Сенімхат бір адамның не мекеменің атынан екінші бір адамға



бет1/2
Дата09.05.2022
өлшемі27,4 Kb.
#33584
  1   2

СЕНІМХАТ

Анықтамасы:

Сенімхат – бір адамның не мекеменің атынан екінші бір адамға

тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар

екендігіне сеніп берілетін ісқағазының бір түрі.


Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады. Егер сенімхат жеке адам тарапынан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі

жазылып, қолы қойылады. Төменгі жағына нотариус сенімхат иесінің

қолын растап, мөр басады.
Сенімхат, негізінен, мынандай жағдайларда беріледі:

Жалақы алуға, жәрдемақы алуға, зейнетақы алуға, шәкіртақы алуға,

банктегі есептерді пайдалануға, пәтер сатуға және сатып алуға, пәтерді

жеке адамдарға жалға беруге, көлік иемденуге, заттай корреспонденцияларды алуға, құжаттар алуға, мұрагерлік құқық туралы куәлік алуға, қол қоюға т.б.


Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық

кеңседе сенім білдіруші мен сенім білдірілген тұлғалардың жеке

куәліктері арқылы жеке бастары анықталады, құқықтық іс-әрекетке

қабілеттілігі тексеріледі. Нотариус сенімхат мәтінін дауыстап оқып,

тізбеге тіркейді, тиісті мемлекеттік салық алынады және нотариустың

қолы қойылып, мөрі басылады.

• 14 жасқа толмаған балалардың атынан сенімхатты олардың атааналары толтырады.

• 14 жас пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер сенімхатты атааналарының келісімімен толтыра алады.

• Жасөспірімдер өздерінің шәкіртақысына немесе жалақысына байланысты сенімхатты ешкімнің келісімінсіз толтыра алады.
● Сенімхат 1 дана болып дайындалады.

Сенімхаттың құқықтық дәрежесі жоғары. Себебі міндетті түрде нотариалдық кеңсенің жазбасы арқылы расталады.


Сенімхаттың ерекшелігі:

1) Жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

2) 3 түрге бөлінеді.
Сенімхатты мынандай түрлерге бөлуге болады:

1. Бас сенімхат.

2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.

3. Арнайы сенімхат.

1. Бас сенімхат дегеніміз – белгілі бір тұлғаға толықтай құқық

беретін құжат. Мысалы, көлік жүргізуде көлік иесімен бірдей құқықта

болады, яғни көлікті сатуға, айырбастауға, сыйға беруге т.б. болады.

2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат дегеніміз – әртүрлі

іс-әрекеттер орындауға белгілі бір мерзімге ғана құқық беретін құжат.

Мысалы, көлікті жүргізуге ғана, пәтерді уақытша пайдалануға т.б. болады.

3. Арнайы сенімхат дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығында сенім

білдірушінің атынан қандай да бір іс-әрекеттер орындауға құқық беретін

құжат. Мысалы, мекеме басшысының іссапарға кетуіне немесе басқа да

жағдайлармен байланысты өз құқығын орынбасарына уақытша беруі.


Құрылымы:

1. Құжат атауы;

2. Күні, айы, жылы, жасалған орны (қаласы);

3. Сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы,

жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені);

4. Сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені);

5. Берілген құқық немесе алынған зат туралы мәлімет;

6. Сенімхаттың жарамдылығы (cенімхаттың қандай мерзімге дейін

күшін сақтайтыны туралы);

7. Сенімхат берушінің қолы;

8. Нотариалдық кеңсенің жазбасы;

9. Нотариустың аты-жөні, қолы, мөрі.


Сенімхат өз күшін мынадай жағдайда жоғалтады:

1. Сенімхат мерзімі аяқталғанда;

2. Сенім білдіруші сенімхат күшін тоқтатқанда;

3. Сенімхат берілген тұлға сенімхаттан бас тартқанда;

4. Сенімхат берушінің өлімінен кейін немесе еңбекке жарамсыз

болғанда;

5. Сенімхат берілген тұлғаның өлімінен кейін немесе еңбекке жарамсыз болғанда.

1-үлгі.

СЕНІМХАТ

26 ақпан, 2010 ж., Шымкент қаласы

Мен, Шымкент қаласы, Абай даңғылы, 12 үй, 34 пәтердің тұрғыны,

01.12.2006 жылы ҚР ІІМ берген №1234567989 жеке куәліктің иегері

Ерғазин Ұлан Еркінжанұлы,

Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 54 үй, 32 пәтердің тұрғыны,

28.01.2008 жылы ҚР ІІМ берген №1234567989 жеке куәліктің иегері

Омаров Қанатқа, «ШНОС» мұнай өңдеу зауытының директор қызметін,

менің атымнан жүргізуге сенім білдіремін.

Бұл үшін мен Омаров Қанатқа:

– менің атымнан қол қоюға,

– банктегі есептерімді пайдалануға,

– тиісті құжаттарды рәсімдеуге,

– келісімшарттар жасауға өкілетті етемін.

Сенімхат 2011 жылдың 26 ақпанына дейін берілген.

26.02.2010 ж. Ұ.Е. Ерғазин ___________

Осы сенімхатты мен, 1998 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген №1234567989 лицензия негізінде әрекет жасаушы Шымкент қаласы, «Аманат» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Маратов Рауан 2010 жылы 26 ақпанда куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Ерғазин Ұлан Еркінжанұлы қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке

қабілеті тексерілді. Сенімхаттың мәтіні дауыстап оқылды. №1234 тізбеге

тіркелді. 650 (алты жүз елу) теңге мемлекеттік салық алынды.

Нотариус (Қолы) _______________

( Мөрдің орны)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет