Қазақстандық тренд тоталитаризмнен демократиялық және құқықтық мем лекетке: сырттай көзқарас



Pdf көрінісі
бет21/27
Дата12.01.2017
өлшемі1,53 Mb.
#1751
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27

Мухаммадисо РАВШАНЗОДА 
– 
Тәжікстан Республикасының Президенті 
жанындағы Мемлекеттік басқару институтының 
Құқық және мемлекеттік қызмет 
кафедрасының доценті 
Қ
азіргі демократиялық мемлекеттің Конституциясы, соның ішінде Қазақстан Республикасы мен 
Тәжікстан Республикасының да,  бір маңызды қасиетке ие болуы тиіс: ол тура (тікелей) қолдану 
актісі болуы тиіс. Ғылыми әдебиетте конституцияның тура (тікелей) қолдану – конституцияның ерек-
ше заң құжаты ретіндегі қасиетінің бірі деп  жалпыға бірдей танылған [1,   64-70 б.]. Бұл конституцияның 
қандай да бір нормасы конституциялық құқықтың  барлық субъектілерімен тікелей, яғни осы норманы 
нақтылайтын қандай да бір заңнамалық немесе заңға сәйкес актілерінің бар болуына немесе жоқтығына 
байланыссыз қолдануы тиіс екенін білдіреді. Атап айтқанда, соттар олар шығарған шешімдерін дәлелдеу 
үшін конституцияның нормаларына сілтей алады.     
Конституцияның тікелей әрекетінің практикалық мәні мынада: азаматта конституциялық нормалар 
негізінде тікелей құқықтар туындайды, оларды қорғау үшін ол, конституцияның бабына сүйене оты-
рып,  сотқа жүгінуге құқылы, сот осы норманы нақтылайтын заңдар немесе заңға сәйкес актілер жоқ 
деп, істі қараудан бас тарта алмайды. Осылайша, конституцияның тікелей әрекеті мемлекеттік органдар 
конституцияның нормаларын құқықты қолданудың тікелей нормативті негізі ретінде қарастыруы және 
оларды нақты істерді шешу үшін қолдануы тиіс  [2, с. 49-54] .
Осы тұрғыдан,  1994 жылғы 6 қарашадағы Тәжікстан Республикасының  Конституциясы да, Ресей 
Федерациясының 1993 жылғы  Конституциясы да, Қазақстан Республиксының 1995 жылғы 30 тамыздағы 
Конституциясы да тура (тікелей) қолданылатын нормативті құқықтық акті болып табылады.  Конститу-
цияны тура (тікелей) қолдану қағидаты ҚР Конституциясының 4 б. 2 т., ТР  Конституциясының 10 б. 1 т., 
РФ Конституциясының 15 б. 1 т. бекітілген. Атап айтқанда, олар Конституцияның ең жоғары заң күші 
бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады деп жариялайды. ТР, ҚР, РФ бұдан 
бұрынғы  конституцияларында осындай жазба болған жоқ.  Бұл  ТР, ҚР, РФ Конституциялары - салтанатты 
ТУРА (ТІКЕЛЕЙ) ҚОЛДАНУ  
КОНСТИТУЦИЯНЫ  ҚОЛДАНУ  МЕХАНИЗМІНДЕГІ 
БАСТЫ ЭЛЕМЕНТ РЕТІНДЕ

180
декларация емес, оның нормаларын нақты дауларды шешкенде, азаматтардың шағымдары мен арыздарын 
қарағанда пайдалануға болатын қолданыстағы нормативті құқықтық акті  болып табылатынын білдіреді.  
Конституцияны  тура (тікелей) қолдану – демократиялық республикалардың, атап айтқанда 
Қазақстанның, Ресейдің, Тәжікістанның үлкен жетістігі, бұның маңызы, мысалы, жеке меншік құқығынан 
немесе бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығынан кем емес.  Әрине, Конституцияны  тура 
(тікелей) қолдану  – бұл Негізгі заңның қолдану қағидатын заң шығарушының қолымен өзгерту емес, бұл 
әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің, азаматтық қоғам қалыптасуының   нәтижесі.   
ТР Конституциясының 14  б.  және РФ  Конституциясының  18 б. азаматтың құқықтары мен 
бостандықтары тікелей қолданылады деп айтылған.  Олар заңдардың мағынасын, мазмұнын және 
қолдануын, заң шығарушы және атқарушы билік қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару қызметін белгілейді 
және сот төрелігімен қамтамасыз етіледі.  Сонымен бірге, мемлекет органдарын оның нормаларын 
құқықты қолданудың тікелей нормативті негізі ретінде пайдалануға міндеттейтін Конституцияны тура 
(тікелей) қолдану тек азаматтардың құқықтарына  ғана қатысты емес, бұл  мемлекет Конституцияның 
нормалары негізінде конституциялық тәртіпті қалпына келтіру, өз тұтастығын сақтау, заңсыз қарулы 
құрылымдарды жою және т.б. мақсатында құқықты қолдану  шеңберінде билікті мәжбүрлеу шараларын 
қолдану мүмкіндігін алатынын білдіреді.  Және бұл жерде ҚР Конституциясы 4 б. 1 т. барлық құқықты 
тікелей қолданылатын деп атайды,  бұл ТР және РФ Конституцияларындағы тиісінше 14 б.  және 18 б. 
тікелей қолданудан кең  екені атап өту қажет.  
Ғылыми әдебиетте (А.Б. Венгеров, Р.Х. Зойиров  және т.б.. [3,   4-9 б.] мемлекеттік орган, конституциялық 
норманы тура (тікелей) қолдану механизмін пайдалана отырып, оның негізінде тиісті мәжбүрлеу, соның 
ішінде «күш»  механизмін іске қоса алады деп белгілейді. Бұл механизмнің ең жоғары құндылық ретінде 
адам құқықтарын тиісті конституциялық қамтамасыз ету негізі болуы тиіс.
Конституцияны тура (тікелей) қолдану туралы ғылыми әдебиетті талдау және Конституцияда ол 
тура (тікелей) қолдану актісі болып табылатынын көрсету екі негізгі қорытындыны шығаруға  мүмкіндік  
береді:
1. Конституцияның барлық нормалары тура (тікелей) қолдану нормалары ретінде қарастырылуы тиіс: 
қандай да бір конституциялық норманың тікелей емес қолданылуы   ерекшелік ретінде қарастырылуы 
тиіс және сол туралы Конституцияда ескертілуі тиіс. Бұл ҚР, сондай-ақ РФ, ТР қолданыстағы 
конституцияларының 10-баптарында солай істелген.   
2. Конституцияны тура (тікелей) қолдану  оның нормаларын тиімді іске асыру үшін оны нақтылайтын 
нормалар және рәсімдік актілер қабылдамау емес. Керісінше, бұны Негізгі заңның табиғатының өзі 
тұспалдайды. Бірақ осындай актілердің болмауы конституциялық нормаларды қолданбаудың себебі бол-
мауы тиіс [4,   8 б.].
Осы мағынада ҚР Конституциясы тек Конституция  нормаларының ғана емес, Республикамен танылған 
халықаралық құқық нормаларының да тікелей әрекеті  тұрғысынан  алға қарай жылжыған. Мысалы 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4 б. 3 т. «Республика бекіткен халықаралық шарттардың 
республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң 
шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады» деп жарияланған [5].
Сот төрелігінің басты міндетті деп белгіленетін Конституцияны  тура (тікелей) қолдануды қамтамасыз 
ету аса маңызды мәселе.   Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саласында Конституцияны  тура 
(тікелей) қолдануды Конституциялық соттар қамтамасыз ете бастады,  атап айтқанда,  Ресей Федерация-
сында (белсендірек), ҚР және ТР  (онша белсенді емес). Басқа жағынан, ҚР, РФ, ТР Жоғарғы Соттарының  
Пленумдары  бірнеше қаулыларында конституциялық нормалардың үстемдігіне негізделген түсіндірмелер 
берді және соттарды, тиісінше  в ҚР, РФ, ТР  Конституцияларын азаматтық және қылмыстық істерді 
қараған кезде тікелей қолдану актілерінде қолдануға бағыттады.   Осылайша,  1995 жылғы 31 қазанда 
Жоғарғы Соттың Пленумы «Сот төрелігін атқарған кезде соттармен Ресей Федерациясының Конституци-

181
ясын қолданудың кейбір мәселелері» Қаулысын қабылдады, онда ол соттар істерді қараған кезде сот 
қарастыратын құқықтық қатынастарды реттейтін заңның немесе басқа нормативті құқықтық актінің  
мазмұнын бағалау және барлық қажетті жағдайларды Ресей Федерациясының Конституциясын тікелей 
қолдану актісі ретінде қолдану қажет деп белгіледі. Осындай сот актілері, біраз басқаша түсіндірумен,  
ҚР және ТР Жоғарғы Соттарымен қабылданды. 
Ғылыми әдебиетте, бұны сот практикасы да дәлелдейді, қоғамдық қатынастарды реттеуде Консти-
туцияны  тура (тікелей) қолдану  оқиғалары аз да болса кездеседі. Соңғы жылдардың сот практикасы 
бүгінгі таңда мемлекеттік органдар, соның ішінде сот төрелігі органдары Конституцияны тура (тікелей) 
қолдана алатын үш негізгі нысан бар екені дәлелдейді: а) басқа нормативті актілерден бөлек, Конститу-
ция баптарына сілтеме жасаумен;  б) басқа нормативті құқықтық актілердің нормаларымен бірге; в) өз 
шешімдерін, үкімдерін  дәлелдеу үшін, оларға әлеуметтің маңызды мән беру үшін, өздерінің нақты құқық 
қолдану актілерінің мақсатын түсіндіру үшін [6,   99-108 б.].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕР:
1. Самощенко И.С. Конституцияны тікелей қолдану // Кеңе мемлекеті мен құқығы. 1981. № 3. 
С. 32-34; Лучин В.О. Ресей Федерациясының Конституциясы. Іске асыру проблемалары . – М.: ЮНИТИ 
– ДАНА, 2002. 
2. Шет елдердің конституциялық құқығы. Оқулық.   ред. Лучина В.О.   және басқ.. М.: Заң және 
құқық, 2001. 
3. Венгеров А.Б. Мемлекет пен құқық теориясы. Оқулық. М., 2004, заңның қолданылуы туралы та-
рау; Зойиров Р.Х. Конституцияны тура (тікелей) қолдану  туралы// ТР Конституциясына 15 жал. ғыл. 
мақ. жин.   Душанбе, 2009. 
4.  Зойиров Р.Х. Конституцияны тура (тікелей) қолдану  туралы// ТР Конституциясына 15 жал. 
ғыл. мақ. жин.    Сбор. науч. ст. Душанбе, 2009. 
5.  1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 4 бабының 3 тармағы.
6. Лучин В.О. Ресей Федерациясының Конституциясы. Іске асыру проблемалары. – М.: ЮНИТИ – 
ДАНА, 2002. 

182
Р
есей мен Қазақстан оған одақтық республикалар ретінде кірген КСР Одағының партиялық жүйесі жетпіс 
жыл бойы, шын мәнінде, бір партия болып табылды – КОКП. Режим қандай да бір оппозицияға жол бер-
меген. КСРО Конституциясының әйгілі 6 б. партияны кеңес қоғамының басқарушы және бағыттаушы 
күші, саяси жүйенің өзегі ретінде бекітті. Өткен ғасырдың 80-ші жылдардың соңы - 90-шы жылдардың 
басы ірі күйзелістермен әйгілі болды, олар қоғамдық қатынастар саласын да қозғады. Сол кездегі сын-
қатерлердің бірі көппартиялықты жандандыратын саяси плюрализмнің аса қажеттілігі болды. 
КСРО Халық депутаттары съезінде ірі қоғамдық ұйымдарды квоталық сайлау қызықты тари-
хи факт болып көрінеді. Съезд 2250 депутаттан тұратын болды, оның үштен бір бөлігі қоғамдық 
ұйымдардың өкілдерінен тұруы тиіс болған. Бірақ, кейінгі оқиғалар көрсеткендей, орталық билікпен осы 
«квазикөппартиялықты» енгізу түбегейлі шараларды жүргізу қажеттілігінен құтқармады. 
Күшейіп бара жатқан талаптар әсерімен, 1990 жылғы 14 наурызда одақтық Конституцияға 
көппартиялылықты заңдастыратын өзгерістер енгізілді. 1990 ж. 16 маусымда және 1990 ж. 24 сәуірде 
осындай өзгерістер, тиісінше, ресейлік және қазақстандық конституцияларға енгізілді. 
Сонымен бірге, РКСФР Конституциясының 6 б. дұрыс деп есептеуге болады, өйткені онда, одақтық 
конституцияға қарағанда, бір де бір нақты партия ескерілген жоқ, ал одақтық Негізгі заңда КОКП-ға 
сілтеме сақталды. 
Марат сАлиКОВ 
– 
Орал мемлекеттік заң университетінің бірінші
проректоры, конституциялық құқық кафедрасының
меңгерушісі, Ресей Федерациясының еңбек 
сіңірген заңгері, Ресей Федерациясының 
құрметті жоғары кәсіптік білім еңбеккері, заң 
ғылымдарының докторы, профессор
САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ: КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢНЕН 
КЕЙІНГІ РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ

183
Қазақ КСР Конституциясының 1990 ж.24 сәуірдегі Заңымен өзгертілген екі бабына назар аударайық. 
6-бап «Қазақ КСРО Коммунистік партиясы, кәсіподақ, жастар және бұқаралық қозғалыстар Халық 
депутаттары Кеңесіне сайланған өз өкілдері арқылы, сондай-ақ басқа нысандарда республиканың 
саясатын қалыптастыруға, мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысады». Және 7-бап: 
«Барлық саяси, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық қозғалыстар олардың бағдарламаларымен 
және жарғыларымен көзделген функцияларды орындай отырып, Қазақ КСР Конституциясы және 
Қазақ КСР заңдары шеңберінде әрекет етеді». Кейіннен аталған персоналиялар 6-бапта «қоғамдық 
бірлестіктер» деген жалпы атаумен ауыстырылды, сондай-ақ, мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың 
конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне 
нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға 
бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген 
әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салу енгізілді.
Алыстағы 1990-шы – 1991-шы жылдарға қайта оралып, Қазақ КСР Президентінің үш Жарлығын еске 
түсіреміз: 1991 ж. 22 тамыздағы «Қазақ КСР прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, мемлекеттік 
арбитраж органдарында, соттарында және кеден органдарында саяси партиялардың, басқа қоғамдық 
бірлестіктердің және бұқаралық қоғамдық қозғалыстардың ұйымдастыру құрылымының қызметін тоқтату 
туралы»; 1991 ж. 25 тамыздағы «Қазақ КСР аумағындағы КОКП мүлігі туралы» және 1991 ж. 28 тамыздағы 
«Мемлекеттік билік және басқару органдарындағы басқарушы лауазымдарын саяси партиялардағы және 
басқа қоғамдық-саяси бірлестіктердегі лауазымдармен қоса атқаруға жол бермеу туралы».
1990 ж. наурыз айын бірыңғай федеративті мемлекеттің бұрынғы одақтың республикаларында 
егеменді партиялық құрылысты жүзеге асырудың басталу нүктесі деп есептеуге болады.
Ресей мен Қазақстандағы саяси партиялардың мәртебесін конституциялық-құқықтық реттеу 
тәжірибесіне тікелей жүгінейік. Олардың әрқайсысы ден қоярлық, әрқайсысының дұрыс жақтары және 
ары қарай жетілдіру бағыттары бар. 
 1990 жылы Ресейде саяси партияларды құру басталды: Демократиялық, Республикалық, Либералды-
демократиялық және т.б. [1, 57 б.] Саяси партияларды құру және олардың жұмыс істеу мүмкіндігін 
бекіткен одақтық деңгейдегі жалғыз заңнамалық акт «Қоғамдық бірлестіктер туралы» КСРО 1990 ж. 
9 қазанындағы Заңы болып табылды. 
Ресей Федерациясының қолданыстағы 1993 жылғы Конституциясы «саяси партия» деген терминді 
пайдаланбайды. 13-бапта идеологиялық және саяси әр алуандық, көппартиялық танылады; мақсаты не-
месе іс-әрекеті Ресей Федерациясының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын 
бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және 
рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-
ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады. Конституцияның 30-ба-
бында әр адамның бірлесу құқығы бекітіледі, қоғамдық бірлестіктер қызметінің бостандығына кепілдік 
беріледі, сондай-ақ қандай да бір бірлестікке кіруге және онда тұруға мәжбүрлеуге тыйым салынады. 
1995 жылғы 19 мамырда «Қоғамдық бірлстіктер туралы» федералды заң қабылданды, оған 1998 жылғы 
19 шілдеде өзгерістер енгізілді, осыған сәйкес «саяси қоғамдық бірлестік» деген термин енгізілді, ол 2002 
жылы алып тасталды. Осы заңмен, тиісті жеке заңдар қабылданғанша, барлық қоғамдық бірлестіктердің, 
соның ішінде саяси партиялардың қызметі регламенттелді. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары партия 
құрылысының қарқынды өсуімен белгіленді. Мысалы, 1995 жылы 258 қоғамдық бірлестіктің Мемлекеттік 
Дума депутатарының сайлауына қатысу құқығы болды, олардың 111 осы құқықты пайдалануға талпын-
ды, оның ішінде 48-і тіркелді, және тек қана 4-уі Думаға өтті, яғни сол кезде белгіленген бес пайызды 
барьерді еңсерді («Наш дом – Россия», РФКП, РЛДП, «Яблоко») [2, 135 – 136 б.]. 
«Саяси партиялар туралы» Федералды заң 2001 ж. 11 шілдеде, ал 2009 ж. 12 мамырда - «Олардың 
қызметін мемлекеттік жалпыға қолжетімді теле- және радиоарналарда жариялаған кезде парламенттік 
партиялардың теңдігіне кепілдік беру туралы» федералдық заң қабылданды. Осы саланы нормативті 

184
реттеудің тұрақтылығы болған жоқ. Заңнама перманенттік өзгерістерге шалдығып отырды, бұл 
азаматтардың конституциялық бірлесу құқығына, сондай-ақ саяси оппозицияны маргиналдандыруға 
жібермей институционалдану мүмкіндігіне тікелей әсер етті [3]. 
 2012 жылдың сәуір айында парламенттік де, президенттік де сайлауды өткізгеннен кейін ел басшысы 
бастамасымен «Саяси париялар туралы» Федералды заңға түзетулер қабылданады [4]. 
Аса маңызды өзгеріс партиялардың санына қатысты. Осылайша, Заң бойынша «осы Федерал-
ды заңның 23-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды ескере отырып, саяси партияда саяси 
партияның кемінде бес жүз мүшесі тұруы тиіс. Оның саяси партия мүшелерінің өңірлік бөлімшелеріндегі 
ең аз құрамына қойылатын талаптар саяси партияның жарғысымен белгіленуі мүмкін». Осы новелла 
саяси күштер, ғылыми қауымдастық арасында ең қызу дауларды тудырды. Саяси партиялардың санына 
қойылатын талаптар әрқашан биліктің назарында болған, және тарихи даму кезеңдерінде партиялардың 
санын реттейтін құралы болған. Осы талаптың соңғы жиырма жыл ішіндегі өзгеру серпіні осы саладағы 
қандай да бір тұрақтылық болмағаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. 
Осылайшы, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» КСРО Заңы бойынша партияны құру үшін кемінде 5 мың 
адам қажет болған. «Саяси партиялар туралы» Федералды заңның бірінші редакциясында - 10 мың адам. 
2004 жылғы 20 желтоқсанда осы заңға енгізілген түзетулер 50 мың адам қажеттілігі туралы талапты және 
өңірлік бөлімшелердің жартысында әрқайсысында кемінде 500 мүшеден, ал қалғанында – кемінде 250 
партия мүшесінің болуы қажеттілігін белгіледі. 2009 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістерге сәйкес 
олардың ішінде партиялардың жалпы саны және өңірлік бөлімшелердің саны бірте-бірте азаятын 
мерзімдер белгіленді. Осылайша, 2012 ж. 1 қаңтардан бастап бұл талаптар - 40 мың. мүше барлық партия 
үшін және өңірдегі бөлімшелердің кемінде жартысында 400 партия мүшесі, ал қалғандарында – кемінде 
150 мүше. 
Саяси партиялардың санына қойылатын талаптардың күрт төмендеуі көптеген сұрақтар тудырады. 
Әрине, бекінбеген партиялық жүйе жағдайында осындай қатаң талаптардың болуы белгілі бір 
дәрежеде жаңа партияларды құруға кедергі болды. Бірақ қатарында 500 ғана мүшесі болған федералды 
саяси партияға көңіл қоюға бола ма. Осындай партия жалпыұлттық деңгейден бұрын, өңірлік деңгейде 
де, ал көп жағдайда, муниципалды деңгейде де айтарлықтай күш бола алмайды. Көптеген ұсақ саяси 
партиялардың пайда болуы саяси аяның айқындығын жойып, сайлаушыны едәуір адастырады. 
Осыған орай С.М. Мироновтың ұсынысы саналы көрінеді. Оған сәйкес партия өңірлік сайлауға 
жіберіледі, жергілікті деңгейде табысқа жеткен жағдайда (яғни, өз депутаттарын жергілікті өзін-өзі 
басқарудың сайланбалы органына өткізу) және ары қарай – өңірлік деңгейдегі табыс федералды сайлауға 
қатысуға жол ашады. Осы ұсыныс заңға кірмесе де, практикада ол дәл солай болатын шығар. Жас аз сан-
ды партияларға Мемлекеттік Думаға «өтіп шығу» қиын, ал өңірлік немесе муниципалдық деңгейде олар 
тұрақтанған саяси партияларға бәсекелес болар еді[5].
Мысалы 2014 жылғы 14 қыркүйекте бірыңғай дауыс беру күнінде елде түрлі деңгейдегі алты мыңнан 
астам сайлау өткізілді. Сайлауға қатысуға 63 саяси партия жіберлді.
Федералды партияны құру үшін қажетті санның «күрт» төмендеуі  өңірлік саяси партияларға тый-
ым салу проблемасын бірінші орынға жылжытады. РФ субъектілеріне қандай да бір өңірлік саяси 
құрылымдарға ие болуға тыйым салынғандықтан, өңірлердің ерекшелікке және осы ерекшелікті өңірлік 
парламентте қорғау мүмкіндігі мойындалмайды. 
Осы ретте Конституциялық Соттың «Балтия республикалық партиясы туралы іс» бойынша шешімі ден 
қойдырады. Дәлірек айтқанда, аталған тыйым салуды белгілейтін «Саяси партиялар туралы» Федералды 
заңның конституциялық ережелерін дәлелдеген Соттың дәлелдемесі. Бұл дәлелдеме, Соттың пікірі бойын-
ша, дауға салынған нормалар конституцияға сай деп танылса, міндетті түрде орын табатын гипотетикалық 
болжамдарда құрылған. Осылайша, шешімде былай айтылған: «Ресей қоғамы мықты демократиялық 
тіршілік тәжірибесіне ие болмай тұрып, сепаратистік, ұлтшылдық, террористік күштер тарапынан сын-
қатерлер туындап жатқан жағдайда, өңірлік саяси партияларды құру, олар өз өңірлік және жергілікті 

185
мүдделерді қорғауға тырысатындықтан, Ресей федеративті құрылысы негізі ретінде мемлекеттің 
тұтастығын және мемлекеттік билік жүйесінің тұтастығын бұзуға әкеп соғар еді [6]». Әңгіме өңірлік 
саяси партияларды құру туралы емес, өйткені олар бұдан бұрын болған (және өңірлік және жергілікті 
мүдделерді қорғай отырып, мемлекеттің тұтастығын және мемлекеттік билік жүйесінің тұтастығын бұзуға 
әкеп соққан жоқ), әңгіме оларды елдің саяси жүйесінде сақтау туралы. 
Ары қарай шешімде: «Ресей Федерациясының күрделі құрамын есепке ала отырып, Ресей 
Федерациясының әр субъектісінде өңірлік және жергілікті партияларды құру көптеген өңірлік саяси 
партиялардың құрылуына әкеп соғуы мүмкін, бұл саяси партия жүйесінің бөлігі ретінде құрылатын партияның 
дамып келе жатқан ресей демократиясын, халық билігін, федерализмді, елдің бірлігін әлсірететін және, со-
нымен – құқықтар мен бостандықтардың конституциялық кепілдіктерін, соның ішінде саяси партияларға 
бірлесу құқығын, азаматтардың бүкіл Ресей Федеарциясында саяси партияларды құру және оларға қатысу 
құқықтарының теңдігін әлсірететін факторға айналуына әкеп соғуы мүмкін [7]». Біздің пікірімізше, феде-
рация жекелеген субъектілер аясында саяси партиялардың жұмыс істеуі мүмкіндігін, тіпті қажеттілігін де 
тұспалдайтын мемлекеттік құрылыс нысаны болып табылады, өйткені олар бір немесе басқа өңірлердің 
маңызды қажеттіліктерін білдіре алар еді. Әрине, федералды саяси партиялардың өңірлік бөлімшелері Фе-
дерация субъектілерінде де жұмыс істеуі және барлық саяси күштермен (соның ішінде өңірлік және саяси 
компонент) әділ және заңды қатаң сақтауға негізделген бәсекеге қатысуға тиіс. Федеративті мемлекет-
терде өңірлік партиялардың болуы «әдеттегі жағдай» болып табылады [8, с. 85]. Австрияда 700-ден астам 
саяси партия жұмыс істейді (салыстыру үшін, Ресейде 7-еу ғана), бірақ олардың басым көбі өңірлік не-
месе жергілікті мәртебеге ие. [9, 42 б.]. Біздің пікірімізше, өңірлік саяси партиялардың болуы фактісі өз 
бетімен ешқандай қатер төндірмейді. Конституциялық Сот өз қаулысында «аталған шектеу уақытша және 
оны тудырған жағдайлар жойылуымен алып тасталуы тиіс» деп белгілеген. 
Осы шектеуді уақытша деп тану қуантады, бірақ «оны тудырған жағдайлар» туралы сұрақ пайда бо-
лады. Шын мәнінде, шектеуді тудырған осындай жағдайлар «Саяси партиялар туралы» Федералды заңға 
тиісті түзетулерді енгізу болып табылды, олар, өз кезегінде, сол кезеңде жүргізілген «билік сатысын» 
құру жөніндегі қызметтің салдары болып табылды. Бұл ретте «жағдайлардың жойылуы» фактісін кім 
және қашан анықтайды деген сұрақ пайда болады. Саны 500 адамнан тұратын кез келген топ федералды 
(ал федералдыдан басқаларды, заң бұрынғыдай, қарастырмайды) саяси партияны құруға құқылы қазірғі 
уақытта өңірлік партияларды құруға тыйым салуды сақтау анахронизм болып көрінеді.
Қазақстан Республикасында саяси партиялардың конституциялық-құқықтық негізі өз тұрақтылы-
ғымен ерекшеленеді.
Бәлкім, жалғыз бір ерекшелік 1993-1995 жж. кезеңі болып табылады, ол кезде егеменді Қазақстанның 
бірінші Конституциясы бүгінгі таңда жиырма жыл табысты әрекет етіп келе жатқан 1995 жылғы 30 тамызда 
республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясымен ауыстырылды.
1993 ж. үлгідегі Конституцияда партияларға дербес 56-бап арналған болатын: «Партиялар 
азаматтардың саяси еркін құруға және білдіруге мүмкіндік береді. Саяси партиялардың құрылу, әрекетін 
тоқтату тәртібі заңмен белгіленеді». 1995 ж. Конституцияда осындай бап жоқ (онда барлық қоғамдық 
бірлестіктерге - саяси партияларға, кәсіподақтарға және діни бірлестіктерге бағытталған нормалар бар. 
«Қоғамдық бірлестіктер» деген 10-бапта жоқ).
1995 жылғы Конституцияны дайындаған кезде басқа әдіс қолданылды: институционалдық 
регламенттеудің орнына (партияларға, кәсіподақтарға және діни бірлестіктерге – жеке баптан) саяси 
партиялардың түбегейлі бастаулары «Жалпы ережелердің» нормалары (I бөлім) және адам мен азаматтың 
конституциялық мәртебесі ( II бөлім) арқылы ұсынылған. Осылайша, 5-бапта идеологиялық және саяси 
әр алуандылық жариялаумен қатар мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға тыйым салынған, 
сондай-ақ барлық қоғамдық бірлестіктердің мақсаты және қызметі бойынша бірнеше басқа дәстүрлі тый-
ым салулар: «Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, 
оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, 

186
тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың 
қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады».
Конституцияның Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығы құқығын 
регламенттейтін 23-бабында, Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі деп бекітілген. Әскери 
қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судья-
лар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс. 
Қысқаша Қазақстандағы арнайы заңнаманың дамуы туралы. 
1996 жылға дейін Қазақстанда саяси партиялардың ұйымдастырылуы және қызметі «Қаз. КСР 
қоғамдық бірлестіктер туралы» Қаз.КСР 1991 ж. 27 маусымдағы Заңымен, одан кейін – «Қоғамдық 
бірлестіктер туралы» 1996 ж. 31 мамырдағы ҚР Заңымен реттелетін. 
 ҚР «Саяси партиялар туралы» бірінші арнайы заңы 1996 ж. 2 шілдеде қабылданды. Оның орнына ҚР 
2002 ж. 15 шілдедегі «Саяси партиялар туралы» Заңы келді, ол 2005, 2007 және 2009 жылдары енгізілген 
өзгерістермен және толықтырулармен бүгінгі күнге дейін қолданыста.
Ең мәнді өзгерістерге мыналарды жатқызуға болады. 
Біріншіден, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2007 жылғы 21 мамырдағы 
Заңның күші жойылғанына байланысты, бұрын 5-бабында көзделген қоғамдық бірлестіктерді мемле-
кетпен қаржыландыруға тыйым салудың орнына сайлау нәтижесі бойынша депутаттық мандаттарға ие 
болған партияларды мемлекеттік қаржыландыру енгізілді. 
«Саяси партиялар туралы» Заңына өзгерістерді енгізгеннен кейін (жаңа 18-1-бап «Саяси партияларға 
бөлінетін бюджеттік қаражат») ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі 
Қаулысымен «Саяси партияларды қаржыландыру қағидалары» бекітілді.
Мәжіліс депутаттарының соңғы сайлау қорытындысы бойынша партиялық тізім бойынша ҚР Парламент 
Мәжілісіне ұсынылған саяси партияларға жыл сайын бюджеттік қаражат бөлінеді. Саяси партиялардың 
қызметін қаржыландыруға бөлінетін бюджеттік қаражат көлемі тиісті жылға арналған республикалық 
бюджет туралы заңында Парламент Мәжілісіне соңғы сайлау қорытындысы бойынша ұсынылған саяси 
партиялар үшін дауыс берген кезде әр сайлаушының дауысы үшін еңбек ақының ең аз мөлшерінің үш 
пайызын есепке ала отырып белгіленеді.
 Республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау туралы шешімді қабылдау саяси партиямен 
оның жарғысында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Републикалық бюджеттен алынған қаражатты саяси партиялар жарғылық мақсаттарды, міндеттерді 
және саяси партиялардың құқықтарын іске асыруға пайдаланады.
Бюджеттік қаражат сайлау алды үгітті жүргізуге, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында 
сөз сөйлеуін төлеуге, алдын ала көпшілік іс-шараларды жүргізуге, үгіттік материалдарды шығаруға, 
кандидаттардың көлік шығындарына, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, қайырымдылыққа 
жұмсалмайды, партия мүшелері арасында бөліп таратылмайды. 
Саяси партиялармен бюджеттік қаражатты жұмсаған кезде бюджеттік немесе басқа заңнаманы 
бұзушылықтар анықталған кезде саяси партияны қаржыландыруға республикалық бюджеттен қаржы 
бөлу ағымдағы жылы тоқтатылады. Егер саяси партия бюджеттік қаражатты Ережелермен көзделмеген 
мақсаттарға жұмсаған болса, осы қаражат республикалық бюджетке қайтаруға жатады. 
Екіншіден, саяси партия мәртебесіне үміткерлерге қойылатын талаптардың белгілі бір ырықтандыруы 
жүргізілді. 1996 жылы саяси партияларды мемлекеттік тіркеу үшін олардың құрамында Қазақстан Респу-
бликасы облыстарының жартысынан көбін ұсынатын кемінде үш мың адам болуы тиіс еді. 2008 жылы бұл 
талаптар күрт күшейтілді: саяси партияны мемлекеттiк тiркеу үшiн оның құрамында партияның барлық 
облыстардағы, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемiнде алты жүз партия 
мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) атынан өкiлдiк ететiн кем де-
генде қырық мың партия мүшесi болуға тиiс. 2009 жылы цифрдың екеуі де, тиісінше, қырық мың және 
алты жүз партия мүшесіне дейін төмендеді.

187
  Үшіншіден, саяси партияны құрудың материалдық және іс жүргізу, оны мемлекеттік тіркеу және қайта 
құру аспектілері нақтыланды. Мемлекеттік тіркеу мерзімі заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңнамамен 
көзделген негіздер бойынша тоқтатылуы мүмкін. Мемлекеттік тіркеу мерзімін тоқтатудың себебі болған 
негіздер жойылғаннан кейін, тіркеуші орган саяси партияны мемлекеттік тіркеу немесе мемлекеттік 
тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Енді саяси партия мүшелерінің тізімдері бойынша Заңның 
10 б. 6 т. көзделген (яғни, қырық мың және алты жүз партия мүшесі) партия мүшелерінің жалпы санына 
әсер етпейтін анықталған бұзулар саны саяси партияны мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін негіз бо-
лып табылмайды. Заңда ықтимал қайта құру нысандары аталған - қосылу, бірігу, бөліну, бөлініп шығу, 
қайта құрылу. Саяси партия бөлінген немесе саяси партияның құрамынан бөліп шығарылған кезде қайта 
ұйымдастырылған саяси партия мен жаңадан құрылған саяси партиялар мүшелерінің жалпы саны осы 
Заңның талаптарына сәйкес болуға тиіс (яғни, қырық мың және алты жүз партия мүшесі).
2007 жылғы конституциялық реформамен ҚР Парламент Мәжілісіне пропорционалды сайлау жүйесі 
бойынша (98 депутат – партиялар тізімі бойынша және 9 депутат Қазақстан халқының Ассамблеясымен 
сайланады) сайлау туралы қағидасы енгізілгені туралы ұмытпау қажет.
Жиынтығында осы өзгерістер саяси партиялардың құқықтық жағдайын нығайтады, олардың 
белсенділігін арттыру және олармен демократиялық ашық қоғамда осы саяси институттарға тән өз функ-
цияларын сапалы атқару үшін қосымша заңды кепілдіктер береді және материалдық ынталандырады.
Осы шолудың тақырыбына қатысты, 2002 жылы Республика Президентінің жүгінуі бойынша Парла-
ментпен қабылданған «Саяси партиялар туралы» Заң ҚР Конституциялық Кеңесімен қарастырылды және 
ҚР Конституциясына сай деп танылды. ҚР Конституциялық Кеңесінің «Қазақстан Республикасының «Са-
яси партиялар туралы» Заңның Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестілігін тексеру туралы» 
2002 жылғы 11 шілдедегі №6 қаулысынан бізге өте қызықты мәселе бойынша үзінділер келтіреміз.
Конституциялық Кеңес «Саяси партиялар туралы» Заңның 10-бабы 6-тармағының нормасын талдай 
келе, оның саяси партияны мемлекеттiк тiркеудiң шарты түрiнде сан өлшемiн белгiлейтiнiне назар ауда-
рады. «Бұл тiркеу және өзге де сан өлшемдерi, атап айтқанда, «Саяси партиялар туралы» Заңның 6-бабы 
1 және 3-тармақтарымен белгiленген өлшемдер, конституциялық реттеу нысаны болып табылмайды. Ол 
жөнiндегi мәселелер, тұтас алғанда, заңды және жеке тұлғалардың құқықтық субъектiлiгiнiң түбегейлi 
принциптерi мен нормаларын анықтау сияқты, Конституцияның 61-бабы 3-тармағымен заңдар арқылы 
реттеу деңгейiне жатқызылған. 
«Өзге елдердiң партиялар туралы заңнамасында мұндай өлшемдердiң бар болуы, мемлекеттiң, саяси 
партияларға сайлау процесiне қатысу және парламенттерде бара-барлық өкiлдiк ету құқығын бере оты-
рып, сонымен бiр мезгiлде оларға қажеттi талаптар қоятындығымен айқындалады, бұл талаптар саяси 
партияның қоғамда елеулi қолдауға ие екендiгiн айғақтап, сонымен бiр мезгiлде партиялық жүйенiң 
әлеуметтiк шарттастырылмай жiктелуiн тежеген болар едi».
«Саяси партиялар туралы» Заңның 10-бабы 6-тармағының және 6-бабы 1 және 3-тармақтарының та-
лаптары жаңадан құрылып (қайта тiркелiп) жатқан барлық саяси партиялар үшiн жалпыға бiрдей және 
олар үшiн тең дәрежеде мiндеттi болып табылады. 
«Саяси партиялар туралы» бұл Заң өлшемдерiнiң сандық көрсеткiштерiне келер болсақ, олардың 
абсолюттiк түрлерiн орайлас айқындау мен белгiлеу Республика Парламентiнiң құзырына қарайтынын 
және оның заң шығарушылық қарауы аясында екенiн атап өту қажет. Сонымен бiрге Конституциялық 
Кеңес, партиялар туралы шетел заңнамасында саяси партияларды мемлекеттiк тiркеу үшiн, олардың сан 
мөлшерiне қойылатын, қаралып отырған «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 
10-бабы 6-тармағымен көзделген сандық талаптардан анағұрлым жоғары талаптардың бар болуын атайды.
Заңның 14-бабы 5-тармағының 6) тармақшасы, «саяси партияның Қазақстан Республикасы 
Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының сайлауына қатарынан екi рет қатыспауын» соттың шешiмi бойынша 
саяси партияның таратылуына негiз ретiнде көздейдi. Конституциялық Кеңес оны Конституцияның жалпы 
ережелерi мен нормаларына қайшы деп таппайды және де, Заңның 14-бабы 5-тармағының 6) тармақшасы 

188
қоғам мен оның барлық жiктерi үшiн, олардың саяси мүддесiн бiлдiруге үмiткер партиялардың саяси 
қызметi тұрақты және белсендi болуына кепiлдiк жасауды өзiне мақсат етiп қояды деп есептейдi. Пар-
тиялар туралы заңнамадағы мұндай нормалар қоғамдағы шын мәнiндегi плюрализмдi қорғайды және 
ынталандырады деп танылады. 
2012 жылғы 15 қаңтардағы Парламент Мәжілісіне сайлауда партиялар мынадай нәтижелерге жетті: 
«Нұр Отан» халық-демократиялық партиясы үшін 5 621 436 адам дауыс берді, немесе дауыс беруге 
қатысқан сайлаушылардың 80,99 %; Қазақстанның патриоттары партиясына - 57 732 адам, немесе 0,83 %; 
«Ақ Жол» Қазақстан Демократиялық партиясы үшін - 518 405 адам, немесе 7,47 %; «Азат» Жалпыұлттық 
социал-демократиялық партия үшін - 116 534 адам, немесе 1,68 %; Қазақстан Коммунистік халық пар-
тиясы үшін - 498 788 адам, немесе 7,19 %; «Ауыл» Қазақстан социал-демократиялық партия үшін - 82 
623 адам, немесе 1,19 %; «Әділет» Демократиялық партия үшін - 45 702 адам, немесе 0,66 %. Партиялық 
тізімдер бойынша дауыс беру бойынша «Нұр Отан» партиясы 83 мандат, «Ақ Жол» - 8, ҚКХП -7 мандат 
алды. Сайлауға 7 018 927 адам келді, немесе тізімге енгізілген сайлаушылардың 75,4 %-ы. Мәжіліс «Нұр 
Отан» партиясының басым жағдайымен үшпартиялы болды. Қазіргі уақытта Парламенттің төменгі пала-
тасында үш саяси партияның толыққанды фракциялары әрекет етеді [10]. 
Ағымдағы заңнама жиырма жыл бойы Конституциямен белгіленген шеңберде саяси партияларға 
берілген параметрлерді түбегейлі өзгертусіз, оларға саяси жүйенің жауапты институты ретінде дәстүрлі 
қатынасын сақтай отырып, партияның нақты мүмкіндіктерін біртіндеп нығайтып және толықтырып дамы-
тып келе жатыр. 
Ресей мен Қазақстанның саяси партияларды ұйымдастыру және олардың қызметін конституцииялық-
құқықтық реттеу тәжірибесі тағлым аларлық және ден қоярлық. Ол тікелей демократия, халық өкілдігі, 
азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, екі елдің де қоғамы мен мемлекетінің кейінгі өзгеруінің 
стратегиясы мен тактикасын анықтау мақсатындағы олардың электоралды іс-әрекеті мәнмәтінінде одан 
әрі мейлінше мұқият зерттеуді талап етеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ:
1. Авакьян С. А. Реейдегі саяси партиялардың конституциялық-құқықтық мәртебесі. М., 2011. 
2. Лапаева В.В. Қазіргі Ресейдегі құқық және көппартиялық. М., 1999. С. 26; Мемлекеттік Дума: 
Энциклопедия. В 2 т. Т. 2. 
3. Саяси оппозиция туралы: Васильева С.В. Саяси оппозицияның конституциялық-құқықтық 
мәртебесі. М., 2010.
4. «Саяси партиялар туралы» Федералды заңға өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» 
2012 ж. 2 сәуірдегі № 28-ФЗ Федералды заң // СЗ РФ. 2012. № 15. Ст. 1721.
5.  «Саяси партиялар туралы» Федералды заңға енгізілген басқа новеллалар: Саликов М.С. Ресейдің 
партиялық жүйесі: конституциялық-құқықтық реттеу серпіні // Ресей заң журналы. 2012. № 4.
6. РФ Конституциялық Сотының «Балтия республикалық партия» қоғамдық-саяси ұйымның 
шағымына байланысты «Саяси партиялар туралы» ФЗ 3 бабының 2 тармағыны екінші және үшінші 
абзацының және 47 бабының 6тармағының конституцияға сәйкестігін тексеру туралы 2005 ж. 
01 ақпандағы Қаулысы // РФ Конституциялық Сотының хабаршысы. 2005. № 1.
7. РФ Конституциялық Сотының «Балтия республикалық партия» қоғамдық-саяси ұйымның 
шағымына байланысты «Саяси партиялар туралы» ФЗ 3 бабының 2 тармағыны екінші және үшінші 
абзацының және 47 бабының 6тармағының конституцияға сәйкестігін тексеру туралы 2005 ж. 
01 ақпандағы Қаулысы // РФ Конституциялық Сотының хабаршысы. 2005. № 1.
8. Юдин Ю. А. Қазіргі мемлекеттегі саяси партиялар және құқық. М., 1998. 
9. Сафаров М. Көрс. Шығ.. 
10. www.election.kz

189
Қ
азақстан Республикасының Конституциясы экономиканы дамытудың аса маңызды кепілі – жеке 
меншікке қол сұғылмайтындығын бекіте отырып, құқықтық, демократиялық және әлеуметтік 
мемлекеттің жұмыс істеу негізін бекітеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы 
Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде 
ұстай алатынын көздейді. Меншік, оның ішінде мұрагерлік меншік құқығына заңмен кепілдік беріледі. 
Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. 
Конституцияның 39-бабы осы ойды жалғастыра отырып, адамның және азаматтың құқықтары 
мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен 
бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және 
тек заңмен шектелуі мүмкін деп, кепілдік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет