Қазақстанның мәдени саясаты



Дата02.12.2023
өлшемі18,57 Kb.
#132434

Қазақстанның мәдени саясаты


Мәдениет саясат-қоғамның негізгі құндылықты бағыттары мен тұлғаның жасампаз бастамасын қалыптастыратын әрбір дамыған мемлекеттің басты идеологиялық тұғырнамасы.
Қазіргі таңда мәдениет-әлемдегі барлық мемлекеттер дамуының маңызды басымдықтарының қатарына кіреді.Ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарды құруды,трансциялау мен қолдануды қамтамасыз ететін мәдени институттар мен механизмдердің тиімді жұмыс жасайтын инфрақұрылымдарының болуы дамыған мемлекеттің өлшемін көрсетеді.Қазіргі заманғы мәдени саясатты жасауды ЮНЕСКО-Білім және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы айқындаушы рөл атқарады.Ұйым 1945жылы 16қарашада құрылды. Мәдениет өз алдына күрделі сала, себебі, мұнда қандай да бір есеп жасау, дамудың нақты болжа­мын анықтау немесе белгілі бір формуланы жасау мүмкін емес. Әлемнің қай мемлекетінде болсын, мәдениеттің нақты стандарттары мен нормативтері жоқ деп сенімді түрде айта аламыз. Қазіргі таңда мәдениетті адамды оқитын кітабы, көретін фильмдері, тыңдайтын ән­дері, өмір сүріп жатқан айнала­сы тәрбиелеуде. Сондықтан, мәде­ниет­тің сапалы өнімін әзірлеу, дұрыс құндылықтарды қалыптастыру өте маңызды.Кеңес одағы ыдырап,посткеңестік мемлекеттер өз тәуелсіздігіне ие болған тұста өз егемендігін жариялаған Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде мемлекет құрудың жаңа кезеңіне қадам басты.Демокрктиялық дамудың жолына түскен жас мемлекеттің алдында үлкен міндет тұрды.Ол мемлекеттің саяси жүйесін уақыт пен қоғам талабына сай және демократиялық құндылықтар негізінде құру.Осындай келесі міндеттерді сәтті түрде іске асырған Қазақстан өз экономикасын,өз шекарасын,дербес саясаты бар мемлекетке айналды.Еліміз зайырлы демократиялық қоғам құруға бағыт алып,саяси жүйені жаңғырту істерінде елеулі жетістіктерге жетті.Саяси мәдениет-халықтың саяси тұтастығының белгісі-мемлекет толыққанды өмір сүріп,қоғам игілігіне қызмет етуі қоғамның тұрақты дамуына байланысты.Ал қоғамның тұрақтылығы мен оның дамуы ең алдымен мемлекеттегі билік жүйелері реттейтін саяси жүйеге,саяси мәдениетке негізделеді.Саяси мәдениетті дамыту демокриятияны орнату жолындағы табысқа жетудің басты кілті болып табылады.Ол үшін қоғам мүшелерінің саясатқа белсенді қатысуын қамтамасыз ету маңызды.Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз ел атанып,дүние жүзіне белгілі,аймақтағы жетекші елге айналып отыр.Ең бастысы,90жылдардан бастап қазақ қоғамында ұлттық рухани ұсыныстарын сақтап қалу жолындағы іс шаралар белең,ел ішінде ұлтқа,ұлттық мүддесіне,тіліне,діліне,деген оң көзқарас,сілкініс пайда болады.Жаңа мәдени саясаттық басымдылықтарының бірі-әлемдегі қазқстандық мәдениеттің мәртебесін нығайту.Қазіргі жұрттың санасындағы демократия деген ұғым-халықтың әділетті қоғам жөніндегі арманынан пайда болып,Батыс елдеріне дәстүрлі саяси мәдениетке айналған құбылыс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет