Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар



бет9/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   264
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиобелсенді және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелерінде, тазарту құрылыстарында авария туғызған ТЖ.

XX ғасырдан орын алып бастаған қарқынды ғылыми-техникалық прогресс тек ғана өнімділіктің жоғарылауына әсер етпей, сонымен қатар, адамзаттың өзіне және қоршаған табиғи ортаға зардаптарын тигізді. Бұл күндері адамның өзі жасаған жаңа өмір сүру ортасына және техносфераға байланысты өмір-тіршілікке қауіп төніп тұр. Себебі адам өмір сүру ортасының жағдайымен санаспай ойсыз іс-әрекет жасауының нәтижесінде, техникалық жоғарғы деңгейге жетпегендіктен өз өміріне қауіп-қатер туғыза бастады.

Дүние жүзінде әрбір минут сайын жарылыстар, өрттер шығуда, ғимараттар мен үймереттер қирауда, қоршаған табиғи ортаға үлкен көлемде зиянды және қауіпті заттар тасталуда, транспорттық, өндірістік, ауыл-шаруашылық, энергетикалық апаттар мен катастрофалар болуда.

Техногендік сипаттағы ТЖ адамдардың жарақаттануына және қаза болуына, материалдық құндылықтардың жойылуына, экономикалық және экологиялық шығындарға әкеліп соғады.

Чернобль АЭС болған техногендік апат бәрімізге белгілі. Бұл апаттың нәтижесінде 20 астам мемлекеттің территориясы радиобелсенді заттармен ластанды, орасан зор экономикалық шығынға әкелді, миллиондаған адамдар зардап шекті. 1945 жылы Жапониядағы қолдан жасаған екі ядролық жарылыс жүз мыңдаған адамның өмірін алып кетті. Сонымен қатар, өрттер, жарылыстар, өндірістік және транспорттық аппаттар орны толмас қайғылы оқығаларға соқтыруда. Бүкіл әлемде транспорттық апаттардан жылына 1 миллион адам қаза болып, 8 миллион адам жарақат алуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет