ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет32/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47

8.10. модернизм және постмодернизм

Модернизм  –  кең  түрдегі  жалпымәдени  құбылыс,  соған  сәйкес 

ғылым, мораль және өнер мәдениеттің дербес саласы болып табылады 

және олардың әрқайсысы өз ерекшеліктеріне және өз дамуының логи-

касына сай дамуға тиіс.


288

«Модернизм»  деген  ұғымның  өзі  бірмағыналықтан  алыс 

жатқандықтан,  бұл  жерде  мүлдем  әртүрлі  түсініктерге  кең  жол  ашы-

лады. Орыс тілінде бұл термин, басқа еуропалық тілдерге қарағанда, 

тым  тар  мағынасында  қолданылады.  Сол  себепті  орыс  тіліндегі 

қолдануында  «модерн»  –  эстетикалық  ұғым.  Ол  өнер  тарихында 

белгілі  бір  дәуірге  және  белгілі  бір  көркем  стильмен  (мысалы,  XIX 

ғасырдың  соңы,  XX  ғасырдың  басындағы  сәулет  құбылысы  сияқты 

модерн) бекітілген. Ал еуропалық тілдерде «модерн» тым ұзақ кезеңді, 

бастауы әдетте Жаңа заманға жатқызылатын кезеңді белгілейді. Бірақ 

терминнің  өзі  ерте  Ортағасырда  пайда  болған.  Модернистер  деп 

Қасиетті  Жазудың  қағидалық  мәтінімен  келіспеген  және  оның  жаңа, 

шіркеу бекіткеннен бөлек нұсқасын ұсынған христиандар аталған. 

Сонымен,  модернизм  (лат.  modernus  –  жаңа,  қазіргі  заманға  сай)  – 

мәдениеттану,  өнертану,  әдебиеттану,  дінтану  және  философия-

да  әртүрлі  мектептерді,  стильдерді,  жаңашылдыққа  және  алдыңғы 

дәстүрлерді  қайта  қарауға,  тіпті  олардан  қол  үзуге  бағытталған 

ағымдар мен стратегияларды сипаттау үшін пайдаланылатын термин.

Ал  ғылымда  әлі  күнге  дейін  модернизмнің  жалпыға  бірдей 

қабылданған  тұжырымдамасы  қалыптаспағандықтан,  әртүрлі  автор-

лар бұл терминді түрлі-түрлі мағыналарда қолданады.

Әдетте, модернизмге төмендегілер жатқызылады:

–  бейнелеу  өнерінде  –  импрессионизм  және  постимпрессионизм, 

модерн,  символизм,  фовизм

1

,  кубизм



2

,  футуризм

3

,  дадаизм



4

,  сюрреа-

лизм

5

, экспрессионизм, абстракционизм және басқалары;



–  әдебиетте  –  Ш.Бодлер,  О.Уайльд,  Ф.Кафка,  У.Фолкнер,  Т.Манн, 

А.Камю шығармашылығы және орыс «күміс ғасыры» жазушыларының 

шығармашылығы;

1

  Фовизм  (фр.  fauve  –  жабайы,  тағы)  –  Францияда  кескіндеуде  (1905-1907  жж.)  көркем 



бейнелеудің сезімдік күштеріне, сурет салудың ықтиярсыз серпініне, ашық түс пен өткір 

ырғаққа ұмтылудан туған ағым.

2

 Кубизм (фр. – cubisme, лат. cubus – куб, ойынға арналған сүйек) – бейнелеу өнерінде XX 



ғасырдың  басында  пайда  болған  бағыт.  Кубизм  өкілдері  заттарды,  адамдарды,  табиғатты 

қарапайым геометриялық денелер – кубтар, шарлар, цилиндрлер деп бейнелеген.

3

 Футуризм (лат. futurum – болашақ) бейнелеу өнері мен поэзияда «болашақтың өнері» деп 



берілген, XX ғасырдың 10-20 жж., негізінде, Италия мен Ресейде тараған ағым.

4

  Дадаизм  (фр.  dadaisme,  dada  –  ойыншық  ат)  Швейцарияда  I  Дүниежүзілік  соғыс  кезінде 



туған  әдебиет  пен  өнердегі  авангардтық  ағым.  Дадаистер  иррационализмді  дәріптеді, 

шарбақтарға  жазылатын  шимай-шатпақтарды,  жалған  сызбаларды,  кездейсоқ  заттардың 

жанжалды бейнелерін жасады. 1922-1924 жж. дадаизм Францияда сюрреализммен, ал Гер-

манияда экспрессионизммен бірікті. 

5

  Сюрреализм  (фр.  surréalisme  –  биік  шындық):  1)  ғасыр  өнерінде  дадаизмді  ауыстырған 



және  санадан  тыс  әрекетті  (галлюцинация,  ырықсыз  сезім,  түс  көру)  өнердің  бастауы,  ал 

оның әдісін еркін байланыстар (өнерде «сана ағындарын» бекіту) деп жариялаған бағыт.



289

– музыкада – Р.Вагнер, А.Берг, М.Равель, И.Стравинский, А.Скрябин, 

С.Прокофьев, П.Булез және басқаларының шығармалары.

Модернизм кей кездері авангардизмнің құрамдас бөлшегі, ал кейде 

оның синонимі ретінде түсініледі. Авангардизм (фр. – avant gardisme) – 

ол  XX  ғасырдың  өнерді  мазмұны  жағынан  да,  форма  жағынан  да 

түбегейлі  жаңартуға  ұмтылған  көркемөнер  ағымдарының  біріккен 

атауы.  Дәстүрлі  бағыттарды,  формалар  мен  стильдерді  қатаң  сынай 

отырып,  авангардизм  көбінесе  адамзаттың  мәдени-тарихи  мұрасын 

кемсітуге,  «мәңгі»  құндылықтарға  көзқамандық  (нигилистік)  көз-

қараспен қарауға жол береді.

Сонымен  бірге  қазіргі  заманғы  гуманитарлық  ғылымдарда  бірте-

бірте  модернизм  туралы  танымдық  (философиялық  және  ғылыми 

зерттеулер  сияқты)  стратегиялардың,  жобалық  идеологиялардың, 

діни-аксиологиялық  жүйелер  мен  көркем  стильдердің  жиынтығы  бо-

лып  табылатын  дүниетанымдық  кешен  деген  көзқарас  қалыптасып 

келеді. Олардың барлығы да әлемдегі адамның орны туралы түсінікті 

түбегейлі өзгертіп, өзгеше ақыл-ой шабытында көрініс тапқан.

Модернизм  дәуірін  құрған  төрт  басым  бастаудың  ажыратылып 

көрсетілетіні жиі байқалады:

–  этикалық формалардан азат жаратылыстану;

–  индустриалдық техника;

–  өнеркәсіп;

–  формальды (ресми) құқықтық демократия.

Модернистік ақыл-ой шабытының маңызды үрдісі – ол болмыстың 

бұрынғы  ойлау  қол  жеткізе  алмаған  жан-жақты  негіздемелерін 

іздестіруден көрінетін танымға жаңаша көзқарас болды. Модернистер 

заттардың құбылыстық суреттелуіне қарсы шықты, өйткені, олардың 

пікірінше, сыртқы бейне немесе көрініс – болып жатқан әрекеттердің 

терең себептерін жасыратын перде ғана. Нақтылыққа көзқарастың өзі 

өзгерді: ол солай болып көрінетінге айналды. Сол себепті, модернис-

тер  пайымдағандай,  құбылыстың  арғы  жағынан  шынайы  нақтылық 

болып  табылатын  жасырын  мәнді  іздеу  керек.  Нақ  соның  өзі,  яғни 

нақтылық айқындалуға тиіс, ал ол үшін тікелей айқын нәрсені жайып, 

ашып көрсету қажет.

Осының барлығы, бәрінен бұрын, жеке тұлға мен қоғамды зерттеу-

ге жатқызылды, ол кезде болып жатқан үдерістерді модернистер сана-

дан тыс жеке және санадан тыс ұжымдық әрекет көмегімен түсіндіреді.

Модернизм ойлаудағы қазіргі заманға тән үстемдікті, дәстүрден қол 

үзуді бағдарлама түрінде жариялайды. Ал одан жаңаға табыну (культ) 


290

келіп шығады және басты қағида – жаңашылдық (инновацияшылдық). 



Әр  саладан  хабардар  болуға  (универсализм)  ұмтылу  да  бағдарламаға 

салынған.

Нақ  сол  модернизм  іс  жүзінде  мәдениеттің  барлық  салаларын 

қамтыған, сондай-ақ діни, көркем және философиялық синтез жобала-

рын әзірлеген алғашқы ағым болды.

Модернизмнің  кейбір  қайраткерлері  біртұтас  дін,  біртұтас  өнер, 

барлық  уақыттар  мен  халықтар  үшін  біртұтас  философия  мәселесін 

қойып  келді  және  бүгінде  де  қойып  отыр.  Ғылымда  ол  аралық 

тәртіптілікке  бағыттаудан  және  орасан  көп  қорытындылаушы  тео-

риялар  құрудан  көрінді.  Шын  мәнінде,  бұның  барлығы  да  діни, 

философиялық,  эстетикалық  және  ғылыми  танымдарды,  сондай-ақ 

әлемді іс жүзінде игеруді және өзгертуді біріктіретін «тұтас білімге», 

«жалпыға бірдей синтезге» жеткізуге тиіс еді. Жалпыға бірдей синтез 

жобасының мақсаты модернизмді тәжірибеге тарту болды.

Әлеуметтік-экономикалық  тұрғыда  модернизм,  әдетте,  дәстүрлі 

қоғамнан индустриалды қоғамға өтумен байланыстырылады.

XX ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде модернизм постмодернизм-

ге ұласты. Постмодернизмнің сансыз насихаттаушылары үшін өзіндік 

бастау  –  алғашқылардың  бірі  болып  корреляция  (лат.  correlatio  – 

арақатынас,  сәйкестік)  мәселесін  көтерген  француз  постфрейдисі 

жан-Франсуа  лиотардың  (1924  жылы  туған)  еңбектері  болды. 

«Постмодерннің  жай-күйі.  Білім  туралы  баяндама»  (1979)  деп  атала-

тын  кітабында  ол  постмодернистік  мәдениет  пен  постмодернистік 

қоғам түйініндегі таным мәртебесін өзгерту туралы ғылыми болжам-

ды алға тартты.

Ғылыми, философиялық, эстетикалық және көркем постмодернизмді 

ол  осы  еңбегінде  метабаяндауға  сенбеу,  метафизика  және  универса-

лизм дағдарысымен байланыстырады.

Оның ойынша, постмодерн ахуалының өзгешелігі жүйелерді оңтай-

ландырумен, олардың күш-қуаты және тиімділігімен байланыстырылған 

ғылымдылықтың бұдан аз уақыт бұрынғы мақсат-мұратынан түңілуде 

жатыр.  Ғылыми  жаңалықтардың  этика  және  саясат  мәселелерімен 

арақатынасы  жаңа  білімді  ақпараттық  тауарға  –  байлық  жию  мен 

билік  құралына  айналдыру  қаупін  ашып  берді.  Осыған  байланысты 

шынайылықтың  және  ғылыми  таным  объективтілігінің  бағалары 

тиімділікке ғана емес, сонымен қатар әділеттілікке, адамгершіліктікке, 

әдемілікке деген құндылықтық-мақсатты ұстанымдармен толығады.



291

Постклассикалық  емес  білімді  бағалаудың  эстетикалық  белгісін 

енгізу  –  философия  үшін  жаңа  бірқатар  ғылымдарға  назар  аударуды 

қажет етті:

–  қиын сала – ақпараттық қоғамда білімді заңды деп тану (легити-

мация);


–  әдіс – тілдік ойындар;

–  әлеуметтік  байланыстар  табиғаты  –  қазіргі  заманғы  балама-

лар және постмодернистік жоспарлар;

–  ғылыми  білім  прагматизмі  және  оның  баяндаушылық  қызмет-

тері.

Лиотар  постмодернизмді  модернизмнің  ішінде  жасырынған  соның 



бір  бөлігі  деп  санайды.  Гуманизм  мен  дәстүрлі  эстетикалық  (әдемі-

лік,  асқақтық,  даналық,  мұраттылық)  құндылықтардың  тоқырауы 

жағдайында  ұтқыр  модернистік  сала  бөлігі  модернизмді  формалар 

мен техникалық тәсілдердің плюрализмімен жаңарта және бұқаралық 

мәдениетпен жақындастыра отырып алдыға шықты.

Сонымен, постмодернизм – бұл танымда сөздердің түрлену үлгісінің 

(парадигма)  ауысуы,  субъект  ұстанымын  көзқарастар  жүйесінің 

орталығы және бастау ретінде қайта қарау болып шықты. Субъектінің 

орнын  әртүрлі  –  ниет-тілектер  мен  қарқындылық  ағындары  (Жиль 

Делёз,  Феликс  Гваттари);  трансгрессия  және  эротизм  (Жорж  Батай); 



нақты өлшемдегі өзгеше арбау (Жан Бодрийар); либидомен байланыс-

ты тамыр соғуы (Жак Лакан); мысқыл (Ричард Рорти) немесе жирену 

(Юлия Кристева) сияқты тұлғасыз құрылымдар басты. Постмодернизм 

идеяларын әзірлеуде француз философы жак Деррида (1930 ж. туған) 

маңызды рөл атқарды. Ол еуропалық мәдениеттің негізі іспетті мета-

физиканы  сынады,  оны  еңсеруді:  онтология  негіздерін  және,  бәрінен 

бұрын, болмыс түсінігінің негізін құрайтын сараптамалық бөлшектеу 

(«деконструкция») ұғымдарының көмегімен оның тарихи бастауларын 

іздеп табумен байланыстырады.

Дерриданың  кейінгі  ой-пікірлерін  түсіну  үшін,  «деконструкция» 

ұғымының  өзі  туралы  бірер  сөз  айту  керек  сияқты.  Оны  Хайдеггер 

ұсынды,  ал  ғылыми  айналымға  Лакан  енгізді.  XX  ғасырдың  соңғы 

ширегінде  деконструкция  идеяларына  гуманитарлық  білімдердің 

әртүрлі:  философия,  өнертану,  тарих,  саясаттану  және  әлеуметтану 

сияқты салаларында қажеттілік туып, олар дін ілімінде де дами бас-

тады.

Деконструкция  –  ол  сын  да,  талдау  да,  әдіс  те  емес.  Ол  –  аталған 



гуманитарлық  ғылымдардың,  өнер  мен  эстетиканың  негізінде 

292

философияның көркем транскрипциялануы (айтылуы). Бұл – филосо-

фиялық  түсініктердің  ауыспалы  мәнді  этимологиясы:  философия 

тілінің  өзіндік  құрылымдық  психоталдауы,  симультандық  (сахна 

алаңында бір мезгілде барлық қажетті өрнектеу құралдарын орнатып 

қою), деструкция мен реконструкция, бөлшектеу және құрастыру.

Деконструкция  құрылымдарға  назар  аударуға,  сонымен  бірге 

лингвистикалық,  логоорталықтық,  фоноорталықтық  құрылымдардың 

жіктелуі,  бөлшектенуі  үдерістеріне  байланысты.  Әңгіме  бұзу,  бүлдіру 

туралы емес, әлдебір бүтіндіктің қалай жасалғанын жете түсіну үшін, 

қайта  құрудың  қажет  екені  туралы  болып  отыр.  Деконструкцияның 

әрбір оқиғасы идиома

1

 немесе қойылған қол сияқты жеке, жалаң. Дерри-



да деконструкциялық тәсілді ұясынан құлап қалған балапанына қауіп-

қатер төнбеуіне жан ұшырған құстың әрекетімен байланыстырады. 

Деррида  жазудың  дыбысталған  сөзден  (логос)  артықшылығына 

сендіреді.  «Граммотология  туралы»  атты  кітабында  ол  ғұмыры  сөзге 

қарағанда  ұзақтау  және  адамдармен  тікелей  болмаса  да  «араласуға» 

(мысалы,  Руссо  кітабындағы  «тығылып  алып  жазуды»  жөн  көретін 

кейіпкер  істегендей  емес),  мүмкіндік  беретін  жазбаша  мәтіндердің 

басымдығын  дәлелдейді.  Сөйлеуге  дейінгі  жазу,  бұл,  әрине,  сөздің 

меншікті  және  тар  мағынасындағы  жазу  емес,  бірақ  «прото-жа-

зу»  –  қандай  да  бір  бөлшектеу  және  артикуляция  (дыбыс  шығару) 

мүмкіндігінің өзін ауыспалы мағынасында (метафора түрінде) белгілеу 

сияқты жазуға жақын.

Деррида үшін философтың шынайы бейнесі – ол «философ-суретші» 

(Ницшені  нақ  осы  бейнеде  болғаны  үшін  бағалаған).  Оған  керегі  өзі 

талдайтын  мәтіндер  емес:  ол  үшін  маңыздысы  –  мәтіннің  оқылуына 

өзінің  жеке  көзқарасы,  сондай-ақ  ондай  жұмыстың  меншікті  стилі

жазудан  өз  мәнерінің  танылуы,  оның  басқа  мәнерлер  мен  стильдерге 

ұқсамауы.  Деконструкция  сұрақтың  айқын  қойылуын  талап  етпейді 

және  ешқандай  шешімдер  ұсынбайды,  бірақ  «ол  өзінің  айқын  да 

мәнерлі әрекетін назар аударуға тұрарлық нысан етіп істейді». 

Деррида,  негізінде,  «кез  келген  нәрсенің»  философия  үшін  ма-

териал  бола  алатынын  жақсы  түсінген  және  осы  мағынасында  ол, 

поэзиядағыдай,  кез  келген  «қоқымнан»  өсе  береді.  Бірақ  бір  мезгілде 

деструкция  шатасуға  да  келтіреді:  деструкцияның  поэзиядан 

айырмашылығы – ол «түйежапырақ, алабота» сияқты өспейді, ол үшін 

1

  Идиома  –  мағынасы  құрамындағы  сөздердің  мағынасынан  шықпайтын  фразеологиялық 



оралым.

293

қатаң  жеке  тәртіп  және  тілмен  жай  ғана  жұмыс  емес,  сонымен  бірге 

ойды білдіру құралы ретінде тілдің әрлендірілуі маңызды. 

Дәл  осы  ой  оның  Парижде  халықаралық  философиялық  колледж 

құруына,  яғни  әдеттегідей  (дәстүрлі)  емес  жұмыс  істелетін,  яғни 

әдебиетпен,  ғылыммен,  саясатпен  тікелей  тоқайласқанда,  философия 

өзін жете түсінетін орын әзірлеуге түрткі болды.

Мына бір факт қызық көрінеді: Францияда мектепте философиялық 

білім  беру  жүйесіне  қауіп  төнгенде,  Деррида  философияны  қорғап 

қалып, ол қауіпке лайықты тосқауыл ұйымдастырды.

Постмодернизмде  суреттеу  жоспарының,  яғни  қайтадан  пай-

да  болған  нақтылық  сипаттамасының  және  ой  мен  мәдениет 

құндылықтарының  қайта  бағалануына  байланысты  пікірталастық 

жоспардың  рөлі  үлкен  болды.  Тұтас  шындық  сөздерден  алшақтап, 

постмодернизм оны теріске шығарды. Суреттеу ғана мойындалды. Су-

реттеу жалғыз шындық ретінде құрылатын болды. Нақты шындық пен 

қиял «виртуалдық», яғни нақты емес болмыспен астасып кеткен.

Француз постмодернистері Батыс метафизикасының логоцентриз-



міне,  «фонетикалық  жазу  метафизикасына»,  адамға  Әлемді  тар, 

шектеулі  шеңберде  көруді,  білім  мен  билік  арасындағы  қатынасты 

телитін Жаңа заманның кітаби мәдениетіне «шабуыл жасады».

Мысалы,  М.Фуко  картезиандық

1

  ойдың  «натурализмін»



2

аристотельдік  логика  заңдарының  табиғат  заңдарына  айналуын, 



«ақсүйек  ауқатты  еркектер  ойының  жалған  рационалдық  гегемония-

сын»  (жетекшілік етуші басшылығын) теріске шығарды. Нормалардан 

ауытқушылықты  Жаңа  заман:  иррационалдық  –  ол  ауру,  әйелге  тән 

десе, ал терінің қара түсін жетілмегендік деп түсіндірді.

Фуко  «басқаға»  –  зорлық-зомбылықтың  нәзік  формаларының 

нысанына  айналған  «плебске»

3

  қорған  болды.  Ал  осыдан  билік 



мәселесіне деген ерекше, оның бүкіл шығармашылығы арқылы өткен 

қызығушылық (оның ішінде жыныстық та) туып, Фуконың талдауын 

жалғастырған сол заман феминизмінің негізіне алынды.

1

 Картезиандық  (лат. – cartesius, фр. – descartes – картезианство) – XVII- XVIII ғғ. филосо-



фия мен жаратылыстануда шыққан, теориялық бастауы француз философы Рене Декарттың 

идеялары болған (оның латыншаланған аты – Картезий) бағыт.

2

 Натурализм – әдебиет пен өнерде XIX ғасырдың екінші жартысында болған реализмнен 



бөлек табиғат заңы мен қоғам заңдарының арасына теңдік белгі қоюшы, мазмұнды есепке 

алмай, болмыстың сырт көрінісіне ғана мән беретін бағыт.

3

 Плебс – лат. plebejus – жалпыхалықтық, plebeii, plebs  – жай, қарапайым халық.



294

Постмодернизм  туралы  айтқанда,  қысқаша  болса  да,  мағынасы 

жағынан  постмодернизмге  өте  жақын  болғанмен,  кейбір  өзгешелігі 

де  бар  «постмодерн»  ұғымына  тоқталып  өткен  дұрыс  сияқты,  оның 

үстіне,  бүгінгі  таңда  постмодерн  жаңа,  неоавангардтық  өнер  мен 

мәдениет теориясынан шығып, жалпыфилософиялық тұжырымдамаға 

айналды.

«Постмодерн»  терминін  адам  құлдырауының  (декаданс  –  мәдени 

кері  кету)  қорлаушы  сипаттамасы  ретінде  «Еуропа  мәдениетінің 

тоқырауы»  (1917)  атты  кітабында  алғаш  рет  Р.Панвиц  қолданды. 

Қазіргі  заманға  сай  мағынасында  Екінші  Дүниежүзілік  соғыстан 

кейінгі  кезең  мәдениетінің  өзіне  тән  өзгешелігін  белгілеу  ретінде 

Ч.Дженкстің  «Постмодернизм  сәулетінің  тілі»  (1975)  кітабында  1960 

жылдардың  аяғы,  1970  жылдардың  басында  дүниеге  келген  сәулет 

стилінің талғамсыздығын анықтау үшін пайда болды. Содан кейін бұл 

термин бейнелеу өнеріне, әдебиетке, ал, ақыр соңында, Ж.Лиотардың 

«Постмодерн  ахуалы»  (1979)  атты  еңбегінің  жарыққа  шығуы  арқылы 

философияға да таралды.

Сөйтіп,  постмодернизм,  тұтастай  алғанда,  бәрінен  бұрын  сәулет, 

кинематография,  хореография,  көркем  әдебиет  және  поэзияның  бүкіл 

бейнесін  айтарлықтай  өзгертті.  Ол  өнердің  бұрын  болмаған:  попарт, 

боди-арт,  ленд-арт,  инсталляция,  перфоманс,  хеппенинг  сияқты  жаңа 

түрлерін  дүниеге  келтірді,  бірақ  ол  кезде  постмодернизм  эстетика-

сы  оған  XX  ғасырдың  ірі  философтарының  тікелей  ықпал  етуімен 

қалыптасты.


Үшінші  бөлім

ғылым ФилОсОФиЯсы

296

1-тарау. ғылыми таным: Оның ҚҰРылымы, 

ДеңгеЙлеРі мен әДістеРі

1.1. ғылыми таным құрылымы

Таным – жеке тұлғадан оның барлық маңызды күштерін: ақылын, 

сезімдерін,  еркін,  түйсігін  жұмылдыруды  талап  ететін  аса  күрделі 

үдеріс.


Танымның  нақты  үдерісінде  олардың  бір-бірімен  өзара  байланыс-

тылығы  соншалықты,  бір-бірінен  ажырату  мүмкін  емес.  Алай-

да  теориялық  тұрғыда  біз  оларды  жеке-жеке  қарай  аламыз.  Бәрінен 

бұрын, ол – сезімдік таным.

Оның негізгі формалары: сезіну, қабылдау және көзге елестету.

Адам  өзін  қоршаған  әлеммен  сезіну,  түйсіну  арқылы  байланыса-

ды. Л.Фейербах оларды інжіл, яғни әлем туралы ізгі хабар жеткізуші 

деп  айқындаған.  Біз  бір  затты  көргенде,  оның  түсін  анықтап,  ұстап 

көріп,  оның  қатты  немесе  жұмсақ  екенін  біле  аламыз,  ащы  немесе 

тәтті  екенін  дәмін  татқанда  білеміз.  Әлбетте,  сезінуді  заттың  өзімен 

теңестіруге де, сондай-ақ одан алшақтатуға да болмайды. Кең тұрғыда 



сезіну – қоршаған әлеммен бізді байланыстыра отырып, заттар мен 

құбылыстар  туралы  мағлұмат  беретін  ондағы  нақты  болмысты 

көрсетудің ерекше формасы болып табылады. Олар, әрине, адамзаттың 

қоғамдық-тарихи тәжірибесінің нәтижесі де болады.

Адамның сезінуі, түйсінуі бір-бірімен өзара байланысқан: бір-бірін 

толықтырып,  түзетіп  отырады.  Соның  нәтижесінде,  адам  заттарды 

қабылдау мүмкіндігін алады.



Қабылдау  бізге  бір  немесе  басқа  заттың  яки  құбылыстың  бүтін 

бейнесін береді. Затты қабылдай отырып, адам оның барлық қасиеттерін 

емес,  өзінің  тіршілік  қарекетіне  керектілерін  ғана  айқындай  алады. 

Мысалы, егер ерте көктемде бізгі біреу үлкен қызыл алма әкеліп бер-

се, біз оның дәмі мен хош иісіне назар аударамыз, өйткені оны жегіміз 

келеді. Егер ол алма қолымызға күз аяқтала бергенде тисе және оның 

алдында  біз  көп  алма  жеген  болсақ,  онда  оның  түсіне,  түріне,  яғни 

эстетикалық жағына көңіл бөлеміз.

Адам  заттарды  өзінің  жасы,  өмірлік  тәжірибесі,  білімі,  тәрбиесі 

және басқа факторларға байланысты қабылдайды. Мұрағатқа қойылған 

жас әйелдің мәрмәр мүсінінен біреу мүлтіксіз биік шеберлікті, ғажап 

сұлулықты,  өмір  нышанын  көрсе,  ал  екінші  біреу  ұрғашының  азғын 

нәсіпқұмарлығын көреді.


297

адамның көзге елестетуі енді оның санасына анағұрлым жақын, 

өйткені  заттар  көз  алдыңызда  жоқ,  бірақ  сіз  оны  елестете  аласыз. 

Мысалы,  ата-анаңыздың  үйін,  жақсы  досыңызды,  сүйікті  затыңызды 

көз  алдыңызға  елестету  қиын  емес.  Бұл  жерде  де,  қабылдаудағыдай, 

заттың немесе құбылыстың аса маңызды жақтары ғана елес береді. 

Адам  психикасының  ең  ғажап  қасиеті  –  өткенді  есте  сақтау  қабілеті. 

Мағлұматтың есте сақталуында оның негізгі екі түрін: сезімдік бейнені 

және сөз-түсінік формасын ажыратып көрсетуге болады.

Сонымен,  сезімдік  таным  заттардың  айнадағыдай  бейнесін 

бермейді,  оның  қалыптасуына  мұқтаждықтар  мен  мүдделер,  мақсат 

пен  мұраттар,  сезімдік  күйзелістер,  қысқасы,  адамның  барлық  мән-

мағыналы күштері ықпал етеді.

Енді  дерексіз  (абстрактілік)  ойлау  формаларына  келейік.  Оларға 



түсініктер,  пайымдар  мен  ой  тұжырымдары  жатады.  Түсініктен 

бастайық.  Онда  адамға  қажетті  заттар  мен  құбылыстардың  жалпы, 

маңызды, керек жақтары көрінеді. Кезінде Г.Гегель өте бейнелі түрде: 

«Түсінік  –  табиғаттың  жаны»,  –  деп  анықтама  берген.  Түсініктің 

мазмұнына  белгілі  бір  топтың  көптеген  заттарының  маңызды 

қасиеттері  кіреді.  Түсініктер,  бір  жағынан,  қоршаған  әлемнің  зат-

тары  мен  құбылыстарының  сапаларын  олардың  бізге  қажетті  өзара 

байланыстарының бар мүмкіндігін, ал, екінші жағынан, адам ойы та-

нып білетін әлемнің белсенділігі мен қуатын, нәтижелілігін көрсетеді.

Түсініктерді  бір-бірлерімен  ұштастыра  отырып,  адам  белгілі  бір 

пікірге келе алады. Ол пайым деп аталады. Егер: Адам – ойлайтын тірі 

тіршілік иесі», – десек, онда біз ол туралы белгілі бір пайымымызды 

немесе  пікірімізді  айтқан  боламыз.  Бірнеше  пайымды  бір-бірлерімен 

ұштастыра айтып, ой тұжырымына келуге болады. Мысалы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет