Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Ордабасындағы басқосу - өзара келісім және аумақтық біртұтастықты сақтап қалу жолы



Pdf көрінісі
бет25/66
Дата14.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#107515
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66
38) Ордабасындағы басқосу - өзара келісім және аумақтық біртұтастықты сақтап қалу жолы. 
1726 жылдың күзінде Ордабасы тауында (қазіргі Шымкент қаласының батыс жағында) 
Бүкілқазақтық Құрылтай болды. 
Оған қазақтың хандары, үш жүздің сұлтандары, билері, батырлары келді. Қазақ халқының ең 
таңдаулы өкілдерінің бас қосқан бұл жиынында жауға күйрете соққы беруді, орталықтандырылған 
күшті басшылықты қалай ұйымдастыруды шешу керек болды. 
Қазақтар бір-біріне барынша берілген, адал болуға осы Ордабасыда ант берісті. Құрылтайға 
қатысушылардың бірауыздан ұйғаруымен Әбілқайыр хан бүкілқазақтық әскери жасақтың бас 
қолбасшысы болып сайланды. Бүкілхалықтық әскери жасақтың бас сардарбегі болып батырлар 
арасынан Қанжығалы Бөгенбай бекітілді. Ордабасыдағы осы Құрылтай жиналысының шешімдері 
қазақ халқының жоңғар басқыншылығына карсы азаттық күресінде өте маңызды рөл аткарды. 
Қазақ қоғамының бүкіл күш-жігерін нақты іс жүзінде біріктіру қолға алынды. Әрбір ру өзінің 
жауынгерлік жасақтарын құрып, бүкілқазақтық үлкен жасаққа алып келіп қосуды қасиетті 
міндетіміз деп білді. Ұлт-азаттық қозғалысыньң жетекшілері және оған қатысушылар басқыншы 
жауға карсы күреске бүкіл қазақ халқы көтерілді. Ірі-ірі әскери жасақтарды Әбілмәмбет, Барақ, 
Сәмеке, Әбілқайыр, Сұлтанбет сияқты хандар мен сұлтандар , Шыңғысханның басқа да көптеген 
ұрпақтары басқарды. Жас сұлтан Абылайдың беделі тап осы кезеңде көтерілді. Ол кейін қазақтың 
аса құрметті, беделді де айбынды ханына айналды. Азаттық күресіне идеялык басшылық жасауды 
қазақтың үш жүзінің аса көрнекті үш биі өз міндеттеріне алды. Басқыншыларға қарсы қарулы 
қарсылықты ұйымдастыруда қазақтың әр түрлі рулары мен тайпаларынан және жүздерінен 
шыққан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Жасыбай, 
Есет, Малайсары, Баян, Олжабай, Қожаберген, Түгел, Бөлек, Шақантай, Қошқарбай, Байболат 


сияқты басқа да көптеген батырлары маңызды рөл атқарды. Батырлар жеке дербес жасақтарды 
басқарды және оларды қанды шайқаска, ерен ерлік көрсете отырып, өздері бастап кірді. Олардың 
бәрі де Әбілқайыр хан мен Бөгенбай батырдың жалпы басшылығымен, қатаң жауынгерлік тәртіпті 
сақтай отырып, үйлесімді ұрыс қимылдарын жүргізді. Жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасқа 
әйелдер де белсене қатысты. Атап айтқанда, Олжабай батыр. Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, 
Бұланбай батырдың қызы Айбике және басқалары жаумен қаһармандықпен шайқасты. Ал 
Қабанбай батырдың әйелі Гауһар батыр барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлық ірі 
шайқастарға да қатысты. Кейінірек балалы болып, босанғаннан кейін соғысқа өзінің үлкен қызы 
Назымды жібереді. Қазақ ауыз әдебиетінде Гауһар батыр айтыпты деген мынадай сөз сақталған: 
«Атаңның ұлы болып тума, еліңнің ері болып ту». 
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысының интернационалдық сипаты 
болды. Онда ортақ жауға карсы қазақтарға тілі, діні, ділі жағынан да дәстүрлі мәдениеті жағынан 
да туыс қарақалпақтар мен қырғыздар аянбай соғысты. Сұрапыл шайқастың алғашқы кезеңіндеп 
қатыгез қырғындардағы жеңіліс қазақ халқының ұнжырғасын түсірген жоқ. Олар жеңіске жетеміз 
деген рухы мен ерік-жігерін сақтай білді. Халықтың жаппай ерлік көрсетіп, қаһармандық танытуы, 
өздерін ар-намыс жолында құрбан етуге дейін баруы арқасында қатыгез жаудың ойранды 
әрекеттеріне төзе біліп, төтеп беріп қана қойған жоқ, жоңғар басқыншыларын тас-талқан етіп жеңіп 
шықты. Ол кезеңнің «Қазақ батырлығының алтын ғасыры» деп аталуы тіпті де тегін емес. Айрықша 
атап айтуға тұрарлық нәрсе — қазақ батырлары басқыншыларға қарсы кең-байтақ Қазақстан 
аумағының барлық жерінде бірдей шайқасты. Бұл соғыстың барысында қазақ халқы жүзге, тайпаға 
және ру-руға бөліну дегенді ұмытты, жауға қарсы жұмылған жұдырықтай ауызбіршілік танытты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет