Бағдарламасы 2021-2022 оқу жылына Жастар саясаты және тәрбие жұмысының әдістемесі



бет1/5
Дата04.11.2023
өлшемі192,5 Kb.
#122182
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5

Жұмыс оқу бағдарламасына қосымша (Syllabus)
Білім алушыларға арналған пән бағдарламасы
2021-2022 оқу жылына
Жастар саясаты және тәрбие жұмысының әдістемесі

1. Негізгі ақпарат

Институт

У.Султангазин атындағы педагогикалық институты

Білім беру бағдарламасы

Педагогика және психология

Курс

1

Семестр

2

Оқыту түрі

күндізгі,



Оқыту бағдарламасы

негізгі, ЖО базасында қысқартылған

ҚОТ

Пән циклы

ЖБП

Компонент

Міндетті, жоғары оқу орны, таңдау бойынша

Кредиттер саны

5

Сағаттар саны

150

Бағдарлама жетекшісі және оқытушы

Абдиркенова Ақбидаш Капановна

Кеңес беру уақыты
(МОӨЖ)

1-ші апта

2-ші апта

3-ші апта

Сейсенбі , 12-13

Сейсенбі , 12-13

Сейсенбі , 12-13

2. Пререквизиттер мен постреквизиттар

Пререквизиттер

Жалпы орта және арнайы кәсіби орта білім беретін мемлекеттік стандарттарда қарастырылатын оқу пәндері: Педагогика, психология және адам дамуы, бірінші курстың үзіліссіз педагогикалық практикасы.

Постреквизиттер

Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім беретін мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында осы мамандық бойынша 2-ші курста және алдағы курстарда оқытуда қарастырылатын оқу пәндері: педагогикалық және кәсіби практика.

3. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты

Болашақ мұғалімнің кәсіби біліктілігін қалыптастыру.,балалар қозғалысының ұйымдастырушылары мен жетекшілерінің инновациялық және шығармашылық әлеуеттерін дамытуда жас ұрпақты белсендендірудің жаңа жүйесі ретінде балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының әрекеттеріне қатысты ұғымды кеңейту және тереңдету.

Міндеттері

Болашақ мұғалімдердің тәрбие жұмыстарының негізгі амал-жолдары мен оқушылардың оқудан тыс іс-әрекеттеріне жетекшілік етудегі кәсіби іскерліктерін меңгерудегі педагогикалық шеберлігі негіздерін қалыптастыру және дамыту.

4. Оқыту әдістемесі және технологиялар

Дәріс, диалогтық оқыту, топтық жұмыс, жоба әдісі, тренинг.

5 Академиялық сағаттарды бөлу

Барлығы

Дәріс .

Тәж.

Лаб./Студ.

СРОП

СРО

Емт.дайындық

Бақылау нысаны

5 кредит, 150 сағат

5

40

-

10

20

5

Емтихан

6. Пән мазмұны

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі курсы студент жастарды «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мемлекеттік бағдарламада анықталған қоғамдық сананы жаңғыртудың міндеттерін жүзеге асыруға қажетті әлеуметтік-гуманитарлық көзқарас қалыптастыруға бағытталған. Студенттердің пән бойынша дайындық жүйесіне дәрістер мен семинар сабақтары, оқытушылардың басшылығымен жүргізілетін өздік жұмыстар және студенттердің өздік жұмыстары енгізілген. Бағдарламада 5 дәріс, 40 семинар сабақтары ұсынылған.

7. Курс саясаты

1. Магистрант сабаққа үнемі, жүйелі түрде дайындалып, МӨЖ барлық тапсырмаларын орындауы керек. Магистрант дәрістер мен зертханалық сабақтарға дайын болуы керек. Сабаққа дайындық тест немесе ауызша сұрау арқылы тексеріледі.
2. Бақылаудың барлық түрлерінен теріс баға алған кезде бір рет қана берілуі мүмкін. Бұл жағдайда ұпайлар 0,8 коэффициентімен азаяды. Оң баға беру мүмкін емес.
3. Магистрант сабақты себепсіз жіберіп алмауы керек. Практикалық сабақтарды дәлелді себептермен өткізіп алған жағдайда, магистрант оларды белгіленген мерзімде орындауы керек.
4. Аудиторияда магистранттар қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек, алаңдамауы керек және ұялы телефондарды пайдаланбауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет