Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
Шетел тілі және аударма кафедрасы
БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Қоғамның қозғаушы күштері»
Орындаған: Өтеген Фарида
Тексерген: Паридинова Б.
Оқу тобы: АЯ-21-3
Пән: Философия
Қызылорда 2022
Қоғамның қозғаушы күштері
Қоғамның қозғаушы күштері туралы мәселенің принципті маңызы бар. Өйткені бұл проблеманы шеше отырып, біз қоғамның ілгері дамуының басты қозғаушысы, оның жүргізушісі кім, адамдардың саналы жасампаздық қызметінің басты ынталандырушысы неде,
олардың көріністері қандай деген, т.б. сұрақтарға жауап іздейміз. Ғылыми философияда халық бұқарасы қоғамның бірден-бір нақтылы жасампаз, ілгері бастырушы, қозғаушы, өндіруші, материалдық және рухани игілікті жасап, әлеуметтік болмыс жағдайларын туғызу-
шы, қоғамды өзгертуші күш деп саналады. Әртүрлі құқылық жағдайларға қарамастан, халық бұқарасының негізін таптық қоғамдарда еңбекші бұқара (құл иеленушілік қоғамда -
құлдар, феодализмде - жартылай бостандығы бар шаруалар мен ұсақ қолөнершілер, капиталистік қоғамда-жұмысшы табы, шаруалар, ұсақ қолөнершілер, еңбекші интеллигенция) құрайды. Еңбекші бұқара жалпы халық бұқарасының ең ұйымдасқан белсенді бөлігі. Өйткені ол барлық қозғалыстың ең белсенді жақтаушысы болады. Қоғам дамуының объективті қозғаушы күштері өздерін терең түсінуді, білуді кажет етеді. Сондықтан олар өздерінің идеологтарын қалып-
тастырады. Халық бұқарасының идеологтары олардың позициясын, мүддесін, мұң-мұқтажын қорғайды, тап мақсатына, әлеуметтік жақсылықтарға басшылық етеді. Халық бұқарасы - тарихтың қозғаушы күші, оның жасаушы субъектісі ретінде оның іс-әрекеттерін, қызметін мойындайды тарихи өзгерістердің зандарымен тығыз байланыстылығын көрсетеді. Қоғамның даму процесі, оның жоғары қарай ілгері басуы қозғаушы күштер, қайшылықтар, қарама-қарсы күрестер, әлеуметтік өзгерістердің қарқынды секірістері арқылы жүзеге асырылады. Бұл арада қозғаушы
күштер болып белгілі бір әлеуметтік топтың жиынтығы да шығады.Бұлар қоғам дамуының прогресшіл мүдделеріне сәйкес нақтылы тарихи жағдайларға байланысты толғағы пісіп-жетілген қайшылықтарды шешуге бағытталған. Мысалы, өндірістік қатынастардың өндіргіш қүштер дәрежесіне және сипатына сәйкес келу заңының негізінде экономикалық қайшылықтарды шешу өндірісті дамытуға әсер етіп қана қоймай, басқа да барлық қоғамдық, әлеуметтік қатынастарды өзгертуге ықпал жасайды.Айталық, құл иеленушілік формация неге құлады? Оған құлдардың ынтасы төмен болып, коғамның даму қарқынының бәсендеуі негізгі себеп болды. Өйткені құлдар өз жұмысынан қанағат алмады. Олар тек сөйлей білетін құрал-саймандарға теңгерілді. Казармалық деп аталған социализм неге күйзеліске ұшырады? Олда сондай. Өндірістегі жұмыс-шылар, ауыл, селодағы шаруалар өзеңбегінің тиімді нәтижесін көрмеді. Олардың жалақысы ұжымның жұмыс нәтижесіне тікелей байланысты болмады. Жұмысы өнімді ме, әлде жоқ па - айлық ақы оған қара- мастан белгіленген мөлшермен кедергісіз жүріп жатты. Бұл жағдай
тіпті өнім шығармай-ақ, жұмыс істемей-ақ жалақы алатын алаяқтарды туғызады. Қоғамдық меншік, байлық талан-таражға түсті, даму процесі қайырлады. Сондықтан қоғамға түбегейлі әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер қажет болды. Соның түрлі жолдары іздестірілді.
Онсыз қоғам тұйыққа тіреледі. Сөйтіп, қоғамды ғылыми тану,оның даму зандылықтарын ашу - оны көрегендікпен басқарудың бірден-бір негізі. Әлеуметтік философия бізге осыны үйретеді. Ал халық бұқарасы, оның күнделікті практикасы болса, ол қоғамды өзгертудің, жаңа өмір, қолайлы қоғам құрудың, т.б. алуан түрлі атқа-рылатын қызметтің әр уақытта негізі, қозғаушы күші болып қала береді. Әрине, халық бұқарасы барлық жағдайда бірдей болмағандықтан,
бұл белгілер оның әртүрлі элементтеріне бірдей тиісті емес, бірақ бұл элементтер оның жалпы жиынтығына тән. Халық бұқарасы - әлеуметтік күштердің нақтылы-тарихи жиынтығы. Олар өздерінің қоғамдағы объективтік жағдайларына, алатын орнына байланысты қоғамның түрлі салаларында әр дәрежеде бастама, белсенділік көрсетіп,өзгерту, қайта жасау іс-әрекетін, қызметін жүргізеді.Халық бұқарасының жасампаздық белсенді қызметін ынталандыру мен өрістетуін, қоғамның занды қозғалысын, оның қайшылықтарын практикадан іздестіру керек. Объективті сипатта пайда бола отырып, ынталандыру адамдардың ерікті, психологиялық, идеологиялық тікелей іс-әрекеті мен қызметінің себептерінен көрінеді.
Ынталандыру тек қана жеке адамдардың кездейсоқ іс-әрекетінің себептері емес,ол халық бұқарасының бірінші кезекте тұрған қоғам жағдайларын өзгертетін мәнді белсенділігі. Егер қоғамның шын қозғаушы күшін терең білгіміз келсе, онда жеке адамның ынтасын ғана емес, жалпы қоғамдағы халық бұқарасын, таптарды қозғайтын себептерді ашу керек;
оның ішінде қысқа мерзімде болатын іс-әрекеттердің, қызметтің себептерін емес, қоғамды түбірімен, саналы, сапалы өзгертетін іс-қимылдардың түрткі болатын себептерін ұғыну қажет. Мұндай түрткі болатын себептер қоғамдық мүдделер мен таптардың ынта-ықыласында
жатыр.Екінші жағынан, материалдық-экономикалық мүдде (қажеттілік) -адамдарды қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен олардың ма-териалдық қажеттерінің арасындағы байланысты бейнелейтін, оларды талистік қоғамда жеке меншік капиталистер мен жалпылама жұмыс-
іс-әрекетке құлшындыратын қозғаушы факторларды іздестіру. Капишылардың экономикалық мүдделері арасында қарама-қайшылық туғызады. Бірақ үстем таптар ол қайшылықтарды бәсендетудің түрлі жолдарын іздестіруде. Социализм кезінде өндіріс саласында істейтін
қызметкерлер жасаған қосымша өнім барлық еңбекші бұқараның пайдасына жұмсалатын болғандықтан, әрбір еңбеккер қоғамдық өндірістің нәтижесіне бірдей мүдделі болуға тиіс дедік, бірақол принцип іс жүзіне аспай келді. Сонымен қатар барлық қоғамның, әрбір кәсіпорынның, жеке қызметкерлердің мүдделері бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Кәсіпорындарда өзін-өзі қаржыландыру, өзін-өзі басқару, акционерлік тәртіпке көшу әрбір еңбеккерді материалдық жағынан ынталандыру арқылы жүргізіледі. Бұл экономикалық мүдделер бір-бірімен дұрысүйлестіріліп отыруы тиіс. Адамдардың нағыз ынта-жігерін арттыратын тауарлы ақша қатынасы, әркімнің өз қолындағы жеке меншігі екенін өмір көрсетуде.Қоғамда материалдық-кономикалық мүдделерден баска рухани мүдделер де бар. Рухани мүдделер – қоғамның эстетикалық, адамгершілік, діни мүдделері - оның білімге, мәдениетке, окуға ұмтылуы.
Материалдық және рухани мүдделер бір-бірімен тығыз байланысты болып, олар бір-біріне өзара ықпал етеді. Кейде рухани мүдделердің де дамуы барысында материалдық мүдделерден артта қалып қоюы, не одан озып кетуі де мүмкін. Сондықтан рухани мүдденің дамуы көкейтесті мәселе болып есептеледі. Қоғам табиғаттың бір бөлігі болған соң ол да объективтік зандылыққа бағынады. Бірақ қоғам саналы адамдар қауымдастығы болғандықтан, оның дамуына субъективтік факторлар екпінді әсер етеді. Ол қоғам дамуын не тездетеді, не баяулатады, тіпті басқа жаққа бетін бұрып та жібере алады. Әрине, бұл айтылғандар қоғам зандылығын жоққа шығармайды, тек соның жәй ерекшелігі ретінде қаралады. Өз жағдайларына қарай мүдделер жеке және қоғамдық болып бөлінеді. Олардың бір-бірімен қатысы диалектикалық жекелік, өзгешелік қажеттерге сәйкес пе, жоқ па, ақыл-парасатты ма әлде басқа
ма, т.с.с. болып бөлінеді. Әрине, мүдделердің бұлайша бөлінуі мәңгілік емес, шартты. Мүдделердің қалыптасу барысында іштей қайшылықтар да болады, өйткені олар қоғамның сапалық өзгеруіне және тарихи жағдайларға байланысты. Олардың дамуында да өсу, жоғарылау, не басқа да сарындары болады. Мүдделердің өзгеру негізіне объективті болмыс және адамның материалдық дүниеде өмір сүруі, адам мен қоғамдағы өзгеру барысының
бейнесі жатады. Бір мүдделерді қанағаттандыру қоғам дамуында жаңа мүдделерді туғызады. Сондықтан мүдделердің де жоғарылау, өрлеу заңы тарихтың қозғаушы күшіне енеді. Халық бұқарасының тарихи жасампаздық қызметінің, іс-әрекетінің себебін, әртүрлі мүдделердің нақтылы көрінісін адамдардың ынта ықыластары мен көзқарастарынан да көруге болады. Олар да қоғамда үстем болып отырған өндірістік қатынастар мен ондағы таптардың экономикалық жағдайларына байланысты. Бұл ынта-ықыластар мен көзқарастар да қоғамдық және жеке-дара болып бөлініп, олар әртүрлі жолдармен жүзеге асырылады. Осыған орай, қоғамдағы таптар мен
топтар, жеке адамдар іс-әрекетінің, қызметінің сипаты олардың ынта-ықыласын, көзқарасын терең түсініп білуге байланысты.
Ал терең түсінген мүдде, ынта-ықылас, көзқарас, т.б. адамдардың шын мақсатты қызметінде қоғамның қозғаушы күшінің идеялық түрі болады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтарды шешуде адамдардың ынта-ықыласы, көзқарастары жүзеге асырылады. Қоғамдағы қалыптасқан немесе етек алған қайшылықтар қалай шешілу керек, ол үшін қандай әдіс-айла қолдану керек, міне, бұлардың бәрі қоғамдық ынта-ықыласта бейнеленеді. Бұл арада мүдделер мен ынта-ықылас, көзқарас арасында тығыз байланыс бар. Басқаша айтқанда, қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы сан салалы прогресті күрделендіру арқылы ауқымды ілгерілеу бұқаранын, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективті факторларға тікелей байланысты екенін байқаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кішібеков Д., Сыдықов Ұ.
ФИЛОСОФИЯ. Оқулық.- Алматы: «Қарасай»,2008.-360 б.
Достарыңызбен бөлісу: |