Бағдарламасы Әдістеме тақырыбы: «Жаңбыр астындағы адам»



бет1/6
Дата06.01.2022
өлшемі38,45 Kb.
#13642
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6



Әдістеме бағдарламасы

Әдістеме тақырыбы: «Жаңбыр астындағы адам»
Мақсаты:
Студенттердің ішкі сезімдері мен,ішкі ойларымен бөлісу.Студенттердегі мазасыздық деңгейін диагностикалау.Бұл әдістеме сирек кездесетін,бірақ қызықты және мәліметті әдістеме болып табылады.ол адамның эго күшінің диагностикасына,оның жағымсыз жағдайларға қарсы тұруына бағытталған.
Өткізуші:
Аманиязова Алтын /Психология мамандығының 4 курс студенті
Қатысушылар:
ПКО-201топ студенттері
Өткізілген күні:
08.04.2020ж.
Өткізілген орны:504 аудитория
Барысы: «Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі
Графикалық әдістер дербес және көмекші ретінде құрастырылады.Мамандарда олар негізінен өте нашар сенімсіз ретінде бағаланады.Алайда,олар адамға шындықты жобалау және өз бетінше елемеуге мүмкіндік береді.Демек,сурет белгілі дәрежеде адамның жеке тұлғасын,оның көңіл-күйін,сезімдерін,уайымдарын,қарым-қатынасын көрсетеді.Суреттің нәтижесі бала өзінің күйзелістерін ауызша айтып жеткізе алмайтындығынан оның ішкі дүниесінің көрінісін білдіреді.
«Жаңбыр астындағы адам» кескіні парақтың жоғарғы жағына жылжу жағдайында зерттелушінің әрекеттен қашу бейімділігі,сонымен қатар қорғаныс механизмдерінің бар екендігі айтылады.Егер де «жаңбыр астындағы адам» суретінде кескіндерді бейнелеу кезінде дененің қандай да бір бөлігі (аяқ,қол,көз,мұрын,құлақтары)салынбаса,онда бұл қорғаныс механизмдерінің өзгешеліктерін және эго реакциясының көріну ерекшеліктерін көрсетеді.Киімнің болмауы мінез-құлықтың анықталған таптаурындарын ескермеуімен,сезінудің албырттығымен байланысты.
Жаңбыр белгілері (атрибуттар)
Жаңбыр-адамдарда болатын кедергілер,жағымсыз әсерлер.
Бейнелеудін сипаты адамның қиын жағдайларды қалай қабылдайтындылығымен байланысты:
Сирек тамшылар-уақытша,жеңуге болатын жағдайлар;
Боялған тамшы немесе сызықтар-қиын,үздіксіз жағдайлар.
Қара бұлт жағымсыз жағдайларды күту белгісі болып табылады.Шалшық су,батпақ,балшық бұл үрейлі жағдайдың салдарын «жаңбырдан»кейін қалатын қайғыруларды бейнелейді.
Қосымша бөлшектер
Барлық қосымша бөлшектер (үй,ағаш,орындық,машина)немесе адам қолына ұстайтын заттар (сөмке,кітап,гүл) қосымша сыртқы тірекке деген қажеттіліктің көрініс ретінде қарастырылады.
Үлкен қолшатыр-саңырауқұлақ адам үшін барлық қиын жағдайларды шешетін анасының немқұрайлылығын дәлелдеуі мүмкін.Мысалы,суретте қолшатырдың қатыспауы қиын жағдайда ата-анасы жағынан көмектің болмауын көрсетуі мүмкін.
Суреттердегі түстер:
Егер суретте түрлі-түсті қаламдардың барлығы түгел болмаған жағдайда түстерге қарап шешім шығарудың қажеті жоқ.Жақсы бейімделген эмоциялық қалыпты бала әдетте 2-ден 5-ке дейінгі түстерді қолданады.7-8 түстер жоғары лабильділікті көрсетеді.Бір түстің қолданылуы эмоциялық өзгеруде қорқыныштың болуын көрсетеді.
Қорытындылау кезеңі:
Стандартты тесттер нәтижесінің және адам туралы мәліметтерге қатысып алынған барлық материалдар талданады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет