Қазақстанда көшпелі малшаруашылығы және егіншіліктің дамуы. Қолөнер мен кәсіптер



бет1/2
Дата19.06.2022
өлшемі29,07 Kb.
#37083
  1   2

Қазақстанда көшпелі малшаруашылығы және егіншіліктің дамуы. Қолөнер мен кәсіптер.
1. Көшпелі малшаруашылығының қалыптасуы. Қазақстан аумағының табиғи және климаттық ерекшеліктері, яғни экожүйесі жергілікті тұрғындардың шаруашылық түрінің қалыптасуына ежелден-ақ тікелейәсер еткен. Ежелгі тұрғындар тіршілік ортасының өзгеруіне қарай біртіндеп егіншіліктен малшаруашылығына көше бастады. Шамамен б.з.б. ІІ мыңжылдықтың соңындағы қуаңшылық жағдайында егіншілікпен айналысу тиімсіз болды. Қазақстан аумағының басым бөлігін шөлейт жерлер алып жатыр. Күн радиациясы өте жоғары, қуаңшылық жиі орын алып отырады.
Су көзі мен жайылымдық жерлердің тапшылығы, аумақтағы өсімдіктердің жеткіліксіздігі табиғи мал азығы қорының тарылуына әкелді. Жер құнарлығы төмендеп, эрозияға ұшырау қаупі артты. Біртіндеп мал басының саны көбейді. Мұның бәрі адамның өмір сүру ортасына икемделіп, әлеуметтік-мәдени бейімделудің ерекше түрін таңдауына мәжбүр етті. Ол көшпелі малшаруашылығының орнығуына жеткізді. Жайылымдық алқаптарды егіншілік мақсатында пайдалану өнімділікті арттырмады. Ұлы даладаегіншілікке аса тиімді балама ретінде көшпелі малшаруашылығы дамыды.
Көшпелілер өмірі табиғи заңдылықтарғабейімделіп,тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі,қоршағанортаны игеру тәжірибе сінен қалыптасты. Ежелгі Қазақстанның қуаңдаласынмекендеген тұрғындардың өмір сүрудіқамтамасыз етудегінегізгі кәсібі – көшпелітірлікке негізделген мал өсіру болды. Көшпелімалшаруашылығынакөшу себептерінің бірі – жылқыны қолға үйрету еді. Жылқы малы ең] алдымен Солтүстік Қазақстанда қолға үйретілді. Бұл жерде ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйрету орталығының бірі, әлемге әйгілі Ботай мәдениеті табылған. Ботай қонысы 15 гектардан астам жерді алып жатты. Жылқыны қолға үйретіп, кейін оны мініс көлігіне айналдырудың барысында адам орасан зор кеңістікті игерді.
Аттың жүгенi, қола ауыздықтар
Көшпелі өмір салты малды жау шапқыншылығынан және табиғат апаттарынан аман сақтап қалып отырды. Сонымен қатар жайылымдардың тозуы да табиғи талаптарға байланысты мал өрістерін ауыстырып отыру қажеттілігін тудырды.
Көшпеліліктің пайда болуы ғасырлар бойы малшылардың қоршаған ортаның табиғи- климаттық жағдайына икемделуіне байланысты еді. Бұл тұжырымды ХІХ ғасырдағы Қазақстанды зерттеуші ғалымдар да қолдайды. Орыс ғалымдарының басым көпшілігі көшпелі малшаруашылығы қалыптасуын табиғи жағдайға тәуелділіктен туындағанын негізге алады (И.Ф. Бла- рамберг, А.Н. Макшеев, Л.Л. Мейер, Г.Н. Потанин, И.И. Зава- лишин, А.И. Добросмыслов және т.б.).
Ата-бабаларымыз жайылымдардың табиғи тепе-теңдігін сақтау мақсатында кішігірім рулық бірлестіктерге бөлініп, белгілі жер көлемі шеңберінде көшіп-қонды. Жыл мезгілдерінің ерекшелігіне қарай маусымды қоныстану жүйесі қалыптасты. Қазақ халқы малды қыстан және жұттан аман сақтау үшін қоршаған ортаға (экожүйеге) бейімделу заңдылықтарын шебер меңгерген. Жыл маусымдары мен жайылымдарды пайдалану тәсілдеріне орай көштің ұзақтығы кейде жүздеген шақырымға дейін созылды.
Маусымдық жайылымдар рулар арасында бөліске түскенімен, ежелгі дәстүр бойынша қыстаулардан басқа жерлерді елдің бәрі бірдей пайдаланған. Көшпелілер ерте заманнан қоршаған ортаны, табиғатты игеруіне байланысты қалыптасқан экологиялық тәжірибесі арқасында білгір ботаник, астролог, әрі географ болған деп айта аламыз. Дала аймағының ажырамас бөлігі іспеттес көшпелілер малшаруашылығын тіршілік қамы жүйесі ретінде қалыптастырды. Оған тікелей табиғи-географиялық жағдай әсер етті. Көшпелі малшаруашылығы Ұлы даланың энергетикалық және биологиялық ресурстарын тиімді пайдалануды көздеді. Көшпелілер тіршілік көзі болған мал өнімдерін пайдалануды үйренді.
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшылық тұрғыда дамыды. Көшпелілік түрінде мал жыл бойы жайылымда тебіндеп жайылды. Малшылар көшпелі өмірге қолайлы жасалған киіз үйде тұрды.
Жартылай көшпелілік салтында қазақ халқы мал басы санын аман сақтап қалу үшін жыл мезгілдері мен жайылымдық жерлердің ерекшеліктеріне қарай көшіп-қонды. Қысқы көшінде жылы тұрақтары – қыстауларға қоныстанған. Мал төлдетіп, жүн қырқу үшін көктеуге (көктемгі көш), кейін жас төлдер өсіп, жер көгерген кезде жайлауға көшкен. Қыстауларының жа- нында мал азығы үшін шөп дайындаған, егіншілік кәсібімен де айналысқан. Отырықшылық дәстүрде мал белгілі бір аумақта бағылып, қорада ұсталған. Іле, Талас, Арыс, Шу, Сыр өзендері бойында және Жетісу өңірінде егіншілік кеңінен дамыған. Дәстүрлі малшаруашылығы ХІХ ғасырдың соңына дейін сақталынды.
ХХ ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдарының басындақазақтарды күштеп отырықшыландыру және ұжымдастыру салдарынан орын алған ашаршылықта республика халқының жартысына жуығы қазаға ұшырады. Жергілікті халық санының күрт кемуіне әкеліп соқты. 1950 жылдардағы ескерілмей жүргізілген тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты нәтижесінде құнарлы жерлердің 10 млн гектары эрозияға ұшырады. Сондай-ақ малшаруашылығын жүргізудегі кеңестік әдістер еліміздегі тағы 55 млн гектар жердің тозуына әкелді.
2. Дәстүрлі малшаруашылығы – тіршіліктің негізі. Көшпелілікті зерттеумен айналысқан еуроцентристік тұжырымдамадағы кейбір зерттеушілер шаруашылықтың бұл түрін өркениеттен артта қалу мен жабайылық көрінісі ретінде біржақты түсіндіріп келді. Ұзақ жылдар бойы көшпелілерді белгілі өз атамекені мен шегарасы жоқ, баспанасыз, мән-мағынасыз көшіп-қонып, құқық пен әділетті білмейтіндер деп қабылдап келді. Бірақ бұл түсінік тіпті дұрыс емес. Ұлы дала көшпелілерінің нақты бекітілген өз жерлері болды.
Л.Н. Гумилев және басқа ғалымдар көшпелілердің киіз үй, арба, ер-тұрман, қайқы қылыш т.б. жетістіктер ойлап тауып, әлемдік өркениетке қосқан үлесін дәлелдеді.
Ата-бабаларымыз рулық жайылымдарды тек адамдар мен мал арасында әртүрлі аурулар мен індет жайылуынан жаппай қырылуына әкеліп соққанда ғана уақытша тастап кетуге мәжбүр болған. Басқа уақытта көшпелілер сан мыңжылдықтар бойы ұдайы көштің әдістері мен ережелерін сақтап келді. Осындай қорытындыны көрнекті түркітанушы және лингвист В. Радлов та жасайды: «Жоспарланбаған көші-қон туралы сөз болуы мүмкін емес… тайпа немесе тайпалық бірлестіктер жайылымдарын өздерінің жекеменшігі ретінде санайды, көрші тайпалардың басып кіруіне жол бермейді».
XIX ғасырдың басына дейін қазақтар және олардың түпкі ата-бабалары (сақтар, ғұндар, түркілер) өте дәулетті тұрмыс кешкен. Еркіндік, әділеттік, көшпелі өмір салты, ен даладағы кең жайылымдар, халықтың сирек орналасуы Ұлы далада дәулетті малшылар дәстүрі мен сән-салтанатын қалыптастырды. Көшпелілер түгелдей қару-жарақпен жеткілікті қаруланып, өз отбасын, малы мен жайылымдарын қорғауға дайын тұрды. Көшпелілердің негізгі дәулеті мал болып, байлық өлшемін ірі және ұсақ мал құрады.
Мал көшпелілерге азық-түлік, киім-кешек, тұрғын үй т.б. қажетті өнім берді, көлік міндетін атқарды. Алайда байлық өмір сүрудің негізгі мақсаты емес, әрбір далалықтың жеке бостандығы мен тәуелсіздігі және өмір сүруінің кепілі есептелінді. Мал санының көп болуы мұқтажсыз өмір сүру мен ұлдарын үйлендіргенде қалыңмал төлеу үшін қажет еді. Байлықтың арқасында олар ата-баба аруағына бағыштап салтанатты ас берді. Кез келген адамды, тіпті жатжерліктерді де ақы алмай қонақ етіп күтті. Қазақ әдебиетінің белгілі зерттеушісі, ойшыл Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Абылай хан заманында әрбір екінші қазақтың дәулетті, бай болғандығын жазады. Бұл деректі Орта жүз қазақтары туралы жазған жазбаларында Шоқан Уәлиханов та растайды: «Сібір қырғыздары (қазақтары) сыртқы округтік приказдар құрылғанға дейін өте дәулетті де бай болған, бұған еш күмән келтіруге болмайды».
Осындай дәулетті Сапақ би туралы ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Солтүстік-Шығыс Қазақстан қазақтарының өмірі мен тұрмысын зерттеген орыс офицері С. Броневский былай деп жазады: «Орта жүзде өте бай қазақтар бар: мысалы, Қарпық болысындағы Сапақ бидің 10 мыңға жуық жылқы, көптеген түйелер мен ұсақ малы болды; бір жайылымнан келесі қонысқа көшкенде дүние-мүлкін 150-ден астам түйеге артқан». Бай және ауқаттылардан Түйте Нүрекенов, Мұса Шорманов, Шоң Едіге, Сағынай, Нұрмағамбет, Жексенбай және т.б. атап өтуге болады.
ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің құлау қарсаңында бой көтерген Алаш қозғалысының өкілдеріне қазақ даласының әртүрлі аймақтарының дәулетті азаматтары қаржылық қолдау көрсетіп, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына өз үлестерін қосты. Олар – Қаражан Үкібаев, Медеу Оразбаев, Үкі Әділов, Хасен Ақаев, ағайынды Бекметовтер, Ыбырай Ақбаев, Маман байдың балалары, Иса Көпжасаров, Салық Омаров, Тобанияз Әлниязов т.б.
Ұлы дала кеңістігінде малшылардың басым бөлігі бай-қуатты болғандықтан, елде ұрлық та орын алмаған. ХІХ ғасырдың ортасында М.И. Красовский бұл туралы былай жазған: «Ұрлық… даладағы қазақтар арасында орын алмаған деп толық айта аламыз ». Қыстауларға ешкім тиіспеген. Дала жұрты есікті іштен құлыптау дегенді білген жоқ. Жаман ырымға теңеп мал басын да санамауға тырысқан. Дәулетті тұрмыс далалықтар өмірінің маңызды бөлігін мейрамдар мен ойын-сауықтарда, спорт сайыстарында, аңшылық пен саудада өткізуге мүмкіндік берді.
3. Егіншіліктің дамуы. Қазақстан аймағында табиғи- климаттық жағдайдың әртүрлілігіне байланысты көшпелі малшаруашылығымен қатар, егіншілік те орын алған. Кеңес өкіметі кезінде далалықтарда егіншілік ешқашан болған емес деген пікір айтылды.
Шын мәнінде, қазақтар егіншілікпен ежелден-ақ айналысқан. Оны тарихи, соның ішінде археологиялық деректер айқын дәлелдейді. Өзен-көл, су көздері жақын өңірлерде егіншілік ошақтары дамыды. Егіншілік орталықтары – Сырдария, Іле, Шу, Нұра, Орал, Ертіс өзендері мен Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдері маңы. Егіншілік ертеден-ақ Оңтүстік Қазақстан (Сырдария, Қаратау) және Жетісу өңірлерінде кең өріс алды. Басқа аймақтарда да шағын көлемде тұрғындар жер өңдеумен айналысты.
Егіншілік неолит және энеолит кезеңінде қалыптасты. Алғашқы қола дәуірінің қарапайым орақтарын археологтар Шығыс Қазақстанмен Солтүстік Қазақстан өңірлерінен тапқан.
Қола дәуірінде Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар егіншілік кәсібімен шұғылданды. Оны археологиялық деректер айқындап берді. Андрон тайпаларында егіншілік қосалқы шаруашылық түрі болды. Андрондықтар жерді өңдеу үшін тесе, қола және мыс орақтарды пайдаланған.
Б.з.б. VІІІ–VІІ ғасырларда Қазақстанның ежелгі тұрғындары ерте темір дәуірінде шаруашылықтың кешенді түрімен айналысты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда жер өңдеу кәсібі малшаруашылығымен қатар дамыды. Ежелгі тұрғындар жер өңдеуде суару қондырғыларын пайдаланған. Сырдың орта ағысында пайда болған Қаңлы мемлекетінде егіншілік қарқынды дамыды. Бұл өңірде отырықшы малшаруашылығымен ұштасқан тәлімді (суармайтын) және қолдан суаратын егіншілік түрі жүргізілді. Егіс алқаптарын суару үшін тоғандар мен су қоймаларын салған.
1692 жылы қазақ жеріне келген елші В. Кобяков былай дейді: «Тәуке ханда нан көп, қазақтар бидай, арпа және тары өсіреді…».
Қазақтар орыстарға астық сатып та отырды. Осы жайлы 1830 жылы С. Броневский: «Астық далада айтарлықтай бар… Өскемен, Семей, Ертіс шебіне қазақтар … бидай және тарыны базарға сатуға әкеліп тұрады; бұл кез келген орысты таңғалдырады», – деп жазды. Бұл – қазақ халқының егіншілікпен айналысқанының айқын дәлелі.
Қазақтар бидай, тары, арпа, күріш, жүгері екті. Шымкент және Перовск уездерінде мақта, Верный уезінде аздап темекі өсірді. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс аймақтарда қауын, қарбыз, асқабақ, пияз, сәбіз екті. ХІХ ғасырдың соңынан бастап қазақтар мен орыс шаруалары қатар қоныстанған аудандарда жергілікті тұрғындар картоп, қияр және тағы басқа көгөніс түрлерін егумен айналысты.
Малға азықтық дақылдардан жоңышқа егу кеңінен таралды. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде қазақтар жеміс ағаштарын (алма, шие, өрік, алмұрт, жүзім) өсірді.
Отырықшы және жартылай отырықшы егіншілер астықты сақтау үшін жерді қазып ұра немесе қамба салған.
Егіншаруашылығы арнайы еңбек құрал-саймандар жасауды қажет етті. Соқа, орақ, айыр, күрек, кетпен, аша, тырма т.б. жер өңдеуге қажетті құралдар қолдан жасалды. ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басында қазақ шаруашылығында жер жыртуға темір соқа мен мала (топырақты майдалайтын құрал) да кең қолданыла бастады. Егінді атпа және шығыр (су көтеретін құрылғы) арқылы қолдан суарды.
Қазақтардың егіншаруашылығы, негізінен, тұтынуға қажетті астықты ғана өндіретін табиғи (натуралдық) сипатта болды. Кедейленген егіншілер (диқандар) байлардың егістіктерінде астықтың белгілі бір бөлігі үшін жалданып жұмыс істеді. Еңбек құралдары өте қарапайым еді. Мемлекет тарапынан қазақтар астық тұқымдары немесе еңбек құралдарымен қамтамасыз етілген жоқ.
4. ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың жаппай егіншілікке өту себептері. ХІХ ғасырдың соңында қазақтарды жаппай егіншілікпен айналысуға мәжбүр еткен себептер: біріншіден, орыс шаруаларының қоныс аударуы салдарынан мал жайылымдары қысқарып, қала тұрғындарының саны өсті. Екіншіден, қазақтар егіншілікке өтпеген жағдайда қоныстанған аймақтардан күштеп ығыстырылатын қауіпті де ескерді. Егіншілікке өту арқылы қазақтар өз жерінде тұрақтап қалуға әрекеттенді. Бұл туралы «Азиялық Ресей» (СПб, 1914, 1 т.) кітабын құрастырушылар былай деп жазған: «Орыстардың қоныстануы бұл жерге (Далалық өлкеде) қазақтардың отырықшылыққа көшуімен бірге жүріп жатыр. Жайылымдардың қысқаруы оларды малшаруашылығынан отырықшы егіншаруашылығына көшуге мәжбүрледі».
Үшіншіден, патша өкіметінің отарлау саясаты қазақтарды отырықшылыққа көшіруді көздеді. Бұл жерде патшалық Ресейдің басты мақсаты – өлкенің негізгі тұрғындарын жерінен айырып, қоныс аударушыларға босатып беру және қазақ қоғамында патша билігі үстемдігін бекіту еді. Кейде қазақтар орыс шаруаларымен тәжірибе алмасып, олардан шаруашылықты жүргізу әдісін үйренген.
5. Аңшылық пен балық аулау. Қазақстанның жергілікті тұрғындары аңшылықпен ерте заманнан бері шұғылданды. Қазақ шаруашылығында аңшылық қосымша кәсіп сипатында болды. Аң аулауға қыран құстар салу, құмай тазылар жүгірту, қақпан және тұзақ құру сияқты тәсілдер қолданылды. ХІХ ғасырдан аң аулауға мылтық пайдаланыла бастады. Қасқыр, түлкі, қарсақ ату кең таралды. Қымбат бағалы аң терілерін жәрмеңкелер мен сауда орындарына шығарып, сататын болды.
Ірі көлдер мен өзендерде, сондай-ақ Арал және Каспий теңіздерінде балық аулау едәуір дамыды. Қазақтар балықты тағам ретінде тұтынды және сату үшін аулады. Балық Ертіс пен Жайықта көп ауланатын.
Қорыта айтқанда, қазақ халқы малшаруашылығымен қатар, егіншілік кәсібімен де айналысқан. Егіншілік кәсібі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде ертеден дамыған. Оған дәлел ретінде оқулықта келтірілген картада суармалы егіншілік және бау-бақша өсіретін аймақтар анық көрсетілген.
Тарихи дәстүр негізінде қалыптасқан малшаруашылығы мен егіншілік саласы бүгінгі күні ірі жетістіктерге жетті. Ауылшаруашылығы өніміне жаһандық сұраныс өсіп отырған қазіргі уақытта өндіріске жаңа технологияларды кеңінен енгізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет