Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


Ұстамдылық,  қанағатшылдық  пен  қарапайымдылық,  үнемшілдік  пен



Pdf көрінісі
бет88/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   105
Ұстамдылық,  қанағатшылдық  пен  қарапайымдылық,  үнемшілдік  пен 
орынды  пайдалану  көргенділікті   көрсетеді.     Нақты  мақсатқа  жетуге,  білім 
алуға,  саламатты  өмір  салтын  ұстануға,  кәсіби  тұрғыдан  жетілуге  басымдық 
бере  отырып,  осы  жолда  әр  нәрсені  ұтымды  пайдалану  –  мінез-құлықтың 
прагматизмі деген осы.  Бұл  –  заманауи  әлемдегі бірден-бір  табысты  үлгі.  Ұлт 
немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, 
ертең  іске  аспақ  түгілі,  елді  құрдымға  бастайтын  кездейсоқ  берекетсіз 
ұстанымдар (популистік идеологиялар) пайда болады.                          
Елбасы 
пайымдауынша, 
тарихта 
тұтас 
ұлттардың 
ешқашан 
орындалмайтын  елес  кездейсоқ  ұстанымдары  шырмалып,  ақыры  су  түбіне 
кеткені  туралы  мысалдар  аз  емес.  Өткен  ғасырдың  басты  үш  идеологиясы  – 
коммунизм, фашизм және либерализм әлем өркениетінің көз алдында күйреді. 
Бүгінде  сол  радикалды  жала  ұстанымдар  тарих  мұрағаты  беттеріне  келмеске 
кетті.  Енді  айқын,  түсінікті  және  болашаққа  жіті  көз  тіккен  бағдарлар  керек. 
Адамның  да,  тұтас  ұлттың  да  нақты  мақсатқа  жетуін  көздейтін  осындай 
бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар елдің 
мүмкіндіктері  мен  шама-шарқын  мұқият  ескеруге  тиіс.  Яғни,  реализм  мен 
прагматизм ғана болашақтың ұраны болуға жарайды.  
-Ұлттық бірегейлікті сақтау. Бұл орайда Елбасы бірнеше өзекті түйінге 
анықтама  берген.  Яғни,  ұлттық  жаңғыру  деген  ұғымның  өзі  ұлттық  сананың 
кемелденуін  білдіреді.  Оның  екі  қыры  бар.  Біріншісі,  ұлттық  сана-сезімнің 
көкжиегін кеңейту, ал екіншісі, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның 
бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің 
қандай  қатері  болуы  мүмкін?  Қатер  жаңғыруды  әркімнің  ұлттық  даму  үлгісін 


бәріне  ортақ,  әмбебап  үлгіге  алмастыру  ретінде  қарастыруда  болып  отыр. 
Алайда,  өмірдің  өзі  бұл  пайымның  түбірімен  қате  екенін  көрсетіп  берді.  Іс 
жүзінде  әрбір  өңір  мен  әрбір  мемлекет  өзінің  дербес  даму  үлгісін 
қалыптастыруда.  Ұлттық  салт-дәстүрлер,  тіл  мен  саз  (музыка),  әдебиет, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет