Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың
2011 – 2020 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана, 2010 ж.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 07 желтоқсандағы
№ 1118 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
2
1. Бағдарламаның Паспорты
Бағдарламаның
атауы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 –
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Əзірлеу үшін
негіз
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық
даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы;
«Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957
Жарлығы
Бағдарламаны
əзірлеуші
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі
Мақсаты
Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің
қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамы-
ту, білімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру
Бағдарламалық
мақсаттар
білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдар-
ланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;
педагог мамандығының беделін көтеру;
білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалып-
тастыру;
білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру
ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз
ету;
балаларды мектепке дейінгі сапалы тəрбиемен жəне оқытумен
толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі
тəрбие мен оқытудың əр түрлі бағдарламаларына тең қол
жеткізуді қамтамасыз ету;
жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының
зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын
қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын
қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру,
еліміздің экономикалық əл-ауқаты үшін бəсекеге қабілетті адами
капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне көшу;
қоғамның жəне экономиканың индустриялық-инновациялық даму
сұраныстарына сəйкес техникалық жəне кəсіптік білім (бұдан əрі
– ТжКБ) жүйесін жаңғырту, əлемдік білім беру кеңістігіне бірігу;
еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму
міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын
жəне білім беру саласындағы үздік əлемдік тəжірибелерге сай
келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу;
өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, əлеуметтік
жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік
жəне көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру
Міндеттері
сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталған білім
беруді қаржыландырудың жаңа тетіктерін əзірлеу;
білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету;
педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынта-
ландыруды күшейту;
3
білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік
басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке
əріптестік жүйесін қалыптастыру;
білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның
ішінде халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім
статистикасын құру;
оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау;
мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту;
мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту;
мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен
қамтамасыз ету;
12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын
жаңғыртумен қоса жүзеге асыру;
шағын жинақталған мектептердің (бұдан əрі – ШЖМ) проблема-
ларын шешу;
мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру;
экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын
ескере отырып, ТжКБ мазмұнының құрылымын жаңарту;
экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын
дамыту;
ТжКБ-да оқудың беделін арттыру;
еліміздің индустриялық-инновациялық даму жобаларына сай
келетін жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кад-
рлармен қамтамасыз ету;
жоғары білімнің еуропалық аймағына бірігуді қамтамасыз ету;
білімнің, ғылымның жəне өндірістің бірігуін қамтамасыз ету,
зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммер-
цияландыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми жəне
ғылыми – педагог кадрларды даярлау;
өмір бойы оқыту, баршаға білім алу үшін жағдай жасау;
жастарды отансүйгіштікке тəрбиелеу жəне олардың азаматтық
белсенділігін, əлеуметтік жауапкершілігін жəне əлеуетін ашу
тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру
Іске асыру
мерзімдері
(кезеңдері)
2011 – 2020 жылдар
Бағдарлама екі кезеңде іске асырылатын болады:
бірінші кезең: 2011 – 2015 жылдар;
екінші кезең: 2016 – 2020 жылдар.
Нысаналы
индикаторлар
ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру ұйымдарында жан басына
шаққандағы қаржыландыру тетіктері енгізілген;
педагогтердің жалпы санынан жоғары жəне бірінші санаты бар
біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі – 52 %;
білім беру ұйымдарының 60 %-ында қамқоршылық кеңестер
құрылған;
білім беру ұйымдары басшыларының 100 %-ы менеджмент са-
ласында біліктілігін арттырған жəне қайта даярлаудан өткен;
орта білім беру ұйымдарының 90 %-ында электрондық оқыту
жүйесі пайдаланылады;
3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100 %-ы мектепке дейінгі
тəрбиемен жəне оқытумен қамтамасыз етілген;
12 жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге асырылған;
Қазақстанның барлық өңірлеріндегі «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» жобасының шеңберіндегі мектептердің саны – 20;
4
жаратылыстану-математика пəндері бойынша білім беру оқу
бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі – 70 %;
қазақстандық жалпы білім беретін мектептер оқушыларының
халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі нəтижелері:
оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық
бағдарлама (PISA) – 40-45 орын, 4 жəне 8-сынып оқушыларының
математика жəне жаратылыстану саласындағы сауаттылығын
бағалау (TIMSS) – 10-12 орын, «Оқу жəне мəтінді түсіну сапасын
зерделеу» (PIRLS) – 10-15 орын;
мектептердің жалпы санына шаққанда инклюзивті білім беру
үшін жағдайлар жасаған мектептердің үлесі – 70 %;
қатысушылардың жалпы санына шаққанда жұмыс берушілер
қоғамдастығында біліктілікті тəуелсіз бағалаудан алғашқы рет-
тен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі – 80 %;
ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы
бойынша білім алған түлектердің оқуды бітіргеннен кейінгі
алғашқы жылы жұмыспен қамтылғандардың жəне жұмысқа
орналасқандардың үлесі – 80 %;
ұлттық институционалды аккредиттеу рəсімінен өткен колледж-
дердің үлесі – 30 %;
жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тəуелсіз
бағалаудан алғашқы реттен өткен жоғары оқу орындарын (бұдан
əрі – ЖОО) бітірушілердің оған қатысқандардың жалпы санынан
үлесі – 80 %;
жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы
бойынша білім алған бітірушілердің 80 %-ы жоғары оқу орнын
бітіргеннен кейін бір жыл ішінде мамандығы бойынша жұмысқа
орналасқан;
əлемнің
үздік
университеттері
рейтингінде
көрсетілген
Қазақстанның жоғары оқу орындарының саны – 2;
халықаралық стандарттар бойынша тəуелсіз ұлттық институцио-
налды аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі – 65
%;
халықаралық стандарттар бойынша тəуелсіз ұлттық маман-
дандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының
үлесі – 30 %;
отандық ғылыми зерттеулердің нəтижелерін өндіріске енгізудің
негізінде білім мен ғылымды біріктіру жолымен инновациялық
қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының үлесі – 5 %;
соңғы 5 жылда импакт-факторлы ғылыми журналдарда жария-
ланымдары жарық көрген профессор-оқытушы құрамының жəне
ғылыми қызметкерлердің үлесі – 5 %;
барлық жастағы адамдар үшін білім берудің əртүрлі нысандары
мен типтері енгізіледі;
жастардың жалпы санынан 55 %-ы жастар саясаты мен
патриоттық тəрбие саласындағы іс-шараларды іске асыруға
белсенді түрде қатысатын болады.
Қаржылан-дыру
көздері мен
көлемі
Бағдарламаның бірінші кезеңін республикалық бюджеттен
қаржыландырудың қосымша көлемі 461,1 млрд. теңгені құрайды.
Жергілікті бюджеттен қаржыландыру жыл сайын тиісті жергілікті
бюджеттерден білім беру жүйесін дамытуға бөлінетін қаражат
шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
5
2. Кіріспе
Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды
басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру
реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа əлеуметтік-
экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті
республиканы əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу тура-
лы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол
жеткізуде маңызды рөл атқарады.
Халықаралық тəжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін ада-
ми капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның эконо-
мика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дəлелдеп отыр.
Адами капиталға бөлінетін инвестициялар жылдам өзгеретін əлемде
бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнімді жұмыс күшін құру үшін
аса қажет. Болашақтың табысты экономикасы білім беруіне, халықтың
дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ. Білім беруді
əлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар ретінде ғана емес,
экономикалық инвестициялар ретінде түсіну қажет.
Білім беру мен экономикалық өсуді байланыстыратын көптеген
дəлелдер бар:
макро- жəне микроэкономикадағы халықаралық зерттеулерді шолу
білім берудің, табыстың жəне өнімділіктің арасында тығыз байланыстың
бар екенін дəлелдеп отыр. Бұл ретте оқытудың бастапқы кезеңіне
инвестициялаудың зор қайтарымы болатыны байқалады;
зерттеулер білім беруді дамытуға жұмсалған инвестицияның маңызды
жақтарын растайды.
Экономикалық пайдадан бөлек білім беру басқа да əлеуметтік пай-
даларды келтіреді, əлеуметтік капиталдың – азаматтардың көп үлесінің
қатысуымен құралған, əлеуметтік бірлігі мен интеграциясы жоғары, құқық
бұзушылық деңгейі төмен қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Жастай-
ынан білім алу əлеуметтік, эмоционалдық жəне басқа да өмірге қажетті
дағдыларды қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Білім беру қызметінің
барлық спектрларын одан əрі дамытудың сенімді дəлелдері осында.
Қазақстанның білім беруді түбегейлі жаңғыртуы: білім беруге салына-
тын инвестицияны айтарлықтай жəне тұрақты ұлғайтуы, оның сапасын
жақсартуы қажет.
Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай
Қазақстан – білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика жəне біліктілігі
жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық,
саяси жəне əлеуметтік-мəдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.
Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік са-
ясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді
жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республика-
сында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы (бұдан əрі – Бағдарлама) болуы тиіс.
Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың
ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тəрбиенің, басқару
жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық
нысандарының жəне қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы,
6
мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары
мен мерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы іс-шаралар кешені
болып табылады.
3. Ағымдағы жай-күйді талдау
Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды
дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін
реформалауды бастауға жəне жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің
нəтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып
отыр.
2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы,
Қазақстан Республикасында техникалық жəне кəсіптік білім беруді
дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы,
2007 – 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы,
Балаларды мектепке дейінгі тəрбиемен жəне оқытумен қамтамасыз ету
жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы
қабылданды.
Дарынды жас қазақстандықтарға əлемнің үздік университеттерінде
білім алуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Президентінің
«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру еліміздегі адами
капиталдың дамуына қосылған елеулі үлес болды.
Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау
саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табыла-
ды. Бұл – Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы, Бала құқықтары
туралы конвенция, Адамның экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени
құқықтарының Халықаралық декларациясы, Еуропа өңірінде жоғары білім
беруге жататын біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон де-
кларациясы жəне т.б.
Адами ресурстарды дамыту еліміздің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық
даму жоспарындағы басымдықтардың бірі ретінде айқындалған.
Білім беруге инвестиция салу арқылы адами капиталды сапалы дамы-
туда нақты қол жеткен мақсаттар бар.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нəтижесінде
2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша білім берудің барлық деңгейі
тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Білім
берудің құрылымы Халықаралық білім берудің стандартты жіктеуішіне
сəйкес келтірілді. Оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлар
жасалуда. Техникалық жəне кəсіптік білім қайта құрылымдалды. Маман-
дарды үш деңгейлі даярлау енгізілді: бакалавр – магистр – Ph.D докторы.
Мамандықтардың ірілендірілген топтарынан тұратын Қазақстан Республи-
касы жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының
жіктеуіші бекітілді.
Тəуелсіз сыртқы бағалау элементтерін қамтитын (лицензиялау, атте-
статтау, аккредиттеу, рейтинг, ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан əрі – ҰБТ),
мемлекеттік аралық бақылау (бұдан əрі – МАБ), талапкерлерді кешенді
тестілеу жəне т.б.) Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесі құрылды.
7
Республиканың барлық өңірлерінде білім беру сапасын бағалаудың
облыстық жүйесін енгізу басталды.
Білім беру ұйымдарының материалдық базасы нығайтылуда.
2009 жылдың өзінде мектептерде 640 биология кабинеті, 536 –
лингафондық мультимедиалық кабинет (бұдан əрі – ЛМК), 10 физика
кабинеті, 78 химия кабинеті жарақтандырылды, 721 мектеп интерактивті
тақталармен толықтырылды. Қазіргі уақытта 3450 мектептің лингафондық
мультимедиалық кабинеттері бар, 2005 жылмен салыстырғанда олардың
саны 2661-ге көбейіп отыр.
Білім беру сапасы арттырылуда.
Инклюзивті білім дамуда.
Орта мектептің балаларын тегін тамақтандыру жəне жеткізу мəселелері
баяу шешілуде.
Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды
даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 2005 жылғы 25710-
нан 2010 жылы 35425-ке артты.
Білім саласын ақпараттандыруды дамыту жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта 18 оқушыға бір компьютерден келеді. 2005 жылы аталған
көрсеткіш 41-ді құраған, оның ішінде 36-сы – ауылдық жерлерде.
Интернет желісіне мектептердің 98 %-ы қосылған, ауылдық жерлерде
– 97 % (2005 жылы – тиісінше 75 % жəне 70 %). Мектептердің 34 %-ның
кең жолақты интернетке шығуға мүмкіндігі бар.
Қазақстандық мектеп оқушылары TIMSS – 2007 халықаралық салыстыр-
малы зерттеуіне қатысып, 36 елдің 4 сынып оқушылары арасында матема-
тика бойынша 5-орынды жəне жаратылыстану бойынша 11-орынды иеленді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік тілдің дамуына зор көңіл бөлінуде.
Орталық жəне жергілікті атқарушы органдарда, республика өңірлеріндегі
жоғары оқу орындары жанынан қазақ тілін оқыту орталықтары құрылды,
міндетті оқыту курстары енгізілді, қазақ тілінде іс жүргізу, негізгі жəне орта жал-
пы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту енгізілді.
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған
мектептердің желісі құрылды. Қазіргі уақытта республикада үш тілде
оқытатын 33 мектеп жұмыс істейді.
6 «Назарбаев Зияткерлік мектебі» құрылды.
Ұлттық жоғары мектепте білім берудің əлемдік деңгейіне жету жөнінде
шаралар қабылданды: Қазақстан Еуропалық білім кеңістігіне енді, Болон
Декларациясына қосылды, Астана қаласында əлемдік деңгейдегі беделді
жоғары оқу орны – «Назарбаев Университеті» құрылды.
Оқу бағдарламаларының мазмұнын айқындауда жоғары оқу
орындарының академиялық еркіндігі кеңейтілді: таңдау бойынша компо-
нент бакалавриатта 40 %-дан 50 %-ға, магистратурада 50 %-дан 60 %-ға
жəне докторантурада 70 %-дан 80 %-ға дейін ұлғайтылды.
Сапалы жоғары білім алуға ынталы студенттердің саны өсіп келеді. Шет
елдерде 20 мыңнан астам қазақстандық білім алады. 3 мыңға жуық «Болашақ»
халықаралық стипендиясының стипендиаты əлемнің 27 елінде оқиды.
Шетелдіктер үшін еліміздің жоғары оқу орындарында білім алудың
тартымдылығын арттыру үшін жағдайлар жасау жөнінде шаралар
қабылдануда. Республиканың жоғары оқу орындарында 10 мыңнан астам
шетел азаматтары білім алуда.
8
Дегенмен қазақстандық білім беру сапасы бəсекеге түсе алмайтындай
күйінде қалып отыр.
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мəнін арттыру жалпы əлемдік
үрдістер қатарына жатады. Балабақшаға баратын балалар білім берудің
барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды жəне жалпы өмірде табы-
сты болып келеді.
2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда мектепке дейінгі
тəрбиемен жəне оқытумен қамту 2005 жылмен салыстырғанда 16,8 %-ға
өскен жəне балалардың 40 %-ын ғана құрайды, ал дамыған елдерде бұл
көрсеткіш 90-100 %-ға жетіп отыр.
Туу деңгейінің есебінен балабақшалардағы орын тапшылығы елімізде
орта есеппен жыл сайын 5 – 7 %-ды құрайды. Сонымен қатар 5 өңірде туу
факторы мен көші-қон əсерінен бұл көрсеткіш 11,1 %-ды құрайды: Оңтүстік
Қазақстан облысында – 8,1 %, Қызылорда – 11,8 %, Жамбыл – 10,7 %, Ал-
маты қаласында – 11,3 %, Астана қаласында – 13,6 %.
Балабақшаларда орта есеппен 100 орынға 111 баладан келеді,
қалаларда – 120. Қалалық жерлерде əрбір үшінші бала, ауылдық жерлерде
100 баланың 5-уі ғана балабақшаға барады.
Инклюзивті білім беру қажетті деңгейде дамымаған. Қазіргі кезеңде
мүмкіндіктері шектеулі 149 246 баланың 29 212-сі немесе 19,5 %-ы – мек-
теп жасына дейінгі балалар. 37 арнайы балабақшада жəне 240 арнайы топ-
та 10 мыңдай бала мектепке дейінгі тəрбиемен жəне оқытумен қамтылған,
бұл 32,8 %-ды ғана құрайды.
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдармен қатар жекеменшік
балабақшалар да ашылуда, егер 2005 жылы олардың саны 158 болса,
2010 жылы 284 болып отыр.
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік бюджет
шығыстарының үлесі соңғы жылдар ішінде ішкі жалпы өнімнің (бұдан əрі
–ІЖӨ) шамамен 0,1 %-ын құрайды. ЭЫДҰ елдерінде – ІЖӨ-ден 1 %-дан
2 %-ға дейін.
Орта білім
Білім беру жүйесінің базалық деңгейі орта білім болып табылады. Оны
тегін алу құқығына ел Конституциясы кепілдік береді.
Орта білім беру жүйесінде материалдық-техникалық, оқу-əдістемелік
базаның нашарлығына, сондай-ақ оқытудың мазмұны мен əдістерін
жаңарту қажеттілігіне байланысты проблемалар орын алған.
2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республикада жергілікті
атқарушы органдар (бұдан əрі – ЖАО) мен Қазақстан Республикасы Білім
жəне ғылым министрлігіне (бұдан əрі – БҒМ) ведомстволық бағынысты
7576 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда
2,5 млн.-ға жуық оқушы білім алады. Мектептердің жалпы санының
64,6 %-ы үлгілік, 35,4 %-ы – ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан,
201 мектеп апатты жағдайда. Мектептердің 37,4 %-ы тасымалданатын
суды пайдаланады. 70 мектеп 3 ауысымда, 1 мектеп 4 ауысымда жұмыс
істейді. Мектептердің 25,1 %-ы күрделі жөндеуді қажет етеді.
Республиканың негізгі жəне орта мектептерінің 47,4 %-ы жаңа үлгідегі
физика кабинеттерімен, 13,2 %-ы химия, 16,3 %-ы биология, 46,7 %-ы
лингафондық мультимедиалық кабинеттерімен жабдықталған.
9
Əрбір бесінші мектепте асхана мен буфет жоқ. Мектеп асханаларының
жабдықтары мен мүкəммалының ескіруі 80 %-ды құрайды. Мектептердің
26,4 %-нда спорт залдары жоқ. Мемлекет қаржыландыратын арнайы авто-
бустармен балаларды мектепке тасымалдау бағдарламасы жоқ.
Осылардың барлығы 12 жылдық білім беру моделін енгізу мерзімін
кейінге қалдыруға себеп болды.
Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшелігі – мектептердің жалпы
санының 56,5 %-ын құрайтын (2005 жылы – 52 %) ШЖМ болуы. Оның
ішінде, ауылдық жерлерде – 68,6 %.
Іс жүзінде əрбір төртінші мұғалім ШЖМ-да жұмыс істеп, əрбір алтын-
шы қазақстандық оқушы ШЖМ-да оқиды.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны өсуде. Егер 2005 жылы
олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың
41,4 %-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі, оқытудың инновациялық нысанда-
ры мен əдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына жəне кəсіби
құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда.
Бүгінгі таңда педагог еңбегін материалдық жəне моральдық жағынан
ынталандыратын жəне оның əлеуметтік мəртебесін көтеретін барабар
заңнамалық база мен жүйе құрылмаған.
Жұмыс істейтін əрбір бесінші мұғалімнің жасы 50-де жəне одан да
үлкен. Педагогтердің жалпы санынан 3 жылға дейінгі өтілі барлар – 13 %.
Жыл сайынғы жас кадрлар есебінен толығу тек 2,6 %-ды құрап отыр.
Гендерлік сəйкессіздік, кəсіп феминизациясы (81,3 % əйел мұғалімдер)
байқалып отыр. Төмен жалақы (еліміздегі орташа жалақының 60 %-ға
жуығы), педагог кəсібінің беделінің болмауы жоғары білікті кадрлардың
бұл саладан кетуіне ықпал етеді. 2000 жылдан бастап қызметкерлер
жалақысының 400 %-ға өскеніне қарамастан, оның деңгейі еліміздегі төмен
деңгейлердің бірі болып қалып отыр.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты өскелең
ұрпақты тəрбиелеу жүйесін дамыту болып табылады.
Алайда, білім беру ұйымдары мен балалардың қоғамдық ұйымдарының
тəрбие беру əлеуетінің тиімділігі төмен болып отыр. Мектептерде еңбекпен
тəрбиелеу жəне кəсіптік бағдарлау жүйесі жойылған, мектептердегі жəне
мектептен тыс ұйымдардағы көркем жəне музыкалық шығармашылық
үйірмелерінің, спорт секцияларының саны жеткіліксіз. Балалар мен
мектептің қоғамдық ұйымдарының қызметі дұрыс жолға қойылмаған.
Балаларды қосымша білім берумен қамту басқа елдермен (30 – 50 %)
салыстырғанда 21,5 %-ды ғана құрайды. Білім алушыларды спорт секция-
ларымен қамту бүгінде 20 %-ды құрайды.
Орта білімге кері əсер ететін факторлар – ескірген əдіснамалар мен
білім беру мазмұнын іріктеу қағидаттары. Ақпараттың шамадан тыс болуы
оқуға деген ынтаның төмендеуіне жəне оқушылар денсаулығының нашар-
лауына əкеледі. Оқыту тұлғаны дамытуға емес, жалаң нəтижелер алуға
бағытталған.
Осылайша, қазіргі бар проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық
қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына жəне əлемдік білім беру
кеңістігіне кірігу шарттарына сəйкес жаңғыртуды талап етеді.
10
Достарыңызбен бөлісу: |