Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық



Pdf көрінісі
бет1/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#85431
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
ҚР НҚА ЭББ-гі нақты
құжатқа сілтеу QR-коды
«ЗҚАИ» ШЖҚ РМК лауазымды тұлғаның ЭЦҚ мәліметі бар QR-код
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау 
министрлігі
Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау министрінің 
2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 
ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының 
Әділет министрлігінде 2020 
жылғы 20 желтоқсанда № 21822 
болып тіркелді
Министерство здравоохранения Республики 
Казахстан
«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау 
министрлігі туралы ережесінің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес 
:
БҰЙЫРАМЫН
1. Қоса беріліп отырған «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық 
қағидалары бекітілсін.
2. «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № ҚР 
ДСМ-97 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу 
тізілімінде № 18920 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік 
құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 5 шілдеде 
жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркеуді;


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 
интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік 
тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) 
тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне 
ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан 
Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 
жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет