Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жоспар үлгісі



Pdf көрінісі
бет54/72
Дата15.11.2022
өлшемі3,26 Mb.
#50222
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жоспар үлгісі: 
 
Жұмыс түрі 
Берілетін тапсырмалар 
Орындауға берілетін жұмыс 

Жаңа тақырыпты 
игерту 
Жаңа сабақты бекіту 
сұрақтарына жауап беруін 
қадағалау 
Үйге берілген параграфтың ең 
маңызды пунктін белгілеп, 
оқып келу, мазмұнын айту. 

Үй тапсырмасын 
орындауға 
бейімдеу 
1.Тақырыптың соңында 
берілген сұрақтарға жауап 
жазып келу 
2. Үйге берілген 
тақырыптың ең маңызды 
бөлімін белгілеп, оқып 
келуді, мазмұнын айтуды 
қадағалау 
Үйге берілген тақырыптың ең 
маңызды бөлімін белгілеп, 
оқып келу, мазмұнын айту. 

Білім алушының 
есте сақтау 
қабілетін дамыту 
1.Сөзжұмбақ жасауды 
және шешуді үйрету. 
2.Тестпен жұмыс жасауға 
жаттықтыру 
Сөзжұмбақ жасау 
Тест құрау 

Шығармашылық 
жұмыстарға баулу 
Әр тарауды ең маңызды 
тақырыптары бойынша 
реферат жаздыру 
2.Пайдалы құралдарға 
сипаттама жасату 
Реферат жазу 

Сөйлеу қабілетін 
дамыту 
1.Үй тапсырмасын сұрау 
2. Ауызша сұрақтар қою 
Ауызша жауаптарын 
талдау 
 
4 - сыныптың қазақ тілі пәні бойынша үлгерімі төмен білім алушыларға 
арналған жеке жұмыс жоспар үлгісі 
2022-2023 оқу жылы 
 
№ 
Тақырыбы 
сағат саны 
мерзімі 
1. 
Тіл және сөйлеу 

2-3. 
Дыбыс және әріп 

4-5. 
Мәтін

6-7. 
Мәтін түрлері 

8. 
Дыбыс үндестігі 

9. 
Буын үндестігі 



131 
10. 
Тасымал

11-12. 
Сөйлем түрлері 

13-14. 
Тест тапсырмалары 

15. 
Сөйлем мүшелері 

16. 
Сөйлем мүшелеріне талдау 

17-18. 
Сөз тіркесі 

19-20. 
Жай және құрмалас сөйлем 

21-22. 
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері 

23-24. 
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері 

25. 
Күрделі сөздер 

26.
Сөз таптары 

27. 
Зат есім 

28-29. 
Зат есімнің септелуі 

30.
Етістіктің шақтары 

31. 
Есімдік

32. 
Үстеу

33-34. 
Шылау

35. 
Тест тапсырмалары 

36. 
Өзіңді тексер 

4 - сыныптың дүниетану пәні бойынша үлгерімі төмен білім алушыларға 
арналған жеке жұмыс жоспар үлгісі 
2022-2023 оқу жылы 
 
№ 
Тақырыбы 
Сағат саны 
мерзімі 
1. 
Жергілікті жерді бағдарлау әдісі 

 
2. 
Физикалық карта 

 
3. 
Таулар, жазықтар 

 
4. 
Тест тапсырмалары 

 
5. 
Жер беті пішінінің өзгеруі 

 
6. 
Пайдалы қазбалар 

 
7. 
Темір .Түсті метал кендері 

 
8. 
Тест

 
9. 
Жаңғыш пайдалы қазбалар 

 
10. 
Кенге жатпайтын қазбалар 

 
11. 
Тест

 
12. 
Су. Табиғаттағы су айналымы 

 
13. 
Қазақстанның өзендері 

 
14. 
Қазақстанның көлдері 

 
15. 
Ауа

 
16. 
Ауа-райы 

 
17. 
Тест

 
18. 
Қазақстан өсімдіктері 

 
19. 
Қазақстан жануарлары 

 
20. 
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер 

 
21. 
Қорықтар

 
22. 
Дала өсімдіктері 

 
23. 
Дала жануарлары 

 
24. 
Тест

 


132 
25. 
Суқойма өсімдіктері 

 
26. 
Суқойма жануарлары 

 
27. 
Тау өсімдіктері, жануарлары 

 
28. 
Ғарыш.

 
29. 
Жұлдыз. Ғаламшар 

 
30. 
Галактика туралы мәлімет 

 
31. 
Қазақстанның егін және мал шаруашылығы 

 
32. 
Қазақстан тәуелсіз ел.

 
33. 
Қазақстан рәміздері 

 
34. 
Қазақстан мәдениеті 

 
35. 
Тест

 
36 
Өзіңді тексер 

 
 
 
«Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндері
 
«Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерінің оқу бағдарламасында ең 
алдымен, білім алушылардың бойында қалыптастыру көзделетін төмендегідей 
құндылықтар мен дағдылар анықталған. 
Құндылықтар: 
- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; 
- қарым-қатынас жасау қабілеті; 
- өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау; 
- жауапкершілік; 
- денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету; 
- өмір бойы оқуға дайын болу. 
 
Дағдылар: 
- сын тұрғысынан ойлау; 
- білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті
проблемаларды шешу қабілеті; 
- ғылыми-зерттеу дағдылары; 
- қарым-қатынас дағдылары; 
- жеке және топпен жұмыс істей алу қабілеті; 
- АКТ саласындағы дағдылар. 
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау барысында жоғарыда 
келтірілген құндылықтар мен дағдыларды қалыптастыруға баса мән берілуі 
қажет. 
Үлгерімі төмен білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру және оның 
нәтижелерін бақылауды жүзеге асыру үшін педагог әртүрлі әдістер мен 
құралдарды пайдаланады. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу процесі 
білім алушылардың өздерінің белсенді қызметімен сипатталатынын атап өткен 
маңызды. Бұл жағдайда мұғалім білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерінің 
ұйымдастырушысы ретінде болады. 
Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін білім алушының белсенді іс-
әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып 
табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік 


133 
дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын 
сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық 
қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен 
айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде білім 
алушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады. 
білім алушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер 
түрлі педагогикалық әдістер мен технологияларды қолдана алады. Атап 
айтқанда, олар: 
- оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдері (тыңдалым, 
айтылым, оқылым, жазылым); 
- зерттеушілік тәсіл ( білім алушылар «не білемін?, нені білгім келеді?, нені 
үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді); 
- жүйелі-әрекеттік тәсіл; 
- дамыта оқыту технологиясы ( білім алушылар оқу әрекетінің тәсілдерін 
игеріп, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);
- саралап оқыту технологиясы ( білім алушыларды қабілеті, мүмкіндігі, 
ерекшелігіне қарай оқыту). 
- мұғалім мен білім алушының «субъект-субъектілік» дидактикалық 
қатынаста білім іздеу үдерісіне бірдей енуі; 
- оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен білім алушының 
ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану; 
- оқу проблемаларын шешудің әдіс-тәсілдерін білім алушыларға дамыта 
оқыту ұстанымына сай жолмен құру және көрсету; 
- білім алушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімі 
мен қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамыту; 
- ойын әдісі; 
- «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» арқылы қолдау жасау; 
- сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы 
білім алушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру; 
- тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттеріне (түрлі шығармашылық 
жұмыстар жасау) ынталандыру; 
- білім алушылардың білімін жүйелілікпен мониторингілеу; 
- білім алушыларды зерттеушілік әрекетке және зерттеушілікке 
негізделген белсенді оқуға ынталандыру;
- білім алушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мәтіндердің 
үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді); 
- білім алушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада 
ұйымдастыру ( білім алушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, 
пікір алмасуға, т.б. үйренеді); 
- оқыту барысында «Не білемін? Не білгім келеді? Нені үйрендім?» 
түріндегі кері байланысты жүзеге асыру. 
«Оқыту әдісі» ұғымы дидактикалық мақсаттарға сәйкес оқыту процесінде 
мұғалімнің оқу жұмысы мен білім алушылардың танымдық іс-әрекетімен 
байланыста шешілетін оқу іс-әрекетінің міндеттерімен сипатталады. Демек, 


134 
оқыту әдістері – оқыту міндеттерін, яғни дидактикалық міндеттерді шешуге 
бағытталған мұғалім мен білім алушылардың біріккен іс-әрекетінің көрінісі 
болып табылады. Сонымен бірге дидактикада оқыту «тәсілдері» ұғымы кеңінен 
қолданылады. Тәсіл – әдіс элементі, оның кұрамды бөлігі, бір реттік әрекет. 
Оқыту процесінде әдістер мен тәсілдер әр түрлі құрамда қолданылуы мүмкін 
[10].
Әдіскер-ғалым Қ. Жұбанов еңбектеріндегі тұжырымдарға да зер салсақ, ол 
ұсынған тиімді әдістердің қатарында түйінді мәселеге көңіл аудару, сөзбен 
суреттеу, көрнекілік, өмірге үңілдіру, еңбек процесімен байланыс, жүйелі ойға 
төселдіру, білім алушының алдына проблема қоя оқыту, бір пәнді игерту үшін 
оған екінші пәнді құрал ету т.б. – бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен ұштасып 
қана қоймай, қазіргі кезде басымдылық беріліп отырған іздендіре, дамыта 
оқытудың ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік негізін қалаған ой-пікірлер 
болғанын аңғару қиын емес. Мәселен, қазіргі оқыту мәселелеріне байланысты 
қарастырылып жүрген таным процесі – өмірге үңілдіру; проблемалық оқыту – 
білім алушы алдына проблема қоя оқыту; пәнаралық байланыс – бір пәнді игерту 
үшін оған екінші пәнді құрал ету; дамыта оқыту – жүйелі ойға төселдіру; тіл 
дамыту – сөзбен суреттеп көрсетудің т.б. негізгі бағыт-бағдарымен сәйкес келеді. 
Осының өзі де тілші-ғалымның әдістемелік көзқарасы мен жасаған түйіндерінің 
өміршеңдігін дәлелдейді. 
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты ұйымдастыруда оқу 
жылының басында «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша өткен оқу 
жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын 
толықтыружәне жаңа оқу жылының оқу бағдарламасын меңгерту бағытында 
мақсатты шаралар жыл бойы жүргізілуі тиіс. Соған байланысты пән 
мұғалімдеріне үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды 
толықтыру жұмысының бірнеше кезеңдері ұсынылады: 
1. Кешенді диагностикалық жұмыс жүргізу
2. Жұмысты жоспарлау; 
3. Жүзеге асыру; 
4. Мониторинг жүргізу; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет