Сабақта жұмыс барысына шолу жасап, оның қорытындысын шығару жəне оқушылардың не үйренгенін түйіндеу



Дата06.01.2022
өлшемі223,74 Kb.
#14303
түріСабақ
Байланысты:
2-күн тапсырмалары


2.1.1.-тапсырмасы.«Тиімді оқыту және оқу тәсілдері» таныстырылымы мен дәрісімен танысып төмендегі тапсырманы орындаңыз.

А) Белсенді оқытудың кезеңдерін сәйкестендіріңіз: 

Нұсқау беру жəне айту:

Жаңадан меңгерілген дағдыларды тəжірибеде қолдану жəне дамыту үшін сыныпта жəне үйде орындауға арналған əртүрлі жаттығулардың көмегімен түрлі мүмкіндік ұсыну

Көрсету жəне модельдеу:

Сабақта жұмыс барысына шолу жасап, оның қорытындысын шығару жəне оқушылардың не үйренгенін түйіндеу

Түсіндіру жəне сипаттау:

Оқушылардың проблемалық мəселе көтеруін немесе зерттеу бағытын жорамалдауды сұрау

Сұрақ қою жəне талқылау:

Оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдап, олардың білімін дамыту үшін сындарлы əрекет ету; оқушыларға қозғау салып, ойлануына түрткі болу.

Зерделеу жəне зерттеу:

Бұрынғы жұмысқа немесе əдіске негіздеп нақты, жақсы құрылымдалған түсініктеме беру 

Бекіту жəне қолданысқа енгізу:

Сыныпқа оқыту/оқу мақсаттарын хабарлап, оқушылардың не істеу керектігін түсінетініне көз жеткізу 

Рефлексия жəне бағамдау:

оқушылар өздері таңдаған əдістері мен ресурстарын неліктен таңдағанын түсіндіру үшін пікірталас жүргізу

Қорытынды шығару жəне есте сақтау:

Айқын, жақсы құрылымдалған көрсетілімдерді ұсыну 

Ә) Төменде берілген екі суреттін бірін таңдап, сұрақтардың түрлері бойынша бір немесе екі сұрақ құрастырып көріңіз.

  1. Қадағалау сұрақ;

  2. Проблеманы шешетін сұрақ;

  3. Фантастикалық (теориялық) сұрақтар (өткен және келешек туралы);

  4. Аналитикалық сұрақ;

  5. Ерекшеленетін сұрақ;

  6. Жорамал жасау бойынша сұрақтар.







2.2.1-тапсырмасы

А) 12 шегені бір шегеде ұстап тұратындай қалай жасауға болады?

Критерийі: 

  1. 12 шеге  бір шегеде ілініп тұрады.

  2. 12 шегені бір шегеде ілініп тұрғанын бір қолмен көтеру. 

Сыни ойлап тапсырманы орындап көріңіздер. 



Ә)Блум таксономиясы бойынша дəйектер мен себептерге сəйкес ақпаратты тексеру жəне жіктеу кезеңін көрсетіңіз

A) білу, түсіну

B) қолдану

C) талдау

D) жинақтау

E) бағалау





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет