Бағдарламасы 6В10108 «Стоматология»



бет1/19
Дата02.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#131666
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




«Астана медицина университеті» КеАҚ



С-62




В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы

44 беттің беті







CИЛЛАБУС
Пән «Патологиялық физиология»

Білім бағдарламасы 6В10108 «Стоматология»


Дәрістер 10 сағат


Практикалық сабақтар 40 сағат


ОБӨЖ 25 часов


БӨЖ 75 сағат


Барлығы 5 кредит /150 сағат


Курс 3


Астана 2023 ж.

Силлабус Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № ҚР ДСМ-12/2020 бұйрығымен бекітілген МЖМБС негізінде жасалды.


Силлабус В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының отырысында талқыланды және бекітілді.


«31» тамыз 2023 жылғы №1 Хаттама

Кафедра меңгерушісі Тажибаева Д.С.






1. Оқытушылар туралы мәлімет:



Аты-жөні

Дәрежесі/лауазымы

Телефоны, электрондық адресі

1

Ерментаева Лаззат Нурмаханбетқызы

м.ғ.к./ В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы-ның доценті

Жұмыс телефоны
8-7172-53-95-24
Мобильді телефон
8-701-388-87-43 ermentaeva70@mail.ru

2

Сүйіндік Қарлығаш Болатқызы

В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиоло -гия кафедрасының оқытушысы

Мобильный телефон
8-778-177-78-88 karlygash_zh@bk. ru

2. Байланыс ақпараты
В.Г. Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының мекен жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49а, 8-ші қабат. Тел. 8-7172-53-95-24. Электронды адрес - kaf.patphys@amu.kz.
3.1 Кафедраның саясаты
В.Г. Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының саясаты оқу процесін дәйекті және мақсатты жүзеге асыру болып табылады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының студенттерге қойылатын талаптары Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқытудың жалпы қағидаттарына негізделген және "Астана медицина университеті" КеАҚ академиялық саясатының талаптарына сәйкес келеді (2022 ж.):

  1. Студент теориялық білімді және тәжірибелік дағдыларды толық көлемде меңгеруге міндетті.

  2. Студент сабақтардың барлық түріне қатысуға және барлық тапсырмаларды орындауға міндетті (дәрістер, практикалық сабақтар, ОБӨЖ, аралық бақылау БӨЖ).

2.1. Себепсіз дәріске қатыспаған жағдайда емтиханға жіберілу рейтингісінен (ЖРБ) әр дәріске яғни келмеген 1 академиялық сағатқа, 1- балл алынылатын болады.
2.2. Қатыспаған практикалық сабақтар, келмеген себептеріне қарамастан, 2 апта ішінде деканаттан рұқсат беру себебі көрсетілген, жіберілсін деген мәліметі бар құжатпен өтелуі керек. Қатыспаған сабақтарды өтеген жағдайда, өтеу журналына «өтелді» деп жазылады. Білім алушы дәлелді себептермен жіберілген 2 сабақты және дәлелсіз себептермен жіберілген 1 сабақты бір мезетте өтей алады. Жіберілген сабақтарды өтеу межелік бақылауға жіберу үшін негіз болып табылады және студенттің және оқытушының негізгі оқу сабақтарынан бос уақытында жүзеге асырылады. Аралық бақылаудың алдыңғы сабақты жіберіп алған студент, оны коллоквиум күні немесе одан кейінгі келесі күні өтейді, бұл ретте студент аралық бақылауға жіберіледі.
2.3. Сабақты өтеу кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студент қайта өтеуге жіберілмейді. Дәлелді себеппен жіберілген практикалық сабақтар өтелгеннен кейін электрондық журналында "жоқ" белгісі жойылады. Егер студент дәлелсіз себептермен практикалық сабақтарды жіберіп алса, "жоқ" белгісі электрондық журналында сақталады, ал коллоквиум үшін жиынтық бағадан 1 академиялық сағат үшін 1 балл шегеріледі. Егер студент дәлелсіз себептермен тек қана аралық бақылауды жіберіп алса, онда оны өтегеннен кейін "жоқ" белгісі электрондық журналында жойылады, ал оқытушы өтеген аралық бақылаудың жиынтық бағасынан 20 % шегереді, содан кейін бағаны бүтін санға айналдырады.
2.4 Келмеген практикалық сабақтарды өтемеген студент, өтеу себептеріне қарамастан, аралық бақылауды (коллоквиум) тапсыруға жіберілмейді, педагогтық және электрондық журналдардың жиынтық баға деген бөлігіне 0 (нөл) балл қойылады. Коллоквиумды тапсыруға тиісті бөлім бойынша БӨЖ тақырыптарын тапсырмаған және практикалық сабақтар мен ОБӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмаларды орындамаған студенттер де жіберілмейді.

  1. Студенттердің білімі мен іскерлігін тексеру жиынтық бағалау түрінде білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесіне сай жүргізіледі.

3.1. Жиынтық бағалау пән бөлімі аяқталғаннан кейін ғана педагогикалық журналға және электрондық журналға балл қою арқылы жүргізіледі. Бөлімге (коллоквиум) бір жиынтық баға қойылады, ол практикалық сабақтардың тақырыптары, ОБӨЖ, БӨЖ тақырыптары бойынша білім мен оқу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
3.2. Коллоквиумда қанағаттанарлықсыз баға алса оны жақсы бағаға қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
4. Білімді қорытынды бақылауға (аралық аттестация) жіберу рейтингісінің 50%- ын жинаған және барлық келмеген сабақтарын өтеген студенттер жіберіледі, есептеу пәннің соңғы сабағында жүргізіледі. Студенттің оқу пәні бойынша қорытынды бағасы студент жіберу рейтингісінен де, емтихан бағасынан да оң баға алған жағдайда ғана есептеледі.
4.1. ЖРБ 49 балл және одан төмен студенттер ақылы негізде университеттің академиялық саясатына сәйкес ағымдағы оқу жылында өтеуге құқылы.
4.2. Емтиханда "FX" белгісіне сәйкес қанағаттанарлықсыз баға алған студент, емтихандық сессия аяқталғаннан кейінгі 5 жұмыс күні ішінде оқу пәнінің бағдарламасын қайта өтпей, қорытынды бақылауды қайта тапсыруға құқылы. Егер қорытынды бақылауда «FX» бағасын алған студент дәлелді себептермен емтиханды қайта тапсыруға келмеген болса, онда ол 5 жұмыс күні ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруға құқылы. Ал, емтиханды қайта тапсыруға себепсіз келмеген жағдайда студент ағымдағы оқу жылында ақылы негізде қайта оқу курсын өтуге міндетті.
4.3. Емтиханда "F" белгісіне сәйкес қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда, студенттің ақылы негізде ағымдағы оқу жылында қайта оқу курсынан өтуіне құқығы бар.
4.4. Емтиханға дәлелді себептермен келмеген студент растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қорытынды бақылауды тапсыруға міндетті. Емтиханға себепсіз келмеген студент оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысып, бағдарлама бойынша оқу жұмысының барлық түрлерін орындай отырып және қорытынды бақылауды тапсыра отырып, ағымдағы оқу жылында ақылы негізде пәнді қайта тапсыруға міндетті.
4.5. Емтихан нәтижесімен келіспеген студент комиссиялық қарауды талап ететін сұрақты сипаттап және пәнді көрсете отырып, емтихан бағалары жарияланған күні Университеттің жетекшілік ететін проректорының атына апелляция беруге құқылы.
4.6. Емихан бойынша оң баға алған жағдайда аралық аттестаттаудың сол кезеңінде жоғарылату мақсатында қайта тапсыруға жол берілмейді.
5. Студенттер сабақ барысында ұялы телефондарды, смартфондарды, планшеттерді және басқа да электронды құрылғыларды оқытушының рұқсатымен ғана пайдалана алады.
Бағаланатын жұмыстарды (коллоквиум, емтихан) орындау кезінде: а) коллоквиум және емтихан кезінде сөйлесуге; б) электрондық және/немесе қағаз тасымалдағыштарды пайдалана отырып, оқу ақпаратын заңсыз пайдалануға; в) басқа біреудің жазбаша жауаптарын әдейі пайдалануға немесе басқа студентке емтихан парағын көшіруге рұқсат беруге; г) билет нөмірін әдейі өзгерту және т.б., тиым салынады. Жазбаша жұмыс парақтары көк немесе күлгін сиямен шарикті қаламмен ұқыпты және түсінікті түрде толтырылуы керек. Егер мәтін түсініксіз жазылса, сондықтан жауаптың мағынасын түсіну қиын болса, тексеруші мұны қате деп санауға құқылы. Қысқартуларға да жол берілмейді.
Академиялық адалдық қағидалары бұзылған жағдайда, оның ішінде плагиат фактісі анықталған жағдайда (жауаптың бірегейлігі 55%-дан кем), анықталған бұзушылық туралы акт жасалып, студентке апелляция беру құқығынсыз 0 балл (F бағасы) қойылады. Бұл ретте студент ағымдағы оқу жылының қысқы жазғы семестрінде ақылы негізде қайта оқу курсын өтуі тиіс.
6. Студент сабақ кезінде этикет пен мәдениетті сақтауы керек; сабаққа кесте бойынша кешікпей келу керек.
7. Студент дәрістерге, ОБӨЖ және практикалық сабақтарға, медициналық халатта болуға міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет