1. ГЛОССАРИЙ Бухгалтерлік есеп – бұл “Бухгалтерлік есеп туралы” заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес шығарылатын стандарттар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге негізделген активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, субъектілердің табыстары мен шығыстары туралы ақпараттарды тіркеу және жинақтау жүйесі.
Банктегі бухгалтерлік есеп банк мүліктерінің, ақша қаражаттарының, ссудалық қорлардың, несиелердің жағдайы және қозғалысы туралы, табыстар мен шығындар турал, бақылау, талдау, басқару, сонымен қатар банк қызметін болжау туралы ақпараттық ағымды жалпылау жүйесін көрсетеді.
Банктегі бухгалтерлік есептің пәні – жекелеген әдістерді сипаттайтын, құрамында өзгеріс тудыратын, мүлікті және оның қалыптасу көздерін орналастыратын шаруашылық операциялары болып табылады.