Қазақтың ұлттық тағамдары


Қара қуырдақ. Кілең өкпе мен бауырдан, жүрек пен бүйректен әзірленеді. Бауыр тез пісетін болғандықтан, кешірек салынады. Мұның қара қуырдақ деп аталатын себебі, бауырлық қара майға қуырылғанда қуырдақ



бет2/6
Дата06.01.2022
өлшемі1,67 Mb.
#12006
1   2   3   4   5   6

Қара қуырдақ. Кілең өкпе мен бауырдан, жүрек пен бүйректен әзірленеді. Бауыр тез пісетін болғандықтан, кешірек салынады. Мұның қара қуырдақ деп аталатын себебі, бауырлық қара майға қуырылғанда қуырдақтың өңін қарайтып жібереді.

  • Қара қуырдақ. Кілең өкпе мен бауырдан, жүрек пен бүйректен әзірленеді. Бауыр тез пісетін болғандықтан, кешірек салынады. Мұның қара қуырдақ деп аталатын себебі, бауырлық қара майға қуырылғанда қуырдақтың өңін қарайтып жібереді.
  • Сырбаз қуырдақ. Сірнеге ұқсас жеңсік тағам. Қай малдың болса да жаңа сойған жас етін қазанға салып, бие сүтін құйып, тұз салып ақырын ғана қайнатқан кезде өз буымен піседі. Кей жерлерде мұны "бұқпа қуырдақ" деп атайды. Піскен кезде еті сағыздай созылып тұрады. Аталған дәмді сыйлы кісілер мен қарт адамдарға тартады.
  • Сүр ет қуырдағы. Қуырдақтың бұл түрі сүрленген еттен дайындалады. Мұндай еттің қышқылтым дәмі болатындықтан оны бір қайнатып, сүт пісірім уақыт салқындатып қойып, сорпасын төгіп тастайды. Осыдан соң ет жібіп жұмсарып, оңай туралады. Артынша қазанға аздап су, мөлшерлеп май құйып, түрлі басқа да дәмдермен қосып етті қуырады.
  • Жоңқа қуырдақ. Жаңадан сойылған мал болмағандықтан өкпе-бауыр, ішек-қарынсыз, тек қана сұрпы еттен қуырылған қуырдақ осылай аталады. Қуырдақтың бұл түріне аздап картоп, күріш, ши кеспе салып та даярлайтын болған.
  • Үкпе қуырдақ.Етті өте майдалан турап қуырады. Үкпе қуырдақтық еті майда болғандықтан, оны суға бүктіріп қайнатпай-ақ, майға қуырып пісіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет