Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы Заңы және оның маңызы: Партия



Дата02.03.2023
өлшемі36 Kb.
#71341
Байланысты:
сроп полит


Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы Заңы және оның маңызы:
Партия – мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы.
Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк өкiмет билiгiн жүзеге асыру iсiне өз өкiлдерi арқылы қатысу жолымен өздерiнiң саяси еркiн анықтауға және бiлдiруге жәрдемдесетiн ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады.
"Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Парламентi 2002 жылғы 26 маусымда қабылдап, 2002 жылғы шiлдеде Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына ұсынды.
Саяси партиялар туралы заңдар:
Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясында негiзделедi. "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнен тұрады.
Мемлекет және саяси партиялар:
1. Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
2. Мемлекеттiң саяси партиялар iстерiне және саяси партиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Сондай-ақ саяси партияларға мемлекеттiк органдардың мiндеттерiн жүктеуге, саяси партияларды мемлекеттiң қаржыландыруына да жол берiлмейдi;
3. Азаматтардан кез келген нысанда, соның iшiнде ресми құжаттарда қандай партияға жататынын көрсетудi талап етуге тыйым салынады;
4. Парламент депутаттарының, Үкiмет мүшелерiнiң саяси партиялардағы ақы төленетiн қызметтердi атқаруға құқығы жоқ;
5. Мемлекеттiк қызметшiлер өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар мен олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты болмайды;
6. Саяси партиялардың аппараттарында жұмыс iстейтiн адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек, әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары қолданылады.


Саяси партиялар құрудың және оның қызметiнiң негiздерi:
1. Саяси партиялар заң алдында тең болады;
2. Саяси партиялар өз мүшелерiнiң ерiктiлiгi мен тең құқықтылығы, есеп берушiлiк, жариялылық пен заңдылық, өзiн өзi басқару мен өзiн өзi қаржыландыру негiзiнде құрылып, жұмыс iстейдi;
3. Саяси партиялардың ұйымдық құрылымы аумақтық принцип бойынша құрылады;
4. Саяси партияның басшы органдары Қазақстан Республикасы аумағында болуға тиiс;
5. Саяси партиялар қоғамның саяси өмiрiне қатысу, Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси еркiн қалыптастыру мен iске асыру және белгiленген тәртiпте мемлекеттiк өкiмет билiгi органдарын құруға қатысу үшiн құрылады;
6. Қазақстан Республикасы аумағында басқа мемлекеттердiң саяси партияларының, дiни негiздегi партиялардың, сондай-ақ тiркелмеген саяси партиялардың қызметiне жол берiлмейдi;
7. Мақсаттары немесе iс-әрекеттерi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн әлсiретуге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни тектiк-топтық және рулық араздықты өршiтуге бағытталған саяси партиялар құруға және олардың қызметiне тыйым салынады;
8. Мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi;
9. Әскерилендiрiлген саяси партиялар құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ саяси партиялар жанынан әскерилендiрiлген құрамалар құруға тыйым салынады;
10. Оқу орындарының оқу процесiнде саяси партиялардың бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол берiлмейдi.

Саяси партияның құқықтары мен мiндеттерi:
Саяси партия жарғысы мен бағдарламасында анықталған мақсаттар мен мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:
1) өзiнiң қызметi туралы ақпарат таратуға және өз мақсаттары мен мiндеттерiн насихаттауға;
2) ерiктi негiзде қауымдастықтарға (одақтарға), сайлау блоктарына бiрiгуге;
3) Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар ұсынуға, мәслихаттардағы өз өкiлдерi арқылы Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатуралар жөнiнде ұсыныс жасауға;
4) өздерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;
5) жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткiзуге;
6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актерлерiнде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Маңызы:
Көппартиялық жүйенiң қалыптасуындағы заңнамалық негiздiң әрi қарай жаңартылуы, жетiлдiрiлуi 1996 жылы қабылданған «Қоғамдық ұйымдар туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдардан көрiнiс тапты. Қазақстан азаматтарының еркiн бiрiгу құқы осы заңдармен қамтамасыз етiлдi;
Осы аталмыш Заң саяси партияларды құрудың құқықтық негіздерін, олардың құқықтары мен міндеттерін, қызметінің кепілдіктерін белгілейді;
Саяси партиялардың мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қатынастарын реттейді;
Саяси партиялар "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықаралық байланыстар жасай алады.
Сонымен қатар, саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет