Қазақстан Республикасының Жоғары білім және ғылым министрлігі



бет1/3
Дата06.10.2023
өлшемі41,96 Kb.
#113059
  1   2   3

Қазақстан Республикасының Жоғары білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Ақпараттық технологиялар факультеті
Жүйелік талдау және басқару кафедрасы
Курстық жоба
Пәні: «Автоматтандыру жүйелерін жобалау»
Тақырыбы: «Пластикті қайта өңдеудің автоматтандырылған жүйесін әзірлеу»

Орындаған: АБ-33 тобының


студенті Амангельді Д.М.
Тексерген: аға оқытушы, а.ж. магистрі Кишубаева А.Т.
Комиссия мүшелері:
_________________________
_________________________
Қорытынды баға___________
А

стана, 2023

Тапсырма парағы
1. Кәсіпорынды басқарудың және бақылаудың құрылымдық сұлбасын әзірлеу.
2. Пластикті қайта өңдеу зауытының техникалық құралдары кешенінің құрылымдық сұлбасын дайындау. Берілгені: зауытының директорына бас диспетчер бағынады, оның қарамағында үш цех: 1- шикізаттарды дайындау цехы, 2-жуып-кептіру цехы , 3-грануляция цехы карайды. Зауытта: жөндеу-механикалық қызметі, энергия қызметі, су қызметі, ТЖ, АБЖ техникалық қызмет көрсету қызметі бар.
3. Технологиялық процесті автоматтандыру сызбасын әзірлеу.


Қысқартулар мен шартты белгілер тізімі
АБЖ – автоматтандырылған басқару жүйесі
ТҚК – техникалық құралдар кешені
PU – полиуретан
PP – полипропилен
PND – полиэтилен
PA – полиамид





Тапсырма парағы

2




Қысқартулар мен шартты белгілер тізімі

3




Кіріспе

5

1

Негізгі бөлім




1.1

Негізгі мәліметтер

6

1.2

Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы

7

1.3

Басқару объектісі ретінде технологиялық процесті талдау

10

1.4

Кәсіпорынды бақылау мен басқарудың құрылымдық сызбасының сипаттамасы

11

1.5

Кәсіпорынды бақылау мен басқарудың құрылымдық сызбаны ACAD бағдарламасында сызу

12

5







6







6.1







7







8










Қорытынды







Қолданылған әдебиеттер тізімі







Қосымша А







Қосымша Б







Қосымша В




Мазмұны
Кіріспе

"Автоматтандыру жүйелерін жобалау" пәні бойынша курстық жобада "Құйма зауытының автоматтандырылған жүйесін әзірлеу "тақырыбына міндет қойылды.


Курстық жоба кезінде қойылған міндеттер:

  • Пластикті қайта өңдеудегі автоматтандырудың жолдарын зерттеу;

  • Пластикалық бұйымдарды жинау процесстерін негіздеу;

  • Өңдірісті басқарудың құрылымдық және функционалдық схемасын құру;

  • Автоматтандырылған үрдіске талдау жасау;

  • Пластикті қайта өңдеу зауытын автоматтандыру жұмысын толықтай жүргізіп, қадағалау.

Бұл курстық жобада қарастырылған сұрақтар:

  • Пластикалық бұйымдарды қайта өңдеудегі автоматтандырылған процесстер;

  • Қайта өңдеу үрдісінің сатылары;

  • Автоматтандырылған жүйеде қолданылатын құрылғылар мен цехтардың жұмысы;

  • Пайдаланылатын құрылғылардың сұлбалары арқылы процессті жабдықтау.


1 Негізгі бөлім

    1. Негізгі мәліметтер

Пластик – бұл жаңа өнім өндіруге арналған құнды шикізат, бұл ретте ол бірнеше рет өңделуі мүмкін.
Статистикалық дереккөздеріне назар аударсақ, Қазақстанда 2018 жылы 483755,5 тонна пластик қалдықтары пайда болғанын байқауға болады. Дәл осы жылы 90079 тонна полиуретан (PU), полипропилен (PP), полиэтилен (PND) және полиамид (PA) қаптамасының қалдықтары сұрыпталған. Бұл пайда болған қалдық көлемінің 18%-ын құрайды. Бұл ретте қайта өңдеуге бағытталған пластик қалдықтарының көлемі 17199 тоннаны құрап, қалдықтардың пайда болу көлемімен салыстырғанда 3%-ды құраса, сұрыпталған пластиктің көлемі 19%-ға жеткен. Жыл сайын Қазақстанда 1,5 млдрд пластикалық бөтелке қайта өңделеді. Сондай-ақ, онымен тек 10 компания айналысады.
2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстандағы полигондарда пластикті көмуге тыйым салынды. Бүгінде Қазақстанда осындай қалдықтарды жинау және өңдеу бойынша 80-нен астам өнеркәсіп жұмыс істейді. Әдетте, бұл шағын және орта кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер, оның ішінде 69 коллекторлық компания және 15 пластик өңдеуші компания.
Ұсынылған жобадағы қайта өңдеу зауытының қолданылуы – Қарағанды облысы бойынша.
Жалпы қайта өңдіру көлемі – жылына 12250 тонна.
Пластикті қайта өңдеу өндірісінің негізгі процестері: екінші реттік өңделуші бұйымдарды жинау және сұрыптау, таңдаулыларын тазалап кептіру, оларды ұсақтау арқылы түйіршікке (гранула) айналдыру, соңында, термиялық өңдеу және өңдеу сапасын жоғалтпай екінші реттік пайдалануға жөңелту болып табылады.
Пластикті өңдеудің негізгі екі тәсілі бар: ұсақтау арқылы немесе жоғары температурада қыздыру арқылы қайта қолдануға жарамды материалды өңдеп шығару.
Бұл жұмыста техникалық тұрмыстық қалдық – пластикті қайта өңдеудің автоматтандырылған жүйесін дамытудың негізгі аспектілері, оның ішінде жүйенің жұмыс істеу принципі, оны жүзеге асыру үшін қажетті техникалық шешімдер және оны пайдаланудан алуға болатын пайдалар қарастырылады. Сонымен қатар, пластикті өңдеудегі автоматтандырылған жүйелерінің қолданыстағы мысалдары мен олардың құрылымына таллдау жасалады.
Пластикті қайта өңдеудегі автоматтандыру қол еңбегін азайтуға, өнім сапасын жақсартуға, қалдықтарды азайтуға және шығындардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Бұл процесс жаңа технологиялар мен автоматтандыру әдістерінің дамуымен дамиды.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет