Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты, міндеттері және күтілетін оқу нәтижелері Пәннің мақсаты



бет1/3
Дата19.04.2023
өлшемі22,04 Kb.
#84201
  1   2   3

Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің Қалыптасуы

Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты, міндеттері және күтілетін оқу нәтижелері

Пәннің мақсаты: Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру.
Пәннің міндеттері:
1) білім алушыларды фундаментальді деректанулық және тарихнамалық материалдармен, сондай-ақ қазіргі Қазақстан тарихы ғылымының жетістіктермен таныстыру;
2) Қазақстан тарихының гуманитарлық білім беру жүйесіндегі орнын анықтау;
3) дамудың заманауи кезеңіндегі өзекті мәселелерді талдау үшін Қазақстан тарихының нысаны мен пәнінің ерекшелігін анықтау;
4) Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік формалары мен өркениеттердің эволюциясын, қазақ халқы этногенезінің негізгі кезеңдерін толық және объективті көрсетуге негізделген Қазақстан тарихының ғылыми-негізделген тұжырымдамасын жасау;
5) қазіргі тарихтың азаматтық ұстаным мен ғылыми дүниетаным қалыптастыратын негзгі оқиғалары туралы тарихи білімдерді жүйелеу;
Оқу нәтижелері:
1) Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін білу мен түсіну бойынша білімін көрсету;
2) сыни талдау негізінде тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік тарихи дамуының ортақ ұстанымдарымен ұштастыра білу;
3) Қазіргі Қазақстандағы құбылыстар мен тарихи үдерістері зерттеу барысында аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын игеру;
4) заманауи қазақстандық даму үлгісінің ішкі ерекшеліктерін объективті және жан-жақты зерделей білу;
5) Қазақстан тарихынының үдерістері мен тарихи құбылыстарды жүйелеу және сыни баға беру.

ЕЖЕЛГІ АДАМДАР ЖӘНЕ КӨШПЕЛІ ӨРКЕНИЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ



Жоспары:

  • Қазақстан тарихы курсының пәні, мақсаты, міндеттері

  • Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлу

  • Қазақстан тарихын зерттеудегі негізгі әдістері.

  • Қазақстанның ежелгі тарихы:
    а) Палеолит (ерте тас ғасыры); ә) Мезолит (орта тас ғасыры; б) Неолит (жаңа тас ғасыры); в) Энеолит (мыстытас ғасыры).

Ұлтының тарихын білу арқылы өзіңнің орныңды, ортаңды біліп, өзіңді-өзің тани алатындай жағдайға келгенде ған толық қанды XXI ғасырдың азаматы бола аласың. Сондықтан Қазақ тарихын білу арқылы барлық азаматтарға шарт.


2. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихының ажырамыс бір бөлігі ретінде келесі тарихи кезеңдер бойынша қарастырылады:

  • Ежелгі Қазақстан тарихы (2,6 млн ж.б.- б.э. Ү ғ.)

  • Ортағасырлардағы Қазақстан. (552- 1731 ж. дейін.)

  • Қазақстанның жаңа тарихы. (1731- 1917 ж.дейін)

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы. (1917- қазіргі күнге дейін)
    3. Қазақстан тарихын зерттеудегі негізгі әдістер: тарихилық, шынайылық, объективтілік, салыстырма-сараптау. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты, бір тарихи оқиғаның, құбылыстың не процестің әр түрлі дәрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дәрежеде бейнелейтіні көріне бастады. Сондықтан ол деректерді зерттеу, бір-бірімен салыстыру, сол арқылы шындықты іздеу қажеттілігі пайда болды. Ұзақ жылдағы зерттеу тәжірибесі барысында қолданылған әртүрлі тәсілдер негізінде деректерді зерттеу әдістемесі қалыптасты.

Тас ғасыры мынадай ірі үш кезеңге бөлінеді: 1. Палеолит (2,6 млн-12-10 мың) 2. Мезолит (12 мың-5 мың) 3. Неолит (5 мың-3 мың). Палеолит кезеңі ежелгі және кейінгі палеолитті құрайды. Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мәдениетке): олдувэй (2.6 млн жыл-700 мың жыл), ашель (700 мың-150-120 мың жыл) және мустье (150-120 мың – 35-30 мың жыл) кезеңдеріне бөлінеді.


Батыс Еуропаның материалдары негізінде қүралған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошеллъ, шелль, ашелъ болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады.
Соңғы жылдары бүл схемаға кейбір өзгерістер енгізілді. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге - ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен сонғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошелльді қамтитын, ежелгі дәуір бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталалы. Ол б.з.ж. 2,5 млн. жылдан басталады. Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі - шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды.
Көптеген зерттеушілер орта палеолитті /соңғы ашель мен мустьені/ біздің заманымыздан бүрынғы 140-40 мың жылдыктарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.
Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Ғылымда "Ното Habilis" /"шебер адам"/ деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бүрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см3.
Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезендеріне сәйкес келетін "Ното erectus " /"түрегелген немесе бойын жазған"/ питекантроп /"маймыл адам"/ және синантроп /"адам"/ болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуында сабақтастық барын байқатады. Бірінші питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы Ява аралында табылды. Питекантроп бүдан бір миллиондай жыл бүрын өмір сүрген. Ол "Ноmо һаbilis"-пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге үшыраған. Ми көлемі үлкейіп (959 см3 ), бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.
"Ното erectus"-тің екінші бір түрі синантроп болды. Синантроп 1927 жылы Қытай жерінде Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан синантроптың сүйектерімен бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгі антропоген /геологиялык жер қыртысы/ тарихындағы ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп сүйектері табылғаи. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды білген деген қорытынды жасауға болады.
Қазақстан жерінде, ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан, олардың мекен еткен аудандарының бірі - Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші Қаратау жотасынын солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады.
Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аңдар аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Орталык Қазақстан жеріндегі қазбаларға қарағанда, осы маңда орналаскан ежелгі адамдар еңбекке тас кұралдарын кеңінен пайдаланған. Олар тастарды үшкірлеп, үлкен-үлкен қырғыштар, әр түрлі дөнгелек тас құралдар жасап, қажеттеріне жарата білген.
Сонғы палеолит дәуірінде адамдардың рулық қауымы мен топтық үжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар көп жерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ананың төңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашкы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық-матриархаттык дәуір деп аталды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет