Қазтуған толғауларының көркемділігі Пән атауы: Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет Орындаған



Дата15.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#83041

ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
"СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ" КеАҚ




Қазтуған толғауларының көркемділігі
Пән атауы: Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет


Орындаған:Тоқташева Айгерім Мұратбекқызы


Тобы:КЯЛ-101


Пән мұғалімі: Кадыров Айбар Кабыкенович
2023
Кіріспе
Жоспар:
1.
2.
3.
Поэзиялық шығармаларда,автор негізінен, лирикалық тұлға ретінде танылады. Лирика ақынның ішкі сыры,толғанысы, яғни,авторлық тәжірибесі басқа жанрларға қарағанда айқын бедерленеді, өмір шындығын оқырман лирикалық тұлға поэзиясындағы автордың көзімен қарап, танып біледі. Лирик ақын өзі туралы айта отырып,өмірлік жайларды толғайды.
Қазтуғанның ақындық қуатын танытатын шығарма – оның туған жермен қоштасу жыры.Бұл толғаудан кейін бүкіл қазақ поэзиясына азық болған образдарды ұшыратамыз.

«Алаң да алаң, алаң жұрт,


Ағала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт,
Қарағайдан садақ будырып
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт! »

Бұл жолдарда оқушысын баурап алатын ерекше бір күш бар сияқты.Аңдап қарасақ өзгеше ештеңе де жоқ,қарапайым сөз тіркестері.Алайда, осы қарапайым сөздердің өзінде адамды елітер, ерітер қаншама сезім жатыр десеңші!


«Атамыз біздің бұ Сүйініш


Күйеу болған барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт…»

Адамға ең ыстық – Отан, ата-бабасының ғұмыр кешкен,өзінің туып,өскен елі,жері.Сондықтан да Еділ қымбатты, сондықтан да Еділді қиып тастап кету мүмкін емес.Жыраудың туған жерге деген махаббатында шек жоқ,бұл сезімде тіпті,фәнилік емес бірдеңе бар.


«Салп-салпыншақ анау үш өзен


Салуалы менім ордам қонған жер,
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер,
Жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер,
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең,
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған…

Қазтуған поэзиясы – табиғат аясындағы көңілі таза сәби көшпендінің поэзиясы.Бұл поэзия номадтың санасының қаншалық дәрежеде болғандығын көрсетеді, оның өзін қоршаған,әлі адам қолы бүлдірмеген таза табиғат туралы түсінгенінен елес береді,өмірге қозқарасын білдіреді.Табиғат аясындағы ақкөңіл номадтың қиялы өзінің ұшқырлығымен,кеңдігімен,сонымен қатар балаңдығымен бізді таң қалдырады.Жырау туғызған кейбір суреттер мен образдарға біз кішкене баланың құмнан соққан құрылыстарына қараған үлкен кісінің сезімімен қызықтай қараймыз, бірақ күлмейміз, - сүйсінеміз.Бұл сезім кейде бас ұруға дейін жетеді. Өйткені Еділ дөнінде айтылған:


«Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,


Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақасы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас»

деген жолдар қас суреткердің қолынан ғана шығуы мүмкін еді.Сүйкімсіз шөп шырмауықтың қалыңдығы,адамға тыныш ұйқы ұйықтатпайтынына бақа-шаянының көптігі де жырауға соншалықты ыстық.Туған жердің қасиеттілігінің бір белгісі іспеттес.Бірақ біз жатырқамаймыз,тыжырынбаймыз – суреткердің қиялына таңырқай,алдымызда орта ғасырдың поэзиясы,ортағасырлық көшпенді..


Тамаша толғауы:


«Қайран менің Еділім,


Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт», -
деп, Еділ бойында қалған түрік тектес руларға бақыт,береке,тыныштық тілеумен аяқталады.

Қорытынды


Қай шығарма болмасын оқиға желісі, жазушы мұрасы нақты бір кейіпкерлердің айналасына жинақтала, соны негізгі нысанаға ала отырып айкындалады.Сондықтан шығармадағы негізгі тұлға - кейіпкерлерді тани отырып, басқа кейіпкерлерді сонымен салыстыра, сабақтастыра талдауымыз керек.Шығармадары кейіпкерлердің өмірімен тікелей бірлігін көрсетіп, салыстыра отырып, олардың іс-әрекеттері арқылы мінез-құлқын, өзіндік қасиеттерін танып, білуімізге болады.


Пайдаланылған әдебиеттер
1.Мағауин М.
Қазақ хандары дәуіріндегі әдебиет. Жоғарғы оқу орындары студенттеріне
арналған оқулық.Алматы, 21-23бет.
2.
3.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет