Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


«философия теологияға қызмет ету керек»



Pdf көрінісі
бет87/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   313
«философия теологияға қызмет ету керек». Тертуллиан теологияға persona 
(Бет)  деген  ұғым  енгізді,  ал  Әке  мен  Ұлдың  қарым-қатынасын  патша  мен 
уәзірдің қарым-қатынасы сияқты қарастырды. 
Жаңа заманның бірінші ғасырында діни философияның орталығы Грек, 
Египет  және  Таяу  Шығыс  халықтары  мәдениеті  араласып  жатқан 
Александрия  қаласы  болды.  Осы  мәдениеттің  ықпалын  ӛзіне  қабылдай 
отырып,  Александрия  Құдайтану  мектебін  құрушылар  –  экзегетиканың 
(пайым  білімі)  негізін  қалады.  Христиандықты  эллинистік  философияның 
соңы  деп  санай  отырып,  олар  тән  мен  жан  туралы  және  рухани  ой 
жазбаларын тапқысы келді. 
Осы мектептің кӛрнекті ӛкілі, экзегетиктердің (герменевтикалықтардың 
негізін  қалаушы  Филон  Александрский  (б.д.д.  шамамен  25  ж.  б.д.  50  ж.) 
болып  табылады.  Исустың  осы  замандасы  пұтқа  табынушылық 
философиясының  жақсы  үлгілері  иудей  жазбаларына  сәйкес  келетінін,  бір 
негізден  шыққандығын  тұжырымдайды.  Оның  айтуы  бойынша,  бұндай 
сәйкестіктер  ӛте  кӛп,  мәселен  философтар  ілімі  Киелі  жазбалармен  сәйкес 
келеді.  Филон  мынаны  дәлелдеуге  тырысты:  Құдай  туралы  жазбалар 
философтар  Абсолютімен  бірдей,  адамгершілік  туралы  иудей  ілімі  грек 
философтарының кӛрнекті ӛкілдерінің ілімдерінен еш айырмашылығы жоқ. 
Христоспен 
сәйкестендірілген 
Филон 
логосы 
жазбалардағы 
теологиялық  интерпретацияға,  грек  философиясы  мен  Библия  нанымының 
қосылуына  жол  берді.  Оның  эгзегетикасын  Климент,  Юстин,  Ориген, 
Григорий Нисский, Августин т.б оқып үйренді. 
Филонның  ізбасары  Флабий  Климент  (150-219  жж.)  пұтқа 
табынушыларды  христиан  сеніміне  тартты.  «Эллиналарға  ӛсиет»  деген 
еңбегінде  ол  христиаиндық  сенім  Платон  философиясының  негізі  екенін 
түсіндіруге  тырысты.  Бір  ғана  ақиқат  бар,  Платон  баяндаған  ақиқат  Исус 
Христостың ақиқатынан және жазбалардағы ақиқаттан ерекшелене алмайды. 
Оның ойынша гректерге философия берілсе, еврейлерге заң (Тора) берілген. 
Бұлардың  екеуі  де  Христоспен  ашылған  ақиқаттың  соңына  әкеліп  соғады. 
Грек  философтарының  рӛлі  еврейлер  пайғамбарларының  рӛлімен  бірдей 
болды.  Жазбалар  аллегория  түрінде  немесе  Климент  сӛзімен  айтқанда 
«ӛсиет»  түрінде  құралған.  Қасиетті  жазбалар  бірнеше  мағына  беруі  мүмкін. 
Тура  мағынаны  елемей  қоюға  болмайды.  Бірақ  оны  дұрыс  пайдалана 
білмейтіндер  аузынан  ана  сүті  кеппеген,  есеюге  қабілетсіз  жас  сәбилер 
тәрізді. «Анайы сенімді» қанағат тұтатын адамдарға ол жазбалар мағынасын 
жете түсінетін данагӛйлерді қарсы қоятын.  
Клименттің  дарынды  ізбасары  Клод  Ориген  (185-254  жж.)  заң 
бойынша  христиандық  теология  ілімін  бір  жүйеге  келтіруші  болып 
есептеледі. 


Оригеннің нақтылауы бойынша адам рухтан, денеден, жаннан тұрады. 
Рух адамның ӛзіне тәуелді емес, ол Құдайдан дарыған және әрдайым ақиқат 
пен ізгілікке ұмтылады. Жан  болса жеке  адамды құрайды,  осыдан даралану 
басталады,  ерік  бостандығы  адамгершілікті  анықтаудың  маңызды  бӛлігін 
құрайтындықтан, Ориген бойынша жақсылық пен жамандықты дәл осы жан 
таңдайды. Табиғаты бойынша жан рухқа, ал дене жанға бағынуы тиісті. Бірақ 
жанның  екіжақтылық  күшіне  байланысты  адамды  әуесқойлық  пен  сезімге 
құлшындыра  отырып  оның  «тӛмен  бӛлігі»  «жоғарысына»  қарағанда  жиі 
басымдылыққа  ие  болады.  Бұның  әдетке  айналуына  байланысты  адам 
жаратушымен  жасалған  табиғи  тәртіпті  кері  етуші  күнәһар  болып  қалады. 
Жауыздық  Құдайдан  да,  табиғаттан  да  емес  адамнан,  дәлірек  айтсақ 
бостандықты атүсті, салғырт пайдалануынан.  
Оригеннің  кейбір  жай  күйі  еретикалықпен  саналған,  сонымен  қатар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет