Қазақстан республикасының білім және ғылым



Дата31.12.2021
өлшемі435 Kb.
#22240

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Оқушының физиологиялық дамуы

СӨЖ(эссе)

Тақырыбы: Оқушылардың қозғалыс режимі



Орындаған: ЕП-20-15К Бақытқызы Г

Қабылдайтын: Айтуған М.

Шымкент 2021-2022 оқу жылы



Оқушылардың қозғалыс режимі
Дене тәрбиесі – жеке тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамытуға, оның денсаулығын нығайтуға бағытталған қоғам мен адамның жалпы мәдениетінің бір бөлігі. Дене тәрбиесі жүйесі қоғамдағы экономика, саясат, ғылым және мәдениет саласындағы жүйелермен тығыз байланыста дамиды. Қоғамдық қатынастардың көрінісінің бір сферасы есебінде ол сол жүйедегі жүріп жатқан өзгерістер әсерімен эволюциялық тұрғыдан дамып, өседі. Өзінің арнайы функциясын жүзеге асыра отырып, дене тәрбиесінің жүйесі адамдардың қозғалыс белсенділігінің қажеттілігін қамтамасыз етуге, сол арқылы денесінің жетілуін және денсаулықтың жоғары деңгейге жетуін қамтамасыз етуге толық қабілетті. Тәрбиелік-педагогикалық қызметін жүзеге асыра отырып, дене тәрбиесі адамгершілік, эстетикалық, еңбек, мәдени даму міндеттерін шешуге мүмкіндігі бар.

Бүгінде арнаулы орта оқу орындарында да дене тәрбиесі саласына аса зор көңіл бөлініп дене шынықтыру сабақтарын көбейтіп отыр. Соның арқасында оқытушылар өз жұмыстарын жүйелі жолға қою мүмкіндігіне ие болды. Жалпы, дене тәрбиесінің негізге құралдары – ол күнделікті сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер жиынтығы (көптеген спорттық және гимнастикалық жаттығулар, ойындар мен туристік іс-шаралар). Ал дене тәрбиесін жетілдірудің қосымша құралы (яғни түрлі спорт түрлерімен айналысу) ретінде сабақтан тыс жүргізілетін үйірмелер мен жарыстарды айтамыз, мұнда нақты спорт жаттығулары қолданылады. Бұл қосымша спорт түрлерінің айырмашылығы :1) оқушының спортпен айналысу мүмкіндігін кеңейтеді;2)өз қалауынша дене мәдениетін жетілдіру құралын таңдауға мүмкіндік береді;3)өзінің қосымша қарым-қабілетін арттыруға көмектеседі;4)оқушының бос уақытын ұйымдастыру тиімділігі;5)оқу орындарында спорт түрлерінің дамуын нығайтады; Және де оқушылар осындай қосымша спорт үйірмелерінің жаттығуынын арқасында жылдамдық, шыдамдылық, күш, икемділік т.б секілді дене қасиеттерін дамыта отырып, түрлі еңбек қызметін орындағанда ешқандай қиналмай әрекет етеді. Дененің үнемі жаттығуы адамның психикалық, физиологиялық күйінің өз қалпын жоғалтпай, белгілі бір тепе- теңдікті сақтап жүруіне мүмкіндік береді . Ғалымдардың өзі спортпен шұғылданған адамның миы спортпен шұғылданбаған адамның миынан 7 есе шапшаң әрі мықты істейтінін , тез шешім қабылдай алатынын дәлелдеген.



Қоғамның болашағы жастар болғандықтан біз жастарға дене тәрбиесі маңызын түсіндіріп, оқушылардың жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретуіміз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет