Қазіргі студенттің психологиялық портретін құру



Дата08.12.2022
өлшемі16,34 Kb.
#55819
Байланысты:
БӨЖ 5


Қазіргі студенттің психологиялық портретін құру.
Студент белгілі жастағы адам және жеке тұлға ретінде үш жағынан сипатталуы мүмкін:
1) психологиялық жағы – психологиялық үдерістер, жағдайлар және қасиеттердің бірлігін көрсетеді. Психологиялық жағынан, ең бастысы, психикалық үдерістердің жүзеге асуына, психикалық жағдаяттардың пайда болуына, психикалық құрылымдардың көрінісіне тәуелді болатын – психикалық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, мінез-құлық, қабілеттер). Дегенмен, нақты студентті зерттеу кезінде, әр индивидтің ерекшеліктерін, олардың психикалық үдерістерін және жағдаяттарын ескеру керек;
2) әлеуметтік жағы – студенттің белгілі әлеуметтік топтан, ұлттан шығуынан туындайтын қоғамдық қатынастарын, қасиеттерін нақты көрсетеді;
3) биологиялық жағы – жоғарғы нерв іс-әрекетінің типі, анализаторлардың құрылысы, шартсыз рефлекстер, инстинктілер, физикалық күш, дене құрылысы, бет әлпеті, терісінің және көзінің түсі, бойы және тағы басқалармен көрінеді. Бұл жағы, негізінен, тұқым қуалаушылық және туа біткен дағдылармен алдын ала анықталған, бірақ, белгілі шекара аралығында тіршілік жағдайына байланысты өзгереді.
Бұл жақтарын зерттеу студенттердің қасиеттері мен мүмкіндіктерін, оның жасына байланысты және тұлғалық ерекшеліктерін көрсетеді. Сонымен, егер студентке белгіл жастағы адам деп қарасақ, оған қарапайым, құрама және сөз сигналдары, абсолютті және әртүрлі сезім анализаторлар оптимумы, күрделі психомоторлық құрылымдардың және басқа дағдылардың иірімділігі тән болады. Басқа жастағы адамдарға қарағанда, жасөспірімдік шағында оларда үлкен жылдамдықтағы оперативтік еске сақтау, және зейіннің тез басқаға ауысуы, вербалды-логикалық есептерді шығаруы және т.б. мүмкіндіктері басым болады.
Сонымен, студенттік жас барлық алдындағы биологиялық, психологиялық, әлеуметтік даму үдерістеріне негізделген ең жоғары, «шың» жетістітерге жетуімен сипатталады.
Егер студент жеке тұлға ретінде зерттелсе, онда 18-20 жас – адамгершілік және эстетикалық сезімдерінің ең көрнекті дамыған, мінез-құлықтың қалыптасу мен тұрақтану кезеңі, және, ең маңыздысы, ересек адамның әлеуметтік ролінің толық кешенін игеру: азаматтық, кәсіби-еңбектік және т.б. Бұл кезең «экономикалық белсенділіктің» басталуымен байланысты, демографтар оны адамның жеке өндірістік іс-әрекетке кірісу, еңбек биографиясының басталу және өзінің меншікті от басын құру кезеңі деп түсінеді. Бір жағынан, мотивацияның, барлық құндылық бағдар жүйесінің өзгеруі, келесі жағынан – мамандандырылуына байланысты арнайы қабілеттердің қарқынды қалыптасуы, бұл жасты мінез-құлық пен интеллектінің тұрақтануының орталық кезеңі сипатында бөліп көрсетеді. Ол спорт рекордтарының, көркем шығармашылықтың, техникалық және ғылыми жетістіктердің уақыты. Студенттік жас - интеллектуалдық және физикалық күштің дамуының көптеген оптимумдарына жететін кезең болып сипатталады. Бірақ, кейбір кезде осы мүмкіндіктер мен олардың нақты жүзеге асуының арасында «қайшылықтар» қатар жүреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет