Қазақстан Республикасындағы арнайы және инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері



бет1/5
Дата14.10.2023
өлшемі28,73 Mb.
#114184
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Инклюзивті білім беру

Дәріс тақырыбы: Инклюзивті білім берудің негізгі түсінігі мен ұстанымдары

Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықтың мүшесі ретінде халықаралық Конвенциялар мен Декларациялардың негізгі қағидаларын басшылыққа алады

Халықаралық

Конвенциялар мен

Декларациялар


Бала құқықтары туралы Конвенция
Адам құқығы туралы
жалпыға ортақ Декларация
Мүгедектердің құқықтары туралы Декларация
Саламанк Декларациясы «Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін»
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» Заңы
Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары Қазақстан Республикасының Заңдарында қарастырылған

Инклюзия» - «inclusif» француз тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, «include» латын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.

Инклюзия» - «inclusif» француз тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, «include» латын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.

Инклюзивті білім беру – барлық балалардың психикалық және физикалық мүмкіндіктеріне,ата-аналарының әлеуметтік және экономикалық мәртебесіне, мәдениетіне, жеке ерекшеліктеріне қарамастан білім алуы мен нәтижелі табысқа жетуі үшін қажет жағдайлар жасау және білім берудің баршаға қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Инклюзивті білім берудің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоционалдық ерік-сезім, физикалық, танымдық даму ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы білім беру бағдарламасын (мемлекеттік білім беру стандарты) меңгерту.

Инклюзивті білім берудің негізгі ұстанымдары

  • Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады;
  • әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;
  • әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы;
  • барлық адам бір-біріне қажет;
  • білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады;
  • барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді;
  • әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру;
  • жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет