«БЕКІТІЛДІ»
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Кредиттік комитеттің
2020 жылғы 16 маусымдағы
шешімі, хаттама №894
(«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Кредит комитетінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі шешіміне (№925/09/2020 хаттама), 2020 жылғы 12 қазандағы шешіміне (№931/10/2020 хаттама), 2021 жылғы 26 ақпандағы шешіміне (№996/02/2021 хаттама), 2022 жылғы 2 ақпандағы шешіміне (№1125/02/2022 хаттама), 2022 жылғы 26 мамыр шешіміне (№1171/05/2022 хаттама), 2022 жылғы 12 қыркүйектегі шешіміне (№1216/09/2022) хаттама сәйкес өзгерістермен.
№ ___ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІНІҢ ШАРТЫ
Нұр-Сұлтан қ. 20__ жылғы «___» __________
Бұдан әрі «Лизинг беруші» деп аталатын «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, (қажеттісін қалдырыңыз: 20__ жылғы «__» __________ №___ Жарғы/сенімхат) негізінде әрекет ететін __________ тұлғасында, бірінші жағынан, және
бұдан әрі
«Лизинг алушы» деп аталатын
___ «__________», (
қажеттісін қалдырыңыз: 20__ жылғы «__» __________ №___ Жарғы/сенімхат) негізінде әрекет ететін __________ тұлғасында, екінші жағынан, бірлесіп «Тараптар» деп, ал жеке-жеке «Тарап» немесе жоғарыда
көрсетілгендей аталатындар,
төмендегілерді назарға ала отырып:
Лизинг алушы Лизинг мәмілесі шеңберінде Лизинг берушіден Лизинг нысанасын алуға ниет білдірді, оны Сатушыдан сатып алуды ұсынып және шешім қабылдау үшін барлық қажетті құжаттарды, оның ішінде Лизинг алушының ______ (уәкілетті органның атауын көрсету) қаржы лизингін мақұлдау туралы 20__жылғы «__» __________ (хаттама №___) ______ шешімін ұсынды;
Лизинг беруші Кредиттік комитетінің 20__жылғы «__» __________ (хаттама №___), Басқарманың 20__жылғы «__» __________ (хаттама №___), Директорлар кеңесінің 20__жылғы «__» __________ (хаттама №___) (бұдан әрі бірлесіп - Уәкілетті органның шешімі деп аталады) шешімдері негізінде Лизинг нысанасын сатып алуға және осы Қаржы лизингі шартында (бұдан әрі – Шарт) көзделген талаптар мен тәртіппен сатып алу құқығымен Лизингтік мәмілені іске асыру үшін оны Лизинг алушыға Қаржы лизингіне беруге келісті,
Тараптар келісімге келді және төмендегілер туралы Шарт жасасты.