Бағалаудың өлшемдік технологиялары курсының нысаны, пәні, зерттеу әдістері, оның басқа ғылымдармен байланысы



бет1/3
Дата06.02.2023
өлшемі24,66 Kb.
#65669
  1   2   3

Бағалаудың өлшемдік технологиялары курсының нысаны, пәні, зерттеу әдістері, оның басқа ғылымдармен байланысы
1.Бағалаудың өлшемдік технологиясы туралы ұғым
2. Критериалды бағалау курсының нысаны,пәні, зерттеу әдістері
3. Критериалды бағалау пәнінің басқа ғылымдармен байланысы
«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәні кәсіптік пәндер блогына енеді. Қазіргі бағалау жүйесі іс-әрекет тұрғысынан қарау көзқарасы талаптарына толық қосынды сәйкес келмейді. Жалпы бастауыш білім беретін білім берудің мемлкеттік стандартында бағалау үдерісі білім беру үдерісінің құрамды бөлігі ретінде дамып отыруы қажет. Мұндай даму тәжірибеге критериалды бағалауды енгізген кезде ғана мүмкін болады.
Бағалаудың өлшемдік технологияларын тәжірибеге енгізу үш негізгі мақсаттық блогқа топтауға болатын бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • белгілі бір параметрлерді қолдану жекелеген оқу курсының ғана емес, мектептік білім берудің сәйкес деңгейлерінің білімін алудағы мақсаттың нұсқауымен бағалау жүйесін байланыстыруға мүмкіндік береді;

  • мұндай көзқарас мұғалім мен оқушыға оң нәтижелі үлгерімнің негізі болатын жекелеген тапсырмаларды оқушылардың табысты орындауларын анықтауға жеткілікті деңгейде анық, нақты және шынайы құрал береді;

  • критериалды бағалау жүйесінің ашықтығы мен процедуралық анықтылығы оқу орнының әкімшілігіне де, ата-аналарға да, оқу үдерісіне белсене қатысуға мүмкіндік беретін әлдеқайда мықты аспап етеді. Пәнді оқып-үйрену барысында студент;

  • бағалау және олардың түрлері жайлы;

  • білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен рөлі;

  • критериалды бағалаудың мәнін, мақсаты мен ұстанымдарын;

  • жиынтық және қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру жолдарын.

Бағалау жүйесі


«Оқушылардың сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жж. арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын» енгізу жағдайында әрбір педагог оқушылардың нәтижелерін бағалау жүйесіне қатысты өзінің көзқарастарын қайта қарастыруы тиіс, себебі оқу үдерісінде бағалауға ерекше көңіл бөлінеді – ол бір уақытта оқыту нәтижесі әрі құралы рөлін атқарады.
Бағалау жүйесі оқыту және оқу үдерісі туралы интегралдық және сараланған ақпарат алуға, жоспарланған нәтижеге жетудегі оқушылардың жеке ілгерілеушіліктерін; білім бағдарламасының тиімділігін бақылауға, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналарға арналған кері байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
12 жылдық білім беруге көшу білім беру жүйесін модернизациялауға әкеледі, бұл ретте әр ұстаз педагогикалық құндылықтар жүйесін өзгертуі тиіс, және, ең алдымен, бұл бағалау жүйесіне қатысты болуы тиіс. Тек аспаптардың әртүрлілігі, шкалалардың икемділігі мен сезімталдығы, өлшемдік және жинақтаушы бағалау құралдарын қолдану заманауи мұғалімнің пәндік, сонымен қатар тұлғалық нәтижелерді әділ бағалауына мүмкіндік береді.
Оқу нәтижелерін бағалау оқу үдерісінің бір жақты сипаты болып табылады:
баға қоюда қолданылатын меже;
баға қою мерзімділігі;
білім беру үдерісі субъектілері арасындағы байланыс механизмі;
оқушылардың қаншалықты табысты оқитындығын өз бетімен анықтау механизмі.
Бағалау жүйесі – бұл білім беру үдерісін өз бетімен реттеудің табиғи ішкі механизмі; субъектілік оқу үдерісінің сәттілігіне барынша кері әсерін тигізеді. Мұғалім оқушылар жұмысына баға қоюда нені бағалайды? Мектеп оқушыға ересек өмірде қажеттілерді үйретеді. Осы уақытқа дейін біздің балаларымызға өмірде теоретикалық білім қажет деп саналды, сондықтан біз олардың пәндік білімдерін, машықтарын, дағдыларын қалыптастырдық, осыдан кейін дұрыс және бұрыс жауаптарды салыстыра, шешілген есептер мен жіберілген қателер санын ескере отырып олардың жұмыстарын бағаладық – міне, «5» және «2» бағалары да дайын. Бағалаудың осындай жүйесі оқытудың дәстүрлі жүйесіне бейімделген, бұл ретте мұғалім оқу материалын түсінікті етіп жеткізуі, ал оқушы – оны жақсы меңгеруі және есте сақтауы тиіс. Ал егер бағаланатын жұмыс – шығармашылық, ізденушілік, зерттеушілік болса? Оқушының өзі үшін маңызды мәселеге қатысты стандартты емес көзқарасы бар жұмыс (үнемі мұғалімнің пікіріне сай келмейді), жеке ішкі логикаға тәуелді жұмыс, мысалы, жоба. Мектеп мыналарға да баулуы тиіс: мәселені көруге, мақсатын қоюға, жоспар әзірлеуге, оны жүзеге асыруға, өз жұмысын талдауға, тұжырымдар жасауға, басқа сөзбен айтқанда, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға.
Кемшіліктер Көптеген онжылдықтар бойы 5 балддық бағалау оқушылардың жетістіктерін басқа оқушылардың жетістіктерімен салыстырудан тұрды, және бағалаудың осындай тәсілінің бірқатар кемшіліктері де жоқ емес: Оқытудың жоспарлы нәтижелеріне жетуді бағалаудың оқушыларға, ата-аналарға және педагогтерге түсінікті нақты критерийлері жоқ. Педагог бірыңғай критерийлер бойынша әр оқушының жетістіктеріне емес, керісінше сыныптағы білімнің жалпы орташа деңгейіне бағдарлана отырып баға қояды. Оқушыларға қойылатын бағалар оқу бағдарламасының жеке бөлімдері бойынша білімнің, машықтардың, қабілеттердің нақты элементтерін меңгеру туралы түсінік қалыптастырмайды, ол әрбір оқушыны оқытудың жеке траекториясын анықтауға мүмкіндік бермейді. Оқу барысында оқушы мен мұғалім арасында жедел байланыс жоқ, ол оқушылардың оқуға деген ынтасын көтеруге ықпал етпейді. Білімді бақылаудың 5 балддық жүйесін К. Д. Ушинский қатаң сынға алды және кемшіліктерін сипаттай келе, қолданылатын тәсілдер мен әдістердің оқушылардың ақыл-ой қызметіне кері әсерін тигізетіндігін атап өтті. Әдетте мұғалім бір немесе бірнеше оқушыдан ғана сабақ сұрайды, ал осы уақытта қалған оқушылар өздерін қандай да бір қызметпен айналыспайды, бос отырады.
Олар тағатсыздана күтумен уақыттарын, күш-жігерлерін текке жұмсайды. Осындай ортада оқушының өзінің білімге құмарлығын, бастамашылдығын көрсете алмайтындығы заңдылық. «Функционалдық сауаттылықты дамыту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарына» сәйкес оқушылардың жетістігі «5» немесе «4» бағаларымен анықталмауы тиіс, керісінше оқуға деген ынтасы мен қарқынымен, өзінің жинақтаған білімін іс жүзінде көрсетуімен анықталуы тиіс. Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі оқушылардың негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады, ол жастардың жинақтаған білімдерін іс-тәжірибеде және бейімделу барысында сәтті қолдануына мүмкіндік беруі тиіс.
Негізгі құзыреттіліктері 
Орта мектеп түлегінің төмендегідей негізгі құзыреттіліктері бөлінеді:
басқарушылық – мәселелерді шешуге қабілеттілігі;
ақпараттық – өзіндік танымдық қызметі немесе өмір оқу қабілеті;
коммуникативтік – ауызша, жазбаша, қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдеріндегі өнімді қарым-қатынас;
әлеуметтік – әлеуметтік әрекеттестікке қабілеттілік;
тұлғалық – өз бетімен ұйымдастыру, өзін өзі жетілдіру, өмірдегі және кәсіби орнын анықтау, өзін іс жүзіне көрсету, толерантты болу;
азаматтық – қазақстандық өзіндік сана мен мәдени сәйкестік негізінде өз отаны үшін жауапты болуға қабілеттілік;
технологиялық – технологияларды, соның ішінде ғылыми, сандық технологияларды тиімді қолданушы деңгейінде қолдану.

Бағалаудың дәстүрлі жүйесіне балама тәсіл сыни бағалау – «оқыту үшін бағалау» болып табылады, оқытушының шеберлігін жетілдіру үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін механизм, оқытудың барынша тиімді тәсілдерін іздеу, сонымен қатар оқушылардың оқуда барынша белсенділік танытуға ынталандыру.

Бағалаудың дәстүрлі жүйесіне балама тәсіл сыни бағалау – «оқыту үшін бағалау» болып табылады, оқытушының шеберлігін жетілдіру үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін механизм, оқытудың барынша тиімді тәсілдерін іздеу, сонымен қатар оқушылардың оқуда барынша белсенділік танытуға ынталандыру.

Сыни бағалау оқушыға өзінің оқу қызметін жоспарлауғамақсаттарынміндеттеріноларға жету жолдарын анықтауға, өз еңбегінің нәтижесін бағалауға, өз білімінің сапасы көтеруге мүмкіндік береді. Ол нақты оқушыға бағдарланған, оқушының білім мазмұнының қандай да бір элементін меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға, сол арқылы олардың тиімділігін арттыруға бағытталған, және де әртүрлі оқушылардың нәтижелерін бағалауды болжамайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет