Қазақстанда индустрияландыру ісі 1928-1932 жылдары өтті. 1928-1932 жылдары халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығы болды. Кеңестік тарихнамаға партияның 15-сьезі елді индустрияландыру сьезі болып енді
Қазақстанда индустрияландыру ісі 1928-1932 жылдары өтті. 1928-1932 жылдары халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығы болды. Кеңестік тарихнамаға партияның 15-сьезі елді индустрияландыру сьезі болып енді. Көптеген кеңестік кезеңдегі зерттеулерде лениндік индустрияландыру саясаты республикалардың ұлттық ерекшеліктерін қатаң ескерді деген пікір басым болды. Алайда большевиктер партиясының басшылығымен жүзеге асырылған елді индустрияландыру саясаты шеткері орналасқан ұлттық аймақтар, оның ішінде, әсіресе, Қазақсттан үшін отаршыл бағытта болды.
Жалпы Қазақстанда индустрияландыру саясатының бағыты қандай болуы керек деген мәселе сол кездің сол кездің өзінде өте үлкен пікір-таластар туғызды. Бір топ өлкедегі кеңес және партия қызметкерлері көшпелі халық бірден социализмге өте алмайды деп есептеді, яғгни қазақтың көшпелі өмір салты ұлттық еркешелік болып табылады, олай болса елді индустрияландыру бағыты онығ осы ұлттық ерекшелігін жояды деп есептеді. Мұндай пікірдегі партия мүшелерін большевиктер негізгі партиялық жолдан ауытқушылар, яғни “уклонистер” деп айыптады.
Келесі бір топтың өкілі С.Садуақасов өнеркәсіптің дамуы қазақ халқын ауыл шаруашылығынан алыстатып, қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауына әкеледі деп есептеді. Бірақ, ол мүлде индустрияландыру саясатына қарсы болды деуге болмайды. Оның пікірі бойынша Қазақстанның өндірістік бағытта алға жылжуы үшін республикада индустриялық өнеркәсіптерді көптеп салып, оны әрі қарай дамыту қажет.