Қазақстан республикасының МӘдениет және спорт министрлігі



Дата15.04.2023
өлшемі26,58 Kb.
#83143

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ


А.Селезнев атындағы Алматы Хореографиялық Училищесі
Зиянды әдеттерден аулақ бол!
Кункожаева Г.К.


Алматы
Зиянды әдеттерден аулақ бол!

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Зиянды әдеттермен күресу осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана табысты болады.


Темекі тарту, яғни, никотинизм – зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі.
Статистикалық мәліметтер бойынша планетада ересектердің 40 пайызы темекі тартады. Оның ішінде 60 пайызы ер азаматтар, 20 пайызы әйелдер екен.
Темекі түтіні адам организмі үшін зиянды және улы заттардың жиындысы болып табылады. Олардың ең бастылары – никотин, синиль қышқылы, көмірқышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне душар ететін әртүрлі радиобелсенді элементтер болып табылады. Олардың ішіндегі ең улысы – никотин. Адам ағзасы үшін бар болғаны бір-ақ тамшы /ол 10-12 тал сигаретте болады екен/ никотин уы жеткілікті көрінеді.
Темекі тартатын адамда никотиннің ықпалынан асқазан қышқылдығы төмендейді. Қан қысымы артады. Орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметі бұзылады. Елу жасқа дейін темекі тартатын әйелдерде миокард инфаркті темекі тартпайтындарға қарағанда 20-есеге жиірек кездеседі екен. Бронхитпен ауырушылардың 75 пайызы темекі тартушылар болып табылады.
Темекі ішкі мүшелер қызметін бұзып, ауруға душар етумен қатар, адамның сыртқы келбетін де бұзады. Түтіннен шыққан зиянды улы заттар беттегі майда қантамырларын зақымдап, бет терісі ауруларына душар етеді.
Жыл сайын жер бетінде темекіден 3 миллион адам, яғни темекінің улы әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам өледі екен.
Жастай шылымға үйренген жастар ұмытшақ келеді. Оқу үлгерімі нашарлайды, тіпті ақыл-ойы кемиді.
Темекішегушілік студент жастардың арасында жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыз-балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе.
Темекі шегу тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян. Олардың шеккен әрбір тал темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10 пайызға көбейтіп, нәрестеге қажетті оттегінің мөлшерін 10 пайызға кемітеді екен.
Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.
Ішімдік және жастар
Алкоголь (ішімдік) улы заттардың аса қауіпті түрінің бірі болып табылады, ол да өзіне тәуелді ететін есірткінің бір түрі. Оны ішкен кезде аз уақытқа адамның көңіл күйі көтеріледі. Сондықтан да бір-екі рет ішіп көрген соң әртүрлі себептерді сылтауратып, адамның оны тағы да ішкісі келіп тұрады. Осылайша бірте-бірте оған құмарлық пайда бола бастайды. Әсіресе, жас адамдар еліктегіш келеді.
Жасөспірімдер көп жағдайда ішімдікті белгілі бір жағдайда, яғни, өзін мезі еткен проблемалардан құтылу мақсатында, қыздармен пікірлесу кезінде ұяңдықты жеңуге, кештерде өзін батыл және сенімді көрсету үшін пайдаланады. Бұл себептердің барлығы маскүнемдікке салынудың басты жолдары болып табылады. Осындай түкке тұрмайтын себептермен күнде ішеді. Таңертеңгісін ұйқыдан тұрғансоң басы ауырып, мең-зеңболып, көңіл-күйі нашарлап оянады да бір жүз грамды ішке тастағаннан кейін жадырап, күлімдеп шыға келеді. Ішімдікке әуес болудың басты себептеріне жататындар:
а) өзінің бос уақытын дұрыс ұйымдастыра алмау;
ә) ішімдіктің денсаулыққа зиянды әсерін білмеу;
б)тұқым қуалаушылық;
в)өзін-өзі бағаламау.
Мас болу – аса қауіпті тосын жағдайлардың бірі. Статистика мәліметтері суға батқан адамдардың көпшілігінің мас күйінде болатынын, әрбір бесінші жол-көлік оқиғасының ішімдікке байланыстылығын, кісі өлтіру мен зорлықтың едәуір үлесінің мас күйінде жасалатындығын көрсетіп отыр. Ішімдікке мас болған күй ауыр қылмыстардың басты себептерінің бірі болып табылады. Ішкіш адам өзін және өзінің жасаған ісін сын көзбен бағалай алмайды. Ешқандай себепсіз адамда бүлікшілдік, кекшілдік, қатыгездік пайда болады. Әсіресе жас адамдардың, жасөспірімдердің, балалардың ішімдік ішуі ерекше қауіпті. Адам неғұрлым жас болса, оның организмінің ішімдікке төзімділігі төмен болады да, соғұрлым тез бейімделеді.
Жыл сайын жер шарында ішімдіктен 6 миллионға жуық адам қайтыс болады екен. Қазақстан халқының 51 пайызы ішімдікті пайдаланады екен. Олардың 20 пайызы балалар, 64 пайызы жасөспірімдер, ал 20-29 жастағылар 74 пайызды құрайды. Барлық аурулардың 10 пайызы спиртті ішімдіктердің салдарынан туындайды. Сондықтан бабаларымыздың “Арақпен достасқаның – адамгершілікпен қоштасқаның”, - деп айтып кеткен салауатты сөзін есте ұстауымыз қажет болар. Ішімдік адамды әртүрлі қылмысқа итермелеп, адамның жан-дүниесін моралдық күйзеліске алып жадымызда болғаны жөн.
Статистика мәліметтеріне жүгінсек, арақ-шарапты пайдалану адам өмірін 10-15 жылға қысқартады екен. Одан басқа маскүнемдіктің бұзақылық пен қылмысқа итермелейтіні өз алдына бір мәселе. Бұзақылықтың 90 пайызына, адам өлтірудің 70 пайызына, ұрып-соғу, жәбірлеудің 60 пайызына арақ ішкен адамдар кінәлі көрінеді. Осылайша небір дарынды адамдарымыздың арақтың кесірінен өз биігіне жете алмай өмірден өтіп жатқаны өкінішті-ақ. Осы жәйттар басқаларға сабақ болуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет