Қазақстандағы проблағдайы оларды басқару шаралары.
Қазақстандағы проблемалық несиелер жағдайы Несиелердің жалпы сомасының 45,6 пайызы түрлі салаларға берілген. Бір қызығы, барлық несиенің 63,2 пайызы Алматы қаласына, ал 10,1 пайызы Астана қаласына тиесілі екен. Яғни бұл екі қаланың несиелік үлесі 73,3 пайыз, тек 26,7 пайызы елдің қалған аумағына тиесілі екендігі анықталған. Өткен жылы тұтынушылық несиелердің үлесі 3,1 пайызға артып, ЕДБ-дегі жалпы несие көлеміндегі оның үлесі 15,4 пайыз болды. Ал несиені қайтарудың жөні бөлек. Қарызды қайтару проблемасы банк жүйесінің дағдарысы кезінде қатты ушықты. Қайтару мерзімі өтіп кеткен және жұмыс істемейтін несиелердің үлесі 2008 жылдың басында жалпы несие сомасының тиісінше 12,25 және 7,53 пайызына тең болса, кейін бұл көрсеткіштер барлық берілген несиенің үштен бір бөлігіне дейін көтеріліп барып, тұрақтады. Несие тарихын қадағалайтын ұйым – Қазақстандағы «Бірінші несие бюросы» ЖШС барлық борышкерлер туралы мәліметтер сақталады. Қазақстандағы 35 коммерциялық банк пен банк операцияларын жүргізетін компаниялар несие бюросына ерікті түрде борышкер туралы мәлімет жіберіп отырады. Несие бюросында барлық мәліметтер 10 жыл бойы сақталады. Осы уақыттар ішінде ол мәліметтерді өшіру мүмкін емес. Несие бюросы туралы заңға сәйкес, клиент туралы ақпарат несие төлеу уақытын кешіктіру 180 күннен асып кетсе нашар болып есептеледі [4]. Қазақстанда жеке тұлғалар екінші деңгейлі банктерде көбіне 3 млн. теңге көлеміндегі несиені алады. Бәсекелестік банктерді қауіп-қа2-сурет – ҚР банк секторындағы несиелік қоржынның және 90 күннен аса кешіктірілген берешегі бар қарыздардың динамикасы терге баруға итермелеп отыр. Кепілзатсыз берілетін несие нарығында 6 банк тек бір құжаттың көмегімен несие беруге дайын. Қандайда бір арнайы шарттармен шектелмейтін жеке тұлғаларға кепілзатсыз берілетін несие сегментінде 20 екінші деңгейлі 26 банк ұсыныс жасап отыр. Оның ішінде ЕДБ біріктірме несие қоржынындағы үлесі 1 пайыздан асатын 13 ірі банк бар. Еліміздегі ірі банктерде 36 және 60 ай мерзіміндегі несиелер халық арасында зор сұранысқа ие. Кепілзатсыз берілетін несиенің мерзімі 18 бен 60 ай аралығын қамтыса, жиі алынатын несие соммасы – 3 млн. теңге. Банктер беретін ең төменгі несие мөлшері – 150 мың теңгені, ал ең жоғары шекті сомма 5 млн. теңгені құрайды. Нарықтағы орташа тиімді мөлшерлеме 26,37% деп көрсетілген. Ең төменгі тиімді мөлшерлеме 17,3%-ды құраса, ең жоғарғы көрсеткіш 35,17 % көлемінде. Халық арасында көбіне несие теңгемен алынған.
Жалпы несие төлемсіздігінің себептерін талдайтын болсақ, олардың негізгі себептері келесідей екен: Ең бірінші және маңызды себептердің бірі елдегі қаржылық экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы. Болжанбалы, тұрақты даму жағдайында заңды және жеке тұлғалардың қаржылық ағымдарын жоспарлау жеңілірек. Бұл олардың өздерінің қаржылық мүмкіндіктері мен болашақтағы мүмкіндіктерін нақтырақ жоспарлауға мүмкіндік береді. Ал мұндай тұрақтылықтың болмауы аталған есептеулерді объективті түрде жүргізуге мүмкіндік береді. 168 ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №1 (113). 2016 Қазақстандағы проблемалық несиелер жағдайы және оларды басқару шаралары Екіншіден, қарыз алушының қаржылық мәселелерінің туындауы. Кәсіпорындар үшін бұл мәселе ақша қаражаттарының жоқтығымен (сұраныстың төмендеуі, өндірістегі тоқтап қалу және т.б.), ал жеке тұлғалар үшін – коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдарда жалданып жұмыс істейтіндердің жұмыстарынан айрылуы немес жалақыларын кешіктіруі.
Бұл себеп біріншімен тығыз байланысты: заңды және жеке тұлғалардың алған несиелерінің қайтарылмауына әкеп соғатын проблемаларының көпшілігі қаржылық экономикалық тұрақсыздық кезеңінде пайда болады. Дегенмен, технологиялық артта қалу, алаяқтық, бизнесті жүргізудің дұрыс емес әдістерін пайдалану, сондай ақ жұмысқа деген немқұрайлылық та несиені қайтармаудың себебі болуы мүмкін. Үшіншіден, қазақстандық экономика үшін маңыздысы қазақстандық банктерде несиелерді қайтармау тәуекелінен қорғанатын қорғаныс жүйесі жоқ. Бұл жүйе көптеген зерттеушілердің пікірінше, төмендегілерден құралу керек: Скорингтік жүйені енгізу. Скоринг бұл неселік тәуекелді бағалау үшін потенциалды қарыз алушыларды топтарға бөлу. Айта кетуі керек, бүгінде бұл жүйе кең пайдалануда, дегенмен ол қарыз алушыларды несие қабілеттігін терең де сапалы жүргізуге мүмкіндік бермейді; Қарыз алушының несие қабілеттігін бағалаудың жасалған механизмдері. 2008 жылдары көптеген зерттеушілер қазақстандық банктердің көпшілігі клиенттердің несие қабілеттігін бағалауда тиімді әдістерді қолдағандықтарын айтқан. Дегенмен, бүгінгі жағдайды талдасақ, жағдайдың керемет өзгере қоймағаны көрініп тұр. Сонымен қатар пайданы көздеген банктер клиенттің қаржылық жағдайын және олардың несиені қайтару мүмкіндігін тексере бермейді. Кей кездері несие бір екі сағаттың ішінде минималды құжаттармен, тіпті жеке тұлғаның куәлігі мен төлқұжаты болса беріледі; Сонымен қатар бұл жүйеге ссуданы қайтарудың тиімді қамтамасыз етілуі механизмін қосуға болады. Жалпы белгілі жағдай, несиенің қайтарылмауы кепілсіз несиелерге тән. Көптеген банктер жеке тұлғаларды көтерме несиелеуді дамытуда. Сауда орындарында эспресс несие беру тәжірбиесі де қарастырылды. Сонымен қатар, қарыз алушыларды бағалаудың скорингтік жүйесі кең қолданылды, дегенмен, олардың төлем қабілеттігіне сапалы баға берілмеді. Бұл ссуданың көп бөлігі қаржылық жағдайы тұрақсыз қарыз алушыларға берілуіне әкеп соқты. Бүгінде мұндай экспресс несие беру жоқ деп айта алмаймыз, дегенмен банк секторының бұл секторы айтарлықтай азайды. Айта кететін жайт, кепілді несие беруде қарыз алушының төлем қабілеттігін сапалы бағалау және кепілдің өтімділігі несие төлемсіздігін минималдайды.