Жанұяңа жылулық сыйла



Дата23.04.2023
өлшемі15,63 Kb.
#85888

Жанұяңа жылулық сыйла

Әуелі барша мадақ-мақтаулар Алла Тағалаға болғай! Пайғамбарымызға Алланың сәлемі мен салауаты болсын!


Дана халқымыздың «Отан отбасынан басталады», «Отбасы – шағын мемлекет» деген қанатты сөздері бар. Аталмыш сөздерде терең мән, мағына жатыр. Әрбір отбасы өзінше бір Отан. Оның басшысы, отбасының қамқоршысы мен тіреуі – ер адам. Мұны пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінен байқаймыз:
«Ер адам жанұясына жауапты және жанұясы үшін сұралады,» - дейді.
Отбасының тізгінін ұстайтын ер кісі өзіне міндеттелген жауапкершіліктерді дұрыс атқарса ғана шаңырақ шаттықта ғұмыр кешеді. Жанұя мүшелері тату-тәтті өмір сүруі үшін бір-бірлеріне қатысты құқықтар мен міндеттерді біліп, оларды жасауы керек.
Отбасы отағасының басты міндеттерінің бірі – бала тәрбиесінде жұбайына жәрдем беру және отбасы мүшелеріне пайдалы білім үйрету.
Таһа сүресінің 132-аятында:
«Үй ішіңді намаз оқуға бұйырып, өзің де оған көңіл бөл,» - делінген.
Яғни білім үйрету дегеніміз жұбайы мен бала-шағасына екі дүниенің де азабынан құтқаратын пайдалы білім алуына жағдай жасау және дініміздің талаптарын орындауға баулу.
Нәпақасын табу. Нәпақа сөзінің діндегі терминдік мағынасы – отбасы мүшелерінің тамағы, киім-кешегі мен баспанасы секілді күнкөрісіне керек дүниелер. Мұны Алла Тағала ер адамның мойнына жүктеген. Отбасы үшін жұмсаған ақшасы – отағасы үшін ең қайырлы табыс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Кісінің жұмсаған ақшасының ең абзалы қолындағы бала-шағасына жұмсаған ақшасы, Алла жолында қолданатын ат-көлігі және Алла жолында жүрген достары үшін жұмсаған ақшасы,» - деген. Тағы бір хадисінде: «Бала-шағаң, жұбайың және қызметшілерің үшін жұмсағаның – садақа,» - дейді.
Отағасы отбасын адал ризықпен асырауы тиіс. Бұл – әйелдің және бала-шағаның ақысы. Бұрынғы кездері салихалы әйелдер отағасын сапарға шығарып салып тұрып: «Отағасы, арам асты шаңырағымызға әкелме. Онымен ауызымызды былғама. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда аштыққа көнерміз, бірақ тозақтың отына шыдай алмаспыз,» - дейді екен. Ал қазіргі таңда кейбір әйелдер: «Қайдан тапсаң одан тап, шаруам жоқ, бізді ел қатарлы асыра» деп байбалам салып жатады. Әрине астың адал жолмен келгенінің маңызы зор.
Бір күні сахабалар Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Уа, Алланың елшісі, бізге жұбайларымыздың ақысы жайлы не өсиет етесіз?» деп сұрайды. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.) оларға былай деп жауап береді:
«Жегендеріңнен оларға да жегізіңдер, киінгендеріңдей оларды да киіндіріңдер».
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) отбасында жұбайларының киім-кешегі мен әшекейлеріне сараңдық танытпаған.
Сонымен қатар отбасы отағасының міндеттеріне жұбайының төркініне барып тұруына рұқсат беру, жұбайының білімін жетілдіруіне жағдай жасау, жұбайының табысына қол сұқпау және жұмыс жасауына рұқсат беру кіреді.
Отбасы алдында ер адамның өзіндік міндеттері болғанындай, әйел адамның да атқаруы тиіс міндеттері бар. Жақсы әйелдің кейбір сипаттары Құранда:
«Расында, салиқалы әйелдер күйеулеріне қарсы шықпайды. Алла Тағала олардың құқығын қалай қорғаған болса, олар да ерлерінің құқығын (дүние-мүлкін, ар-намысы мен абыройын, отбасының құпияларын) қорғағандар,» - деп сипатталады.
Осы аяттан-ақ әйелдің алғашқы міндеті анық көрінеді. Әйел адам «күйеуіне бағыну» керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) : «Әйел бес уақыт намазын оқып, оразасын ұстаса, ар-намысын сақтаса және күйеуіне бағынса, оған жәннаттың қалаған есігінен кірсін делінеді,» - деп, отағасына бағынудың қарымы ретінде жәннат нәсіп болатынын айтып сүйіншілеген.
Әйел күйеуіне қиындық тудырмауы тиіс. Шариғат заңы аясындаәйел күйеуінің көңіліне кірбің салудан аулақ болып, сөзімен де, ісімен де ренжітіп алмауы тиіс.
Міндеттерінің тағы бірі – ар-намысына кір келтірмей, еріне адал болуы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай дейді:
«Әйелдердің ішіндегі ең жақсысы – намысы мен ар-ұятын сақтай білген, басқаға көз салмай, тек қана күйеуін жақсы көріп, соған қанағат еткен әйел».
Отбасылық өмірде жүктелетін тағы бір міндеті – күйеуінің рұқсатынсыз сыртқа шықпау. Құран Кәрімде Алла Тағала былай деген:
«Уа, Пайғамбардың жұбайлары, байсалдылық танытып, үйлеріңде отырыңдар. Бұрынғы қараңғылық дәуіріндегідей жасанып алып көшеге шықпаңдар».
Сонымен қатар әйел адамның міндеттеріне күйеуі ұнатпайтын адамдарды қонаққа шақырмау, күйеуінің мал-мүлкіне ие болу және күйеуін әке болу арманынан мақрұм етпеу кіреді.
Отбасы – кішігірім қоғам. Нағыз береке мен бейбітшілікті қажет ететін жер – киелі шаңырақ. Ал осыны қамтамасыз ету үшін үйдің қожайыны отбасының әрбір мүшесінің ақысына құрметпен қарауы керек. Олардың алдындағы міндеттерін толық орындауға күш салуы қажет. Сол секілді әйелдің оған бағынып, отбасы бақыты үшін айтқандарын орындауға тырысуы да аса маңызды. Жоғарыда айтылған міндеттердің орындалуы жанұя бақытына әсер етеді. Әрбір міндетті мейіріммен атқарса, отбасында жылулық орнайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет