Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Лаңкестік әрекеттермен туындайтын төтенше жағдайлар



бет161/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   264
4.2 Лаңкестік әрекеттермен туындайтын төтенше жағдайлар

«Terror» сөзі латын тілінен аударғанда қорқыныш, сұмдық деген мағынаны білдіреді. Дәл осы қорқыныш пен сұмдық адамдарда лаңкес әрекеттерді тудырады. Терроризм жалпы адами мәселе және ең көп таралған, ең қатыгез, әр қашанда дамып отыратын әлеуметтік сипаттағы ТЖ. Ол, адамда қорқынышқа, қауіпке және қорғансыздыққа деген тұрақты сезімдерді қалыптастырады. Лаңкестік әрекеттер адамдардың жаппай қырылуына, рухани және материалдық құндылықтардың жойылуына әкеліп соқтырады. Сенімсіздік, қорқыныш, үрей ұялатып, соғыс шиеленістерін туғызады.



Терроризм – бұл, жеке адамдардың немесе мақсаттары бір топтың өздерінің саяси, діни, ұлттық, кримналдық, қаржылық, коммерциалық, жеке және басқа да мәселелерін шешу әдістерінің бірі. Бұл мақсатта түрлі жауыздық іс-әрекеттер жасайды: қорқыту, бопсалау, зомбылық көрсету, алдау, арбау, кепілге алу, тонау, өлтіру және т.б.

Лаңкестер жарылыс, өрт ұйымдастырады, ұшақтарды басып алады, жалпы халықты улайды, кепілдікке алады, тіпті өлтіреді де. Өздерінің қатыгез әрекеттерін ескертпей жасайды. Көпшілік жағдайда қарапайым, кінәсіз халық зардап шегеді. Ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қолданады. Замануи компьютерлермен, байланыс жүйелерімен, полиграфиялық қондырғылармен, қару-жарақпен, транспортпен жарақталған. Ең қауіптісі лаңкес-өліктер. Олар «өз ойлары» үшін өмірлерін қиуға дайын болады.

Лаңкестердің негізгі қаруы жеке тұлғаны қорлау, зорлау. Олар өз мақсаттарына жету үшін ештеңеден тайынбайды: өлтіру, зорлау, зомбылау, бопсалау, кепілдікке алу, жарылыс ұйымдастыру, өрт шығару және т.б. Лаңкестік әрекеттер бейбіт тұрғындарға қарсы жиі ұйымдастырылады. Олардың сүйікті орындары ададмдар көп жиналатын жерлер, транспорт құралдары, ғимараттар.

Лаңкестік әрекеттермен күресу прафилактикасын планетамыздың барлық елдері жүргізіеді. Осыған орай, арнайы халықаралық ұйымдар жасалған. Бүкіл әлем лаңкестерге қарсы іс-әрекеттер жасау үшін бірігеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет