын таратылған ұйымдардан қабылданған мұрағаттық құжаттар, 

белгіленген сақтау мерзімі аяқталған соң жоюға шығарылады. Тұрпаттық және салалық тізбеге сәйкес сақтау 

мерзімінде «СТК» белгісі бар мұрағаттық құжаттар құндылығына сараптама жүргізілгеннен кейін ғана жоюға 

жіберіледі.

37. Мұрағатты толықтыру көзі болып табылмайтын ұйым таратылғанда, құқықтық мұрагері болмаған жағдайда 

жеке құрам бойынша құжаттар мұрағаттың қабылдауына жатады.

38. Мемлекет меншігіндегі мұрағаттық құжаттарды бір мұрағаттан екінші мұрағатқа тапсыру уәкілетті орган-

мен келісілген соң уәкілетті органның немесе мұрағаттың бағытын айқындауға байланысты жергілікті атқарушы 

органның шешімі негізінде, сондай-ақ жеке құрам бойынша құжаттардың құндылық сараптама қорытындысы 

нәтижесінде жүзеге асырылады.

Тапсыру кезінде құжаттарды сақтауға қабылдау-тапсыру актісі екі данада дайындалады, онымен қоса іс 

тізімдемесінің, құжаттардың, қордың ісі және парағы үш нұсқада тапсырылады. 

39. Мұрағат Қазақстан үшін ғылыми, мәдени, тарихи және басқа да маңызы бар шетелдердегі мұрағаттық 

құжаттармен толықтырылуы мүмкін.

Шетелден  алынған  мұрағаттық  құжаттарды  мұрағатқа  қабылдау  меншік  иесімен  немесе  көрсетілген 

құжаттардың  иесімен  және  мұрағатпен  сату,  қайтару,  құжаттың  түпнұсқасын  немесе  көшірмесін  тарту  ету, 

құжаттардың көшірмелерімен алмасу туралы шарт негізінде жүзеге асады. Шарт жасау тиісті елдің заңнамасына 

сәйкес жүзеге асырылады.

Шартта тапсырылған мұрағаттық құжаттарды пайдаланудың ерекше шарттары келісіледі. Құжаттарды сақтауға 

қабылдау қабылдау-тапсыру актісімен рәсімделеді.

Шетелден түпнұсқа түрінде немесе түпнұсқалық құқығы бар көшірме түрінде тұрақты сақтауға қабылданған 

мұрағаттық құжаттар шыққан тегіне қарамастан Ұлттық мұрағат қоры құрамына енгізіледі және мемлекеттік 

есепте тұрады.

40. Мұрағат мұрағатты толықтыру көздерімен бірігіп құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларын, істердің 

тұрпаттық (үлгілік), жеке номенклатураларын, мұрағаттар туралы және мұрағатты толықтыру көздерінің сараптама 

комиссиясының ережелерін, құжаттау және құжаттаманы басқару, ұйымдардың мұрағаттарының жұмысы жөнінде 

басқа құқықтық және ғылыми-әдістемелік құжаттарды қарайды және уәкілетті органмен (жергілікті атқарушы ор-

ганмен) келісуге дайындайды немесе өзіне берілген өкілеттікке сәйкес келіседі.

Мұрағат Орталық сараптама комиссиясының (бұдан әрі – ОСК), мұрағатты толықтыру көздерінің сарапта-

ма комиссиясының (бұдан әрі – СК) жұмыстарына қатысады. Мұрағатты толықтыру көздері – жергілікті атқарушы 

органның немесе мұрағаттың СТК-ның шақыруымен СТК-ның жұмыстарына қатысады.

Мұрағат уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган ұйымдастырған құжаттаудың және құжаттаманы 

басқарудың жай-күйін, мұрағатты толықтыру көздеріндегі мұрағаттық құжаттарды сақтауды, толықтыруды, пайда-

лануды және есепке алуды тексеру жұмыстарына қатысады.

41. Уақытша сақтаудағы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыру және олардың сақталуын 

қамтамасыз ету мақсатында мұрағат өзіне берілген өкілеттіктер шеңберінде іс жүргізу, мұрағат қызметтерімен және 

оны толықтыру көзінің сараптама комиссияларымен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады.

42. Осы мақсатта мұрағат көрсетілген қызметтер мен комиссияларға әдістемелік және тәжірибелік, оның 

ішінде ақылы негізде:

1) іс жүргізуде құжаттарды ұйымдастыру және істерді қалыптастыру барысында;

2) Ұлттық мұрағат қорының құрамына құжаттарды іріктеу және оларды тұрақты сақтауға тапсыруға дай-

ындау бойынша;

3) жеке құрам бойынша құжаттарды ретке келтіру бойынша;

4) уақытша сақтаудағы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын есепке алуды жүргізу бойынша;

5) іс жүргізу және мұрағат ісі мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар (оқу құралдарын) 

дайындау бойынша;

6) іс жүргізу және мұрағаттық қызметтердің толықтыру көздерінің сараптау комиссиясының жұмыстарын 

жетілдіру бойынша;

7) мұрағаттық құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппаратты жасау және жетілдіру бойынша;

8) аталған қызмет қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін арттыру бойынша қызмет көрсетеді.

3. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және мұрағаттардағы басқа мұрағаттық құжаттарды сақтау

Параграф 1. Мұрағаттық құжаттарды қорға жүйелеу тәртібі

43. Мұрағаттағы Ұлттық мұрағат қорының және басқа мұрағаттық құжаттар тарихи және/немесе қисынды 

өзара байланысы бар жиынтықтан – мұрағаттық қордан біріктіріледі. Кейбір мұрағаттық құжаттарды түріне қарай 

осы Қағидалардың 90-93-тармақтарына сәйкес қордан тыс біріктіруге болады.

44. Мұрағаттық қордың түрлері:

1) ұйымның қызметі барысында жиналған мұрағаттық құжаттардан тұратын ұйымның мұрағаттық қоры;

2) екі немесе бірнеше ұйымдар қызметі барысында түзілген мұрағаттық құжаттардан, сондай-ақ өзара тари-

хи және/немесе қисыны келіскен байланыстары бар тұлғалардың құжаттарынан тұратын біріккен мұрағаттық қор:

ұйымдар үшін – қызметтің біртектілігі және сабақтастығы, бағыныштылығы, нысанның және қызмет уақытының 

бірлігі, орналасқан жері;

азаматтар үшін – туысқандық, кәсіптік, шығармашылық, іскерлік байланыстар;

3) Ұлттық мұрағат қорының құрамына енгізілген жеке азаматтың, отбасының өмірі және қызметі барысында 

түзілген мұрағаттық құжаттардан тұратын жеке тектік мұрағаттық қор.

45. Бір немесе бірнеше белгілеріне байланысты (тақырыптық, нақтылы, цифрлық, авторлық, хронологиялық, 

географиялық және басқа) біріктірілген әртүрлі толықтыру көздерінің қызметінде пайда болған жекелеген мұрағаттық 

құжаттар жиынтығы болып табылатын мұрағат коллекциясы да мұрағаттық қорға теңестіріледі.

46. Ұлттық мұрағат қорының құрамына сарқылмас мәдени-тарихи және ғылыми құндылығы бар, қоғам және 

мемлекет үшін ерекше маңызды аса құнды құжаттар ерекшеленеді және олар үшін есепке алудың, сақтаудың және 

пайдаланудың ерекше тәртібі белгіленеді.

47. Аса құнды құжаттардың ішінен құрамындағы ақпаратқа және сыртқы белгісіне қарай теңдесі жоқ және 

(немесе) олардың мазмұны және (немесе) қолтаңбасы жоғалған жағдайда қалпына келтірілмейтін Қазақстан 

Республикасының ұлттық құндылық объектілеріне жататын құжаттар ерекшеленіп алынады.

48. Қорға жүйелеу жұмыстары (мұрағаттық құжаттардың қандай қорға жататындығын анықтау бойынша, оның 

ішінде қор иесінің құқықтық дербестігі және қордағы құжаттардың хронологиялық шеңбері, мұрағаттық қорлардың 

хронологиялық шегі бойынша) мұрағаттарды (қор құрушыларды) толықтыру көздері ұйымдарында, істер номенкла-

турасына сәйкес істерді түзу барысында және құжаттарды сақтауға мұрағатқа тапсыруға іріктеудің іс жүргізу саты-

сында жүзеге асырылады, сондай-ақ реттелмеген күйде қабылданған мұрағаттық құжаттарды сипаттау барысында, 

қанағаттанғысыз күйде құрылған тізімдемені қайта өңдеу барысында, біріккен мұрағаттық қор және мұрағаттық 

коллекция құру барысында, қор түзудің қатесін жөндеу барысында жүзеге асырылады.

49. Құжаттардың белгілі бір мұрағаттық қорға жататындығы туралы мәлімет істің мұқабасында жазыла-

ды. Егер ондай мәлімет жоқ болған немесе күмән тудырған жағдайда, қорға тиесілігі істегі құжаттарды зерделеу 

арқылы анықталады.

Ғылыми-техникалық құжаттаманың қорға тиесілігі мынадай белгілері мынадай белгілері:

1) ғылыми-зерттеу және технологиялық белгілеріне қарай – титулдық парақтан алынған әзірлеушінің ата-

уы бойынша:

2)  конструкторлық  және  жобалық  белгілеріне  қарай  –  сызбалар  бұрышындағы  мөртабаны,  мәтіндік 

құжаттардың титулдық парағы, қолданылған мөртабаны, жобаның құрамы немесе ерекшелігі бойынша анықталады.

Жобаны (тақырыпты) бірігіп жасаушы ұйыммен жасалған ғылыми- техникалық құжаттама мемлекеттік сақтауға 

бас жобалаушы (басшы ұйым) ұйым қорының құрамында қабылданады.

50. Кіріс құжаты болып табылатын мұрағат құжаттары құжаттарды қабылдаған қор құрушының мұрағаттық 

қорға жатады. Олардың қорға тиесілігін жүйелеу адресаты, тіркеу мөртабанының бедері, құжаттың мазмұны, құжатты 

орындауға жолдау туралы қарар және белгісі бойынша анықталады.

Шығыс құжаттары болып табылатын мұрағаттық құжаттар авторы қор құрушы болып табылатын мұрағаттық 

қорға жатады. Олардың қорға тиесілігін жүйелеу мәтінде көрсетілген автор – ұйымның атауымен, қолтаңбаларымен, 

іс жүргізу белгілерімен, құжаттың мазмұнымен анықталады.

Ішкі айналымдағы мұрағаттық құжаттар құрылған жердегі қор құрушының мұрағаттық қорына жатады. Олардың 

қорға тиесілігін жүйелеу ұйымның атауынан, қолтаңбаларынан, мазмұнынан анықталады.

51. Екі немесе одан көп ұйымда жүйелі түрде жүргізіліп отырған істер, іс жүргізуді аяқтаған ұйымның мұрағаттық 

қорының құрамына қосылады.

52. Ұйым өз қызметін қайтадан құрылған ұйымға тапсырып, қайта құрылған немесе таратылған (жойылған) 

жағдайда, аяқталған істер қайта құрылған немесе таратылған (жойылған) ұйымның мұрағаттық қорына енгізіледі, ал 

аяқталмаған істер құқықтық мұрагердің ұйымына аяқтау үшін тапсырылады және оның мұрағаттық қорына жатады.

53. Бір мұрағаттық қор құжаттарының арасында басқа мұрағаттық қор құжаттары қате қосылып кеткен жағдай 

анықталғанда, олар алынып, тиісті мұрағаттық қорлардың құжаттарына қосылады.

54. Егер мұрағаттық қор осы мұрағатта сақтауда болса және ұйымның мұрағаттық құжаттары осы мұрағаттық 

қорды жасаған азаматтың қызметіне қатысы болмаған жағдайда, жеке тектік мұрағаттық қордан ұйымның құжаттары 

бөлініп алынып, тиісті мұрағаттық қорға қосылады. Тиісті қоғамдық ұйымдардың басшысы және мүшесі – азаматтың 

мұрағаттық қорынан осы қоғамдық ұйымның құжаттарын шығарып тастауға жатпайды.

55. Ұйымның мұрағаттық құжаттарынан тұратын бірыңғай мұрағаттық қорды:

1) ұйымда түзілген консультативтік-кеңес органдарының мұрағаттық құжаттары;

2) банкроттық және/немесе таратылу жағдайындағы уақытша әкімшілік ұйымдардың мұрағаттық құжаттары;

3) Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктері туралы заңнамасы қабылданғанға дейін болған алғашқы 

қоғамдық ұйымдарды (Кеңес Одағының Коммунистік Партиясы мен Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік Жастар 

Одағы ұйымдарын қоспағанда) ұйымдастыруда жасалған мұрағаттық құжаттары; 

4) ұйымдағы тарату туралы комиссияның мұрағаттық құжаттары құрайды.

56. Еншілес ұйымдардың мұрағаттық құжаттары бір немесе әртүрлі мұрағатта сақталуына қарамастан, 

негізгі ұйымның мұрағаттық құжаттарынан бөлек мұрағаттық қорда сақталады. Егер өкілдік пен бөлімшелердің 

мұрағаттық құжаттары бір мұрағатта сақталатын болса, онда олар негізгі ұйымның мұрағаттық құжаттарымен 

бірге біртұтас мұрағаттық қор түзеді.

57. Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасына сәйкес есепке алынған күннен 

бастап жиналған қоғамдық ұйымдардың (кәсіподақтық және тағы басқаларын) мұрағаттық құжаттары мұрағаттың 

сақтауына түскеннен кейін дербес мұрағаттық қор түзеді немесе тиісті ұйымның мұрағаттық қорына қосылып, 

біріккен мұрағаттық қор түзеді.

58. Біріккен мұрағаттық қор:

1) белгілі бір аумақта әрекет ететін мақсатты бағыты мен функциялары бірдей ұйымдардың;

2) белгілі бір аумақта әрекет ететін басшылық органның және оған бағынысты ұйымдардың;

3) қызмет нысандары біріккен ұйымдардың мұрағаттық құжаттарынан түзіледі.

Мұндай қор қызметкерлері сол ұйымның мүшесі болып табылатын ұйымдардың мұрағаттық құжаттарынан 

және қоғамдық ұйымдардың (кәсіподақтық, ғылыми-техникалық және басқа) құжаттарынан құралады;

4) бірін бірі алмастыратын ұйымдардың, егер алдыңғы ұйымның қызметі толығымен немесе біртіндеп олардың 

мирасқорларына берілген және берілетін болса, сондай-ақ істерін қалыптастыру үзіліссіз жүріп отырған үдеріс ба-

рысында бөлінуге жатпайтын, бір-біріне байланысты пайда болған құжаттар жиынтығынан түзілсе;

5) егер жеке тұлғалар бір бірімен жақын туысқандық, кәсіптік, шығармашылық, іскерлік қарым-қатынаста 

болса, екі немесе бірнеше жеке тектік мұрағаттық қор түзіледі.

Біріккен  мұрағаттық  қорды  құруда  міндетті  шарт  нақтылы  қорлардың  құрамына  кіретін  құжаттардың 

ұсақталмауы болып саналады.

59. Мұрағаттық қорға, біріккен мұрағаттық қорға алынған мұрағаттық құжаттар қорға қайта жүйелеуге жат-

пайды. Мұрағаттық құжаттарды қайта қорға жүйелеу ерекше жағдайларда, яғни мұрағаттық құжаттарды іздеуді 

қиындататын қате табылған жағдайда және қордағы құжаттар ғылыми айналымға енбеген жағдайда ғана жол 

беріледі. 

Мұрағаттық коллекцияларды ондағы құжаттарды есепке алу үшін ешбір нұқсан келтірместен тиісті қорларға 

бөлу жолымен қайта қорға жүйелеуге болады. Басқа мұрағаттан, ұйымнан немесе азаматтан түскен тарихи 

қалыптасқан мұрағаттық коллекция қайта қорға жүйелеуге жатпайды.

60. Ұйымның әрбір мұрағаттық қорына оның ұйымдық-құқықтық нысаны, бағыныштылығы, барлық қайта 

атаулары хронологиялық реттілікпен, сондай-ақ орны көрсетіліп, қор құрушының тиісті ресми атауы беріледі.

61. Біріккен мұрағаттық қордың атауы:

1) оған қосылған мұрағаттық қорлардың жалпылама атауынан;

2) басшы органның атауынан және оған бағынышты ұйымдардың жалпылама атауынан;

3) бірін-бірі алмастырған ұйымдардың атауларының қатарынан;

4) «және мұның алдындағы» деген сөздерді қосып, ұйымның соңғы атауынан тұруы мүмкін.

Құжаттары біріккен мұрағаттық қорға енген ұйымдардың нақтылы атауы есептік құжаттарда келтіріледі.

62. Мұрағаттық қордың атауында оның хронологиялық шегі көрсетіледі.

63. Мұрағат коллекцияларының атауында біріккен құжаттардың белгісі (белгілері), ал қажет болған жағдайда 

құрастырушысы (жеке немесе заңды тұлға) көрсетіледі.

64. Толықтыру көздерінің (қор түзушінің) құрылу уақыты мен құқықтық мәртебесіне байланысты оның 

мұрағаттық құжаттары мұрағаттық қордың жалғастырушы бөлігі ретінде немесе жаңа мұрағаттық қор ретінде 

қабылданады.

65.  Қазақстан  Республикасының  1993  және  1995  жылдардағы  Конституциясының  және  Қазақстан 

Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің қабылдануына байланысты: 

1) жабылуға жататын мұрағаттық қорлар:

Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі);

Қазақ КСР-інің (Қазақстан Республикасының) Министрлер Кеңесі;

Қазақстан Республикасының Конституциясы (1993 жылы) қабылданғанға дейін Қазақ КСР-інің (Қазақстан 

Республикасының) басқа да мемлекеттік органдарының қорлары;

жергілікті Халық депутаттары кеңесінің және олардың атқарушы комитеттерінің, сондай-ақ атқарушы комитет-

тер президиумының құжаттары болып есептеледі. Атқарушы комитеттер президиумының құжаттары тізімдемемен 

жергілікті кеңестің қорына енгізіледі;

2) жаңа мұрағаттық қорлар:

Қазақстан Республикасы Президентінің:

Қазақстан Республикасы Парламентінің. Оның екі палатасы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 

және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының құжаттары екі мұрағаттық қор түзеді;

Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының;

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының;

Қазақстан Республикасы Жоғарғы төрелік сотының;

Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің;

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің;

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының; 

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетінің;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының, жергілікті сайлау комиссияларының;

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің (1995 жылдан бері Қазақстан Республикасының Үкіметі);

Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының және олардың ведомстволарының;

әкімшілік басшыларының (1994 жылдан бері ауылдық, кенттік, 1992 жылдан бері облыстық, аудандық, қалалық) 

және (1995 жылдан бері) облыстар, (республикалық маңызы бар қала, астана) аудандар (облыстық маңызы бар 

қалалар), қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық (селолық) округтер 

әкімдерінің және олардың аппараттарының;

облыстық мәслихаттарының (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандардың (облыстық маңызы 

бар қалалардың) және олардың аппараттарының құжаттары. «Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» 

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәслихат-жиналыстардың құжаттары біртұтас қор және біртұтас 

тізімдеме құрады;

3) мынадай мұрағаттық құжаттар:

облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) халық депутаттары кеңесінің атқарушы комитетінің 

бөлімдері мен салалық басқармаларының, аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың), қаладағы аудандардың, 

Қазақ КСР-інің аудандық маңызы бар қалалары өзгеріссіз қалған жағдайда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік 

кезеңіндегі мемлекеттік басқармаларға тиісті органдар қызметтері мен міндеттері өзгеріссіз қалған жағдайда 

біртұтас мұрағаттық қор түзеді.

Бұл жағдайда біріккен мұрағаттық қор құрылуы мүмкін. Тәуелсіздік кезеңіндегі тиісті мемлекеттік басқару 

органдарының құжаттары дербес тізімдемемен біріккен мұрағаттық қорға енгізіледі. Тұрақты сақтаудағы әрбір 

істің тізімдемесіне титулдық парақ пен кіріспе дайындалады. Жеке құрам бойынша істің тізімдемесі кейбір кездері 

жалғастырылады;

сот билігі органдарының және облыс прокуратураларының (республикалық маңызы бар қала, астана), Қазақ 

КСР-інің аудандары және тәуелсіздік кезеңіндегі тиісті сот билігінің органдары және Қазақстан Республикасы 

прокуратурасының құжаттары да бірыңғай мұрағаттық қор түзеді. 

66. Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың қайта құрылуына байланысты (олардың бірігуі, бөлінуі, со-

нымен қатар әкімшілік-аумақтық бірлігі мәртебесінің өзгеруі) жаңа мұрағаттық қорды жергілікті мемлекеттік басқару 

органдарының мұрағаттық құжаттары құрайды.

67. Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың әкімшілік шекараларының қайта аталуы немесе өзгеруі 

осы аумақта орналасқан тиісті жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен басқа ұйымдардың мұрағаттық 

құжаттарынан жаңа мұрағаттық қор жасауға негіз бола алмайды.

68. Ұйым қайта құрылған (таратылған) жағдайда жаңа мұрағаттық қор төмендегідей жағдайларда жасалады:

1) ұйымның қызметі, мақсаттық бағыттары, бағдары өзгерген жағдайда.

Егер басқару органдарының базасында тікелей өндіріспен айналысатын ұйымдар құрылған жағдайда, оның 

құжаттары жаңа мұрағаттық қор түзеді. Сондай-ақ, өндіріс ұйымдары басқару органдарына қайта өзгертілген 

жағдайда да осылай жасалады.

Ұйым қызметі мен құзыреті түбегейлі өзгерген жағдайда және оның негізінде жаңа ұйым құрылған жағдайда 

оның құжаттары жаңа мұрағаттық қор түзеді;

2) ұйым мүлкінің меншік нысаны өзгеріп, ұйым қайта құрылған (жекешелендіру, акционерлеу, мемлекет 

меншігіне айналдыру және тағы сол сияқты) кезде жасалады.

Мемлекеттік ұйымның мұрағаттық құжаттары меншік нысанының өзгеріп қайта құрылуға ұшырағанда қайта пай-

да болған ұйымның – құқықтық мұрагердің ұйым мүлкі мен мұрағаттық құжаттары шартқа (келісімге) сәйкес ұйымның 

– құқықтық мұрагердің мұрағаттық құжаттарын мемлекеттік меншікке немесе мұрағатқа сақтауға берген жағдайда 

біріккен мұрағаттық қор қалыптастыруға болады. Бұл жағдайда олардың құжаттары жеке тізімдемелермен кіргізіледі.

Мұндай қордың тізімдемесіне бөлек титулдық парақтары және алғы сөз дайындалады. Бұл қорлардағы жеке 

құрам бойынша құжаттар бұрынғы жеке құрам бойынша істер тізімдемесін жалғастырады;

3) функцияларының барлығы немесе бір бөлігі жаңадан құрылған немесе бірнеше қайта құрылған ұйымдарға 

беріліп ұйымды қысқарту барысында, әрбір жаңа ұйымның құжаттары жаңа мұрағаттық қор түзеді.

69.  Ұйымның  таратылуы  оның  бүкіл  құқықтары  мен  міндеттерінің  мұрагерлік  тәртібімен  басқа  ұйымға 

берілместен қызметінің тоқтатылуын білдіреді. Осы факторға байланысты таратылған ұйымдардың құжаттары 

бөлек мұрағаттық қор түзеді.

70. Жаңа мұрағаттық қор түзуге негіз бола алмайтын жағдайлар:

1) ұйым қызметінің немесе функцияларының аумақтық шегінің кеңеюі немесе тарылуы;

2) ұйымнан бір немесе бірнеше жаңа ұйымдардың бөлінуі, оларға алғашқы ұйымның жеке функцияларының 

берілуі;

3) бастапқы жүктелген қызметі өзгерместен, ұйымның бағыныстылығы, құрылымы өзгерген жағдайда, оның 

қайта аталуы, атауына өзгерістер енгізілуі;

4) ұйымның мүлік меншігінің нысаны өзгерместен, ұйым құрылтайшы(лар)ының ауысуы;

5) мемлекеттік мекеме мемлекеттік кәсіпорын болып және керісінше қайта құрылуы.

Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқаруға (қазыналық кәсіпорын) 

негізделген мемлекеттік кәсіпорын етіп және керісінше қайта құру құжаттарды бөлек мұрағаттық қор етіп бөлуге 

негіз бола алмайды.

Егер  кәсіпорын  (мекеме)  1991  жылдан  кейін  өз  қызметін  мемлекеттік  ретінде  жалғастырған  жағдайда, 

мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің құжаттары біртұтас мұрағаттық қор түзеді; 

6) ұйым республикалық меншіктен коммуналдық меншікке өткен жағдайда және керісінше.

71. Мұрағаттық қордың хронологиялық шегі мыналар:

1) ұйымның мұрағаттық қоры – олардың құрылуы (тіркелуі) мен таратылуының ресми мерзімі нормативтік 

құқықтық актілер негізінде белгіленген. Бірнеше нормативтік құқықтық актілер болған жағдайда, ұйымның құрылған 

мерзімі деп олардың неғұрлым ертеректегі мерзімі қабылданады;

2) біріккен мұрағаттық қор – біріккен мұрағаттық қордың құрамына кірген ұйым қызметіндегі құжаттар күні 

бойынша, құрылу (тіркелу) күні неғұрлым ертерегі және таратылу күні неғұрлым соңғысы;

3) жеке тектік мұрағаттық қор – азаматтың, отбасы мүшелерінің немесе тегінің туылған және қайтыс болған 

күні (біріккен мұрағаттық қормен ұқсас); 

4) мұрағаттық коллекциялар – ең ерте және ең соңғы құжаттың мерзімі болып табылады. 

72. Мұрағаттық қордың хронологиялық шегі оның құрамындағы мұрағаттық құжаттардың соңғы мерзімдерімен 

сәйкес келмеуі мүмкін:

1)  ұйымның  қорында  –  ұйымның  қызметі  туралы  алғашқы  және/немесе  соңғы  кезеңдегі  мұрағаттық 

құжаттардың жоқ болу мүмкіндігіне байланысты, қордың құрамына алдыңғы ұйымның аяқтау үшін қалдырған 

неғұрлым ертедегі мұрағаттық құжаттары да кіреді;

2) жеке тектік қорда – қор құрушының жинаған, өткізілген атаулы-мерейтой шаралары және тағы басқа 

құжаттар есебінен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет