Қазақстандағы төлем жүйелері



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата06.04.2017
өлшемі0,8 Mb.
#11162
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

1

 



 

Төлем жəне есеп 

айырысу жүйелері 

жөніндегі комитет 

 

 

 



 

 

Қазақстандағы төлем 



жүйелері 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жəне 

ондықтар тобы елдерінің орталық банктерінің 

Төлем жəне есеп айырысу жөніндегі  комитеті 

дайындаған 

Қараша, 2003

 

 

 



ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

2

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Copies of publications are available from: 

Bank for International Settlements 

Press & Communications 

CH-4002 Basel, Switzerland 

 

E-mail: 


publications@bis.org

 

Fax: +41 61 280 9100 and +41 61 280 8100 



This publication is available on the BIS website (www.bis.org). 

 

 



©  Bank for International Settlements 2003. All rights reserved. Brief excerpts may be reproduced 

or translated provided the source is cited. 

 

 



ISBN 92-9131-660-1 (print) 

ISBN 92-9197-660-1 (online) 



ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

3

Алғысөз 

Ондықтар  тобы  елдерінің  орталық  банктерінің  Төлем  жəне  есеп  айырысу  жөніндегі    комитеті 

(G10) (бұдан  əрі - Комитет)  Халықаралық  есеп  айырысу  банкінің  қамқорлығымен  кезең- 

кезеңмен əр түрлі мемлекеттерде төлем жүйесі туралы көпшілікке белгілі  «Қызыл кітап» сияқты 

анықтамалықтар шығарады. Комитет бірқатар мемлекеттердің орталық банктеріне  Халықаралық 

есеп айырысу банкінің жанындағы Хатшылықпен ынтымақтастықта  маңызды өзгерістер болып 

тұратын  төлем  жүйесі  туралы  жеке  кітаптар  шығару  туралы  ұсыныс  жасады.  Осы  Кітап – 

Қазақстан  Қызыл  кітабының  бірінші  щығарылымы - əр  түрлі  мемлекеттердегі  төлем  жүйесінің 

жұмыс істеу тəсілдерін түсінуге арналған алғашқы қадам болып табылады. 

Төлем  жүйесі    тұтастай  алғанда  мемлекеттің  қаржы  жүйесінің  тұрақтылығын  арттырады, 

экономикадағы  операциялардың  құнын  төмендетеді,  қаржы  ресурстарын  тиімді  пайдалануды 

қамтамасыз  етеді,  қаржы  рыноктарының  өтімділігін  жақсартады  жəне  монетарлық  саясатты 

жүргізуге ықпал етеді. Соңғы жылдары экономикалық тиімділікке жəне төлем жүйесінің қаржы 

тəуекелдерінің барлық түрлеріне жататын мəселелерге үлкен мəн беріліп отыр. 

Орталық банктер төлем жүйесіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жəне тиімділікті жетілдіруге 

мүдделі. Олар ішкі төлем жүйесін дамытуда негізгі рөл атқарады жəне көп жағдайда ірі төлемдер 

жүйесін  басқарады.  Кейбір  орталық  банктер    тікелей  өз  елдерінде  төлем  жəне  есеп  айырысу 

тетіктерін  қоғамдық  түсіну,  сондай-ақ  осындай  тетіктермен  байланысты  түрлі  мəселелерде 

қоғамдық  мəліметтілікті жақсартуға едəуір əсер етіп отыр. 

Төлем  жүйесіне    коммерциялық  мақсат  үшін  кəсіпорындар  мен  тұтынушылар  пайдаланатын 

ақша  аударудың  бөлшек  жүйесі  ғана  емес,  сондай-ақ  нарықтық  экономика  жағдайында  ақша 

жəне кредит рыноктарын нығайтатын  ақша аударудың ірі халықаралық  жүйесі де кіреді. Бағалы 

қағаздар  жəне  онымен  байланысты  төлемдер  бойынша  есеп  айырысу  жүйесі  де – қаржы 

жүйесінің негізгі элементі болып табылады. 

Осы кітап елдің ішіндегі сияқты халықаралық көлемде де Қазақстан төлем жүйесі туралы жалпы 

көріністі білдіруге көмектеседі деген  үміттенеміз. 

 

Томмасо Падоа-Шиоппа,  



Төраға  

Төлем жүйесі жəне есеп айырысу жөніндегі 

комитет  

Григорий Марченко,

Төраға

 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 



 

 

 



 

 

 



                                                              

 

 



ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

4

Мазмұны



 

 

Алғысөз………………………………………………………….……………………………………...3 



Аббревиатуралар тізімі.……….……………………………………………………………………….5 

Кіріспе…………………………………………………………………………………..……………….6 

1. Институциональдық аспект…………………………………………………………………………7 

1.1 Жалпы институциональдық құрылым..…………………………………………………….  7 

1.1.1  Құқықтық негіздер……………………………………………………………………  7 

1.1.2  Төлем қызметтерін көрсететін қаржы делдалдары…………………………………..7 

1.2 ҚРҰБ-нің рөлі…………………………………………………………………………………  8 

1.3 Басқа ұйымдардың рөлі…………………………………………………………………….…. 9 

1.3.1  Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы ..…………………………………..  9 

1.3.2  Қазақстан қор биржасы…………………………………………………….…………..9 

1.3.3  Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі..…………………………………………10 

2  Төлем құралдары………..………………………………………………………………………….11 

2.1 Қолма-қол төлемдер……………………………………………………………………………11 

2.2 Қолма-қол жасалмайтын төлемдер……………………………………………………………11 

2.2.1  Кредиттік аударымдар……….……………………………………………………        11 

2.2.2  Дебеттік аударымдар…………………………………………………………………   11 

2.2.3  Төлем карточкалары………………………………………………………………...…12 

2.2.4  Банкоматтар мен POS-терминалдар………………………………………………     12 

2.3 Жаңа əзірлемелер………………………………………………………………………….…...12 

3  Банкаралық есеп айырысу жүйелері……………………..……………………………………..   12 

3.1  Жалпы шолу…………………………………………………………………………….………12 

3.2  Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ)…………………………………….…………14 

3.2.1  Жұмыс істеу тəртібі…………………………………………………….………………14 

3.2.2  Жүйенің қатысушылары……………………………………………………………     14 

3.2.3  

Трансакциялар түрлері……………………………………………………………….  15 



3.2.4  Жүйенің жұмыс істеуі   ………………             ……………………………………… 15 

3.2.5  Жұмыс уақыты…………………………………………………………………….…    16 

3.2.6  Есеп айырысу рəсімі……………………………………………………………………17 

3.2.7  Кредиттік тəуекелді жəне өтімділік тəуекелін басқару………………………….      17 

3.2.8  Баға  саясаты  ..    ………………………………………………….…………………...18 

3.2.9  Статистика……………………………………………………………………………....18 

3.3  Бөлшек төлем жүйесі (БТЖ)………..………………………………………………….………18 

3.3.1  Жүйенің қатысушылары………………………………………………………….        19 

3.3.2  Жүйенің жұмыс істеуі………………………………………………………………….19 

3.3.3  Есеп айырысу рəсімі……………………………………………………………………20 

3.3.4  Тəуекелдерді басқару…………………………………………………………………  20 

4  Бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу жүйелері……………………………………………   20 

4.1  Сауда-саттық……………………….…………………………………………………………   21 

4.2  Клиринг………………………….……………………….……………………………………..21 

4.3  Есеп айырысу рəсімі……………………………………………………………………………21 

4.4  Орталық банктердің бағалы қағаздар инфрақұрылымын пайдалануы….…………………22 

Статистикалық таблицалар…………………...……………………………………………………….24 

Салыстырмалы кестелер    

……………………………………………………………………………….33 


ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

5

 Аббревиатуралар тізімі 

 

 

AFINEX 



Қаржы құралдарының Алматы биржасы 

RTGS 

Нақты уақыттағы жалпы есеп айырысулар (НУЖЕ) 

КФБ 

Қазақстан қор биржасы 

КЦМР 

Қазақстан халықаралық  есеп айырысу орталығы 

МСПД 

Банкаралық ақша аудару жүйесі 

НБРК 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 

НМСПК 

Төлем карточкаларының ұлттық халықаралық жүйесі 

СКП 

Ірі төлемдер жүйесі 

СОБС 

Банк хабарларын алмасу жүйесі 

СРП 

Бөлшек төлемдер жүйесі 

УПС 

ҚРҰБ-нің төлем жүйесін басқару 

ФАСТИ 

Ақпарат тасымалдаудың  қаржылық автоматтандырылған жүйесі 

ЦДЦБ 

Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі 

ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

6

Кіріспе 

Төлем  жүйесі  елдің  қаржы  жүйесінің  негізгі  компоненті  болып  табылады.  Осыған  байланысты 

Қазақстан Республикасы өтпелі кезең басталған сəттен бері төлем жүйесінің дамуына баса назар 

аударуда. 

Төлем  жүйесін  жетілдіру  жөніндегі  іс-шаралар  нəтижесінде  қазіргі  уақытта  Қазақстанда  екі 

негізгі  төлем  жүйесі  жұмыс  істейді.  Банкаралық  ақша  аудару  жүйесі  (БААЖ)  жəне  Бөлшек 

төлемдер жүйесі (БТЖ). 

БААЖ – нақты уақыт режимінде жалпы есеп айрысу жүйесі (бұдан əрі – RTGS)  Қазақстанның 

Ұлттық  Банкінде  БААЖ  пайдаланушыларының  шоттарында  ақша  аударымдарын  жүзеге 

асырады.  БААЖ  арқылы  ірі  жəне  жоғары  артықшылықты  төлемдер  жүзеге  асырылады.  Жүйе 

операциялық  күн  ішінде  ұлттық  валютада  (теңгеде)  пайдаланушыларға  түпкіліктілікті 

қамтамасыз етеді. 

БТЖ – ұсақ төлемдерге арналған клиринг жүйесі. Бұл – төлемдер жеке өңделетін, таза негіздегі 

есеп  айырысудың  көп  жақты  жүйесі,  бұл  ретте  таза  позициялар  да  есептеледі.  Операциялық 

күннің  соңында  кіріс  жəне  шығыс  төлемдерді  ескере  отырып,  əрбір  пайдаланушының  таза 

позицияларын есептеу жүзеге асырылады, одан кейін есептеу қорытындылары бойынша ААБЖ-

не ақша аударымдары жүзеге асырылады. 

Ұлттық  Банк  (ҚҰБ) 1994 жылы  төлем  жүйесі  реформасын  жүргізуді  бастады.  Оның  негізгі 

мақсаты банктер мен оның клиенттерінің арасында төлемдер жүргізуді тездету болып табылды. 

1995  жылы  ҚҰБ-нің  құрамында  Қазақстанда    бірінші  клиринг  палатасы    (Алматы  клиринг 

палатасы)  құрылды,  ол  жан-жақты  клиринг  əдісі  бойынша  жұмыс  істеді.  Сондай-ақ  жергілікті 

клиринг  палаталары  жергілікті  клирингті  жүзеге  асырды.  Осы  сатыға  дейін  барлық  төлем 

тапсырмалары қағаз негізінде болған еді. 

1996  жылы SWIFT-ке  негізделген  төлем  жүйесі  қатысушыларының  арасында  тһөлемдер 

бойынша  ақпарат  алмасу  үшін  электронды  хабарлардың  форматтары  əзірленді  жəне  ендірілді. 

Осы жылы Алматы клиринг палатасы ҚРҰБ-нің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы 

(ҚБЕО)  болып  қайта  ұйымдастырылды.  Ол  БААЖ  мен  ТБЖ-нің  операторы  болып  табылады. 

1996  жылғы  тамызда    КБАО  базасында  электронды  төлем  тапсырмаларын  өңдейтін,  жалпы 

негізде  есеп  айырысуды  жүзеге  асыратын  жəне RTGS сипаты  бар  Ірі  төлемдер  жүйесі  (ІТЖ) 

ендірілді.. 

Корреспондентік шоттарды орталықтандыру Ұлттық Банкке банктің есеп айырысу функциясын 

жедел  жүзеге  асыруға,  төлем  жүйесін  жəне  тұтастай  алғанда  банк  жүйесін  бақылау 

функцияларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Соңғы жылдар ішінде Ұлттық  Банк ТЖ 

жетілдіру  жөнінде  жұмыстар  жүргізді.  Қорытындысында, 2000 жылдың  соңында    ҚБЕО  ІТЖ 

Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) болып қайта құрылды. 

Бөлшек төлемдер саласында қолма-қол ақша мен төлем тапсырмалары Қазақстандағы төлемнің 

кңңінен  тараған  əдісі  болып  табылады.  Чектер  мен  тікелей  дебеттеу  сияқты  дебеттік  төлем 

құралдары  кеңінен  қолданылады.  Кредиттік  жəне  дебеттік  карточкаларды  қоса  алғанда,  төлем 

карточкалары саласы жоғары қарқынмен даму үстінде. . 

Бағалы  қағаздарды  сатуға  қатысты  Қазақстан  қор  биржасы,  сондай-ақ  биржадан  тыс  рынок 

мынадай қаржы құралдарымен жұмыс істейді: шетел валюталары, мемлекеттік бағалы қағаздар, 

корпоративтік  бағалы  қағаздар,  мерзімді  келісім-шарттар.  Есеп  айырысулар:  бағалы  қағаздар 

«Бағалы  қағаздардың  орталық  депозитарийі» (БҚОД)  ЖАҚ  арқылы  «төлемге  қатысты 



ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

7

жеткізілім»  (бұдан  əрі – DVP) принципі  бойынша  (Т+0  жағдайында  мемлекеттік  бағалы 



қағаздар, қалғандары Т+3 жағдайында) ; шетел валютасынан теңгеге – Қазақстан Республикасы 

Ұлттық Банкіндегі биржадағы корреспонденттік шоттар арқылы, шетел валютасында – шетелдің 

корреспонденттік  банктерде  жүргізіледі.Бағалы  қағаздармен  операциялар  бойынша  түпкілікті 

есеп айырысу есеп айырысу күнінде БААЖ арқылы жүзеге асырылады. 



1. Институционалдық аспект 

1.1 Жалпы институционалдық құрылым 

1.1.1 Құқықтық негіздер 

Қазақстанда  банк  жүйесін  реттейтін  негізгі  заң  актілері  «Қазақстан  Республикасының  Ұлттық 

Банкі туралы» Заң жəне «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Заң 

болып табылады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңға сəйкес Қазақстанда 

екі деңгейлі банк жүйесі бар. ҚРҰБ банк жүйесінің бірінші деңгейін, ал коммерциялық банктер 

екінші деңгейін білдіреді. ҚРҰБ орталық банк ретінде Қазақстан Республикасында төлемдер мен 

ақша аударуды жүзеге асырудың тəртібін, жүйесін жəне нысанын айқындайды, төлем жүйесінің 

жұмыс  істеуін  ұйымдастырады. «Қазақстан  Республикасындағы  банктер  жəне  банк  қызметі 

туралы» Заң жəне басқа заң актілері төлем жүйесі жəне бағалы қағаздар жөніндегі есеп айырысу 

жүйесінің қатысушылары болып табылатын екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейді. 

Чектерді,  вексельдерді,  төлем  карточкаларын,  құжаттандырылған  аккредитивтерді  шығаруды 

жəне олардың айналысын, банк шотын тікелей дебеттеу тəртібін, банктік шот ашпай төлемдерді 

жүзеге  асыруды  реттейтін  заң  актілері  мен  ҚРҰБ-нің  нормативтік  құқықтық  актілері  əзірленді 

жəне тұрақты түрде жетілдірілуде. 

Қазақстан  Республикасында  төлемдер  мен  ақша  аударымдарын  жүзеге  асыру  кезінде  пайда 

болған  қатынастарды  реттейтін  негізгі  заң  актісі 1998 жылы 29 маусымдағы  «Төлемдер  жəне 

ақша аударымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады.  

Қолма-қол  жасалмайтын  төлемдерді  жəне  ақша  аударымдарын  жүзеге  асыру  кезінде  төлем 

құжаттарын  ресімдеу  жəне  пайдаланудың    түрлері  мен  тəртібін,  төлемдер  мен  ақша 

аудырымдары  қатысушыларының  құқықтары,  міндеттері  жəне  жауапкершілігін  «Қазақстан 

Республикасы  аумағында  қолма-қол  жасалмайтын  төлемдер  мен  ақша  аударымдарының  төлем 

құжаттарын пайдалану жəне жүзеге асыру ережесі» айқындайды. 

Қазақстан  банкаралық  есеп  айырысу  орталығының  қолма-қол  жасалмайтын  аударымдар 

бойынша  қызметтерді    ұсынуына  байланысты  қатынастарды  реттеу  үшін  жүйені  ұйымдастыру 

жəне  жұмыс  істеу  тəртібін  айқындайтын    «Банкаралық  ақша  аудару  жүйесінде  ақша  аудару 

тəртібі»  жəне  «Қазақстан  Республикасында  клирингті  жүзеге  асыру  ережесі»  əзірленді  жəне 

бекітілді. 

1.1.2  Төлем қызметтерін көрсететін қаржы делдалдары 

Коммерциялық банктер 

Төлем  жүйесінің  негізгі  пайдаланушылары  болып  табылатын  коммерциялық  банктер 

Қазақстанда төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізеді. Банктік заңдар мен басқа актілер  жеке 

тұлғалар мен шаруашылық субъектілеріне  төлем қызмет көрсетуді қоса алғанда, өз клиенттеріне 

қызметтердің  кең  спектрін  көрсететін  екінші  деңгейдегі  банктердің  жұмыс  істеуін  бақылайды, 

сондай-ақ банкаралық төлемдерді жүзеге асырады. 



ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

8

2002  жылдың  соңында  Қазақстанда  елдің  аумағында  оның 368 филиалы  бар 38 коммерциялық 



банк  жұмыс  істеді.  Барлық  коммерциялық  банктер  БААЖ  пайдаланушылары  болып  табылады 

жəне олардың көбі (27) БТЖ қатысушылары болып табылады.  



Банктік емес қаржы ұйымдары 

 Банктік емес қаржы ұйымдары  төлем жүйесінің қатысушылары болып табылады жəне төлемдер 

мен  ақша  аударымдарын  жүзеге  асырады.  Банктік  емес  қаржы  ұйымдары  халыққа,  жеке 

кəсіпкерлерге,  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  шығарушыларға  оларды  ұсына  отырып,  банк 

қызметтерінің  алуан  түрін  ұсынады.  Кейінгілердің  қажеттілігін  қанағаттандыра  отырып,  ең 

алдымен, кредиттеуді, оның ішінде жеңілдік шарттарымен (кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, 

заем операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар жəне қаржы лизингі), сондай-ақ арнайы банктік 

қызмет  көрсетуді  жүзеге  асырады. 2002 жылдың  соңында 14 банктік  емес  қаржы  ұйымдары 

БААЖ-нің жəне 5-еуі БТЖ-нің қатысушылары болып табылды. 



Почта қызметі (Қазпочта) 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  «Почта  байланысының  мемлекеттік  кəсіпорындарын  жəне 

оның  еншілес  мемлекеттік  кəсіпорындарын  қайта  ұйымдастыру  туралы» 1999 жылғы 20 

желтоқсандағы  қаулысына  сəйкес  Почта  байланысының  республикалық  мемлекеттік  кəсіпорны  

мемлекеттің 100% қатысуымен  «Қазпочта»  ашық  акционерлік  қоғамы  болып  қайта  құрылды. 

2002 жылдың соңында елдің аумағында «Қазпочта» ААҚ-ның 3572 почта бөлімі жұмыс істеді. 

«Қазпочта»  ААҚ-ның    ҚҰБ-де  корреспонденттік  шоты  бар  жəне  БААЖ  мен  БТЖ-нің 

қатысушысы  болып  табылады.  Бұдан  басқа, «Қазпочта»  ААҚ  бірқатар  коммерциялық 

банктерден  корреспонденттік  шоттар  ашты.  Қазіргі  уақытта  «Қазпочта»  ААҚ  қаржы 

қызметтерінің мынадай түрлерін жүзеге асырады: 

 Зейнетақы жəне жəрдемақы төлемдері. 

 Коммуналдық төлемдерді қабылдау. 

 Салым операциялары (жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау). 

 Бөлшек  аударымдар  (жеке  тұлғалардың  дəстүрлі  почта  аударымдары, Western Union 

«тез аударымдары»). 

1.2  ҚРҰБ-нің рөлі 

1995 жылғы 30 наурызда «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заң қабылданды, 

оған  сəйкес  ҚРҰБ  елдің  орталық  банкі  болып  табылады  жəне  ақша-кредит  саясатының  жұмыс 

істеуіне  жауап  береді.  ҚРҰБ  сонымен  бірге    Қазақстан  Республикасында  төлемдер  мен  ақша 

аударымдарының тəртібін, жүйесін жəне нысанын айқындайды, қазақстандық теңгемен банктер 

арасындағы  ақша  аударымдарын  уақтылы  жəне  үздіксіз  жүргізуді  қамтамасыз  ететін  төлем 

жүйесінің  жұмыс  істеуін  ұйымдастырады,  олар  пайдаланатын  автоматтандырылған  жүйенің 

сенімділігін,  қауіпсіздігін  жəне    банктік  ақпаратты  қорғауды  банктердің  қамтамасыз  етуі 

бойынша ең төменгі талаптарды белгілейді. 

ҚРҰБ  «Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  туралы»  Заңына  сəйкес    Қазақстанда 

банкноттар  мен  монеталарды  шығаратын  жалғыз  эмитент  болып  табылады.  Орталық  аппарат 

Алматы  қаласында  орналасқан,  елдің  аумағы  бойынша 16 аймақтық  филиалы  жəне  Алматы 

қаласында 2 филиалы бар. 

Қазақстанда  ҚРҰБ-нің  Қазақстан  Республикасының  төлем  жүйесін  реттеудегі    рөлі  «Қазақстан 

Республикасының  Ұлттық  Банкі  туралы»  Заңында  айқындалған.  Сонымен,  Заңның 48-бабына 

сəйкес  Ұлттық  Банк  төлем  жүйесін  ұйымдастырады,  үйлестіреді  жəне  (немесе)  жұмыс  істеуін 

реттейді: 


ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

9

1)  төлемдер  мен  ақша  аударымдарын  жүзеге  асырудың  ережесін  жəне  қолдану  тəсілдерінің 



ерекшеліктерін, төлем нұсқауларының мазмұнына негізгі талаптарды; 

2)  қолма-қол  ақшаны  пайдалана  отырып  төлемдерді  жүзеге  асырудың  тəртібі  мен  шарттарын 

белгілейді. 

Бұдан  басқа,  осы  Заңның 8-бабында  Ұлттық  Банк    барлық  банктердің  жəне  олардың 

клиенттерінің орындауы  үшін міндетті  төлемдер мен ақша аударымдары мəселелері бойынша 

нормативтік  құқықтық  актілер  шығарады.  Тұрақты  төлем  жүйесінің  принциптерін  сақтауды 

қамтамасыз  етуге  арналған  маңызды  құрал  екінші  деңгейдегі  банктерді  үнемі  тексеру  болып 

табылады.  Осы  процестің  барысында  Ұлттық  Банк  жəне  қадағалау  функциясы  берілген  басқа 

мемлекеттік  органдар  жекелеген  банктердің  жұмысының  қаншалықты  сенімді  жəне  тұрақты 

болып табылатынын тексереді. 

 

ҚРҰБ    төлем  жүйесінің  операторы  болып  табылатын  ҚБЕО-мен  бірлесіп  БААЖ  жəне  БТЖ 



басқарады.  Осы  жүйелердің  құқықтық  негізі  ҚБЕО  мен  төлем  жүйесі  қатысушыларының 

арасындағы  келісімдермен  қамтамасыз  етілген.  Кез  келген  банк  немесе  ҚРҰБ-де 

корреспонденттік шоты бар банктік емес ұйым төлем жүйесінің пайдаланушысы бола алады. 

«Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  туралы»  Заңға  сəйкес  ҚРҰБ  бағалы  қағаздармен 

операциялар бойынша есеп айырысуларды қоса алғанда, бағалы қағаздар рыногына қадағалауды 

жүзеге асырады.. 



1.3 Басқа ұйымдардың рөлі 

1.3.1 Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы 

 

Қазақстан  банкаралық  есеп  айырысу  орталығы  (ҚБЕО)  төлем  жүйесінің  операторы  болып 



табылады,  оның  құрамына  банкаралық  ақша  аудару  жүйесі  (БААЖ),  бөлшек  төлемдер  жүйесі 

(БТЖ) енеді. ҚБЕО-ның қызметін ҚРҰБ реттейді. 

ҚБЕО  пайда  таппайтын  ұйым  болып  табылады  жəне  төлем  жүйесінің  тиімді  жəне  тұрақты 

жұмысын  қамтамасыз  ету  мақсатында 1996 жылы  Алматы  клиринг  палатасын  қайта 

ұйымдастыру арқылы құрылды.. 

ҚБЕО мынадай қызметтердің түрлерін көрсетеді: 

• БААЖ-не ақша аудару; 

• банкаралық клиринг; 

• ФАСТИ  арқылы  файл  алмасу  (Ақпарат  тасымалдаудың  қаржылық  автоматтандырылған 

жүйесі)); 

•  СОБС арқылы ақпарат алмасу. 

ҚБЕО сондай-ақ VISA (KAZNNSS) жергілікті трансакцияларының клирингі үшін есептеу агенті 

ретінде  қызмет  істейді.  Төлем  карточкалары  бойынша  трансакцияларды  есептеу  екі  кезеңде 

жүзеге  асырылады:  біріншіден,  Лондондағы VISA-ның  офисі  халықаралық  трансакциялардан 

теңгедегі  «жергілікті»  трансакцияларды  бөлу  мақсатында  трансакцияларды  іріктейді.  Теңгедегі 

жергілікті  трансакцияларға  қатысты VISA қатысушы  банктердің  таза  позицияларын  есептейді 

(Қазақстаннан  тыс  жерлерде  шоттары  бар  шетелдіктер  жүргізген  трансакциялар  Қазақстаннан 

тыс  жерлерде  есептеледі).  Екіншіден,  теңгедегі  таза  позициялар  ҚБЕО-на  жіберіледі  жəне  есеп 

айырысу БААЖ арқылы жүзеге асырылады. 


ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

10

1.3.2 Қазақстан қор биржасы 

«Қазақстан  қор  биржасы»  жабық  акционерлік  қоғамы  өзін-өзі  реттейтін  коммерциялық  емес 

ұйым  болып  табылады.  Алғашында 1993 жылғы  қарашада  Қазақстан  банкаралық  валюта 

биржасы ретінде құрылды, қор рыногын жабуғға дейін қызметі кеңейгеннен кейін 1995 жылғы 

маусымда  Қазақстан  банкаралық  валюталық-қор  биржасына  атын  өзгертті.1996  жылдың 

сəуірінде Қазақстан қор биржасы (ҚҚБ) болып аталды. Валюта рыногы 1997 жылы қыркүйекте  

Қаржы  құралдарының  Алматы  биржасы (AFINEX)  ҚҚБ  құрамынан  шықты  жəне 1999 жылғы 

сəуірде ҚҚБ-мен қайта бірікті. 

Қазақстан  қор  биржасы  мынадай  қаржы  рыноктарымен  жұмыс  істейді:  шетел  валютасының 

рыногы,  мемлекеттік  бағалы  қағаздар  рыногы,  РЕПО  рыногы,  мемлекеттік  емес  эмиссиялық 

бағалы  қағаздар  рыногы  жəне  мерзімді  келісім-шартардың  рыногы.  Сауда-саттықты  өткізудің 

негізгі  əдісі – үздіксіз  қарсы  аукцион  əдісі  (өтінімдерді  енгізудің  жəне  өңдеудің  электронды 

тəсілі). 2002 жылдың  соңында  биржа  мүшелерінің  жалпы  саны  ҚРҰБ  мен  «Қазпочта»  ААҚ-н 

қоса алғанда  56 болды. Биржада сауданың бес санаты қолданылады. Осы санаттар шеңберінде 

биржаның əрбір мүшесі сауданың белгілі бір түрін жүзеге асыруға құқылы. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет