Б. Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырма үлгілері



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі74 Kb.
#17095
  1   2


Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырма үлгілері

ТҮРI

МАЗМҰНЫ


Оқушыларға қойылатын СҰРАҚТАР

(мысалдар)



Оқушыларға берілетін тапсырмалар

Таным мен ойлау деңгейі




БІЛУ


Мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi: тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.

- Ұлы Отан соғысы қашан басталды?

- Бастауыш деген не?

- Жай бөлшектер қалай жазылады?

- Египеттiң астанасы қай қала?



Анықтау, қайталау, белгілеу, санап шығу, еске түсіру, атау, назар аудару, жаттау

Т

Ө

М



Е

Н





Т

Ү

С



I

Н

У



Мәлiметтердi басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендiру; есте сақталған мағлұматты басқаларға жеткiзу жолдарын айқындау. Ұқсастықтарды анықтау, айырмашылық жасау мен салыстыру, нәтиженi суреттеу.

«Түсіну» ұғымын төрт топқа бөлуге болады:

1. Түсiндiрме (интерпретация) - негiзгi идеяларды және олардың өзара байланыстарын анықтау: ”Қалай? Нелiктен?” сұрақтарына жауап іздену, ”Салыстырыңыздар”, ”Айырмашылығын көрсетiңiздер” тапсырмаларын орындау.

2. Аударма (трансформация) - мағынасын сақтай отырып, идеяларды таныс жүйеге, формаға ауыстыру: формуланы сөзбен айтып беру, графиктi оқып беру, суреттi түсiндiру, мәліметті өз сөзiмен мазмұндау.

3. Мысалдар - мәлiметтi, ойды дұрыс түсiнгендiктi көрсетедi.

4. Анықтамалар – атау немесе түсiнiктiң мағынасын өз сөзiмен жеткiзу, таныс және түсiнiктi сөздермен анықтамаларды тұжырымдау (анықтамалар жаттанды немесе оқулықта келтірілгендерді қайталамауы керек).



1. Түсiндiрме: Х пен У арасындағы айырмашылық қандай?

- Батыс және Шығыс Қазақстанның рельефiн салыстырыңыздар.

2. Аударма: Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз;

- Зерттеуiңiздi таблица жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз;

- Шығарманың сюжетiн өз сөзiңiзбен әңгімелеп берiңiз.

3. Мысалдар: Тақырып (анықтама) бойынша мысал келтiрiңiздер.

4. Анықтамалар: 3-сынып оқушысына түсiнiктi болатындай етіп проблеманың анықтамасын берiңiз;

- Осы атауды өз сөзiңiзбен түсiндiрiп берiңiз.



Аудару, сөзбен қайта құрастыру, сипаттау, анықтау, түсіндіру, жеткізу, ерекшелігін анықтау, өз орнына қою, әңгімелеп беру, мәлімдеп беру, салыстыру, айырмашылығын көрсету, ұқсастық-тарын келтіру, графикті оқып беру, суретті түсіндіру, өз сөзімен айту, анықтаманы тұж ырымдау

О

Р



Т

А




Қ

О



Л

Д

А



Н

У


Белгiлi бiр проблеманы шешу үшiн мәлiметтi қолдану немесе iске асыру. Оқушы мұғалiмнiң көмегiнсiз таныс емес проблеманы өзiнше шешуi керек. Мұғалiм тек шешiмге емес, шешу процесiнiң құралуына да назар салуы керек, өйткенi шешу жолы шешiмнiң өзiнен де маңызды болуы мүмкiн.




Оқушыларда метафора мен теңеу туралы түсiнiк бар (Білім), олардың айырмашылығы да белгiлi (Түсiну), ендi олар Абайдың “Қыс” өлеңiнде метафора мен теңеу қандай бейнелерді құрастыратындығын айтып беруi керек.

“Қалай қолдануға болады? Жасап көр. Не бiлгiң келедi? Таблица, график жаса” тапсырмаларына сәйкес.

Интерпретациялау, қолдану, бір нәрсеге тіркеу, пайдалану, көрсетіп беру (жұмыс ретін, қағидасын), ережесін сақтап орындау (рөлді орындау), практикада қолдану, иллюстрацииялау, идеяларға жүгіну, жазып көрсету, реттеу, нобайын салу


О

Р



Т

А





Т

А



Л

Д

А



У


Зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөлiктерге жiктеу. Оқушы әртүрлi бөлiктердiң қалайша жұмыс iстейтiндiгiн және нәтижеге қалай жеткiзетiндiгiн анықтайды, түсiндiредi.

Түсiнуден талдау мәлiметтi терең өңдеумен, игерумен ерекшеленедi.

Талдаудың түрлерi:

1. Негiзiн тану;

2. Астарлы мағынаны ажырату;

3. Қозғаушы күшті (мотивацияны) анықтау.




  1. 1. Негiзiн тану - құрамдас бөлiктерге жiктеу (мәлiметтiң негiзгi түсiнiктерi арасындағы қатынастарды көрсету үшiн оқушылар оның шеңберiнен шығуы керек), айтылған ойды дамыту.

  2. 2. Астарлы мағынаны ажырату /Подтекст/ - екi тұжырымның қатынасын көрсетудi талап етедi (тура көрсетiлмеген шешiмдер, ассоциациялар, себеп-салдар келтiрiлуi мүмкiн).

3. Мотивация - себептердi айқындау. Оқушы тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттердi танып, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғауы керек.

1. Негiзiн тану - Әңгiме бөлімдерінің өзара айырмашылықтарын келтiрiңiз;

- Теореманың екi бөлiгiн салыстырыңыз.

2. Астарлы мағына

- Зейнетақы реформасының мәнi қандай?

- “Ер туған жерiне, ит тойған жерiне”деген мақалды қалай түсiнесiз?

3. Мотивация



- Президенттің желтоқсан айындағы АҚШ-қа жасаған сапарының себебi қандай?

- Жердiң сатылуы туралы мәселенiң қазiргi күнi талқылануы нелiктен?




Бөліп шығару, талдау, бөлу, баға беру, санап шығару, тәжірибе жасау, тестілеу, салыстыру, қарама-қарсы қою, сынау, диаграммамен көрсету, тексеру, талқылау, анықтап сұрау, салыстыру, мәселені шешу, категорияларға бөлу

Ж

О



Ғ

А

Р



Ы

Ж

И



Н

А

Қ



Т

А

У



Жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтердi шығармашылықпен бiрiктiру. Болжау, шарттылық, мүмкiндiк ұғымдарын қолданып, өз тәжiрибесi негiзiнде жаңа модель (құрылым) құрастыру.

Жұмыс және нәтиже түрлерi:



  1. Шығармашылық жанрлар.

  2. Жоспар құрастыру немесе тәжiрибе қою, өткiзу.

  3. Абстрактылы ұғымдармен негiзделетiн нәтижелер.

1. Шығармашылық жанрлар - эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу.

2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (Тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).

3. Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну.


Құрастыру, жоспарлау, ұсыну, жасау, сөзбен құрастыру, құрастыру/ретімен қою, жинақтау, шығармашылықпен орындау, ұйымдастыру, дайындау, жасап беру

Ж

О



Ғ

А

Р



Ы

Б

А

Ғ



А

Л

А



У

Даулы және пiкiрталас туғызатын мәселелер бойынша шешiм қабылдап, оны дәлелдеу.

Оқушылар өз ойларын, идеяларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негiздеуi қажет. Бұл деңгейде олар өз позицияларын нақтылық, логикалық жүйелiлiк, дәйектiлiкке негіздеуі қажет.



“Сiздiң ойыңызша бұл дұрыс/бұрыс, маңызды ма/емес пе, жақтайсыз ба/ қарсысыз ба?” деген пiкiрталас, полемика мен дау-дамай туғызатын сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.



Тиянақтау, салмақтау, бағамдау, рейтингілеу, салыстыру, қайта қарастыру, рет-ретімен қою, сұрыптау, таңдау, өлшеу, жазу, жақтап не жоққа шығаратын дәлелдер келтіру

Ж

О

Ғ



А

Р

Ы



Дереккөзге сілтеме: Білім берудің кейбір мәселелері. Ағыл. ауд. - Алматы: Демократиялық білім орталығы, 2001.

Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқыту әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы /«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 188 бет.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет