Қазақстанның индустриялық дамуы



бет1/6
Дата19.05.2023
өлшемі0,84 Mb.
#94795
  1   2   3   4   5   6

Бүгінгі тақырып: Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру

Индустрияландыру – ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру.

 1920 жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды: Біріншіден, 1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Негізгі көрсеткіштер бойынша кеңестік экономика соғысқа дейінгі деңгейге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, жаңа заманғы кәсіпорындарды құру қажет болды. екіншіден, елдің экономикалық әлуетін тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы, шаруа елі болып қала берді. Қалаларда жұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік шиеленісті күшейтті. Үшіншіден, елдің халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы индустрияландыруды жеделдетуді талап етті. Капиталистік дұшпандық қоршауда қалған КСРО-ға тұрақты соғыс қаупі төнді. Аграрлы ел өнеркәсібінің жоғары дамыған ірі мемлекеттермен әскери қақтығыс болған жағдайда оларға қарсы тұру мүмкіндігі болмады.

Индустрияландыру - өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды.

  • Академик Н.С.Курнаков Орталық Қазақстанның минерал – шикізат байлықтарын зерттеп, “ҚАКСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы” деген тұжырым жасады.
  • Академик И.М. Губкин Орал – Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны – мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады.
  • Инженер – геолог Қ.И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеді.

Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер:

  • Машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.
  • Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды.
  • Тау – кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.
  • Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді. Теміржол арқылы жүк тасымалдау 1913 жылғы деңгейінен 213 есе асып түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет