Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет266/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   313
Позитивизм  жалпы  теориялық  білімнің  белгілі  бір  түрі  ретінде 
философияны теріске шығаруға талаптанады. Ол барлық шынайы теориялық, 
танымдық  мәселелер  «позитивті»  арнайы  ғылыми  ойлау  құралдарының 
кӛмегімен шешілуі мүмкін деп есептейді. Алайда позитивизм философияны 
арнайы  ғылыми  ойлаумен  алмастыру  емес,  әрі  ол  примитивті  (қарапайым) 
сциентизм  де  болып  саналмайды.  Ол  философиялық  ілім  ретінде  алға 
шығады,  себебі  «шекті»  философиялық  мәселелерді  шешу  мүмкіндігіне 
қандай да бір теориялық баға беруге тырысады, бұл мәселелерден қашпайды 
және оларды ескереді.  
Мұның  барлығы  ғылыми  танымның  философиялық  талдауын  оның 
формалды-логикалық 
талдауына 
алмастырумен 
ғана 
шектелмейтін 
логикалық  позитивзмге  жатады.  Логикалық  позитивизм  ғылыми  танымның 
формалды логика да, танымды зерттейтін қандай да бір басқа арнайы ғылыми 
пәндер  де  жасауға  үміттенбейтін  белгілі  тұжырымдамасын  әзірлеуге  басты 
үміткер. Бірақ жоғарыда айтылған таным тұжырымдамасы жалпы танымның 
жекелеген  жақтарын  зерттеумен  байланысты  жеке  формалды-логикалық 
үлгілер 
негізінде 
қалыптасатындықтан, 
танымның 
философиялық 
мәселелерін  осы  тұрғыдан  (позициядан)  шешуге  болмайды.  Логикалық 
позитивистер  білімді  талдаудың  жеке  ғылыми  әдістердің  бұл  шектеулігін 
ӛзіндік  философиялық  канонизацияға  ұшыратады,  әрі  тиісті  философиялық 
мәселелерді теориялық тұрғыда шешу мүмкін емес деп жариялайды. 


Логикалық  позитивизмнің  соңы  деп  «Вена  үйірмесінің»  бұрынғы 
мүшелерінің  бірі  К.Гемпелдің  1950  жылдары  жарық  кӛрген  мақалалар 
сериясын  атауға  болады,  оларда  саналылықтың  басты  ұғымының  ӛзімен 
байланысты  принципиалды  қиындықтар  мен  тіпті  кӛмескіліктер  де  кӛрініс 
табады.  Логикалық позитивизмнің  саналылық  ұғымының  осы  қиындықтары 
мен  кӛмескіліктері  неопозитивизмнің  басқа  бір  түрі  –  аналитикалық 
философия шеңберінде қарастырыла бастайды.  
Аналитикалық  философия  –  тек  әлдебір  «мектеп»  қана  емес,  сонымен 
қатар  «философиялық  ойлаудың  белгілі  бір  стилі.  Соңғысы  кең  мағыналы 
философиялық  қорытындыға  абайлап  қараумен  қатар  пайдаланылған 
терминологияның  қатаңдығы  мен  дәлдігін  жобалап  түсіндіреді».  Бұл  –  ХХ 
ғасырдағы философиялық ой шеңберіндегі, әрі айрықша метафилософиялық 
пән  шеніндегі  ерекше  интеллектуалды  «қозғалыс».  Ол  бір  текті  емес  және 
аналитикалық  философия  дамуының  әр  түрлі  кезеңіндегі  оның  кӛптеген 
жетекші  ӛкілдері  антипозитивтік  бағыт  ұстады.  Ұстанбағандар  –  Вена 
үйірмесінің мүшелері (А.Грицианов). 
Аналитикалық  философия  ӛкілдері  (Дж.Мур,  Л.Витгенштейн, 
Дж.Уиздом,  Дж.  Райл,  Дж.Остин)  философия  ӛздігінен  ешқандай  жаңа 
ақпарат  бере  алмайды,  «ол  тек  ғылым  мен  тәжірибе  не  айтады,  соны  ғана 
анықтаумен  айналысады»  деп  түсінген.  Танымның  Давид  Юмға  барып 
тірелетін  субъективті-идеалистік  теориясы  тұрғысынан  олар  логикалық 
талдау  әдістерін  Расселдің  «логикалық  атомизм»  доктринасымен  және 
верификация  принципімен  толықтырды.  Аналитикалық  философия  ӛкілдері 
ӛзіндік философиялық доктринаны негіздеді, оған сәйкес философия теория 
емес,  және  де  математикалық  логика  негізінде  «бейтарап»  аналитикалық 
қызметпен  айналысатын  пән  ретінде  ғана  қарастырылуы  мүмкін. 
«Философияның  мақсаты  –  ойдың  логикалық  тұрғыдан  айқындалуы» 
(Л.Витгенштейн).  
 Людвиг  Витгенштейн  (1889-1951  жж.)  «Логикалық-философиялық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет