Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


Стоиктер  мектебін  біздің  дәуірімізге  дейінгі  302  жылы  Афинада  Китионнан  (336-264  жж.)  шыққан  Зенон



Pdf көрінісі
бет77/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   313
Стоиктер  мектебін  біздің  дәуірімізге  дейінгі  302  жылы  Афинада 
Китионнан  (336-264  жж.)  шыққан  Зенон  қалаған.  Бұл  ілімнің  негізін 
қалаушылар:  Клеанф,  Хиостан  шыққан  Аристон,  Солдан  шыққан  Хрисипп, 
Панэтий  Родосский,  Посидоний.  Біздің  дәуірімізге  дейінгі  ІІ  ғасырда  кӛне 
дәуірдің  кӛп  бӛлігіне  Римнің  билік  саясаты  мен  ықпалы  жүре  бастаған 
кезеңде, бұл ілім Рим империясының жоғары және орта кластарында кеңінен 
таралды,  оны  Эпиктет,  Люций,  Сенека,  Марк  Аврелий  мен  Цицерондар 
дәріптеді.  
Стоиктер  үшін  адамдардың  іс-қимылдары  тек  қажеттіліктерден  ғана 
туындайды  деп  есептейді.  Адамзат  –  қоғамдық  тұлға  және  оның  іс-
қимылдары ӛмірдің бір бӛлшегі болғандықтан, оның мінезі ӛзін-ӛзі сақтауға 
бағытталған.  Стоиктердің  пікірінше,  индивидтер  мемлекетінің  қамын 
ойлағанға  дейін,  тіпті  әлемге  қатысты  міндеттерін  түсінгенге  дейін 
кӛтеріледі. Сондықтан ғұлама ӛз қажеттіліктерінен бұрын мемлекет мүддесін 
алға қойып, ӛз ӛмірін ойланбастан құрбандыққа шалады.  
Стоиктер  сабырлы,  қашанда  салмақты,  ӛз  жан  тыныштығы  мен 
еркіндігін  жоғары  бағалайтын,  ерік-жігерін  сезімге  жеңдірмейтін  адам 
идеалының образын құрады. Олардың есептеуі бойынша, саналы адам ӛзінің 
еркіндігін  сақтай  білуі  қажет,  қиындықтарға  тӛзе  біліп,  кӛмек  күтпей, 
абыройын  жоғалтпауы  қажет.  Стоиктер  үшін  материалдық  қажеттіліктер 
басты  рӛл  ойнамайды.  Олар  эпикурейліктерді  даттайтын.  Стоиктер  ӛз 
заманындағы  рахат  ӛмірді  даттай  отырып,  былай  деген:  ӛміріңе  налыма, 
қайыр сұрама, барлық жағдайда да абыройыңды сақтай біл деген.  
 
Стоиктерде  басты  орынды  тағдыр  ұғымы  алады.  Ӛмірдің  мәнін  және 
басқа  да  нәрселерді  адамзат  ылғи  да  түсіне  бермейді.  «Логос  бәрін  ӛмірде 
орнықтырады.  Тағдыр  –  бұл  материяны  қозғайтын  билік.  Ал  Құдай  – 
Әлемнің саналы жанары. Әлемді Тағдыр билейді, ол Табиғат заңы» (Зенон). 
«Қалағанға тағдыр жол кӛрсетеді, қаламағанды жетелейді» (Сенека).   
Стоиктер үшін тағы бір маңызды нәрсе – еркіндік. Оны ешкім ӛзгерте 
алмайды,  ол  ӛмірдің  қиыншылықтарын  кешуде  кӛмектеседі.  Стоиктердің 
есептеуі бойынша адам бақыты ӛз таңдауына байланысты.  
Соңғы  стоиктерге  (жаңа  стоиктер)  Плутарх,  Цицерон,  Луция  Сенека, 
Марк  Аврелийлер  жатады.  Стоицизм  ілімінің  Кӛне  Римде  таралуына 
мұндағы  «еркін»  азаматтардың  кӛптігі  және  ұсақ  ӛндірушілер  мен  кӛне 


шонжарлардың  бір  бӛлігінің  болғандығы.  Олар  тез  ӛзгеріп  жатқан 
әлеуметтік-саяси жағдайға және биліктің шешіміне ілесіп кете алмады. 
Марк  Аврелийдің  (121-180  жж.)  «Оңашада  сенімен  ғана»  трактатында 
мәңгілік  ӛмір  туралы  ойластырады:  «...  барлығы  бір  сәттілік:  еске  түсетін 
заттар,  еске  түсеретін  жандар».  «Адам  ӛмірінің  уақыты  –  бір  сәт,  оның 
ғұмыры – мәңгілік ағым, сезіну – елес; тәнді құрау ..., жан тұрақсыз; тағдыр – 
жұмбақ; атақ анық емес ...». Адамға сонда бұл тұрақсыз ӛмірден не қалады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет