Қазақстанның ежелгі тарихы туралы түсінік



бет1/6
Дата07.09.2023
өлшемі125,57 Kb.
#106571
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ТАРИХЫ


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ТАРИХЫ

  1. Қазақстанның ежелгі тарихы туралы түсінік

Тас дәуірі - адамзат тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі. Бүл кезеңде адамның, оның бейімі мен мінез-қүлкының, күн көріс тіршілігінің қалыптасуы жүзеге асты. Тас дәуірі 2,5 миллион жыл бүрын басталып, біздің заманымызға дейінгі III мыңжылдықта аякталады. Тас ғасыры коне палеолит орта - мезолит, жаңа - неолит болып болінеді. Коне тас ғасыры палеолит' ғылымда үш доуірге боліп қарайды: ертедегі палеолит-ольдувэй, шелль, ашель (б.з.д. 2,5 млн. - 140 Мың. жылдар арасы); орта палеолит - кейінгі ашель және мустьер (б.з.д. 140-40 мың. жылдар арасы); кейінгі палеолит - ориньяк, солютре және мадлен (б.з.д. 40-12 мың. жылдар). Ең ежелгі адамның сүйегі 1959-1963 жылдары Шығыс Африкада Танзанияның солтүстігіндегі, Эяси колінің солтүстікшығысына карай 36 шақырым қашықтыктағы Ольдувэй шатқалынан табылған. Оны Homo habilis - Епті адам деп атады. Екі аяғымен жүретін адамның бойының биіктігі 122-140 см. болған. Оның миының колемі Табайэсу бойынша 675-680 текше см. Аяқ сүйектерінің негізгі күрылысы казіргі адам сүйектеріне үқсас. Епті адам қазіргі адамдай болмағанымен тік жүре алатын тіршілік иесі болғаны анық. Бүл доуір осыдан 2,5 миллион 800 мың жыл бүрынғы кезеңді қамтиды. Епті адам ертедегі тас ғасыры дәуіріндегі ең карапайым мәдениетқе жататын үсак жүмыр тасты қолданған. Оның еңбек қүралы жан-жағы үшталып, жүзі қайралған түрпайы тастар болған. Адамның келесі даму сатысы Homo erectus деп аталады - бүл 1,6 миллион жылдан 200 мың жылға дейінгі дәуірде омір сүрген адамдар. 1891 жылы голландиялық ғалым Е.Дюбуа Ява аралындағы Тринил маңында сол дәуірдің бастапқы кезеңіне жататын геологиялық шөгінділердің ішінен адам мен маймылдың ортақ белгілері бар бас сүйектің қаңқасын, екі күрек тісті және жамбас сүйектерді тапқан болатын, оны кейін ғылыми әдебиеттерде питекантроп деп атады. Олардың миының колемі 860 текше см. болса, жекелеген бас сүйектерінде 775-тен 975 текше см. дейін ауытқу байқалды. Ява аралында 5 питекантроптардың сүйектерінің маңынан тас қүралдары табылмады. Оның себебі бүл питекантроптардың қоныстарын кезінде лава көшкіндерінің ағызып әкетуіне байланысты болса керек. Олардың ішіндегі мейілінше белгілі орі айқын түрі синантроптар немесе қытайдың питекантроптары Homo erektus (Тік жүретін адам). Синантроптың қаңқалары Қытайдың солтүстігіндегі Пекиннен 50 шақырымдай оңтүстік-батыс жағында орналасқан Чжоу-коу-дянь қонысынан табылды. Олар үлкен үңгірде түрған, ол үңгірді ондаған, тіпті жүздеген мыңжылдықтар бойы мекендегені анық; шөгіндінің 50 метр қалыңдықта жиналуының озі оған тек осындай үзақ уақыт керектігін дәлелдесе керек. Шөгінділерде синантроптардың қолданған түрпайы түрдегі еңбек қүралдары коптеп кездесті. Мүндай еңбек күралдарын синантроптар кварцтан, сондай-ақ әктен, күмтастан, кейде кремний жынысынан жасаған. Кварц сынған кезде кремний, обсидиан немесе кварцит торізді тік қырлы жүзі бар сынықтарға болінбейді. Бірақ ол оте морт сынғыш, ол сәл жарық болса, тез сынады. Демек оны оңдеу оңай деген сөз. Алғашқы қауым адамының дамуында оттың ролі зор болды. Чжоу-коудяньдағы ошақ орнында күлдің, комірдің, күйдірілген тастардың қалдықтары табылды. Тіпті бір жерлерде тогілген күлдің қалыңдығы 6 метрге дейін жетеді, демек бүл жерде от сондірілмей үзақуақыт бойы жағылған. Қазақстан аумағында озірге ежелгі адамның қаңқасы табыла қойған жоқ. Бірақ Қазақстанның оңтүстік аймағында палеогеографиялық жағдай ежелгі адамның омір сүруі үшін қолайлы болғаны анық. Онтүстік Қазакстанда табылған коне заманның тас күралдары Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель кезеңіндегі түрпайы қүралдарына үқсайды; коне жануарлар Чжоу-коу-дянь үңгіріндегі синантроп қалдықтарына келіңкірейді. Ежелгі адамның қоныстануына Қазақстан аумағындағы Қаратау жоталары қолайлы болған. Шелль-ашель кезеңіне жататын заттар Қаратаудың Шабақты, Тоңірқазған, Боріқазған, Ақкол-1. Қазанғап жайлауларынан табылды. Қазақстанның ежелгі түрғындары питекантроп пен синантроптың бір доуірде, тік жүретін адамның тиісті эволюциялық даму сатысында болған. Қаратаудың алғашқы қауым адамдары от жағуды білді, ірі жоне үсақ жануарларды аулаумен, сондай-ақ жабайы осімдіктер мен жеміс-жидектерді терумен айналысқан. 6 Археологиялық материалдар Қазакстанның орталық жоне шығыс аудандарының аумағын ашель-мустьер дәуірінде ежелгі адамдар мекендегенін дәлелдейді. Оған Обалысай, Мүзбел 1, Қосмола, Қүдайкол коныстары жатады. Солтүстік Балқаш оңірінің қоныстарындағы жер бетінен табылған тас қүралдары ашель дәуірінен бастап кейінгі палеолитке дейінгі тас ғасырының әртүрлі кезеңдерін қамтиды. 120 мың жыл бүрын тас-қүралдарды оңдеудің жаңа палеолиттік мустьер мәдениеті пайда болды. Бүл дәуірдің ескерткіштері қазіргі кезде Қазақстанның барлық аудандарында кездесіп отыр. Мустьер дәуірі Орталық Азияда осыдан 40 мың жыл бүрын аяқталғаны белгілі. Кейінгі палеолиттің дәуірі адамның қазіргі түрі - Homo sapiens пайда болуымен байланысты. Сол кезден бастап гоминидтердің (ежелгі адамдардың) зволюциясында шешуші кезең басталып, нағыз адамзат тарихына түпкілікті оту жолы жүзеге асты. Оларға тән белгілер 1868 жылы Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған бес қаңқаны зерттеу негізінде анықталды. Кроманьон адамының сүйектері Еуразияның басқа да географиялық аймақтарында кездесті. Кейінгі палеолитке оту техникадағы, шаруашылық нысандарындағы, омір сүру салтындағы, қоғамдық қатынастар мен идеологиядағы оте маңызды озгерістермен айқындалды. Сондай-ақ адамның дене бітімі де өзгерді. Кейінгі палеолитте мустьерлік кезеңнің жалпақ, салмакты, доңгелек пішінді кесек тас қүралдары (нуклеус) енді жақсы қырланып, мүкият жонылды. Олар бүрынғы жалпақ шақпақ тастар секілді емес, кремнийден дүрыс қырланған, түзу орі жүқа откір қүралдар жасалатын болды. Оның кобі ешқандай қайта өңдеусіз (ретушь) кесуге және қыруға пайдаланылды. Тасты қашаумен бірге тап осы кезде сол кезеңнің неғүрлым жетілген жаңа техникалық тәсілі - қыспа ретушь кеңінен тарады. Қыспа ретушті XIX ғасырда тас қүралдарын пайдалануды түрмыста сақтап қалған тайпалар кеңінен қолданды. Эскимостарда, солтүстік американың үндістерінде оның үлгілері кездеседі. Содан кейін сүйек пен тас тесетін бүрғы пайда болды. Соның негізінде енді бір орыннан. яғни ротациялық айналу принципін қолдану аркылы ашылатын қақпа, білектер жасалды, бүл орайда ең басты жетістік деп доңгелектің ойлап табылуын айтуға болады. Егер от болмаса қазіргі техника мен мәдениеттің болуы мүмкін емес еді. Сүйек пен мүйізді техникалық тәсілмен өңдеу алдымен ағаш 7 қүралдарын жасауға қолданылғаны анық. Кейінгі палеолмтте ағаш оңдеу техникасы да жетіліп, ағаштан жасалған бүйымдар түрмысқа кеңінен ене бастады. Кейінгі палеолит мәдениетінің бір белгісіне түрақты баспаналар салуды жатқызуға болады. Бүл орайда шағын лашықтар (хижиналар) түрғызу кең тарады, әдетте мүндай баспаналар дөңгелек немесе сопақша етіп салынған, көлденеңінен есептегенде ені 6 метрге жеткен, ал ортасына ошақ орналасқан. Кейінгі палеолитте шағын лашықтармен қатар коп ошақты үзын үйлер салынған. Күнкорістің қиындығына байланысты, түрмысқа қажетті қарапайым керек-жарақтар мен киімдердің пайда болуына орай осындай түрақтар мен баспаналар салуға тура келді. Ол кездегі адамдар ыдыс-аяк ретінде кейде жануарлар мен адамдардың бас сүйектерін қолданған. Жай тостағандар мен астаулар ағаштан жасалған. Ерте палеолиттен кейінгі палеолитке оту кезінде палеонтроптан адамның қазіргі дене бітімі - неонтропқа ауысу процесі жүрді. Ол енді тік жүре алатын болды, қазіргі адамдар секілді қолдарын сілтеген бағытына доп тигізді. Түтастай алғанда, кейінгі палеолиттік адамдар Homo sapiens (Ақыл-есті адам) түріне жатады және олардың дене бітімі жағынан қазіргі адамдардан айырмашылығы жоқ десе болады. Кейінгі адамзат тарихының ондаған мыңжылдықтар кезінен осы заманға дейінгі аралықта адамның дене бітімі ешқандай елеулі өзгерістерге үшырай қойған жоқ. Еңбектің жаңа дағдылары, жаңа мәдениет, жаңа рефлекстер пайда болғанымен адамның сүйектері, дене қүрылысы, олардың өзара үйлесімділігі озгеріссіз қалды деуге болады. Антропологтар тек грацилизацияның әсеріне байланысты, яғни адам денесінің, оның ішінде бас сүйектің сәл ғана кішірейгенін дәлелдеді. Қазіргі адамның дене бітімінің қалыптасу уақыты адамзаттың әртүрлі нәсілдерге бөліну кезеңіне сәйкес келеді, мүның озі қазіргі замандағы нәсілдердің арғы тегімен тікелей байланысты. Адамдардың нәсілдері бір-бірінен сырт пішіндері арқылы ажыратылғанымен, адамның қоғамдағы орны мен тыныстіршілігі бірдей болды. Адамдар носіліне қарай терісінің, шашының, козінің түстеріне, пішініне, сондай-ақ бас сүйектерінің кескін-келбетіне, бет сүйектерінің жалпақтығына және т.б. ерекшелігіне қарамастан барлық адамдар қоршаған табиғатты игеруге, техниканың, мәдениеттің, қоғамдық қатынастардың ең 8 күрделі деген нысандарын жасауға келгенде бірдей дәрежеде қабілетті келеді. Адамзаттың барлық нәсілдері Homo sapiens - бір текке және бірдей даму сатысына жатады. Қазіргі кездегі бірдебір нәсілді дамымай қалған деп айтуға болмайды. Кейінгі палеолитте адамдар Қазақстанның барлық аумағында қоныстанған. Орталық Қазақстандағы - Батпақ-7, Семізбүғы, Ангренсор-2, Қарабас-3; Шығыс Қазақстандағы - Қанай, Новоникольск; Оңтүстік Қазақстандағы -Ашысай, Үсіктас, Соркөл тәрізді кейінгі палеолиттік түрақтар зерттелді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет