1) Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлуЕжелгі тарих алғашқы кезеңді тас, қола, ертедегі темір дәуірлерін қамтиді. Тас ғасыры көне, орта және жаңа тас ғасырлардан тұрады. Осы кезендер туралы біз археологиялық зерттеулерден, археологиялық дереккөздер пайда болуынан білеміз. Тас ғасыры тағы тарихқа дейінгі кезең деп аталынады, яғни сол уақытта жазба дереккөздері әлі пайда болған жоқ. Тас ғасыры 2 млн. жыл бүрын басталып 2 мыңжылдық біздің заманымызға дейін кезенде аяқталады. Ежелгі тарихы бізге ежелгі адам дамуының процесін білдіреді, алғашкы қауым туралы, ежелгі тайпалар, тайпалық одақтар, ежелгі мемлекеттер туралы білім береді. Ежелгі кезеңнің тарихы біздің заманымыздың 6 ғасырында аяқталады.
Тас дәуірі мынадай 3 кезеңге бөлінеді:
Палеолит – ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн. жылдан – 12 мың жылдыққа дейін). Мезолит – орта тас дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар). Неолит – жаңа тас дәуірі (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар).
Өз кезегінде палеолиттің өзі 3 кезеңге бөлінеді: 1) ерте палеолит (б.з.б. 2,5 млн. – 140 мың жылдықтар); 2) орта палеолит (б.з.б. 140 – 40 мың жылдықтар); 3) кейінгі палеолит (б.з.б. 40 – 12 мың жылдықтар).
Орта ғасыр тарихы біздін заманымыздың 6 ғасырынан басталып 18 ғасырдын басына дейін жалғасады. Осы кезең түркі мемлекеттер тарихын, моңғол шапқыншылығы, моңғолкейіңгі кезеңдерін, Қазақ хандығы қалыптасуы, дамуы кезеңдерін қамтиды.Жаңа заман тарихына Қазақстанның Ресей империясына қосылу басталуы 1917 жылғы қазан революцияға дейінгі процесстермен байланысты оқиғалар жатады. Қазіргі заман кеңес уақытынан 1917 жылдан басталады да бүгінгі күнге дейін жалғасады.
2) Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық кезең және археологиялық кезеңдеу. Тас дәуірінде алғашқы адамдар тастан жасалған, формасы, көлемі және қолдану қызметі жағынан әр түрлі еңбек құралдарын пайдаланды. Алғашқы еңбек құралдарына тас шапқы, үшкір таяқша, чоппер, чоппинг, қол қашау, кескіш, бифас, үшкір тас, қырғыш және т.б. жатады. Тас құралдармен бірге сүйектен жасалған еңбек құралдары – біз, ине, гарпун, найза, сүңгі қолданылды. Палеолит дәуірінде алғашқы адамдар бірігіп аң аулады және жабайы жемістерді жинап, терімшілікпен айналысты. Алғашқы адамдардың баспанасы ретінде үңгірлер мен жертөлелер пайдаланылды. Палеолит дәуіріндегі адамдар бірігіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау үшін алғашқы тобырға бірлесті. Алғашқы тобырға қоғамдық қатынастар жетілмеуі, реттелмеген неке байланыстары тән болды.Қазақстан аумағында алғашқы адамдардың пайда болған іздері, тастан жасалған еңбек құралдары – шапқы, кескіш, қырғыш, т.б. – ерте палеолитке, шамамен 1 млн. жыл бұрынғы кезеңге жатады. Қазақстанды мекендеген ең ежелгі адамдар питекантроп пен синантроптың замандастары болған деп есептеледі. Өзінің даму барысында адамның бұл түрі «homo erectus» — «тік жүретін адам» деңгейінде тұрды және ол отты пайдалана білді, аң аулаумен және терімшілікпен айналысты.Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдардың көне еңбек құралдары Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінен, Арыстанды өзенінің бойынан табылған. Археолог Х. Алпысбаев 1958 жылы ерте палеолит кезеңінің тұрақтарын Жамбыл облысы, Қаратау қаласының солтүстік-шығысынан тапты. Бұл тұрақтар Бөріқазған, Тәңірқазған деп аталады. Ерте палеолит кезеңінің ескерткіштері Орталық Қазақстандағы Құдайкөл тұрағынан, Жезқазған маңындағы Жаманайбат, Қарағанды облысындағы Обалысай және т.б. тұрақтардан табылды.Кейінгі палеолит кезеңінде адамдар Жер шарының барлық климаттық белдеулерінде қоныстанып, нәсілдік топтардың қалыптасу процесі жүрді. Қоғамдық ұйым ретінде аналық рулық қауым – матриархат құрылды. Әйелдің үй шаруашылығындағы белсенділігі, ұрпақ жалғастырушы ретіндегі қасиетіне байланысты қауымдағы басшылық орынды әйел иеленді. «Саналы адамның» рухани түсінігі күрделеніп, дін мен өнердің алғашқы нысандары кең тарады. Алғашқы қауымдық өнердің басты тақырыбы – жануарларды бейнелеу, сүйектен, тастан, балшықтар жасалған әйел мүсіндері болды.
Бүгінгі таңда Қазақстан жерінде көнетас (палеолит) дәуірінің үш аймағы белгілі. Олар: Оңтүстік Қазақстан (Қаратау, Жетісу); Батыс Қазақстан (Маңғыстау, Мұғалжар) және Орталық Қазақстан (Солтүстік Балқаш, Сарыарка). Тас дәуірінің осы үш аймағының өзіндік ерекшеліктері болғанымен, олардағы тас өндірісінің жалпы даму бағыты ұқсас.Тас дәуіріне жататын тарихи тұрақтардың ең көнелері — Маңғыстау түбегіндегі Шақпақата, Қаратаудағы Арыстанды өзені бойында. Орта палеолиттің келесі кезеңі немесе археологиялық мәдениеті — ашель. Оның хронологиялық шектері бұдан біздің заманымызға дейінгі 140—40 мың жыл бұрынғы уақыт. Бұл дәуірдің ескерткіштері Қазақстанның барлық аймағында ұшырасады.Палеолит дәуірінің үшінші хронологиялық кезеңін мустье деп атайды. Мустье дәуірі мөлшермен біздің заманымызға дейінгі 40 мың жыл бұрын басталып, біздің заманымызға дейінгі 12 мың жыл бұрын аяқталды. Бұл дәуірдің ескерткіштері Қазақстанның, әсіресе орталық және оңтүстік аймақтарында көптеп кездеседі.Мустье дәуірінде тас құралдардың түрі көбейді, олардың жергілікті ерекшеліктері пайда болды. Мустье дәуіріне тән деп есептелетін тас құралдар Қаратаудағы Қосқорғаннан және Шыңғыстау тұрақтарынан табылған. Шығыс Қазақстанның Шульбинка маңынан археологтар тұрақтың орнын тапқан. Онымен көршілес аймақтарда мустье дәуіріне жататын тұрақтар кездеседі. Ғалымдар оны: "мустьеліктердің шеберханалары, тұрақтары" дейді. Бұл — мустье дәуірі адамдарының бір орыннан екінші орынға жылжып кезе бермей, ұзақ уақыт бойы бір жерде қоныстанып отырғандығын көрсетеді. Соңғы палеолиттің тағы бір белгілі ескерткіші — Орталық Қазақстан жеріндегі Семізбұғы тұрағы. Бұл жерде ең көп кездесетін құралдар — қырғыштар, одан кейін жүзі түзу, кейде қайқы тас түріндегі пышақтар.