Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет247/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   313
Л. 
Шестов 
(1866-1938 
жж.) 
болды. 
Оның 
шығармашылығына  Шекспир,  Достоевский,  Толстой,  Плотин,  Паскаль,  С. 
Кьеркегор,  И.  Кант,  Ф.  Ницше  үлкен  әсер  етті.  Ол  Бердяев  сияқты 
марксизмнің  жолын  қуушыдан  бастаған  ізденістерін  былайша  сипаттайды: 
«менің  алғашқы  философиядан  оқытушым  Шекспир  болды».  Ол  «Оймен 
тану және ашық айту» атты кітабында былай деп жазды: «Шекспирден кейін 
Кантқа  тап  бердім,  бірақ  Кант  менің  сұрақтарыма  жауап  бермеді.  Менің 
назарым басқа жаққа – Жазуға ауды».  
Тертуллианнан  алынған  эпиграфы  бар  «Афина  мен  Иерусалим» 
еңбегінде  «Афина  мен  Иерусалимнің»,  Академия  мен  Шіркеудің,  еретиктер 
мен  христиандардың  арасында  ортақ  не  бар?  деген  риторикалық  сұрақтар 


қояды.  Адам  ӛмір  сүруінің  қайғылы  болатындылығын  уайымдап,  ӛмірдің 
қайғысы мен сұмдықтарын дұрыс деп санайтын рационализмді сынға алады. 
Шестов  ақылдың  шектеулілігін  сенім  жеңеді  –  деді.  Ол  бұл  байланыста 
қорқыныш  табиғи  нәрсе  емес:  «оны  ақылы  бар,  ӛзін  Құдайдың  орнына 
қоятын  біреу,  шағатын  жылан  сияқты  күбірлеп  оқиды;  адамға  Құдай  емес, 
кепілдік  керек  деп  болжайтын  ақыл,  діннің  толқымалы  уәделерінің  орнына 
алдап беріп жібереді. 
Алхимияда, Құдай сӛздерінде және философияда нәтижелері аянышты 
болуы адамдардың ақылды тастамай ертіп жүруінен және нақ сол жерде бас 
тарта  алмауынан,  ақылға  заттардың  табиғаты  бойынша  кету  немесе  тынуға 
сенуінен  болды.  Ол  ӛзінің  таным  теориясында  гносеологияның  міндеті 
«ақылды  басқарушы  рӛлден  алып  тастау  немесе  құқықтарын  шектеу»  сәтін 
анықтау  екенін  ашық  айтты.  Орыстың  діни  экзистенциалисі  ӛз  кезегінде 
күнәлі  болуға  әкеп  соғатын  ештеңенің  алдында  болатын  қорқыныштың 
себебі  ақыл  болып  табылады  деп  сенеді.  Оның  ойынша,  ақыл  таным 
теориясының  ажырамас  бӛлігі,  ол  «метафизиканың  алдында  болу  керек». 
Философия  әлемді  тану  теориясының  қажетті,  бірақ  жеткіліксіз  бӛлігі,  ол 
дінмен толықтырылуы керек.  
Шестов «Киргегард және экзистенциалдық философия» атты кітабында 
иррационалдықтың  адам  болмысындағы  рӛлі  мен  орнын  қарастырады. 
Гусерльге  дейін  егер  «барлық  жерден  қуылып  жүрген  даналық  пен  терең 
ойлау  ӛзіне  орын  тапса,  тек  қана  «басын  қоярға  жер  таппай»  жүрген 
рақымшыл  философтың  кеудесінен  тұрақты  мекен  табуы  мүмкін»  деп 
міндетті  ойлау  қабылданған  болатын.  Бірақ  ол  даналық  пен  рақымшыл 
адамның  философиясынан  шын  мекен  беруден  бас  тартады.  Ол  мысқылдай 
отырып  былай  деді:  оларға  жеке  немесе  қоғамдық  игі  қайырымдылық 
кӛмегіне жүгінуге тура келсе де, «ӛмір сүруге керек құралдарды олар басқа 
жерден табуы керек». Мұндай кемістік барлық адамзат баласына тән.  
Шестов: «Гуссерль сияқты адамдар да ақыл куә болудан бас тартатын 
Құдайды  мойындағысы  келмеді»,  –  деді.  Бұл  оның  философияда  жаңа  сӛз 
айтуға байланысты Гуссерльдің шағымына жауап еді. Шестов философияны 
қатал ғылым деп есептейді. Бұл ол үшін ӛмірді қолдан келгенше беймәлім әрі 
проблемалық етуді бейнелейтін ӛнер. Ақыл – әлемді тануда соңғы саты емес, 
дін сияқты «діннің пұттары» сияқты, оның айтуынша, «ақылдың пұттарына 
қарағанда атағы жағынан кем емес», – деп тұжырым жасайды.  
Орыс философиясында интуитизм теориясын Н.О.Лосский (1870-1965 
жж.)  жасады.  Ол  кӛрнекті,  ірі  орыс  философы  еді.  Кезінде  Ленин  оны 
Кеңестік  Ресейден  «философия  кемесінде»  зиялы  қауымның  кӛрнекті 
ӛкілдерімен  бірге  айдауға  жіберген  еді.  Лосский  «субстанциональды 
қайраткер»  ретінде  «Мен  туралы»  антропологиялық  ілімді  жасады; 
«иерархиялық  персонализм»  жүйесін  негіздеді;  философиялық  ойлардың 
тарихына зор үлес қосты.  
Лосскийдің ағылшын тілінде шыққан «Орыс философиясының тарихы» 
АҚШ пен Батыс Еуропада «Орыстың діни-философиялық ойларын» зерттеп 
білу бойынша классикалық негіз болып, дүниежүзілік атаққа ие болды.  


Оның  қаламынан  шыққан  басқа  да  еңбектер  француз,  словак,  неміс, 
орыс 
тілдерінде 
жарияланып, 
танымал 
болды: 
«Абсолюттік 
қайырымдылықтың  шарты»;  «Этика  негіздері»,  «Гносеологияның  негізгі 
мәселелері», «Сезімтал, интелектуальды және мистикалық кӛкейкӛз», «Құдай 
мен әлемдік жамандық» (1941 ж. жазылған мистикалық кӛкейкӛзде ашылған 
Құдайдың  проблемаларын  метафизикалық  түрде  ұғыну  және  фашизм 
масқаралары  мысалында  қарастырылған  жамандық  мәселелері).  «Логика», 
«Ерік бостандығы» және т.б. шығармалары дүние жүзіне әйгілі болды. Орыс 
философтарының  шығармалары  арқылы  Лосский  «нағыз  философ  таза 
адамгершілікті,  қайырымды  болып,  нақты  сенімнің  иесі  болу  керектігін 
кӛрсетті».  Ол  тек  қана  –  кәсіби  ойшыл  емес,  Ақиқатқа  қызмет  етуші  болу 
керек, – деді.  
А. Бергсонның кӛзқарастарын дамыта отырып, Лосский «Үйлестірілген 
қабылдау» туралы ілімді жасайды. Бұл ілімнің мәні – жеке сезім ағзаларына 
жағдай  жасау  және  оған  сәйкес  ми  қабатындағы  физиологиялық  үрдіс 
арқылы адамның қоршаған ортадағы шынайы заттарды ажырата алу актілері 
мен  адам  есін  аударатын  ынталандырғыш  қызметін  атқаратындығы.  Бұл 
кӛкейкӛз  Құдайды  ең  жоғары  құндылық,  рахаттану,  ақиқат  махаббат, 
қайырымдылық ретінде түсінуге мүмкіндік береді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет