Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет1/9
Дата09.11.2022
өлшемі63,52 Kb.
#48698
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тақырыбы: Ғ.Мүсірепов повестеріндегі тақырыптық-идеялық ізденістер
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Көркейіп, кемелденген қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі - Ғабит Мүсірепов. Ол прозаик, публицист, драматург, аудармашы, сыншы ретінде ұлтымыздың рухани өмірінде айрықша маңызды роль атқарды.
Ғабит Мүсірепов өзінің суреткерлік ғұмырында қазақ өмірінің алуан салалы маңызды, шешуші мәселелерін көтерді, өзгерген қоғам мен жаңа заманның жарқын образдарын жасап, өзі өмір сүрген қоғамның сыры мен сынын ашуға талпынды, заман талғамына, талабына сай керкем дүниелер тудырды, халқымыздың күндылықтар қорына зор да асыл, бағалы үлестер қосып, асыл қазынасын байытқан үстіне байыта түсті. 3. Ахметов пікірімен тұжырымдасақ:
«... Ғабит Мүсіреповтің жазушылық шеберлігі дегенiмiз – алдымен ел өмірiндегi ең келелі саяси-қоғамдық, ой-саналылык, мәдениеттік мәселелерді терең толғап түсіну, ой түю, пікір қорыту шеберлігі, халық тіршілігіне, тағдырына қатысты сан алуан құбылыстарды суретшіше сергек сезініп қабылдай білу, бейнелеп көрсете білу шеберлігі» [1, 2 б.].
Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы образдар көркемдігі, тіл шеберлігі, сөз үнемдiлiгi мен характер даралығы, психологиялық иірімдер әлем әдебиетінің озық үлгілерінен бастау алып, ұлттық қасиеттерді бойына дарыта отырып туындаған.
Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық әдебиетіміздің көркемдік, шеберлік повесть жанрындағы тырнақалды туындылары «Тулаған толкында», «Көк үйдегі көршілер», «Өмір ертегісі», «Алғашқы адымдар», «Үздіксіз өсу», «Туннель», «Жайлау жолында», «Тұтқын қыз» және қазақ повесінің көркемдік дамуындағы ауқымды жетістік - «Кездеспей кеткен бір бейне» повесінің көркемдігі туралы да түрлі деңгейде сөз болды. Олардың жекелеген қырлары, атап айтар болсақ, «Тулаған толқындадағы» азамат соғысы кезеңіндегі қазақ елінің көрінісі, «Өмір ертегісіндегі» өндіріс жайы, «Көк үйдегі көршілер», «Алғашқы адымдар» повестеріндегі ұжымдастыру шындығы, «Туннельдегі» кеңес адамдарының реалистік бейнесі, «Тұтқын қыз», «Үздіксіз өсудегі» ел iшiндегi дүрбелең, дүбірлі кезеңдер, «Кездеспей кеткен бiр бейнедегі» поэтика мәселелерi тілге тиек етiлгенiмен, бұл шығармалардағы идеялық нысанның көркемдік деңгейі, каламгердiң осы бағыттағы көркемдік ізденістері, шеберлік жолындағы жетістіктері арнайы сөз болган жоқ.
Ғ. Мүсіреповтің повесть жанрындағы туындыларының кейбіреулері аякталмай да қалды. Себебі, оларда бейнеленген өмір мен замана мәселелері, тақырыптық ерекшелік пен жазушының шығармада бейнелеген шындықтарға көзқарасы, яғни идеялық нысанасы жазушы дүниетанымының, шеберлігінің қалыптасу, ұшталу жолын көрсетеді. Осы туындылардың кейiнгi кесек шығармалардың өмірге келуiне негіз болгандығын талдап-саралау, ондағы асқақ рух пен адамгершілік пафосты ашу қажеттігі зерттеу тақырыбының өзектiлiгiн, маңыздылығын айқындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет