Қазақстан тарихы кафедрасы Ғылыми тарих СӨЖ



бет1/3
Дата03.12.2023
өлшемі66,08 Kb.
#133480
  1   2   3
Байланысты:
ТС.СӨЖЖ. ЖҮРСІНӘЛІ ЕРНАР



Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тарих,археология және этнология факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
Ғылыми тарих
СӨЖ

Орындаған:Жүрсінәлі Ернар Ғалымбекұлы


Тексерген: Болат Сайлан Санабайұлы
Мазмұны:
Кіріспе
1.Тарихи таным

2.Тәуелсіз Қазақстандағы руханият және қоғамдық сана
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


«Тәуелсіз Қазақстандағы қоғамдық сана мен рухани келісімді қалыптастыру»
Кіріспе:
Қазақ ежелден өзінің қоғамдық санасын берік қалыптастырған ел деп айтсақ қате емес екенін тарих бізге дәлелдеп берері анық. Қазақта қоғамдық санаға қоса рухани жаңғыруыда елде ежелден әлі күнге дейін жалғасып келе жатқанын білеміз. Қазақ тарихында Патшалық Ресейге және Кеңес Одағына бағыну кездерінде өзінің қоғамдық санасын рухани және материалдық мәдениеттін, тілін, дінін, идеологиясын біраз уақытқа жоғалтып алған еді. Ал енді тәуелсіз мемлекет болып тарих сахнасына шыққаннан бері ежелгі дәстүрі мен санасын қацтадан қалпына келтіріп жатыр.
1.Тарихи таным
Еліміздің тарихын зерттеушілердің айтуынша, тарихымыздың көптеген ақ­таңдақ беттері әлі ашылмаған, олар­дың бәрін халық біле бермейді, себебі, өз тарихымызды біз әлі жүйелі көрсетіп жатқан жоқпыз. Ол туралы кешенді көзқарас қалыптаспаған, мамандар­дың ортақ ұстанымдары да жоқ. Шын мәнінде ұлт тарихының ақтаңдақ тұс­тары алдыменен анықталуы, оқылуы керек. Өйткені, жастардың ұлттық тарихи санасы білім беру жүйесінде қалыптасады. Ендеше, тарихи таным мен сана қалып­тасты­ра­тын тарих, басқа да гуманитар­лық ғылымдарға деген көз­қарасты өзгерту – бү­гінгі қажеттіліктердің бірі. Осы методология тұрғысы­нан келер болсақ, бізге тәуел­сіз­дікке дейінгі тари­хы­­мыз­дың жарқын беттерін де, жан­ға батар жағымсыз тұс­тарын да ашық жазуы­мыз керек.Кезінде одақтық дең­гей­де ұстанған саясаты­мыз бізге Алаш қозға­лы­сын, ашаршылық жылдарын, өткен ға­сы­рдың 30-шы, 50-ші жыл­дарындағы нәубетті жан-жақты жазуымызға мүмкіндік бермеді. Ұлттың ұлт­тық сана­сы­ның қалыптасуына ерекше мән берілуі керек. Ұлттық сананың негізі – тарихи таным, тарихи сана-сезім. Сен өзіңнің қайдан шығып, қалай жаратылғаныңды білмей, бұл өмірге келуіңнің мақсатын да түсінбейсің. Сондықтан түбіңді білуің керек. Ұлттық тарихи сана-сезім қалыптасуы үшін мұның бәрі алдымен оқулықтарда қамтылуы, ізде­мей-ақ табатын жерлерде болуы тиіс, ал біз мұның бәрін іздеп жүріп табуға мәжбүрміз, кейде таба да алмай жата­мыз. Жаңарған қо­ғам­ның жастары жа­ңа ұлттық сая­сат­ты түсінуі және білуі – уақыт талабы. Ұлттық саясат – бір мемлекетте тұра­тын әртүрлі этнос­тар­дың, этнос­тық топтар мен диаспо­ра­лар­дың ара­сын­дағы қарым-қатынас­тар­ды реттеу. Өркениетті мемлекеттерде ұлттық саясат этносаралық тату­лық пен қоғам­дық келісімді сақтауды және нығай­ту­ды мақсат етеді. Сон­дық­тан ұлтара­лық қатынастарды, ұлт мәселе­сін жә­не ұлттардың өзін-өзі билеуі мәсе­ле­сін шешуге, реттеуге ба­ғыт­талған ұлт­тық саясатқа деген зәру­лік әлем мем­лекеттерінің басым көп­шілігіне тән құбылыс. Ендеше, оны біздің Қазақ­стан да айналып өтпейді.Осы тұрғыдан алғанда жастар ара­сында қазіргі ұлттық саясат жүргізудің бір әдісі – оларға басқалардың құн­ды­лықтарына еліктеп кетпейтіндей дең­гей­де ұлттық болмысымызды насихаттай білу. Әрине, бұл – олар басқа ұлт пен ұлыстардың озық үлгілерін үй­рен­бесін, олардан тыс қалсын деген сөз емес. Бұл жердегі басты мақсат – тұтастық, бірлік, елдік мәселесі.Елімізде тарихи сананы қалып­тас­ты­ру – ел бірлігінің кепілі, ол тұтас руханиятқа жеткізеді. Елдегі қазақтар әртүрлі тілде сөйлеп отырса, дүние жү­зіндегі қазақ үш әліпбиді пай­да­ла­нып отырса, дініміз де бөлініп, жіктеліп, әртүрлі пиғылдағылар әсіреңкі істерімен тыныштығымызға іріткі салса, тұтастық қайдан болады, тұтас руханият қалай қалыптасады. Бізге, әсіресе, аға буын ұстаздар қауымына ой­ланарлықтай мәселе. Ол үшін бү­гінгі заман, бүгінгі қоғам, бүгінгі ұлт­тық сана қандай, соларға көңіл ау­дар­ғанымыз жөн.Алдымен ЗАМАН туралы. Кейбір зерттеуші ғалымдарымыздың пікірінше, біздің түрік тектес халықтардың ұғы­мына (тіліне) «заман» сөзі араб-парсы әсерімен енгеніне қарамастан, қазіргі уақытта ең көп қолданатын сөзі­мізге айналды. Болмыс, дүние, әлеу­мет пен оның тарихына ойша көз жүгіртсек, «заманды» айтпай тұра алмаймыз. Себебі, тарихи санамыздың қалыптасуы­на біздің қандай заманда өмір сүр­ге­німіз әсер етпей қоймайды. Ал ұлттың санасы өзінің тарихын түсініп, ұғы­нып және ұғындырып жүре алатындай деңгейде болуы керек.Ұлттық сананың жетілуінің бір бел­гісі ұлттың өзін-өзі анықтауы. Көне қазақ танымында бұл мәселе «жеті атасын білмеген – жетесіз» делініп, арғы тарихпен ұштасқан. Ендеше, ар­ғы тарихымыз қандай; қандай елде тұрып жатырмыз; дәстүрлі және заңды ұстанымдарымыз, мемлекеттік ны­шан­дарымыз қандай? – деген сұрақ­тарға жауап іздеуіміз, анықтылы­ғы­мыздың басы болса керек. Біз де осы қисынды басшылыққа алып, жауап іздеп көрелік.Тарихтың ар жағында тек өткен жылдар мен көнерген ғасырлар тұрған жоқ. Ұлттың болмысы, санасы, дәс­түрі мен салты, кәсібі, ұстанымы, т.б. да бірде кетіліп, бірде жетіліп осы ғасырлармен бірге жаса­сып келеді. Бәрінен де бұ­рын тарих – тәр­бие­ші, ұлт­­тың бағдаршамы, жол сілтеушісі. Бағдары жоқ ел де, оның азаматтары да тарих айдынында компас­сыз жүргендермен тең. Олай бол­са біздің жас ұр­пақ та­рих­тың бетін қал­қы­май, оған тереңірек үңіліп, та­рих­­тың талай асауларға бас үйрет­ке­нін, тәубесіне түсіргенін, жуа­сыт­қанын білулері керек. Сол себепті де тарих ғылымының танымдық және әлеу­мет­тік функ­ция­ларына шабуыл ешқашан да толас­та­мағанын, әсіресе, бодан ха­лық­тар­дың тарихы өрескел бұрмалау­шы­лық­тарға ұшырағанын да білгендері жөн.Кезінде Ә.Бөкейханов: «Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға бейім тұрады… Дүниеде өңге жұрттар қатарында қор болма­йын, “тұқымым құрып қалмасын” деген халық өзінің шежіресін имани дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады», деп жазған болатын. Сондықтан ол бастаған Алаш азаматтары қазақ бол­мы­сын айқындайтын рухани құнды­лық­тарға ерекше көңіл бөліп, ұлт та­ри­хын, ұлттық сананы қалып­тайтын, бір ізге түсіретін істерге ерекше назар аударды. Алайда, Кеңес өкіметі ұс­тан­ған саясат Алаш азаматтарының бұл ойын жүзеге асыртпады. Өйткені, ол тұстағы ұстаным бойынша аз, кіші халықтардың мемлекет субъектісі ретінде өз тарихтары болмайды, ол тек үлкен тарихтың объектісі деп түсін­ді­ріл­ді. Осы ұстаныммен бұрынғы ұлт-азаттық көтерілістер бүлікшілік ретінде бағаланып, оның жетекшілері тарихи тұлғалар емес, елге іріткі салу­шы­лар деп қараланды. Ал Ресей импе­рия­сының өзінің шет аймақтарын жаулап алуы бұ­ра­тана халықтарды өркениетке бастау, жақсылыққа жетелеу, көзін ашып, көкіректерін ояту деп түсіндірілді.Қазір біз тәуелсіз даму жолындағы елміз. Алайда, үш ғасырдан астам уа­қыт­қа созылған Ресей империясының, кейінгі Кеңестер Одағы жүргізген сая­саттың үстемдігі Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағанынан кейін де бірден жойыла қоймайды. Өйткені, ол отарланған халықтың рухани өміріне тереңірек тамыр жіберді. Кезінде Қайта өрлеу дәуірінің ірі ой­шылы Никколо Макиавелли ұзақ уа­қыт отарланған халықтың санасында үстемдік еткен ұлттың тілі, діні, мә­дениеті сақталып қалатыны жөнінде ескерткен болатын. Ал, Кеңес Ода­ғын­да басқа халықтарды ұлтсыздандыру саясаты ғылыми негізде, жүйелі түрде оқулықтарға кіргізіле отырып жүр­гі­зілді. Мысалы, басқасын айтпағанда марксизмнің құрамдас бөлігінің бірі деп жоғары оқу орындарында оқы­тыл­ған «Ғылыми коммунизм» курсында, болашақ коммунизм кезінде ортақ бір тіл – орыс тілі, ортақ бір мәдениет – орыс мәдениеті, аралас неке бола­тын­дығы ашық айтылып, кітап бетінен тараулар мен тармақшалар берілді.Бұрынғы отарлық кезең де, кеңес дәуірі де көпғасырлық қазақ тари­хы­ның бір бөлігі, сондықтан ол біздің қазіргі жазылып жатқан тарихы­мыз­дан өз орнын алуы тиіс. Кейбіреулер, көбі жағымпаздар, немесе, ұлттық рух пен намыстан, тарихи санадан мақ­ұ­рым­дар Ресей империясы құра­мын­да, Кеңес Одағында өмір сүрдік, жақ­сысы да, жаманы да болды, өтті, кет­ті, енді ол ке­зең туралы айта берудің не қажеті бар – дейді; екіншілері, бұл кезең­ді айта беру өс­пе­ген сананың, отар­ланған халықтың «кекшілдік сезімі» деп түсін­дір­гі­лері келеді; ал, осындай сана­да­ғы­лардың үшін­ші­лері, Кеңес Ода­ғында бәріміз бірдей, тең құқылы өмір кештік деп отарлық кезеңді мүл­дем жоққа шығарғылары келеді; төртін­ші­лері болса, қазақ халқының отарлық үстемдікке қарсы күресін ұйымдас­паған «қарсылық қозғалысы» ретінде көрсетіп, «ұлт азаттық қозғалысы» түсі­нігін ғылыми айналымнан шы­ға­рып тастауға әрекеттенуде. Бұлардың бәрі ұлттық болмысын енді тіктеп тарихи санасына сілкініс жасап жатқан қазақша ойлау мен тарихқа ұлттық сана тұрғысынан қараушылар мен европоцентристік методология ұстанған орысша ойлап өлшейтіндер мен басқа ағайындарымыздың арасындағы ақи­қат­қа жету жолындағы әрекеттер екені көрініп тұр.Мұндай қорытынды жасау себеміз, ел тәуелсіздігі тұсында да көптеген мәселердің тарихи ақиқат тұрғысынан баяндалмай, қайсыбірінің дүдәмал тұс­тарының көп болуы дер едік. Олар­дың қатарына: бұрыннан келе жатыр­ған мәселе қазақ халқының қалып­тасуы мен қазақ хандығының құрылу кезеңдері, қазақ халқын аса зор ма­териалдық, интеллектуалдық, мәдени-рухани, психологиялық нәубетке ұшы­ратқаны отарлық үстемдіктің шын та­рихы; өткен Кеңес өкіметінің алғаш­қы жылдарында қазақ халқының қыр­ғын­ға, ашаршылыққа ұшырауы; халық қамын ойлаған Алаш зиялыларының мақсат-мүдделерінің орталықтың ойы­мен қабыспауларының саяси-әлеу­мет­тік себептері; 1986 жылғы оқиғаның дұрыс бағасын ала алмай келе жа­т­қаны, т.б. айтуға болады.Тәуелсіз еліміздің өткен тарихына шынайы көзбен қарап, деректерге жү­гінсек, қарапайым қазақ қауымының көпшілігінің Қазан төңкерісін қабыл­дай­тындай, оны ой елегенінен өт­кі­зетіндей саяси да, қоғамдық та санасы болған жоқ, өздерінің тіршіліктеріне де қо­лайлы болмаған, ал оның мәнін тү­сін­ген сол кездегі қазақ зиялы­лары­ның 99 пайызы Қазан төңкерісіне қарсы бол­ғанын мойындауға мәж­бүр­міз. Алай­да ол жөнінде нақтылы ма­териалдарды біздің тарихшыларымыз әлі күнге дейін ғылыми айналымға қос­пай отыр. Ал оған танымдық-тағы­лымдық, жал­пы дүниетанымдық тұр­ғы­дан баға беру басқа қоғамдық-әлеу­мет­тік ғы­лым­дар өкілдерінің ойына да кірмейді. Тарихи санасы қалыптасқан тәуелсіз ел азаматтары олай етпесе керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет