«Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық қалалары» гимназиялық курс бойынша бағдарлама. Кіріспе



Дата10.05.2022
өлшемі14,37 Kb.
#33932

«Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық қалалары» гимназиялық курс бойынша бағдарлама.

  1. Кіріспе.

Археология пәні және оның мазмұны. Археология – қосалқы тарихи пән. Көрнекті қазақстандық археологтар. Қала мәдениеті бастауы. Ежелгі қала түсінігі.

  1. Қала мәдениеті пайда болуы.

Қала мен кент ұғымы. Ертедегі тұрақтардан қалаға. Қала мәдениетінің бастаулары. Сақ, үйсін, қаңлылардың елді мекендері мен қалалары. Ұлы Жібек жолының қалалар дамуына әсері. Ежелгі қалалар ғылым, мәдениет, сауда және әкімшілік орталығы болды.

  1. Жетісу аймағының қалалары.

Жері жаннат Жетісу және оның алғашқы адамдар мекені болуы. Жетісу табиғаты. Талхир қаласы ерекшілігі. Талғардан табылған археологиялық жәдігерлер. Ежелгі қоныс – Алматы. Алмалы Жетісу. Құмда қалған қандай қалалар? Қойлық қаласы және Қарлұқ астанасына айналуы. Қойлық моншасы.

  1. Шу мен Талас аумағының қалалары.

Ежелгі Тараз қаласы туралы мәліметтер. Тараз – сауда мен саудагерлер қаласы. Аймақта жүзім шаруашылығы дамуы. Шарап жасаушылар. Ақыртас қаласы және осы қала жайлы аңыз әңгімелер. Шекарадағы қалалар.

  1. Қазақстанның оңтүстігінде қала мәдениеті қалыптасуы.

Испиджаб – ежелгі Сайрам. Яссы – ежелгі Түркістан аталуы. Отырар қаласының қалыптасуы, пайда болуы мен құлдырауы. Отырар кейінгі ортағасырлық үлкен қала. Отырарда ақша шығарылған, сауда жанданған. Отырар қабаттары. Отырар маңындағы қалалар мен қалашықтар. Кедер, кедерлік өнерпаздар. Отырардағы Құйрықтөбе. Баладж қаласы немесе от қала. Арал теңізі аумағы мен Сырдария бойындағы қалалар. Сауран қаласы.

  1. Жайықтан Ертіс аралығына дейінгі қалалар.

Ортағасырлық араб саяхатшысы Ибн Баттутаның «Саяхат» еңбегі қазақ жеріндегі қалалар жайлы. Сарайшық-кішкене Сарай. Сарайшықтан табылған жәдігерлер. Археолог ғалым З.Самашев зерттеулері. Жайық қалашығы. Сарыарқа – қалалар өңірі. Ұлытау тарихи мекен. Алаша хан қалашығы. Жошы хан кесенесі мен үй жайы. Ә.Марғұлан мен Қ.Ақышев археолог зерттеулері. Ертіс жағалауы қалалары. Қимақтар қалалары.

  1. Қорытынды бөлім.

Бұл тарауда бағдарлама бойынша өтілген тақырыптардан қалаларды алфавиттік тәртіппен орналастыру. Әр қаланың есте қалған ерекшіліктерін, тарихын, архитектурасына қатысты мәлеметтерін жазу. Қала мәдениеттерін қалыптастырудағы құрылысы мен архитектурасына мән беру. Курсты қорытынды конференция сабақпен аяқтау. Әр оқушы үлкен аймақтар қалалары не жеке қалалар жайлы баяндама дайындауы талап етіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет