Қазақстанда индустрияландыру ісі 1928-1932 жылдары өтті. 1928-1932 жылдары халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығы болды. Кеңестік тарихнамаға партияның 15-сьезі елді индустрияландыру сьезі болып енді



Дата24.10.2022
өлшемі14,87 Kb.
#45181

Қазақстанда индустрияландыру ісі 1928-1932 жылдары өтті. 1928-1932 жылдары халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығы болды. Кеңестік тарихнамаға партияның 15-сьезі елді индустрияландыру сьезі болып енді. Көптеген кеңестік кезеңдегі зерттеулерде лениндік индустрияландыру саясаты республикалардың ұлттық ерекшеліктерін қатаң ескерді деген пікір басым болды. Алайда большевиктер партиясының басшылығымен жүзеге асырылған елді индустрияландыру саясаты шеткері орналасқан ұлттық аймақтар, оның ішінде, әсіресе, Қазақсттан үшін отаршыл бағытта болды.
Жалпы Қазақстанда индустрияландыру саясатының бағыты қандай болуы керек деген мәселе сол кездің сол кездің өзінде өте үлкен пікір-таластар туғызды. Бір топ өлкедегі кеңес және партия қызметкерлері көшпелі халық бірден социализмге өте алмайды деп есептеді, яғгни қазақтың көшпелі өмір салты ұлттық еркешелік болып табылады, олай болса елді индустрияландыру бағыты оның осы ұлттық ерекшелігін жояды деп есептеді. Мұндай пікірдегі партия мүшелерін большевиктер негізгі партиялық жолдан ауытқушылар, яғни “уклонистер” деп айыптады.
Келесі бір топтың өкілі С.Садуақасов өнеркәсіптің дамуы қазақ халқын ауыл шаруашылығынан алыстатып, қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауына әкеледі деп есептеді. Бірақ, ол мүлде индустрияландыру саясатына қарсы болды деуге болмайды. Оның пікірі бойынша Қазақстанның өндірістік бағытта алға жылжуы үшін республикада индустриялық өнеркәсіптерді көптеп салып, оны әрі қарай дамыту қажет. С.Садуақасов шикізат қоры көздеріне өнеркәсіптерді жақындату мақсатын көздеді. Ол өлкеден шикізаттарды өндірістік аймақтарға тасып, одан кейін ол жақтан дайын өнімді қайта алып келуге кететін шексіз транспорттық қаржы жұмсауға, яғни өлкені тек шикізат көзі ретінде пайдалануға қарсы болды. Қазақстанға өнеркәсіпті күштеп ендіру мүмкін емес, ол қазақ қоғамының табиғи қалыптасқан жағдайына жат деп есептегендер болды. Олардығ пікірінше артта қалған көшпелі халық индустрияландырудың жоғарғы қарқынына ілесе алмайды. Сонымен қатар өндіріс орындарына жергілікті ұлт өкілдеріне көптеп тарту, яғни жергіліктендіру (коренизация) саясаты өндірісті өте қымбаттатады, қазақтар жұмыс істей алмайды, олар бәрібір даланы аңсайды деген көзқараста болды. Мұндай пікір айтушы топты большевиктер “ұлыдержавалық шовинистер”деп айыптады.
Осылайша большевиктер социалистік индустрияландыру саясатының бағыттары жқнінде пікір айтушыларға әртүрлі айдар тақты. Ал өздері белгілеген елді “социалистік индустрияландыру” бағытын ешбір қатесі жоқғ толық аяқталған саясат деп қарастырды. Большевиктер белгілеген идустрияландыру саясатында Қазақстан Одақтық шикізаттық бөлшегіне айналу керек болды. Орталық ұсынған бұл көзқарасты осы кезде өлкенің партия ұйымының басшылығына тағайындалған Ф.Голощекин

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет