Сабақтың мақсаты: білімділігі: жазушының айтар ойын ашу,талдау, эстетикалық көзқарасы қалыптасқан оқырман дайындау



Дата28.10.2022
өлшемі26,05 Kb.
#46046
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Д.Исабеков «Әпке» драмасын талдау.
Сабақтың мақсаты: білімділігі: жазушының айтар ойын ашу,талдау, эстетикалық көзқарасы қалыптасқан оқырман дайындау;
дамытушылығы: шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойларын нақты,дәл жеткізе білуге,позициясын қорғай білуге дағдыландыру,сөйлеу тіліне,сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу,дүниетанымын кеңейту,пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру;
тәрбиелілігі: адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру арқылы отбасы мүшелеріне деген құрметтеу сезімдерін ояту;
Сабақтың түрі: талдау сабағы
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау
Пәнаралық байланыс: театр, кино
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, талдау кестесі, «Әпке»фильмінен үзінділер
Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау»

  1. Д.Исабековтің «Әпке» драмасының желісімен түсірілген кинофильмге жарнама («Қазақстан» теле арнасы «Таңшолпан» бағдарламасы, 10.12. 2013 жыл).

  2. Т.Асардың орындауындағы «Әпке» әнін тыңдату (Фильмнің басталуы,рольде ойнаушылар,қоюшы режиссер- Мұрат Бидосов).

ІІ. Мағынаны тану.

  1. Талдау- табыс кілті. Шығарманы кешенді талдау.



  1. Авторы: Д.Исабеков

  2. Тақырып – бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл шығарма. Әдеби шығарма дегеніміз – белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. Адамгершілік, жан жылуы.

  3. Әдеби жанр (әдебиеттің тектері):

Драма – бұл шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына
келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға
қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз
алдында қолма – қол көрсететін күрделі жанр.

  1. Шығарманың негізгі идеясы – бұл тақырып арқылы шындық өмір

көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді. Бауырларын бақытты етсем деген әпкенің тілегі мен өз бақытын құрбан етуін көрсету, басқаларға ой салу

  1. Шығарманың композициялық құрылысы – шығарманың композициясы сюжеттік дамудың кезең – кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе.

            1. Сюжеттің басталуы – оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым – қатынасқа көшпес бұрынғы хал – жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Тимурдың үйіне достарын ертіп келуі, Сұлтанның туған күнін атап өту

    1. Сюжеттік байланыс – адамдар арсындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Қонақтармен үй ішіндегілердің танысуы, әр түрлі көзқарастар

    2. Шиеленісуі – оқиғаның, адамдар арасындағы іс - әрекеттің шиеленісіп, ширығуы. Қамажайдың жұмысқа тұруы, Тимурдың үйленуі

    3. Шарықтау шегі – сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы, адамдар арсындағы қимыл - әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері; шығармадағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі.

    4. Қамажайдың Қабенмен арақатынасты үзуі, әпке-келін, әпке-іні, аға-қарындас арасындағы кикілжің, Тимур мен Кәмиланың үйден кетуі.

    5. Шығарманың шешімі – суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі»; адамдар арсындағы қарама – қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже; оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал – күйі; күллі құбылыс – көріністердің соңғы сахнасы.

    6. Ананың мерейтойы, қара шаңырақтағы тойды өткізушілер-Қамажай мен Ермек, көршілер

  2. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі:

Қамажай, Омар, Темірбек (Тимур), Ермек, Нәзила, Гауһар,
Кәмила (Кама),Сұлтан, Сұлухан (Светлана), Қабен, көрші әйел.

  1. Тәрбиелік мәні: Отбасы – алтын қазық



  1. Кейіпкерлер галереясы.

Шығармадағы диалог арқылы кейіпкерлер мінезі қалай танылған?


(«Әпке» фильмінен үзінділер көру арқылы кейіпкерлер мінезін ашу).

  1. Ермек - Омар

  2. Тимур - Кәмила

  3. Қамажай- Омар

  4. Нәзила- Омар

  5. Қамажай (айырылысу хаты)

- Шығарманың аяқталуында оқулық пен кино арасында қандай айырмашылық бар?

«Екі жақты түсіндірме күнделік»


Пьесадағы қай кейіпкер
ерекше ұнады?

Себебі?








ІІІ. Толғаныс. «Адамның бақыты дегеніміз не?» эссе

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет