Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы



бет1/5
Дата18.10.2022
өлшемі24,94 Kb.
#43910
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1-2-3-4-5 сұрақтар


  1. Қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. "Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы".

Тәуелсіз алғаннан кейін Қазақстан тарихына бүкіл ұлттық қызығушылық артты. Бұл кездейсоқ пайда болған қызығушылық емес еді. Ұзаққа созылған науқастан соң есін енді жинай бастаған адам сияқты, қазақ халқы да өзінің өткенін жадына түсіргісі келді. Халықтың жадысы - тарих. Сол тарих арқылы қазақ, қалайша осындай жағдайға душар болғанын білгісі келді, өзін-өзі түсінгісі келді. Ол- заңды құбылыс. Тарихқа деген сұраныс ұсынысты тудырды. Мерзімді басылым беттерінде тарихи деректер мен тарихи мақалалар тасқыны басталды. Журналистердің, әдебиетшілердің, басқа да зиялы өкілдердің тарихи тақырыпқа арналған мақалалары көптеп жарияланды. Белгілі ғалым, профессор Д. Кішібеков: «Тарих үйретеді, тәрбиелейді» [1,77 б] деген мақаласында «Қазақстан тарихы-біздің ата- бабаларымыздың көне заманнан бүгінге дейінгі өмірі, тіршілігі, ой-өрісі, әлем тарихынан алатын орны, оны объективті зерттеп жазатын да, оған жаны ашитын да, жігерленіп кірісетін де, орнықты терең ой айтатын да өзіміз болуымыз керек. Қай халық өз тарихын басқа ел өкілдеріне жаздыртқан. Ал өз тарихымызды жазуда біз білетін, біз айтатын мәселелер жеткілікті. Бірақ өз тарихымызды өзіміз жазамыз деп жалпы халықтар тарихымен байланысты үзіп алмауымыз басты шарт. Тарих тек объективті тұрғыда жазылғанда ғана, оған ел ден қояды, оның тәрбиелік мәні айқындалады» деп жазды. Тәуелсіздік жылдарында ұлт тарихында тұңғыш рет деп айтуға болады, Қазақстан кәсіпқой тарихшылары ешкімге жалтақтамай, өз халқының тарихы туралы өз ойларын еркін жаза алатын жағдайға жетті.


1989-1990 оқу жылынан бастап, республика мектептерінде жаңа дербес пән - «Қазақстан тарихы» дүниеге келді. 1991-1992 жылдары жаңа оқу жоспарына сай тарих факультетінде Қазақстан тарихын оқыту қолға алынды. 1992 жылдан бастап Қазақстан тарихы пәні барлық орта арнаулы және жоғары оқу орындарында оқу жоспарына енді. 1993 жылдың екінші жартысынан бастап елімізде тарих мәселелеріне арналған қазақ тіліндегі тұңғыш журнал «Қазақстан тарихы» шыға бастады. Белгілі ғалымдар, зерттеушілер тарих ғылымының өткені мен келешегі туралы пайымды ой-пікірлер білдірді, тарихқа жаңаша қараудың үлгісін көрсетті.
Еліміздің тәуелсіздік алуымен қатар Отан тарихындағы көптеген өзекті мәселелер жаңаша тұрғыдан қаралып, дербес, тын, тәуелсіз ой-пікірлер мен тұжырымдар қалыптаса басталды. Тарих ғылымында жаңа бағыттар, айтарлықтай өзгерістер пайда болды.
Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне арналған еңбектер көлем едәуір болды. Олардың арасында, әсіресе, кеңестік тоталитарлық жүйе тарихынан жазылған еңбектер айтарлықтай мол.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет