№ 6 дәріс
6.1 Ұлттық мәдениет мәні мен мақсатының жалпы сипаттамасы, оның компоненттері. 6.2 Дәстүрлі мәдениет және оның қызметтері.
6.3 Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті және оның ерекшеліктері.
6.4 Ақын-жыраулар - Ұлы дала рухының иелері.
6.5 Қазақ халқының музыкалық шығармашылығы.
Ұлттық мәдениет – бұл ұлттың материалдық және рухани құн
дылықтарының, сондай-ақ, осы этникалық қауымдастықтың іске асырып келе жатқан табиғатпен, әлеуметтік ортамен өзара ықпалдасуының негізгі тәсілдері нің жиынтығы
Ұлттық мәдениет қоғам, мемлекет қызметінен, оның әлеуметтік институт тарынан, сондай-ақ ұлттық дәстүрлерден, рухани құндылықтардан, ойлау стилі мен қағидаларынан, моральдық нормалардан, стереотиптері мен тұлғааралық және топаралық мінез-құлық таптаурын мен өзін-өзі көрсету үлгілерінен, тіл мен өмір сүру салтынан көрінеді.
Ұлттық мәдениеттің ең негізгі ерекшелігі – бұл оның әртүрлілігі, өзіндік ерекшелігі және қайталанбастығы.
Ұлттық мәдениетті құрушылар міндетін тұтастай алғанда этностар, сондай-ақ қоғамның білімді бөлігі – ұлттық элита: өз мемлекетінің рухани және саяси дамуы үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын жазушылар, ғалымдар, философтар, суретші-гуманитарийлер орындайды.
Өз мәдениетінің ерекшеліктерін дамыту арқылы ұлт еліктеушілік пен қорлан ған көшірмеден аулақ болады, мәдени өмірді ұйымдастырудың өз түрлерін жасай-ды. Даралықтың кез келген белгісі сияқты ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшелігі бір мезгілде ұлттың жалпы өркендеуі, өз болашағына сенімімен және дүниежүзілік өркениеттегі орнымен айшықталады.
Әр ұлттық мәдениеттің өзіндік нышандары мен ерекшеліктері бар. Бұл гео графиялық және әлеуметтік-тарихи жағдайларда өмір сүріп жатқан елдер мен халықтар айырмашылығының және олардың бір-бірінен салыстырмалы оқшау лануының салдары болып табылады.
Дәстүрлі мәдениет пен оның қызметі. Ұлттық мәдениет – бұл мәдениеттің дәстүрлі және жаңа элементтерінің күрделі кешені. Кез келген халыққа өз тарихи өткені мен жетістіктерін қастерлеу, өз ойындағы болашағында және болашаққа ұмтылуында осы өткеніне сүйену үнемі тән.
Дәстүрлі тұрмыстық мәдениет адамдарды олардың білімі мен әлеуметтік жағдайына қарамай-ақ біріктіреді. Дәстүрлі халық мәдениеті қазіргі ұлттық мәдениеттің жүйесі ретінде саналады және оның этникалық-өзіндік белгілері мен қасиеттерін сақтайды. Оның негізгі қызметі жүйеішілік реттіліктің этнотарихи байланыстарын қамтамасыз ету,сақтау және өзектендіру болып табылады, яғни адамдар өз халқы дәстүрлерінің таратушысы мен мирасқоры бола тұра, өздерінің осы этникалық қоғамға оның тарихи өткенінде, бүгіні мен болашағында тікелей қатыстылығын нақтылайды. «Халықтық дәстүрлі мәдениет» ұғымының мәнін ашқан кезде оны «халық» ұғымымен салыстыру орынды. Бұл орайда халық ұғымының мәні туралы К.Д.Ушинский ой қорытқан бірнеше негізгі тұжырымдарға назар аударайық:
-халық ұғымының түп-тамыры халық мінезінде және ең алдымен адам жүрегінде мықтап орын алған отанына деген махаббат сезімінен көрінетіні сонша, тіпті «барлық киелі мен игілік атаулы жойылғанның өзінде ол соңынан өледі»;
-әр халықтың міндеті – өзінің халықтығын жете түсіну, яғни өзінің адамгершілікмұратын жете түсіну және оны іс жүзіне асыру; адам мұраты әр халықта өзінің мінезіне сай болады және ұлттың рухани дамуымен бірге дамиды;
-халықтық дегеніміз халық дамуының негізгі шарты, тарихи сахнада ойнауға тиіс рөлінің маңызды факторы.
Қазақ ұлт болып құрылғаннан бастап төл музыкасы бірге дамыды. Ән-күй арқылы әдет-ғұрып, дәстүрлі салт-сана ұрпақтан -ұрпаққа жетіп, көшпелі халқымыздың рухани мәдениетіне айналды.Әлдилеген сәбиден бастап қарттарымызға дейін қуаныш пен мұңын музыка арқылы жеткізді. Бесік жыры, қыз ұзату, келін түсіру, сүндет той, т.б ойын-сауық, ән-күймен әсерленіп отырды. Әсіресе, лирикалық-әлеуметтік тақырыпқа арналған оқиғалы желіде туған, формасы күрделі музыкалар орындаушылығы жағынан мықты шеберлікті қажет етті. Қазақ халқының ақын, жырау, жыршы, әнші, өлеңші, күйшілері музыкалық мәдениеттің негізін қалады.
Көнеден бүгінгі заманға дейін келіп жеткен ақындар айтысы, өнер сүюшілер сайысы, кәсіби өнер қайраткерлерінің қалыптасуы, елуге жуық әр түрлі аспаптар қолданылғаны жайлы музыка зерттеуші- ғалымдары дәлелдеген.
Сондықтан да болар, шеттен келген адамдар ХVІІІ-ХІХ ғасырлар бойы қазақ халқының өмірі мен салтын бақылап, халықтың өнерге деген қабілетін, суырып-салма ақындығын, еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін ән-күйге деген әуестігіне таңдана қараған.
Ерте заманнан бүгінгі күндерге дейін әуен және ән өнерінің шыққаны туралы қазақ халқының аңызы бар.Бұл аңыз бойынша, әуеде қалықтаған құдыретті ән көшпенді қазақтың ұлы даласынан ұшып бара жатып төмендеген, сондықтан оны естіген халықтың табиғатынан бойына музыкалық қабілеті дарыған.
Тағы да бір халықтың айтуында «Жаратқан Тәңір әр қазақтың жанына туылғанынан күйдің бөлшегін салған»,- дейді[1].
Қазақ халқы әр қоғам мүшелерінің жас ерекшеліктеріне қарай, әуен аспаптары, оның түрлері, құрамы және орындау ерекшеліктерін қалыптастыра білген. Жас балалар шеберлердің қолымен жасалған, сыртын жылтыр бояулармен бояп, әр түрлі өрнектермен әшекейлеген, әр түрлі аңдардың, құстардың, балықтардың, үй жануарларының бейнесіндегі саз балшықтан жасалған үрмелі аспаптармен ойнап, үйренген. Олар осындай әуен құшағында, анасының бесік жырымен, үлкендердің өсиет- өлеңдерін тыңдап, өмірге деген көзқарастары қалыптасып, үлкен өмірге аяқ басқан. Содан соң жастардың әуезге, әнге деген білімдері мен шеберліктері әртүрлі отырыстарда қайым-айтыс, тартыс, қара өлең айту арқылы шыңдалып отырған. Есейе келе ән қорына махаббат әуендері, тойларда айтылатын жар-жар, қалыңдықтың қоштасу әні және де аңшылардың аңға шығарда, сарбаз әскерлердің жорыққа аттанарда қолданған -дабыл, дауылпаз, шыңдауыл секілді аспаптардың үндері мен толықтырылып отырған. Ал, үлкендер өз ән-күйлерінде елдің бірлігі, халықтың мұң-мұқтажы, салт-дәстүрі мен айтыстарды өз руларының жеңіс, жетістіктерін жырға қосып жырлаған.Ақсақал, қариялар әуен арқылы жастарға өнеге-өсиет, өмірдің өткінші, бақыттың баянсыз, жалындаған жастықтың да жастығы қисайып, қарттықтың кіретінін терең ойланып, түсінуге шақырған.
Міне, ғасырлар бойы көшпенді қазақ халқының жылдан-жылға, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып келе жатқан ән-әуен өнері осындай болса керек.
ХХ ғасырдың басына дейін, қазақ халқының рухани байлығы әкеден балаға, ұстаздан шәкіртке, өткеннен болашаққа тек ауызба-ауыз беріліп отырған. Көшпенді, жартылай көшпенді өмір де халықтың музыкалық дәстүр мен саз аспаптарын, сондай-ақ көркем өнердің бір тамаша үлгісі ретінде ауызша және ақындық өнердің дамып қалыптасуына өз әсерін тигізді.
Бастапқы даму кезеңінде халық музыкасы діни және тұрмыс-салт, дәстүр сабақтастығын жырлауға арналған құрал ретінде қаралды. Қазақ халқының ұлттық этнос ретінде қалыптасу кезеңінде жыраулардың жыр толғаулары көбінесе ата-баба дәстүрімен батырлық- ерлікті дәріптеуге көп арналған. Қыл қобыз бен домбыраның сүйемелдеуімен орындалатын мыңнан аса жыр жолдары төгілген, жүзден аса маржан жырлар халық есінде жатталып қалған. Қазақ халқының бұрынғы және қазіргі тарихында ойып орын алатын «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер -Тарғын», «Қамбар батыр», «Қыз Жібек», «Қозы-Көрпеш-Баян -Сұлу», «Еңлік-Кебек» және ерліктің белгісі, ұлттың алтын қазынасы ретінде жеткен.
Кейінірек пайда болған күй өнері де өзінің тылсым табиғатымен тәнтті еткен. Дәстүрлі жыр өнері мен құдіретті күй өнерінің бастауында әрине қыл қобызын арқалаған Қорқыт бабамыздың тұрғаны айдан анық.
Кейбір күйлерден тірі табиғаттың тылсым үнімен қоса өмір мен өлімді, тіршіліктің мағынасына үңілген ұлылықты сезінгендей боласың. Бірақ барлық дерлік күйлерден қайталана естілетін әуен-бұл тәңірге жалбарыну, ұрпаққа өсиет, ата-бабалар дәстүрі, табиғат тылсым күштері мен аруақтарға арнаулар.
Домбыра мен сыбызғы аспаптарының даму тарихы ғасырлар қойнауына терең кетеді. Көне қала Хорезмге жасаған археологиялық қазбалар кезінде табылған екі ішекті музыкалық аспаптарда ойнап отырған мүсіндер, домбыраның шығу тарихының көнеден басталатындығының куәсі. Ғалымдардың пайымдауынша, 2000 жыл бұрын пайда болған Хорезм екі ішекті аспаптарының қазақ домбырасымен төркіндес екендігі және бұл аспаптардың Қазақстан территориясында пайда болған ежелгі көшпенділердің алғашқы аспаптары екені анықталып отыр.
Домбыра мен сыбызғы саздарының ежелгі үлгілері ретінде жеткен күй дастандары өте көп. Мысалы, «Аққу», «Қаз», «Нар», «Ақсақ құлан», «Ақсақ қыз», «Жорға аю», және қайғы-мұңға толы «Зарлау», «Жетім қыз». Бұл күйлерде ежелгі көшпенділердің діні, салт-дәстүрі, қуаныш-қайғысы мыңдаған ғасырлар бойы сақталып, бізге жеткен[2].
Тек ХІХ ғасырда қазақ музыкасы діни әуендерден арылып, толық қанды көркемөнер саласы болып дами бастады. Осы кезеңде аспаптар ақындар айтысы, өлең өнері халық арасында кеңінен тарап, рухани қолдау тауып, қарқынды алға басты.
Кең байтақ Қазақстан өңірінде әр түрлі сазгерлер мен орындаушылар мектебі ашылып, әр өлкелердің әуендері жарық көрді.
Шалкиіз Тіленшіұлының -1465/1560 шығармашлығы, философиялық ой кешу , дыр толғау әдістері ерекше. Ел аузынан жазылып алынған тарихи әңгімелерге қарағанда, шалкиіз Батыс Қазақстанда, Ноғайлының ұлы биі Мұсаның қызынаң туыпты. Әкесі Тіленші – қазақ арасындағы көп шонжардың бірі болса керек.
Шалкиіздің философиялық ойлары ұзақ толғанып, өз заманын нәзік түсіне білуінің жемісі. Бұл ерекшілектер жыраудың шалқар даналықтың, терең ақылдын иесі болғандығын көрсетеді.
Шалкиіз шығармашылығында бір қалыпқа түскен философиялық көзқарас жоқ. Бұл Шалкиіз шығармаларының біздерге дейінгі ұрпаққа толық жетпеуі себепті болар деп ойлаймыз. Дегенмен, қолда бар толғаулардың өзі адам, қоғам, өмір, табиғат жайында терең түсініктер береді.
Дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ. Өмір қысқа екен, бұл жалған басы жұмыр пенденің бәрінен де өтеді екен, демек, осы аз ғұмырды дүниедегі бар қызықты тегіс көріп дүмандатып өткізу керек деп, жырау өмір мен өлім мәселесі жайында философиялық толғаныстар жасайды. Жырау өмірдің бар қызығы, бақыты, қуанышы о дүниеде емес, адамның бар бақыты бұл дүниеде екендігі айтып өтеді. Шалкиіз жырау «көп түкірсе – көл» деп елді ұйымшылдыққа, бірлекке шақырады. Оның пікірінше, көптің, елдің қолынан бәрі келеді. Сондықтан да Шалкиіз жырау: «Жалғыздың жағы жоғалса табылмас, рулының оғы қалса табылар», «Жағаға дұшпан қолы тимеске, артында туысқаның көбі игі», «Белуардан саз кешсен тобығаңнан келтірмейтін», «қамалған қалын туғанның арқысы»,- деп ағайынның, туғаннын көп болғанын қалайды.
Бұқар Жырау – 17/18 ғ.ғ.
18 ғ. жыраулары ішіндегі ең көрнекті тұлға - Бұқар Жырау Қалқаманұлы шамамен 1668 жылдары дүниеге келді. « Заманының бізге бір табан жақын тұрғанына, өмір сүрген талғандығына қарамастан, қазақтың ескіде өткен басқа ақын жыраулары сияқты, Бұқар өмірі қақында да біздің білеріміз тым тер жоқ. Қолда бар бірден-бір нақты мәлімет жыраудың Абылайдан бұрын туып, соң өлгендігі». Жырау бір ғасырдың астам жасап, 1781 жыл шамасында қайтыс болды. Сүйегі Баянауылда, Далба таунның етегінде.
Бұқар мұрасынан біздің заманымызға жеткені 1100 жырау жол шамасында. Бұқардаң қалған мұраның ішіндегі ең көркем туындылардың бірі болып есептелінуге өмір арқылы, сол кездегі әлеуметтік тарихи жағдайларды үлкен философиялық толғаныспен шын көрсете білген.
Бұқар қарапайым тілмен емес, белгілі бір табиғат құбылысының нақты көрінісімен оны дұрыс қорытындылай отыра, адам санасына объективтік шындық дүниені бейнелеп жеткізеді. Бейнелі тіл саналы ойдың жемісі, міне, осы тұрғыдан қарағанда да Бұқардың болмысы ойшыл философ, азамат ақын жеткізеді. Бұқардың ақындық қуаты, азаматтығы, қазақ тарихындағы үлкен іс атқарған ірі тұлғалардың бірі екендігін көрсетеді.
Халық ауыз әдебиеті үлгілері балалардың ақыл-ойын кеңейтеді, тілін ширатады, жеке тұлғалық адами ізгілік қасиеттері мен талғамын күшейтеді, ата-баба мұрасын құрметтеуге тәрбиелейді. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлiм-тәрбиенiң белгiлi жүйесiн жас буын жадына бiртiндеп сiңiрiп отыратын арнаулы жолдар, тиiмдi тәсiлдер болған. Сондықтан қазақ халқының ауызекі шығармашылығы - тәлiмдiк-тәрбиелiк ой пiкiрдiң бастауы, халықтың рухани мұрасы. Олардың қайсысының болсын педагогикалық мүмкіндіктері жоғары, өзіне тән мазмұны, ерекшеліктері бар танымдық, тәлімдік мәні зор, ұлан–ғайыр дүние.
Осы жайлы Ш.Уәлиханов: «халықтың ақыл-ойын және қалың бұқараның сана-сезімі, өмірі мен алға басуы кезінде туған бұл шығармалар (қазақтың аңыз әңгімелері, ертегілері, мақал-мәтелдері, батырлар жыры) ауызша айтылу түрінде бірден-бірге, содан бүкіл халыққа жайылды. Онда халықтың мәдени рухы, көзқарасы, әдеті, мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі суреттелген. Сондықтан бұл жырлардың әдебиеттік жағынан болсын, тарихи жағынан болсын маңызы зор» – деп ой түйіндеген.
Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің ішінде ертегілер баланы қызықтырады, қиялын дамытады, сөзді тыңдай білуге үйретеді, оның адами ізгілік қасиеттерін тәрбиелейді, тілін ширатып, жан дүниесін, мінез-құлқын қалыптастырады, жеке тұлға ретінде қалыптасуға, жеке даралық дарын нышандарын дамытып, жетілдіреді. Қазақ ертегілері сан алуан, оларды: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі, от басындағы ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады. Ертегілер баланың қиялын шарықтатып, баланың болашағын елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейді.
Халық баланың тілін ширату үшін оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған. Балбөбектің тілі шығып балдырған жасында сөздік қоры молайа басталған кезде кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.
Жаңылтпаштар тек жас балалардың тілін ширату үшін ғана қолданылмайды, сонымени қатар жаңылтпаш айтысып, тіл ұстартуды үлкендерде салтқа айналдырағн болатын.
Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің ішіндегі бесік жыры, тұсау кесу жыры - жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастырудың қуатты құралдары. Соның ішінде, тұрмыс-салт әуендерімен айтылатын бесік жырының мәні зор. Ал, батырлар жырлары жақсылық пен жамандықты, мейірімділік пен зұлымдықты көз алдына елестетіп, ой-өрісін дамытады, шығармадағы қызықты оқиғалар, отты сөздер, өнегелі іс-әрекеттер балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді жаман мінез-құлықтан жиренуге, жақсылыққа жетелейді. Батырлар жыры жас ұрпақты ерлікке, халықты сүюге, сүйіспеншілікке, достыққа тәрбиелейді, тұлғаның ұлттық мақтаныш сезімін тудырады. Аңыз әңгімелер жеке тұлғаны шыншылдыққа, бауырмалдыққа, елін сүйіп, еңбек етуге, зұлымдықпен күресе білуге үйретеді,келер ұрпақтың наным-сенімін, арман-қиялын арттырады. Онда көбінесе өмірде болған нақты оқиғалар алынады да, оған қызық-ғажайып сюжеттер қосылып, тыңдаушыны баурап алатындай әңгіме жүйесі ерекше әсерлі құралады.
Қазақ халқы – сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қадірлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен көмкеріп келе жатқан халық. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мақал-мәтелдерді үлгі етіп, жеке тұлғаны тәрбиелеуде пайдалану дәстүрге айналған. Осы сарқылмас қазына ауыз әдебиеті үлгілерінің тағы бір түрі – мақал-мәтелдердің бала тұлғасын қалыптастыруда алатын орны ерекше. Осыған орай, тәрбиенің халықтық дәстүрмен тығыз байланысын тұңғыш қарастырушы К.Д.Ушинский «…балалар тәрбиесі саласындағы мақал-мәтелдер, сондай-ақ басқа да қанатты нақыл сөздер – сөздің інжу-маржандары, онда халықтың даналығы, байқампаздығы, оның бала тәрбиесіндегі үлкен өмірлік тәжірибесі, еңбекке деген көзқарасы, үміті мен арманы, мүддесі қалыптасып сақталған» - деп, тәрбиенің халықтық сипатына еңбектің тәрбиелік және психологиялық мәселелеріне көңіл бөле отырып, тәрбие көзі халықта деп тұжырымдаған. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің ішінде баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға жұмбақтың тәрбиелік мәні зор. Жұмбақ баланың ойын, қиялын шарықтатып, қисындық пайымдау қабілетін дамытады, оны тапқырлыққа баулиды. Оны Аристотель «...жан-жақты жымдасқан метафора» деп бекер айтпаған, себебі бала затты бейнелеп, баламалап сипаттау арқылы көлеміне зер салуға, танымдық ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуге дағдыланады. Жұмбақ туралы А.Байтұрсынов былай дейді: «Жұмбақ» деген аты жұмудан шыққан: яғни қолдың ішіне бір нәрсені жасырып, жұмып тығып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақ нәрсені қолға тығып тұрып таптырмайды, ойда бүгіп, айтпай қойып, сол нәрсеге ұқсас нәрселерді сипаттап айтып, ұқсастығы бойынша таптырады. Жұмбақ зейінді ұстап тұруға пайдасы бар нәрсе. Жұмбақтың негізі тәріздеу, яғни нәрсенің сипатын тәріздеп айту». Жұмбақтың тақырыбы мен мазмұны өте ауқымды. Бұл жөнінде М.Ғабдуллин: «...жаратылыс дүниесі, табиғат жайы, еңбек құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер және оның өмірі, білім, техника т.б. жұмбақтардың басты тақырыбы», - деп мазмұнына қарай жұмбақтарды әр салалы тақырыптарға бөледі. Жұмбақ – ауыз әдебиетінде ертеден қалыптасқан, өзіндік ерекшелігі бар жанрдың бір түрі. Ол тәрбиеленушінің ойлау қабілетін, қиялын дамытып, тапқырлық қасиетін жетілдіреді.
Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тағы бір түрі – санамақтар. Санамақтарды халық негізінен жас балаға сан үйрету үшін шығарған.
Тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырып, тәрбиелеуде қазақ халқының айтыс өнерінің орны ерекше. «Айтыс» – қазақтың төл сөзі. Айтыс шешендік сөзбен де, өзара күй тартысу арқылы да, кезектесіп айтылған суырып салма өлең мен де болуы мүмкін. Мұның қай түрін алып қарасақ та, сезімтал тапқырлықпен, қиыннан қиыстыратын шеберлікпен қатар, халқымыздың ой-арманы, ар-намысын қастерлеген ақыл-өсиеті мен бүкіл әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қамтылады. Айтыста жеке тұлғаға үлгі-өнеге болатын әсемдікті нақышына келтіріп бейнелейтін теңеулер, ұшқыр ойлар, шешендік нақыл сөздер жиі айтылады. Демек, осындай айтысты тыңдап, балалар айтысына қатысып өскен балалар адами ізгілік және (ар-ұят, сыпайылық, үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу, еңбекті қадірлеу, рақымды, ізетті, инабатты болу, Отанын, халқын сүю, құрдастарын, достарын құрметтеу т.б.) жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, дүниетанымы мен мінез-құлық дағдыларын дұрыс қалыптастыруға, мәдениетінің дамуына, өз халқының ән-күйіне деген сүйіспеншілігін арттырады, эстетикалық талғамын, жан сезімін жетілдіре отырып жеке тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің ішінде шешендік сөздерді баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға пайдаланудың маңызы зор. Себебі, шешендік сөздер – ел құралып, халық қалыптаса бастағаннан бері халықтың өнеге тұтып, өмір тәжірбиесіне пайдаланып келе жатқан, билер мен хандардың, ақындар мен шешендердің ел ағасы болған данышпандардың жастайынан жалындап өскен өткір ойшылдарың аузынан шыққан дуалы, өнегелі, қисынды, қасиетті сөздер.
Отбасында ата-ана бала тәрбиесіне үлгі етіп шешендік сөздермен мысал келтіріп, баланы әңгімеге тартып, ойын оятып отыруға міндетті, шешендік сөздерді таңдап отбасында оқуды әдетке айналдырып, әдеттен дағды, дағдыдан дәстүрді қалыптастыру ләзім.
Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. Мәселен «Жаңбырменен жер көгереді, батаменен ер көгереді», «Көп тілеуі – көл» деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдірген, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Батаның тәрбиелік мәні туралы С.Кенжеахметов былай деген: «Бақ берсін, бас берсін, Өміріңе ұзақ жас берсін» – деген сөз адамды ізгілікке, парасаттылыққа, мейірімділікке баулиды. Ендеше бата да сол ұлы қасиеттерге бастаушы, әрі тудырушы рухани мұра болып табылады. Бата көркем сөзбен, өлеңмен, тақпақпен, шешендік тілмен, әсермен қол жайып айтылады. Батаны құрметті, елге өте сыйлы адамдар береді. Үлкен кісілер немесе кез келген адам біреудің қайырымдылығы мен жақсылығы, ізгі қызметі үшін де бата береді. Батаның тәрбиелік мәні зор». Демек, бата-тілек жеке тұлғаға жақсылық ойлау, ізгі ниетін білдіру. Мәселен, дастарханға бата беру, ас қайыру, жеке адамға бата беру сияқты бата-тілектерді балаларға үйрету оларды бірлікке, ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оның тәрбиесіне ықпал ететін салт-дәстүрдің тағы бір түрі – ырым-тыйым сөздер. Ырым-тыйым сөздер жеке тұлғаны жамандықтан сақтандырып, жақсылыққа жетелейді. Мәселен, «Ерніңді шығарма», «Бетіңді баспа», «Бас киімді теппе», «Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаға салма» - деген сияқты тыйым сөздерді балалардың тәрбиесіне жиі қолданып, үйрету олардың бойында адами ізгілік қасиеттер мен жақсы мінез-құлық дағдылардың қалыптасуына әсер етеді.
Қазақтың халық педагогикасында ақыл ой-тәрбиесі термелер арқылы да іске асырылады.
Жырдың үлгі өнеге, өсиет, насихат ретінде айтылатын түрі – терме деп аталынады. термеде жырау өмір тәжірибесінен алынған философиялық ой-шешімдерін айтады: адамгершілік қарым-қатынасты, өмірдің философиялық мәнін түсінуді адамгершілік пен әділетті, әсемдік пен әуезділікті уағыздайды. Терме жыраудың, жыршының өз әуенімен (сарынымен), мақалымен айтылады. Терме айтушы оның әуенін көбінесе домбыраға, гармонға қосып айтады.
Термеші адамгершілік пен зұлымдылықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, жаман мінез бен жақсы мінезді салыстыра жырлап, тыңдаушыны адамгершілікке, достыққа, бірлікке, еңбекке, өнерпаздыққа тәрбиелейді.
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оның тәрбиесіне ықпал ететін салт-дәстүрдің тағы бір түрі – ырым-тыйым сөздер. Ырым-тыйым сөздер жеке тұлғаны жамандықтан сақтандырып, жақсылыққа жетелейді. Мәселен, «Ерніңді шығарма»,«Нанды теппе», «Құстың ұясын бұзба», «Көкті жұлма», «Табалдырықта тұрма»; «Босаға керме»; «Беліңді таянба»; «Бетіңді баспа» «Бетіңді баспа», «Бас киімді теппе», «Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаға салма» - деген сияқты тыйым сөздерді бала тәрбиесіне жиі қолданып, үйрету олардың бойында адами ізгілік қасиеттер мен жақсы мінез-құлық дағдылардың қалыптасуына әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |