Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының


Кәсіпорында өндірістік санитария және еңбек тазалығы



бет15/122
Дата07.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#17125
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   122

Кәсіпорында өндірістік санитария және еңбек тазалығы


Өнеркәсіпте тиімді санитарлы-техникалық жағдайларды жасау – еңбек ұжымдарының денсаулығын, қауіпсіздік жағдайларды, еңбектің өнімділігін және жалпы өндіріс байланысыты жоспарлау. Өндірістік бөлмелерге, жұмыс орындарымен микроклиматқа қойылатын жалпы тазалық сақтау талаптары санитарлы нормалары мен ережелері өнеркәсіп бөлімі үшін арналған санитарлы нормаларында көрсетілген.

Қорғасын және басқа металлдарды алу мақсатында өндірістік үрдісті жүргізгенде жұмысшылар денсаулыққа зиянды заттармен жұмыс істейді. Мыс штейнын өңдеу пешінде, миксерде және энергия сақтаушы барабанда пайда болатын аур метарлдар қоспаларының шоғырлануы жоғары, сондықтан олардың химиялық құрамы тұралы ақпараттар қажет. Толық химиялық құрамды орталық химиялық лаборатория бақылайды. Ол қосымша ауа алмасу жүйесінің жұмысын бақылайды, газдар талдауын жүргізеді, цехта зиянды заттардың құрамын бақылайды.

Аналитикалық бақылау өндірістік лабораторияда жүргізіледі. Ол технологиялық газдардың барлық шаң ұстау қондырғыларының жұмысын бақылап отырады, жұмыс аймағында және тазалық-жұмыс аймағында ауадағы қорғасынның, мырыштың және басқада кәсіби зияндардың құрамын зерттейді, және де технологиялық үрдіс кезінде пайда болатын шайынды сулардың сапасын бақылайды. Бұл сулар құбырларда тұздардың және т.б. қалдықтардың тұнуына себепкер болады. Бұл дегеніміз су айналымының бұзылуына әкеліп соқтырады, құбырлардың және канализационды құбырладың толып қалуына әсер етеді. Осы және басқада күрделі қиыншылықтарды шешу осы дипломдық жоба есебіне кіреді. Кәсіпорында санитарлы–техникалық жағдайларын тиімді етіп жасау маңызды мідет болып табылады.

Адам ағзасына әсер ететін өндірістік жағдайларды комплексті зерттеу, сонымен қатар оларды жақсартуда жүргізілетін шараларды өңдеуді және енгізуді еңбек тазалығы және өндірістік саниртария қамтамасыз етеді.

Егер технологиялық үрдіс дұрыс ұйымдастырылмасы, онда жұмысшының денсаулығына және жұмыс қабілетіне өндірістік ортаның зиянды факторлары (температура, ауа ылғалдылығы, өтпе желдер, шу, тербелулер, шаң және т.б.) әсер етеді.

Еңбекті қорғау және санитарлы – сауықтыру шаралардың шарттарын жақсартудың комплексті жоспарын қабылдау және жүзеге асыру кәсіби зинды факторларды жобға және еңбек жағдайын жақсартуға анық мүмкіндік береді.

Еңбек тазалығының құрама бөлігі болып еңбек физиологиясы жатады, ол адамның еңбек іс әрекетімен байланысты ағзадағы физикалық үрдістердің жүруін зерттейді. Еңбек физиологиясының мақсаты физиологиялық көз қарас бойынша еңбектің тиімді ұйымдастырылуын табу болып табылады.

Кәсіпорындарда еңбек жағдайларын жетілдіру технологиялық үрдістерді қазіргі заманғы техникамен қамтамасыздандыру, зиянды факторларды тауып оларды жою, және сақтандыру және қорғану шараларын өткізе отырып тиімді ету жолдарымен жүзеге асырылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет